Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бұрыс бөлшек. Аралас сан

Семей қаласы, №13 жалпы орта білім беретін мектеп,
Бексолтанова Лязиза Жеңісханқызы, математика пәнінің мұғалімі

Математика, 5 –класс

Математикалық турнир
Сабақтың тақырыбы: «Жай бөлшетер» тақырыбына есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, бұрыс бөлшекті аралас
санға айналдыру, аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыра білу дағдысы мен
іскерілігін жетілдіру; біліктерін сараланған есептер шығару арқылы
логикалық оймен іске асыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз беттерімен
еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, өз білімдеріне
жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: «Математикалық турнир»
Сабақтың типі: Өтілген тақырыпты қайталау және жүйелеу
Көрнекілігі: слайдттар, флипчарт, бағалау парақтары, магнит тақта, бөлік
үлестер, таратпа қағаздар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Слайд-/1/
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу (сынып үш топқа бөлінген).
І топ. «Дұрыс бөлщек»
ІІ топ. «Бұрыс бөлшек»
ІІІ топ. «Аралас сан»
Бүгінгі сабағымыз «математикалық турнир» түрінде өтеді. Топ
жетекшілері бағалау парағына оқушылардың жинаған ұпайларын қойып отырады.
Дәптерлерін ашқызып, бүгінгі күнді жаздыру.
«Көтеріңкі көңіл күй» атты тренинг. Әр топ жолдастарына жақсы тілектер
тілейді. Әр оқушы өз тілектерін жапрақтарға жазып, ағашты жапырықпен
көмкерді./Слайд/
1. Адамгершілік
2. Өмірге риза болу
3. Ұқыптылық
4. Кеңпейілділік
5. Ұйымшылдық
6. Қарапайымдылық
7. Сыпайылық
8. Төзімділік
9. Сабырлылық
10. Әділдік
11. Еңбекқорлық
12. Батылдық
13. Шыншылдық
14. Ашықтық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: / слайд/ баяндау әдісі арқылы № 575
Сурет слғаны-1/3-і
Музыка тыңдағаны-1/5
Шешуі: 1/3>1/5
Жауабы: сурет салғанды ұнататындар көп

№ 582
1) 2)
3) 4)
ІІІ. Негізгі бөлім
1- ші бөлім. «Артық болмас білгенің!» /Флипчарт/
Әр топ өздерін таныстырып сұрақтарға жауап береді. Әр топ бір біріне бір-
бірден сұрақ қояды.
1. Дұрыс бөлшек деген не? Мысал келтіру
2. Бұрыс бөлшек деген не? Мысал келтіру
3. Аралас сан деген не? Мысал келтіру.
4. Аралас санды бұрыс бөлшекке қалай айналдырамыз?
5. Бұрыс бөлшекті аралас санға қалай айналдырамыз?
6. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге қалай келтіреміз?
2-ші бөлім. «Орнын тап!» Флипчартпен жұмыс
3ші- бөлім. «Кім жылдам?» дейгейлік тапсырмалар /бірінші орындаған
топ тақтаға орындайды, жоғарғы ұпай- 3 Флипчарт /
Деңгейлік есептер шешу:
1- деңгей № 601
2- деңгей № 613
3- деңгей № 617
Демалыс сәті
4-ші бөлім. «Ойлайық кім ойшыл?» /Шығармашылық жұмыс/ Бөлшектерге
сәйкес үлестерді құрастыру /Флипчарт/

1. , , .

2. Арайда бір бүтін, екі жарты, 4 ширек алма болды. Барлығы неше алма?

3. Координатасын тап:

5-ші бөлім. Графикалық тест. /Флипчарт/ /Иә-▲, жоқ-■/
1. Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.

2. бөлшектері қысқармайтын бөлшектер.
3. Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
4. 20 минут сағаттың 1/3 бөлігі
5. Бұрыс бөлек координаталық сәуледе 1 санының сол жағында орналасады
6. Бұрыс бөлшектің алымы бөлімінен үлкен

7. бөлшегі бұрыс бөлшек

8. Дұрыс бөлшек 1- ден кіші

9. бөлшегі координаталық сәуледе бөлшегінің оң жағында
орналасады

10. Бұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болмайды
Графикалық тесттің жауабы ▲■■▲■▲▲▲■■ /10- Флипчарт/
ІV. Қорытынды /Флипчарт/ Жай бөлшектер туралы алған білімдерімізді
жинақтап, ортаға салайық

V. Бағалау /жинаған ұпайлары бойынша бағаланады/

VІ. Үйге тапсырма № 606,612 /слайд/

-----------------------

Жай бөлшектер


Ұқсас жұмыстар
Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдыру
Бұрыс бөлшекті тап
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыруға есептер шығару
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру, жәй бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру
Аралас сан
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Бұрыс бөлшек
Аралас сандарды қосуға есептер шығару
Бөлігі бойынша санды табу
ЖАЙ БӨЛШЕКТЕРГЕ АМАЛДАР ҚОЛДАНУ
Пәндер