Момышұлының өмірі

Тақырыбы: «Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра»

Мақсаты: Қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржпн Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу, Қарулы Күштер қатарына жан жақты жетілген жастарды тәрбиелеу;

Міндеттері:

  1. Халқымыздың ұлы перзенті, ерліктің ерен үлгісі болған - Бауыржан

Момышұлының өмірін үлгі тұту;

  1. Батыр ағаның ерліктері мен еңбектері арқылы өткен тарихымызға

қызығушылығын арттыру;

  1. Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушыларды

отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу, тарихи көркем

шығармалар арқылы ой - өрістерін кеңейту;

Көрнекіліктер: Б. Момышұлының портреті, мультимедия проекторы, кітап көрмесі, нақыл сөздер.

«Ежелден ел тілегі - ер тілегі», «Адал ұл ер боп туса, ел тілегі».

Тәрбие сағатының түрі: кіріктірілген.

Тәрбие сағатының жоспары.

Бірінші бөлім: «Ер есімі - ел есінде»

  1. Ұйымдастыру.
  2. «Мәңгі ізің өшпейді» - Еске алу минуты.
  3. «Мен білемін» - Танысу кезеңі.

Екінші бөлім: Ұлы Отан жылдарында»

  1. «Біздің мәңгі есімізде».
  2. Көрініс
  3. «Мәңгі бейнең есімізде» жыр шашу.
  4. Қорытынды.

Барысы.

Бірінші бөлім: «Ер есімі - ел есінде»

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктерімен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттың өкілі бар Брест қорғаушыларының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И. В. Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияның 28 батыры Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен, өз заманында ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше. Батырдың100 жылдық мерейтойына арналған «Өшпес ерлік - ұрпаққа мұра» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер. Және бастамас бұрын тәрбие сағатымызды әнұранмен бастасақ.

2. «Мәңгі ізің өшпейді» - Еске алу минуты .

Ұлы Отан жылдарында қаза тапқан батыр аталарымызды орнымыздан тұрып 1 минут үнсіздік еске алып құрмет көрсетсек.

3 . «Мен білемін» - Танысу кезеңі.

Әр оқушы өзінің аты - жөнімен бірге туған жерінің немесе өзі білетін Ұлы Отан соғысының батырларын атап айтып өтеді.

Екінші бөлім: «Ұлы Отан соғыс жылдарында»

Б. Момышұлының өмірі мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерліктері туралы өз мәлімдемесімен ортаға алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Қалқаман Амангелді ағайды ортаға шақырамыз.

4) «Біздің мәңгі есімізде». Біз Бауыржан Момышұлы туралы қаншалықты білетінімзді тексерсек. Бұл бөлім екі топқа арналған. Бірі батыр ағамыз туралы деректерін ортаға салса, екіншіміз, ағамыздың бейнесін сомдап назарларыңызға ұсынбақ.

1) Бауыржан Момышұлының өмірі.

Б. Момышұлы 1910 жылы 22 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ селосында өмірге келген. 1920 жылы 10 жасында Евгеновка селосында 1 қыс орыс мектебінде оқып, келесі жылы Жамбылға келіп Аса интернатына түсіп, 1924 жылы 3 жыл оқып бітірді.

1928 жылы Шымкент 7 жылдық мектебін бітірді. Сол жылы Орынбордағы ҚАЗПИ - ге түсіп, 2 жыл мұғалімдік қызмет атқарды.

2) Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында.

1941 жылдың 22 маусымда біздің қасиетті Отанымызға бес жарым миллион адамы бар армия тап берді. Фашистік соғыс машинасына қарай халқымыз қиян кескі ұрысқа көтерілді. Совет Одағына опасыз шабуыл жасаған фашистік Германия дүние жүзіндегі тұңғыш социалистік мемлекетті құрту, халқын құлдыққа салу, адамдарын қырып - жою мақсатты көздеді. Ел басына күн туғанда елін, жерін қорғауға Қазақстандық жауынгерлерде аттанды. Солардың бірі - Бауыржан Момышұлы. Ол 1941 жылы Москваны қаһармандықпен қорғағандардың бірі. Генерал Панфиловтың резерві ретінде Момышұлының батальоны бес рет қорғауда қалып қиян кескі ұрыс жүргізді. Алдына қойған міндетті орындағаннан кейін өз диыизиясына қосылды. Момышұлы 207 рет ұрысқа қатысып екі рет ауыр жараланады. Соғыс кезінде аты аңызға айналған жауынгерлердің бірі болды.

Оның ерліктері жыр болып таралып А. Бектің «Волоколамск тас жолы», И. Чистековтың «Отанға қызмет етеміз» кітаптарында аталып өтті. И. М. Чистеков өз кітабында былай деп еске алады: « 1073 - атқыштар полкінің командирі майор Б. Момышұлы н мен соғыстан бұрын танитынмын. Ол қазақ ұлтынан шыққаналған бетінен қайтпайтын, қатал мінезді, сымбатты келген жас командир болатын. Оны ерекше ерлігі мен тапқырлығы үшін Панфиловтың өзгеше жақсы көретінін жақсы білетінмін. Сондықтан да Бауыржанды ең қиын қыстау жерлерге жіберіп отыратын».

  1. «Бейбіт күндердегі еңбек жолдары туралы деректер».

Ұқсас жұмыстар
Бауыржан момышұлы "жауынгердің тұлғасы" 6-сынып
Аты аңызға айналған батыр
Ақиқат пен аңыз роман-диалогі. 11-сынып
Соғыстан кейін
Б.момышұлы-мәңгі тірі (конференция)
Бауыржан Момышұлы Жауынгердің тұлғасы
Бауыржан Момышұлы еңбектері
Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә
Отан сүйер ұланбыз
Б.Момышұлы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz