Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Кімнің сөзі

XXІ ғасыр көшбасшысы
(сыныптан тыс сабақ)

З.Ж.Бекишева
Математика пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы Көкшетау қаласы
М. Ғабдуллин атындағы №3 кәсіптік орта мектеп-кешені

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме аса қадірлі қонақтар, оқушылар! Бүгінгі
«XXI ғасыр көшбасшысы» танымдық ойынын тамашалауға қош келдіңіздер.
Адамның дамуы мен қалыптасуына көптеген ғалымдар өз ойын, пікірлерін
білдірген. Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны А.Құнанбаев «Атаңның баласы
болма, адамның баласы бол» - деді.
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп аңсаған ағартушы
педагог С. Торайғыров өзінің қысқа өмірінде ғылым мен білімді өзінен
кейінгі жастарға насихаттады.
Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойына жететін
білім алу моделінен, өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз.
Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып
отыр.
«Білімді азамат – ел ертеңі» (нақыл сөз)
«Білікті бірді, білімді мыңды жығар» (мақал)
«Білім мен даналық – адам көркі» (Ә.Науам)
Халыққа наннан кейінгісі – Білім. Білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері
мен халықтың нақыл сөздері бекерден бекерге айтылмаса керек.
Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, мазасызданбайды. Әр уақытта да
батымды. Ендеше ортаға білімді тұлғаларымызды шақырамыз.
Ойынға 9 оқушы қатысады. Ойын басталмас бұрын қазылар алқасын сайлап
аламыз. Содан кейін әрбір оқушыға сипаттама беріледі. Әр оқушы математика
ғылымы жайлы ұлы ақындардың нақыл сөздерін айтып кетеді.
1. оқушы: Арифметика – математиканың, ал математика ғылымдардың
патшасы. К.Гаусс.
2. оқушы: Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін математика.
М.В.Ломоносов.
3. оқушы: Математика ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы
да, қажет те. Р.Бэкон.
4. оқушы: Физиканың оң қолы химия болса, ал математика оның
көзі. М.В.Ломоносов.
5. оқушы: Математика саласында теріс түсінетін адамдар басқа
ғылым саласында да айтуға тұрарлық іс тындыра алмайды
дегеніміз негіз болса керек. Л.Эйлер.
6. оқушы: Математика көп жағдайда техника мәселелеріне шорқақ
келеді және керісінше, тамаша конструктор, кейде
математиканы мүлде түсіне алмайды. М.А.Лаврентьев.
7. оқушы: Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге
сенбеймін. А.Постников.
8. оқушы: Аңғал – сабырлы, математик сияқты. А.Франс.
9. оқушы: Ақын жанды болмасам, математик те болмаған болар
едім. С.Ковалевская.

I кезең «Бәйге»
Барлығы 9 оқушы қатысады, он екі сұрақ, әр сұраққа бес секунд
көлемінде уақыт беріледі. Ұпайы аз бірінші ойыншы ойыннан шығады.
Ең алғашқы әйел математик? С.Ковалевская
Езулік дауыстылардың саны неше? 7
Тік бұрышты үшбұрыштың катеттері мен гипотенузаларының арасындағы қатысты
дәлелдеген ертедегі оқымысты? Пифагор
Қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды» оқиғасы қай жылдары болды?
1723-1727
Қандай бүтін сан кез келген бүтін санға қалдықсыз бөлінеді. Нөл
Сарматтардың мекені? Батыс Қазақстан
Төрт қабырғасы тең тік төртбұрыш? Квадрат
Қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығы? Қой
Квадраттық функцияның графигі? Парабола
Қай заттар үшін Ом заңы дұрыс орындалады? Электролиттер
Жер шарындағы ең ұзын өзен? Ніл
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы неге тең? 3,14

II кезең: «Тіл өнер»
Әр ғылым математика дамығанда ғана дами алады немесе «математика –
барлық ғылымдар атасы» - деп тегіннен тегін айтылмаса керек. «Ақын жанды
болмасам математик те болмаған болар едім» - деп София Ковалевская
айтқандай, біздің тарландарымыз да өздерінің қазақша, орысша және ағылшынша
білімдерін көрсетеді.
Шарты: Логикалық есептер, жұмбақтар жасырылады. Дұрыс табылған жауаптар
жасырылады. Әр аударма он ұпайдан аз екі оқушы ойыннан шығады.
1. Отбасында 7 қыз және әр қыздың бір – бірден інісі бар.
Отбасында барлығы неше бала бар? (8,сегіз, восемь, eight)
2. Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, солнша цифр бар?
(10, он, десять, ten) (100, жүз, сто, one hundred)
3. Түйе құс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады, ал
егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (12, он екі,
двенадцать, twelve)
4. Бойы екі қарыс сиып тұр 25 арыс. (сызғыш, линейка, ruler)
5. Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді, оның екеуін атып түсірді.
Торғайлардың қаншасы қалды? (2, екі, два, two)
6. Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жаныңдағы біреуін өшірдің,
қаншасы қалды? (1, бір, один, one)
7. Студент емтиханға дайындық кезінде оқулықтың 120 бетін
оқыды, ал бұл барлық кітаптың 75%-ін құрайды. Оқулықта қанша
бет бар? (160, жүз алпыс, сто шестьдесят, hundred sixty)
8. Тік бұрышты үшбұрыштың қажеттері 7 см және 4 см. Үшбұрыштың
ауданы неге тең? (14, он төрт, четырнадцать, fourteen)
9. Арқалап бірін қоймай көтергеннің aяғы еш уақытта талғаны
жоқ. (білім, образование, education)
10. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (кітап, книга,
book)
11. Санасаң сан жетпейтін нүктелерден, құралған фигура бар.
Қарапайым салу үшін сен оны сызғыш ізде. Бұл өзі? (түзу,
прямая)
12. Қос құлақты, жүз тісті. Жүзінен бір – ақ із түсті. (ара,
пила, saw)

III кезең: «Озық ойлы»
4 ойыншыға 5 есеп беріледі. Есептерді шығару үшін 5 мин көлемінде
уақыт беріледі.

1. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың толық беті 3а2, табанының
қабырғасының ұзындығы а. Пирамида көлемін табыңдар. ()
2. функциясының туындысын есепте.
3. Интегралды есепте: ()
4. функциясы үшін алғашқы функцияның жалпы түрін
жазыңдар.
5. Тең бүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 10 см, ал табаны 16
см, онда табанына түсірілген биіктігін табыңдар. (6 см)

IV кезең: «Дода»
6 пән бойынша әр оқушының таңдауы бойынша 5 сұрақ қойылады. Ойлануға
8 секунд көлемінде уақыт беріледі. Ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығады.
Қазақ тілі:
1. Рецензия – қай елдің сөзі. латын
2. Әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің түрі? есімше
3. Неологизм сөздер дегеніміз не? Тіліміздегі жаңа заманға байланысты пайда
болған жаңа сөздер
4. Көп мағыналы сөздерді басқаша қалай айтады? полисема
5. Қай уақытта үстеу сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады? жіктелеп келіп

Қазақстан тарихы:
1. Иран жазбаларында сақтарды не деп атайды? Жүйрік атты турлар
2. 1992ж. Маусым ҚР өмірінде қандай оқиға болды? Мемлекеттік ту мен ел
таңба бекітілді
3. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан 2030 стратегиялық мемлекетін даму
бағдарламасын қай жылы ұсынды? 1997ж.
4. Ф.И.Голощекин Қазақстан Компартиясының қай жылы І хатшысы болды? 1925 –
1933ж.ж.
5. Тұңғыш қазақ мектебін кім ашты? Ы. Алтынсарин
Математика:
1. Мектепте оқылатын «Геометрия» пәнінің негізін салушы? Евклид
2. Тең қабырғалы үшбұрыштың анықтамасы? үш қабырғасы тең үшбұрыш
3. Отырардан шыққан ұлы ойшыл, данышпан ғалым математик? Әл-Фараби
4. Столдың 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады?
бес бұрыш
5. мәні неге тең?
Физика:
1. Массасы 3кг дене 4м/с жылдамдықпен қозғалады. Дененің кинетикалық
энергиясы? 24Дж
2. 4с ішінде 8 тербеліс жасайтын маятниктің тербеліс жиілігі? 2Гц
3. Электромагниттік әсердің таралу жылдамдығы? м/с
4. Айнымалы электр тогы? ерексіз электромагниттік тербелі
5. Томсон формуласы?
География:
1. Бүкіл жер шарының беті? 210 млн км
2. Жер шарында қанша құрлық бар? 6
3. Орманды дала зонасында қаңтар айының орташа температурасы? 4.
Планетаның қанша бөлігін су алып жатыр? 3/4
5. Қазақстан қай климаттық белдеуде жатыр? қоңыржай
Геометрия:
1. Сфера ауданының формуласы?
2. Конустың бүйір бетінің ауданы?
3. Айналу денелерін ата? конус, цилиндр, сфера, шар
4. Герон формуласы?
5. Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер радиусы неге тең?
V жорға: 2 оқушы қатысады.
1 оқушы оң жақта:
10. Геометрия сөзі қайдан шыққан, мағынасы? (гео-жер, метро-өлшеу) сол.жақ.
10. «Қосу» мен «азайту» енгізген кім? (Леонардо Винчи) оң жақ. 20. Тақ
сандардың жалпы түрі: (2n-1) сол жақ. 20. Ньютон-Лейбниц формуласы.
30. Ертеде бір хан 100 торғайды 30 бүркітке тең бөліп берген адамға
қалаған сыйын тартамын деп жар салдырыпты. Оны естіген аспаз ханға келіп,
есептің жауабын айтыпты. Аспаздың жауабына хан риза болыпты. Сонда аспаз
қандай жауап айтқан? (Әр бүркітке үш торғай және үшеу ара бір торғай)
2 оқушы сол жақта: 10. Сандар туралы ғылым бұл барлық ғылымдардың ішіне
кіреді. Кімнің сөзі? (Әл-Фараби) 10. «Көбейту және бөлу» таңбаларын
енгізген кім? (Лейбниц) 20. функциясының туындысы неге тең? ()
20. Интеграл сөзін ойлап тапқан (Бернулли, 1690ж.) 30. Біреу алты жылқысына
күн сайын қадақ сұлы беріп жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді.
Биеге үш қадақ, құлындарға екі қадақтан, ал тай басына қадақтан жем береді.
Сонда бие тай құлын нешеу? (1 бие, 2 құлын, 3 тай)
Білімге деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білімге деген ақылшың
Қиындықтан өткізер
деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. Сөз кезегі әділ қазылар алқасына
береміз.
3
.

О
р
а
р
а
р

м
м
м
ч
ч
м
ч
ч
в
п
в
в
п

Қолданылған әдебиеттер:
1. Журнал И.Ф.М. 2003 ж.
2. Журнал И.Ф.М. 2005 ж.
3. Журнал Математика. 2001 ж.
4. Журнал Математика. 2004 ж.

Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов ақын қонақтар жайлы ақпарат
Қазақ әдебиетінен 7-сыныпқа арналған тест жұмысы
Қабыш жәркеновтің «оқушының бір күні» әңгімесі бойынша өткен кітапоқушы-лар конференциясы
Сұраққа жауап
Сайын мұратбеков "жусан иісі"
Кімнің өлеңі
Қай ақынның сөзі
Xxi ғасыр көшбасшысы жайлы
Сәкеннің сөзі
«қырық өтірік» ертегісі
Пәндер