Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Конус фирма мүшелері өздерінің сынып жетекшісі математика пәні мұғалімі

Тақырыбы: «Ақыл-ой гимнастикасы - математика».
/сыныптан тыс шара, 10-11 кл/
Пән мұғалімі: Досқалиева Алтынғаным Әліпқалиқызы, І санатты
математика пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы,
Жәнібек ауданы,
Ұзынкөл ауылы,
ЖББ Ұзынкөл орта мектебі
Ұраны: « Математиканы бес саусағымдай білемін
Салауаттылықты да жанымдай шын сүйемін! »

Мақсаты:
Білімділік: Математика пәні бойынша білімдерін бақылау; жүйелеу;
білім танымын
кеңейту; қосымша білімдер беру; олипиадалық қозғалыс және
салауаттылық өмір салты
принциптерін насихаттау;
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттыра отырып оқушылар
бойындағы
қабілетті ашып, талаптарын ұштау; тапқырлыққа баулу;
дербестікке; өз бетінше дұрыс
ойлап қисынды пікір айта білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, кез-
келген кезеңде
тығырықтан шығудың жолын таба білетін, өзін-өзі басқара
білуге бағыттау;
Ұжым арасында ұйымшылдыққа, көпшілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу;
Көрнекілігі:
1.Техникалық құралдар.
2.Математика – ақыл-ой гимнастикасы
3. Лента, қайшы, стакан, ас қасық.
4.Циркуль, карандаш, үлестірмелі беттер
Сабақтың түрі: көңілді жарыс сабағы
Сабақ әдісі: іздену; шығармашылық; сұрақ – жауап; топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті; информатика, физика
Сабақтың жүру барысы:
І. Кіріспе – «Математика – ғылымдардың патшасы»
ІІ. Негізгі бөлім: «Математика – ақыл-ой
гимнастикасы»
ІІІ.Қорытындылау
Қайырлы кеш, жолдастық кездесу ойынын тамашалаушы қауым!
Баршаңызда «Ғасырдың ғажап үш тірегі» атты математика, физика,
информатика, технология пәндері апталығына орай оздырылғалы тұрған
«Математиканы бес саусағымдай білемін» ұранымен өткелі отырған «Математика
– ақыл-ой гимнастикасы» атты кешке қош келдіңіздер!
Кеш жолдастық кездесу түрінде өткізілмекші. Сондықтан сіздер тек
көруші, тыңдаушы ғана емес белсене қатысушы, демеуші болсаңыз біз оған 100
еселеп қуанамыз.
Бүгінгі кешке 9-11 сынып оқушылары мен мұғалімдерден «Пифагор
теоремасын» білетіндері қатынасып отыр.
Ұйымдастырушы топ мүшелеріне сөз беріледі
1 – оқушы:
Математика жүйеленген , орнықты ,үнемі дамуда болатын және
мазмұны ғасырлар бойы өзгеріске ұшырамаған ғылым. Математикалық ойлау
арқылы шығарылған ой қорытындылары саясатқа, идеологияға бағынбайды.
Қарапайым мысал: « 2+7 = 9» қосындысын әкімшілікпен өзгерте алмаймыз ғой.
Дәл ғылым болуының себебі осында.
2- оқушы:
Математиканың заңдары мен ережелері табиғаттан, өмірден алынған. Бірде
бір ғылым математикасыз дами алмайды. Математика өмірден алынған қарапайм
пікірлерді өз тілінде модельдей алады. Мысалы: «менің жауымның жауы маған
дос» деген пікір математикада « теріс санда теріс санға көбейткенде оң сан
шығады» деген мағынаны білдіреді.
3 – оқушы:
Ешбір ғылым саласында дәлелдеу математикадағы сияқты кең өріс алмаған.
Ал математика ешбір пікірді дәлелдеусіз қабылдамайды. Өиткені дәлелдеу
шындыққа көз жеткізу процесі.
4- оқушы:
Экология ғылымы да математикаға негізделген. Адамдардың араласуының
нәтижесінде табиғаттың теңдігі бұзылып адамзат зардап шегуде. Бұл дегеніміз
математиканың « теңдеу» ұғымының «теңсіздік» ұғымына айналуы.
«Айгөлек» әнімен:
Айталық, кел жандырып,
Матемді жыр ән қылып,
таң қылып.
Ғылымды бұл мәнді ұғып,
Алуымыз мәңгілік
заңдылық. Қ-
сы:
Өмірді тану сан – салалы,
Жолдары матемнен басталады.
Болашақ білімнің тұтқасы бұл
Бағынар бар ғылым, басқалары.
Керек ғылым маған да
17 мың ғаламда,
саған да
Ел- жұртымыз аманда,
Болсын білім әманда
санаңда.
Қайырмасы
Ғылым сырын ұғына,
Шығып білім шыңына.
Қаныңыздар сусындап,
Математика сырына.
Сонымен бүгінгі сайысқа қатысушы топтарға
Биіктерге самға!
Біз айтамыз сіздерге
«Тек қана алға !»

Рахмет!
Қазір 10; 11 сынып оқушылары мен мұғалімдер тобынан құралған топ мүшелері
сайысқа түседі.
Енді құрметпен фирма мүшелерін алға шақырайық.
1. Мұғалімдер тобынан құралған фирма мүшелерін құрметпен алға шақырайық.
2. 10 сынып оқушыларынан құралған топ мүшелерін құрметпен алға шақырайық.
3. 11 сынып оқушыларынан құралған топ мүшелерін алға шақырайық.

Енді сайыскерлеріміздің өнері мен біліміне баға беретін әділқазылар алқасын
сайлап алайық.
Әділқазылар алқасының
жетекшісі: С.Х.Абаханова
Мүшелері:
1. Басқа мектептің физика пәні мұғалімі
2. Басқа мектептен келген мұғалім:
Сайыс шарттары:
І кезең: «Өмірдерек»
ІІкезең: Үй тапсырмасы екі бөлімнен тұрады
1. «Саналы тәрбие» деп аталатын бөлімде олар тек
құрамында саны бар мақалдарды кезек-кезек айту
барысында мүдірмеу керек. Бір адам 2-3 мақалды қатар
айтуға болады, бір мақал екінші рет қайталанбау
керек.
2. « Біл әуен сазымен » бөлімінде математиканың
құдіреттілігін, маңызын белгілі сазды әуенмен әнге
қосу / топ болып/
ІІІ кезең: «Сапалы білім»
ІҮ кезең: «Айтыс»
Ү кезең: «Қимылды ойындар»
ҮІ кезең: «Ситуациядан шығу»

Құрметті алғыр да білгір, көңілді де тапқыр топ мүшелері бүгінгі
жолдастық кездесуіміз ой да орта, той да ортақ дегендей 7-ші Қысқы Азиада
ойындарымен тұспа тұс келіп отыр.

Сондықтан көпшіл ақылдылы, көңілділік қыранның қырағылығын, дельфиннің
зерделігін және табыс тілеймін.

«Сонымен іске сәт!» деп байқауымызды бастаймыз.
І кезең.
Кезек келіп, өжеттеніп,
Сөз аппын.
Танысайық, ғажап ойын,
Ғажап күн.
Тілегіміз бір батырақ та,
Байда емес
Емеспіз бе, азаматы қазақтың,
демекші , командалардың амандасу рәсімі «Өмірдерек» деп аталады. Бұнда әр
фирма мүшелері өз өнімдері туралы жан-жақты түсінік беріп, өзінің әзіл
сәлемдемесін жолдайды.
Олай болса «Конус» тобы мүшелеріне кезек
берейік.
«Конус» фирма мүшелері өздерінің сынып жетекшісі математика пәні
мұғалімі
Лаззат Аманбайқызы шексіз алғыстарын білдіреді.
Келесі кезекті «Шар» фирма мүшелеріне
береміз.
«Шар» фирма мүшелері өздерінің сынып жетекшісі Мұқсина
Сарсенбайқызына алғыстарын білдіреді.
Ендігі кезекті «Пифагор» фирма
мүшелеріне береміз.
«Пифагор». фирма мүшелері математика пәні мұғалімі С.Хамитқызына өз
алғыстарын білдіреді.
өз алғыстарын білдіреді.
Бағалау
ІІ кезең.
«Үй тапсырмасы» деп аталатын кезеңнің 1-ші бөлімі «Саналы тәрбие» деп
аталады.
Мен зерттедім қазақтың мақалдарын,
Әр мақалда байқадым сандар барын.
Не деген дана болған ата – бабам,
Есепке жүйрігіне қайран қалдым.
Мақалды қолданамыз, мән бермейміз,
Сайрап тұрған сандарды біз көрмейміз.
Компьютердің заманы келген кезде,
Ұрпақтар сол сандарды білсе дейміз.
Бұл сайыста құрамында тек қана саны бар мақалдарды кезектесіп
мүдірмей айту керек. Бір оқушы 2-3 мақалды қатар айтуға болады, бір мақал 2-
ші рет қайталанбау керек.
Топ мүшелері сөз кезегі өздеріңізде.

«Үй тапсырмасының» 2-ші бөлімі «Бір әуен сазымен ». Математика ғылымының
маңызын бір сазды әуенмен өрнектеу керек.
Бағалау.
ІІІ кезең.
Біз бүгін тәуелсіз ел деп кіндік қаламыз Астананың асқарлы
болуын, ордамызға құт-береке қонуын және шәкірттеріміздің жан – жақты
білімді болуын қалаймыз.
Сырлары көп білімнің
Шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне, -
деп ақын жырлағандай , келесі кезең «Сапалы білім» деп аталады.
Сұрақ 3 топқа бөлек-бөлек қойылады. Жауап нақты, тез, болу керек. Әр
топқа 13 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауап бір ұпай.
«Ескісіз жаңа болмайды, есепсіз дана болмайды» дегендей өз білімдеріңізді
таразылай біліңіз.

І топқа қойылатын сұрақтар:
1. Р әрпінің математикалық және физикалық мағынасы / периметр, қысым немесе
салмақ/
2.Геометриялық прогрессияның в1= 0,4; в2 = 1,2 болса, еселігі неге тең? /
1,2:0,4 = 3; d = 3 /
3.497*1001 / 497497/
4.652 / 4225 /
5.Геометрияның жазықтықтағы фигуралардың қасиетін қарастыратын бөлімі /
планиметрия/
6.у = х3 функциясының графигі / 1-ші және 3-ші ширекте орналасқан
гипербола/
7.Бұрыш дегеніміз ... / бас нүктесі ортақ 2 сәуледен құралған жазықтықтың
бөлігі/
8.Құрама радикалдар формуласы
9.Арифметикалық прогрессияның анықтамасы / 2-ші мүшесінен бастап кез-келген
мүшесі алдыңғы мүшесіне бір санды қосқаннан шығатын тізбек/
10.а3 – в3 формуласының жіктелуі / а3 – в3 = а3 – 3а2в + 3ав2 – в3 /
11.7 87*99
12.Үшбұрыштың 900 – қа тең бұрышына қарсы жатқан қабырғасы 25 см, кіші
қабырғасы 7 см болса, 3-ші қабырғасын табыңыз. /в = 24 см/
13.Конус қандай фигураның айналуынан пайда болған?
ІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1.S әрпінің математикалық және физикалық мағынасы / аудан, жол-орын
ауыстыру/
2. Геометриялық прогрессияның в1= 0,8; в2 = 1,6 болса, еселігі неге тең? /
1,6:0,8 = 2; d = 2 /
3. 486*1001 /486486/
4. 75-тің квадраты / 5625/
5. Вектор дегеніміз .... / бағытталған кесінді /
6.Шар қандай фигураның айналуынан шыққан ?
7.Геометриялық прогрессияның анықтамасы / 2-ші мүшесінен бастап кез-келген
мүшесі алдыңғы мүшесіне бір санды көбейткеннен шығатын тізбек./
8. а3 + в3 формуласының жіктелуі / а3 + в3 = а3 + 3а2в + 3ав2 + в3 /
9. 76*99 /7524 /
10. Үшбұрыштың 900 – қа тең бұрышына қарсы жатқан бұрышы 13 см, кіші
қабырғасы 5 см болса, 3-ші қабырғасын табыңыз / в =12/
11.Трапецияның табандары 4 және 8 см. Орта сызығы неге тең? / 6 см/
12. х8 – х3/3 + 2 өрнегінің туындысын табыңыз / 8х7 – х2 /
13. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем. / аксиома /
ІІІ топқа қойылатын сұрақтар:
1 кг мақта ауырма, 1 кг темір ауырма? / бірдей /
2. Мұғалім сенбі күні кешкі 1000 – да демалуға жатты, жатар алдында
сағатты айқайлау үшін
күндізгі 1100-ге қойды. Сонда ол неше сағат ұйықтады? / 1 сағат /
3. 28 күн неше айда бар? / барлық айда да /
4.104 түйме, 11 ине / есеп шот /
5.Сыныбыңда 18 оқушы бар. Өз пәнің бойынша «5-ке» - 4 оқушы, «4-ке» - 5
оқушы, қалғандары
«3-ке» бағаланды. Неше пайыз білім сапасын бердім деп ойлайсың? 50
пайыз/
6.Тізбекті шешіңіз.
7. «Пифагор теоремасы» қандай үшбұрыштар үшін қолданылады? /тікбұрышты
үшбұрыштар үшін/
8. «Пифагор теоремасын» айтыңыз / с2 = а2 + в2 /
9. Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді ? Бұл не? / велосипед /
10. Суретте неше үшбұрыш бейнеленген? / 6
/

11. 1 жұмыртқа 5 минутта піссе, осындай 3 жұмыртқа неше минутта піседі? 5
минут /
12.Шана жегілген 2 пар ат 12 км жол жүрді. Сонда әр ат неше км жол жүрді?
/ 12 км /
13. Аспанда 15 торғай ұшып келеді. Аңшы 3-уін атып алды. Сонда неше торғай
қалды
деп ойлайсың? / 3 тор5ай /
Бағалау
ІҮ. Айтыс
Қалжыңдалық, қатты ойналық,
Күлгенді де, ілгенді де қоймалық.
Қай-қай кезде айту үшін жаралған
Бірақ соны айту керек ойланып7
Мұнда «Компьютер ойыны» деген сөз тіркесі беріледі.
Кезектесіп 1-ші топ даттайды, екінші топ жақтайды. Ал 3-ші топ қорытынды
айтады.
Айтыс кезінде қай топтың дәлелі анық, ұтымды, саны жағынан көбірек екені
ескерілу керек.
Бағалау
Ү.Қимылды ойын
«Қимылды ойын» деп аталатын кезеңнің 1-ші бөлімі: «Әр қолда -
өзінің ісі»
Тапсырма бір мезгілде сол қолмен үшбұрыш, оң қолмен шеңбер сызу керек.
2.«Кім жылдам» Ой да ортақ, тойда ортақ дегендей біздің жолдастық
кездесуіміз «7-ші қысқы Азия ойындарымен» тұспа – тұс келіп отыр. Сондықтан
қазір жылдамдық сайысы. Әр стакандағы суды ас қасықпен тасып 2-ші
стаканға жылдам, төкпей құю керек. Бұл жерде ұқыптылық, жылдамдық
ескеріледі.
3.Практикалық тапсырма: 3 топтан 3 адам шығып бірдей лентадан 20 см көзбен
мөлшерлеп қию керек.
Бағалау
ҮІ.Ситуациядан шығу
Біз бүгін «тәуелсіз ел деп барлығын бір құдай береді,
мемлекет көмекке келеді,
жеміс, егін өзі өнеді» деген психологиядан аттап өткен, білім – ғылымы
асқан жариялылыққа қолы жеткен замандамыз. Келесі сайыс «Ситуациядан қалай
шығар едің?» яғни тығырықтан шығу үшін өз қиялың, ойың, болжамыңды айтуың
керек. Ұтымды да қысқа, қызықты жауа ескеріледі.
Мына көрініске назар аударыңыз
Мұғалім: Нарешов , журналды алда өзің баға қойып ала ғой, сен бүгін сабақ
айттың емес пе?
Оқушы: (журналды алып баға қойып алады)
- Мұғалім , міне «5» деген баға қойып алдым.
Мұғалім: - Ой, айналайын, оның не? Сен «3-ке» жауап бердің, мен саған сеніп

мемлекеттік құжатты берсем, о несі?
Оқушы: Мұғалім, қашанғы «3» алуым керек. Ылғи 3,3... дейсіз, бүгін «5»
алғым келіп тұр.
Мұғалім: Нарешов сен шет ел де емес, қазақ мектебінде оқып жүрсің, бұл
бір! 2-шіден мен оқу
бағдарламасымен мектеп басшыларына бағынамын, солардың
айтқаны заң! Бітті!
Оқушы: Мұғалім көп айтылып жүрген жариялылық қашан келмек.
Осы көрініске өз қиялың, өз ойың. Ситуациядан қалай шығар едің?

Әділқазылар қорытынды шығарғанша жанкүйерлерге сұрақ:
Құрметті білімділер!
Сіздердің алдарыңызда 2 егіз бала тұр. Біреуі ылғида өтірік айтады да,
екіншісі әр уақцытта шын сөйлейді екен. Егіздің біреуінің аты Джон. Осы
екеуінің қайсысы Джон екенін білу үшін әрқайсысына бір сұрақ қоясыз. Ол
сұрақ жауабы “иә” немесе “жоқ” болатындай етіп қойылуы шарт. Сіз қандай
сұрақ қояр едіңіз?
/ егіздердің біреуінен «Джон шын айтама ?» деген сұрақ қою керек.
Егер ол «иә» деп жауап берсе онда жауа беруші адам Джон, егер «жоқ» деп
жауап берсе , онда келесі адам Джон/
Құрметті Білімділер!
Ертеде кедейлікпен күн кешкен жалғыз кемпір болыпты.
Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып, ұрылар келеді.
Кемпір: - Ә, бұлар менің сиырымды ұрламақшы екен, мен алдайын деп, бір
шелек суды сапырып отырып мынадай өлең айтады.
“Сапырып – сапырып Сарманға бер,
Құйып – құйып Құрманға бер.
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іште маған бер”- деген екен.
Мұны естіген ұрылар: “Қой мұнымыз жарамас бекер болар. Бұл үй толы кісі
екен, әрі бізден 2 есе артық екен, кетейіу!, - деп кетіп қалыпты. Кемпір
тапқырлығымен ұрылардан осылай құтылыпты. Сонда ұрылар қанша? / ұрылар
-5 /
Енді, мына көріністі тамашалаңыз
1-оқушы / түртіп қойып/ Көшіруге есеп берсем не етер едің?
2-оқушы: Өмір бойы сені силап өтер едім.
1-оқушы: Өзім шығара алмасам не етер едің?
2-оқушы: Лазат апайдан сұранып Алтын апайды іздеп кетер едім.
1-оқушы Лазат апай «5-ке» шығарса не етер едің?
2-оқушы: Өмір бойы қарыздар боп өтер едім.
1-оқушы: Ал егер «2-ге» шығарса не етер едің?
2-оқушы: Қойшы, Әйгерім бәрін де көтеремін.
Әділқазыларға сөз кезегі беріледі
1.Өте жақсы қатынасып, білімдерін көрсеткені үшін Бас жүлде ретінде
тағайындалған
«Рахмет сізге, мың алғыс» мақтау қағазы
2. 2-ші,-3-ші топтарға «Ризамыз біз сізге» мақтау қағазы.
Үйірме мүшелері сөз кезегін алады
1 - оқушы: 2-
оқушы:
... талапй затты салыстырған «Мақал-сөздің
мәйегі» екендігін ұғына,
Көздеген мақсаттарын алыс қырдан. Әуендетіп үгіттеп
матемның бар сырына.
Үздік топ атандыңдар ... тобы ... тобы
берілген тапсырманы орындап,
Өлеңдетіп фирмасын таныстырған. Шықты оңай 2 – ші
кезеңнің өр шыңына

3- оқушы:
Сапалы білім алудың керектігін ұғынған,
Ойыннан қалсамда, деп өмірден жығылман.
..... тобы білімнің сыналатын турында
Ұтқыр ойын танытып, көрінді биік тұғырдан.
4- оқушы:
«Компьютерлік ойынның пайдасы мен зиянын,
Айту үшін жұмсаған білімі мен қиялын.
..... тобының сөздерін біз мақұлдап
Компьютер алдында көп отыруды біз тямыз.

5 – оқушы:
... тобы ең ақтық кезеңде шықты үздік боп,
Ұқыптылық, шапшаңдық, ұшқыр ойды танытып.
Жанкүйерін қолдаған «алға» дейтін табынтып,
Жіберсекте ортаны жиналып біз тарылтып.

6 – оқушы:
Бас жүлдегер тобы бүгін жанды бағыңыз,
Дәл осылай биіктерден көрейік те тағы біз.
Ал, бүгінгі фирмаңызға силамақпыз камаздың
Кілтін мынау, ал көрермен құттықтайық бәріміз.

Қорытынды:

Болашақ ел тұтқасы сендердің қолдарыңда
Білімді де парасатты, әділ де турашыл, ержүрек те табанды болуларыңа
тілектеспін.

-----------------------
Мен барыстың күшігі- аланмын. Менің атым – Ирби !
Мен-2011ж.Азиаданың бой тұмарымын!!!
Спорт – менің өмірім

Алан (Ирби ) – мықты; сүйкімді; достық пейілді; көпшіл; көңілді

Ұқсас жұмыстар
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндері
Конус табанының радиусын тап
Айналу денелері конус, цилиндр, шар
Оқушылар жетістіктері
Айналу денесі
Экономикадағы математикалық әдістердің қолданылуы
Қиық конус, оның бетінің ауданы
Құжаттың түрін баптау. құжатты қарау типтері
Информатиканың ғажайып әлемі
Бизнес ұйымдастыру түрлері
Пәндер