Балабақшаға арналған экология негіздері: Ауа туралы технологиялық карта

Технологиялық карта

Өтілетін күні:24. 11. 10ж

Тәрбиеші:Бекмурзина Г

Білім беру саласы «Таным»

ҰОІӘ: Экология негіздері

Тақырыбы:Ауа

Мақсаты:Балаларға әсемдікті, әдемілікті көре білуге үйрету, табмғатты қорғап аялауға үйрету. Өлі және тірі табиғат туралы білімдерін тиянақтау, ауа туралы түсініктерін қалыптастыру. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғат құбылысының әсемдігін көре білуге, қабылдауға, оған қамқорлық, аяушылық жасауға тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің і-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Іс-әрекет кезеңдері: ҰОІӘ дайындық
Тәрбиешінің і-әрекеті: ҰОІӘ тілек шеңберімен ұйымдастырамын.
Балалардың іс-әрекеті:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң қонақтар!

Іс-әрекет кезеңдері: ҰОІӘ өткізілуі
Тәрбиешінің і-әрекеті:

-Балалар осы табиғат дегеніміз не?

-Табиғат нешеге бөлінеді?

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

-Тірі табиғатқа нелер жатады?

Тосын сәт

Есік қағылып ішке Дымбілмес кіреді.

-Бәрі мені ренжітеді, мен судың астында балықтармен бірге өмір сүргім келеді, ал маған бәрі судың астында өмір сүре алмайсын дейді. Сен балық емессін, адамсын, ал адам ауамен дем алады дейді.

Балалар біздер судың астында өмір сүре алмаймыз, бізге ауа қажет.

Дымбілмес:Ал, мен, ол ауаны қайдан аламын?

--Дымбілмес саған ауаны беру керек емес. Ауа әр қашанда біздің қасымызда, бірақ ол көрінбейді.

Тәжірибе жасау

1 Балалар алақанымызды ауызымыздың қасына апарып, алақанымызға демалайық. Демалғаннан алақан жылыйды, енді ауамен демалып тұрғанымызды көрдікпе?

2 Қолымызбен, аузымызбен, мұрнымызды жауып дем алмай тұрайық, Қиынба?

3 Ауаны қалтаға үрлеу.

4 су құйылған ыдысқа түтікше салып оны үру, су көпіршіктері пайда болады.

Сергіту сәті

Балалардың іс-әрекеті:

Бізді қоршаған орта

Құм, су, тас, мұз

Өсімдік, жануар, адам

Балалар алақандарына үрлейді

Балалар алақандарымен аузы, мұрындарын жауып дем алмай тұрды.

Балалар ауаны қалтаға үрлеп, оны қолмен ұстап көрді

Түтікшемен үрлеп, көпіршіктер шығарды

Сергіту сәтін ұйымшылдықпен орындады.

Іс-әрекет кезеңдері: Қорытынды
Тәрбиешінің і-әрекеті: Ән: «Алтын күз»
Балалардың іс-әрекеті: Балалар әнді қызығушылықпен орындады

Күтілетін нәтиже

Нені біледі :Сайқымызақты

Қандай түсініктерді игереді :Ауа туралы, оның пайдасы туралы

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ауа ұстау, көру тәжірибесін


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық карта: Әр түрлі жапырақтар (Экология негіздері)
Көрікті көктем: балабақшаға арналған экология негіздері сабақ жоспары
Экология негіздері: Су - тіршілік көзі - балабақшаға арналған оқу-тәжірибелік сабақ
Саябаққа саяхат тақырыбындағы Экология негіздері оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №2: Табиғи оркестр (Экология негіздері)
Балабақшаға арналған ауа, су және күннің маңызы туралы оқу-тәжірибелік сабақ
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы - Экология негіздері: Күзге алғыс айтайық
Балабақшаға арналған сабақ жоспары: Экология негіздері - Жануарлар әлемі (үй және жабайы жануарлар)
10-сыныпқа арналған Экология негіздері таңдаулы курс бағдарламасы
Ортаңғы A тобының экология негіздері бойынша ұйымдастырылған оқу-әрекетінің технологиялық картасы: Орманға саңырауқұлақ теруге барайық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz