Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат анаң

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебі

«Саябақтар шеруі» акциясы.

«Туған жерім-табиғатым, тағдырым» атты экологиялық
сайысы.

Құрметті оқушылар, бүгінгі «Саябақтар шеруі» мерекесіне
орай, өткізгелі
отырған «Туған жерім – табиғатым, тағдырым» атты
экологиялық шараға қош келдіңіздер!
Бүгінгі шараның мақсаты қатысушы оқушылардың экологиялық білімдерін ортаға
салу, өз туған жеріміздің табиғаты туралы танып-білу, қоршаған ортаны
қорғауға үйрету.

Ендеше, сайысқа қатысушыларды ортаға шақырамыз.
__ сыныбының «Экологтар» тобын ортаға шақырамыз.
__сыныбының «Табиғат» тобын ортаға шақырамыз.
__сыныбының «Жасыл желек» тобын ортаға шақырамыз.
__сыныбының «Жасыл» тобын ортаға шақырамыз. Қошемет көрсетіңіздер!
Келесі сіздерді, әділқазылар алқасымен таныстырайын:
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________
____________

Сайыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін: Сайыс 5 кезеңнен тұрады.
І кезең – «Бой сергіту» - 9 сұрақ жалпыға.
ІІ кезең – «Жорға жарыс» топ басшылар сайысы.
ІІІ кезең – «Егер де мен...» 4 топқа төрт түрлі тақырып беріледі. «Егер
де мен ауыл әкімі болсам...», «Депутат болсам...», «Эколог болсам...»,
«Қоршаған ортаны қорғау министрі болсам...» 1 минут ой-толғам.
ІV кезең – «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?» Берілген «Табиғат
көрінісі» суретіне қарап әр топ әңгіме құрастырып айту. 2 минут ой-
толғам.
V кезең – «Табиғат анаң». Бұл кезеңде табиғатқа байланысты кезекпен ән-жыр,
көркемсөз өнерлеріне кезек беріледі.
Сайыс соңында Жеңімпаз топ пен «Білгір оқушы» анықталып марапатталады.

Сонымен, сайысымызды бастаймыз! Сөзімізді халық мақалы «Дана көптен шығады,
дәрі шөптен шығады» деп бастайық , себебі сіздердің білімдеріңізді сынға
салатын сәт туып тұр.
І кезең «Бой сергіту»
1.Қазақстан елтаңбасында белгіленген жануар? (Пырақ ат)
2. Көпжасар ауылы маңындағы мемлекеттік қорықша қалай аталады? (Жалтыркөл)
3. Жыл басы болған жануар? (Тышқан)
4. «Сулы жер-нулы жер» сөзінің мағынасын түсіндір? (Сусыз тіршіліктің болуы
мүмкін емес)
5. Абай атамыздың табиғатқа байланысты қандай өлеңдері бар? Ата. («Қараша,
желтоқсан мен сол бір екі ай», «Қыс», «Күз», т.б.)
6. Жылқы пірі? (Қамбар ата)
7. Өз атын өзі айтатын құс? (Көкек)
8. Аң аулауға салынатын құс? (Бүркіт)
9. Шұбат қандай жануар сүті? (Түйе)

ІІ кезең «Жорға жарыс» топ басшылар сайысы.
1. Қымыз қандай жануар сүті? (Жылқы)
2. Мәңгі жасыл өсімдік? (Шырша)
3. Қазақстандағы экологиялық апатты аймақ? (Семей, Арал теңізі, Азғыр-
Нарын)
4. Халық мақтанышы, саяхатшы, зерттеуші, этнограф-ғалым? (Шоқан)
5. Көпжасар ауылының солтүстігіндегі үлкен айдын көл? (Жалтыркөл көлі)
6. Құс атауымен аталатын ауылымыздың батыс бөлігіндегі көл? (Бірқазан)
7. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігіндегі құмды дала қалай аталады?
(Нарын)
8. Қазақстанда жойылып кету қаупі туындаған киелі тағы аң? (Киік)

ІІІ кезең «Егер де мен...»
«Экологтар» тобы – Депутат
«Табиғат» тобы – Ауыл әкімі
«Жасыл желек» - Қоршаған ортаны қорғау министрі
«Жасыл» - Эколог
(Ой-толғам 1 минут)

ІV кезең «Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе?»

Төрт топқа бірдей Едіге көлінің суреті көрсетілді. Суретте көлдің
экологиялық жағдайы нашарлауынан тартылып батпаққа айналған бейнесі
суреттелген. Осы суретке қарап әр топ өзінше әңгіме құрау. (Ой-толғам 2
минут)

V кезең. «Табиғат анаң».

Табиғатқа байланысты кезекпен ән-жыр айту, көркемсөз оқу.

Жеңімпаз топ пен «Білгір оқушы» анықталып марапатталу.

Әдіқазылар шешімі бойынша _____________________ тобы «Жеңімпаз топ» болып
белгіленді. Білгір оқушы болып __________________________ марапатталды.

Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Бекқалиев
Амангелді Ғабиденұлы

-----------------------

Ұқсас жұмыстар
Фанфор ойналады
Сұлу дала
Табиғат жайында өлеңдер
Табиғат саз әлмінде
Жылу. Фариза Оңғарсынова
Қорықтың аты
Табиғат - адам өмірінің негізі
Табиғат және экология туралы қанатты сөздер
Полигонның үні мәңгі өшсін!
Поэзия көктемі
Пәндер