АӘД сабақтарында патриотизмді қалыптастыру жолдары

Қ. Аманжолов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы: «АӘД сабақтарында патриотизмді

қалыптастыру жолдары»

Дайындаған: АӘД жетекші-ұйымдастырушысы

А. Н. Дакешев

Тамыз 2011 жыл

АӘД сабақтарында патриотизмді қалыптастыру жолдары

«. . . Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалынды жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса,

ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас Отаншыл патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етеді»

Н. Ә. Назарбаев

Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғарғы патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезімге, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышын орындауға дайындығын тәрбиелеуге байланысты.

Патриоттық тәрбие жүйесі оқыту мен тәрбиелеу үрдісіндегі әлеуметтік маңызды құндылықтарды, азаматтылық пен патриотизмді қалыптастыру мен дамытуды, еңбек ұжымдары мен әскери қоғамдық ұйымдарда бұқаралық-тәрбие жұмысын жүргізуді зерделеуге бағытталған қызметін жүзеге асыруды көздейді. Осы орайда алғашқы әскери дайындық сабақтарының жастарды патриотизмге тәрбиелеудегі ролі ерекше зор.

Патриотизм (грек сөзі) - Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың бойында күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау деген сөз. Патриотизм - Отанымыздың гүлденуіне, экономикамыз бен мәдениетіміздің қарыштап дамуына зор ықпал етеді.

Ұлтына, нәсіліне, сенімі мен нанымына, саяси көзқарасы мен ұстанған бағыт-бағдарына, т. б. ерекшеліктеріне қарамастан, республикамыздың әрбір азаматы өзі өмір сүріп, ауасын жұтып, игілігін пайдаланып отырған мемлекетін «туған елім, Отаным» деп тануы қажет. Мемлекетке есімін беріп отырған ұлттың салт-дәстүріне құрметпен қарау, оның тілі мен дінін сыйлау, заңдарына бағыну, рәміздерін ардақтап, жетістіктеріне шаттану - қоғамның әрбір мүшесінің басты міндеті.

Елімізде болып жатқан шын мәніндегі тарихи өзгерістер, ұлттық сана-сезімнің өсуі, ұлт арқылы қатынастар үрдісі Отанымыздың ортақ тағдыры үшін жауапкершілікті сезінетін патриоттар тәрбиелеуді ерекше талап етеді. Осыған байланысты мектеп ұжымдарының жас ұрпақтың патриоттық санасын қалыптастыру үрдісіндегі іс-әрекетіне қажетті, адамгершілік ұстанымдар мен тұжырымдардың мәндерін тереңірек анықтау қажет.

Қазіргі қоғамдағы патриоттық сана екі топтан тұратын біртұтас жүйе ретінде беріледі:

  1. Оқушылардың сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен ана тілін

меңгеру негізінде дамыту.

  1. Әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамдық қасиеттер жүйесін меңгеру негізінде дамыту;

Мемлекеттік рәміздер - Ту, Елтаңба, Әнұранда халқымыздың өткен өмір тарихы, бүгінгі игілікті істері айшықталған. Осы Мемлекеттік рәміздерден басталған тәрбие тұлғалардың қоғамдық бағыт-бағдарын анықтайды, адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады, әлеуметтік белсенділігін жоғарылатып, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады және Отан игілігі жолында қызмет етуге ұмтылдырады. Сондай-ақ қазақ халқының озық гуманистік құндылықтары негізінде жалпы ұлтжандылыққа, еуразияшылдыққа, қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке, жастарды ашық пікірталасқа, сөз бостандығына тәрбиелейді.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деп атап өткен болатын.
Ал қазақстандық патриотизм Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы, нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады. Қазақстанның патриоты дегеніміз:
1. Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарап, шын ниетімен қадірлеуі.
2. Қазақстанда тұратын барлық халықтардың ұлтына қарамай, Отанды қорғауға дайын болуы.
3. Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімінің болуы.
4. Қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға ынталы болуы.

Патриоттық сана - сабақта және сабақтан тыс іс-шараларда Отанды сүю, елін қорғауға байланысты басты ұғымдарды ашып көрсету арқылы қалыптасады.

Алғашқы әскери дайындық пәнін оқу процесінде оқушылар ҚР-н қорғау жөніндегі құқықтарын игеруі, ҚР Қарулы Күштері түрлерінің қызметін, әскери қызмет пен азаматтық қорғаныс негіздерін дұрыс түсініп, келешек жас жауынгерге қажет болатын білім мен практикалық дағдыларды және психологиялық бейімдеушілікті меңгереді.

Оқушылар БӘД пәнінде әскери істің және азаматтық қорғаныстың негіздерімен, әскери жарғылардың негізгі талаптарымен танысады, ату құралдарының құрылысын біліп, олардан ата білу дағдыларын игере бастайды. Олар жергілікті жерде бағдарлау тәсілдерімен танысып болып, азимут бойынша қозғалудан түсінік алады.

Азаматтық қорғаныс тарауында олар қысқаша жаппай қырып жою құралдары және олардың зақымдау факторлары, одан қорғанудың жолдары, жеке және ұжымдық қорғану құралдары туралы оқып-үйреніп, солар бойынша тиісті нормативтерді орындай алуы тиіс.

Қазіргі уақытта оқушылар білімінің бірыңғай стандарттарға сәйкес болуы талабына жету, оқытудың педагогикалық тың әдістерінсіз жүзеге асуы екіталай. Осы орайда сабақ барысында слайд-презентациялар, видео-роликтер, ғаламтор желісінен тікелей танымдық хабарламалар көрсетіліп, тақырыпты толықтай меңгеру қарастырылады.

Әскери-патриоттық іс-шаралар кешеніне саптық шеру байқаулары, әскери-спорттық жарыстар, танымдық конференциялар, дөңгелек үстелдер, ерлер кеңесі, шығармашылық жәрмеңкелер, жас жол инспекторларының насихаттары, жерлес-ардагерлер, ауған соғысына қатысқандар және әскери комиссариат қызметкерлерімен кездесулер, әскери бөлімдерге саяхат, әскери-даңқ мұражайларын аралау, қабырға газеттерін шығару жұмыстары жатқызылады. Сынып жетекшілерімен бірлесіп Ұлы Отан соғысы және ауған соғысы жөнінде тәрбие сағаттарының жүргізілуіне атсалысылады.

«Ұшқыны Ұлы Жеңістің», «Ауғанның от-жалыны», «Әскер-әліміз, армия-абыройымыз», «Жігіттің сұлтаны кім?», «Әскери оқу орындары», «Бауыржан Момышұлы мұралары» тақырыбындағы іс-шараларды да атап өтуге болады.


Ұқсас жұмыстар
Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру
Білім беруді жаңғырту жағдайында АӘД сабақтарында патриоттық тәрбие беру
Алғашқы әскери дайындық сабағында оқушыны патриоттық отансүйгіштік рухында тәрбиелеу
Барлық сағат саны сағат саны мерзімі
Жеткіншек ұрпаққа тәрбие беру мәселелері
Азаматтық мақтаныш сезімін қалыптастыру
Жарықшақты қол гранаттарын лақтыру тәсілдері
БАЛА БОЙЫНДА АЗАМАТТЫҚ ПЕН ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСЫРУДА МЕКТЕП ПЕН ОТБАСЫ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Жарықшақтардың ұшу қашықтығына байланысты гранат типі
Ақпараттық оқыту технологиясын экология сабақтарында қолдану әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz