Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Шараның тақырыбы
Күні: 17.02.2010 ж
Сынып: 10 в сыныбы
Шараның тақырыбы: « Жан қазынасы - адамгершілік негізі »
Мақсаты: 1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын
қалыптастыра отырып, діни бағыттағы сауаттылығын
жетілдіру
арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін
шыңдау.
Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту,
толераттылыққа баулу.
2. Тәрбиелігі: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып,
өзін-өзі
тануға және бағалауға, адамгершілікке,
бауырмалдыққа
тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
дамыту, рухани дүниесін
жетілдіру.
Міндеті: 1. Бәсекеге қабілетті дені сау, жан-жақты, білімді, сауаттылығы
жетілген тұлға даярлау.
2. Оқушылардың өз ойларын ортаға салып, ашып айта біліуге
дағдыландыру.
Түрі: Пікіралысу
Әдісі: Парламенттік шоу бағдарламасы желісінде (миға шабул жасау,сыни
тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал-
мәтелдер т.б.с
Тәрбиелік бағыты: Ақыл-ой. Рух. Адамгершілік.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушыларға «Балам, анау не? » атты жағдаят сұрақтарына ой жүгірту.
«Ата-ананың ақысы дегенді қалай түсінесіңдер?» деген сұрақ беріледі.
Сұраққа оқушылар топтасып жауап береді. Бүгінгі шарамыздың негізін аша
отырып шара жалғасады.
ІІ. Шараның бағдарламасымен таныстыру.
1. Шындық пен сұмдық атты бейнетаспаға назар аударылады.
2. Адамның жан қазынасын қалай түсінеміз? (көрермендерге сұрақ беріліп,
пікірлесуге мүмкіндік жасалады).
3. Ата-ананың қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсіну.(халық,
заңгер, ғалым пікірлері).
4. Рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
5. Алтынбек Қоразбаевтың «Әке мұңы» термесін тыңдау.
6. Шағын логикалық сұрақтарға жауап.
ІІІ. Қорытынды бөлімі .
1. Тренинг ойыны «Білгенге маржан» (әр оқушының бір сөзбен өз ойын
қорытуы ).
2. «Мен» топтастыру рефлекциясы , «Не білдік?»
Шараның барысы.
Сынып жетекшісі Нұрбек Бекбауовтың сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар,
оқушылар және бүгінгі шарамыздың арнайы қонақтары!
(Шараның мақсаты мен міндеттері, жүрісі, мазмұны және өту барысы
таныстырылады.)
Сынып жетекшісі сөзінен кейін «Балам, анау не?» атты жағдаятты шешуге уақыт
беріледі.
Жағдаят: «Балам, анау не?»
...Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін,-
депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті,
қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «Балам, анау не? » деп сұрапты.
- «Ол-түйе»-деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің
не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы
сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол-түйе,түйе !»Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің?-деп
ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсамда,
сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті
қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан
емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін,
енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық,
мені жерге түсір» депті.
(Оқушылардан осы жағдаятқа орай ата-ананың ақысы дегенді қалай
түсінетідіктері сұралады.)
-«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»- демей ме халқымыз.Сіздердің қысқаша
ойларыңызды білдік, олай болса ендеше бағдарламамызды жалғастыра отырып
орнымызға жайғасайық.
Мұғалім сөзі:
Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге
қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан
қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі
жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғадырады.Өйткені біз
сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек
артық болмас. Басекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін
алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың
бастауына үңілу керек шығар. Мен бұл шараны, яғни «Жан қазынасы –
адамгершілік негізі » атты тақырыпта өткізе отырып негізінен бала мен ата-
ананың арасындағы қарым-қатынасқа арнаймын. Өйкені қазіргі таңда бұл
мәселе де күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.
Шарамызды әрі қарай жалғастыра отырып арнайы дайындалған ата – ана мен бала
қарым – қатынас туралы «Шындық пен сұмдық» атты бейнетаспаға зер салайық.
Кейіннен өз пікірлерімізді әрі жалғастырармыз. (Бейнетаспа көрсетіледі)
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы жалғасады.
«Көргені жақсы көш бастар», -демей ме , «халық айтса- қалып айтпас »
-деген тағы бар, олай болса адамнаң жан қазынасын қалай түсінеміз? Бұл
жөнінде енді пікір білдіруді көрермедерге де берсек, бағдарламамыздың
арнайы қонағы ауылымыздың тұрғыны Б.Амантұрлы ағамыздың пікірін білсек.
-Кейін оқушылар да пікір білдіреді.
«Жүректің түріп құлағын ,
Ойланып тағы қарашы,
Кімсің сен? Қайда тұрағың?
-Енді қайда барасың?» - деп Омар Һаям жырлап өткендей ата-ананың
қадірін, адам қасиетін, жан қазынасын түсінуде ойларын айтқан халық пікірі
мен заңгер, ғалым ағаларымыздың ой-пікірлеріне назар аударалық. (Арнайы
дайындалған бейнетаспа көрсетіледі).
- Осы жерде пікіралыс сұрақтар арқылы тағы да жалғасады.
«Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол »- деп Абай атамыз жырлағандай жан қазынасын
ұғудың жолдарының бірі және рухани бастауымыз Ислам дінінде емес пе?
Яғни, адами, рухани тәрбиенің бастауы жан қазынасынан басталады демей
ме? Олай болса кезекті тағы да бейнетүсірілімге берейік.
- Осы жерде оқушылар мен көрермендер арасында ортақ пікіралыс жүреді.
«Өткенім бүгінгінің баспалдағы,
Бүгінгім ертеңіме бастар тағы»-дегендей кезекті Алтынбек Қоразбаевтың
«Әке мұңы » термесі тыңдалады.
Осыдан кейін оқушыларға логикалық сұрақтар беріледі:
1. Бүгінгі таңда әлемде күрделі мәселе болып отырған діни экстремизм
Қазақстан үшін қаншалықты қауіпті?
2. Адамның жан қазынасына сырттан келген әр-түрлі діндердің әсері қандай
? Жан қазынамызды қалай қорғаймыз?
3. Діни сауаттылықты қалай жетілдіреміз және толеранттылықты қалай
сақтаймыз?
4. Қазіргі таңда жастардың жан қазынасынан, адамгершілігінен шатастырып
жүрген түрлі ағымдар туралы не айтуға болады?
Тағы да басқа түрлі пікірлерге байлансты сұрақтар қойылып талқыланады.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Бүгінгі біздің пікіралысымызда еліміздің кез-келген адамының ойына ой
салардай мәселелер қозғалды. Біз ешкімге кінә артпаймыз, мін тақпаймыз,
тек бәсекеге қабілетті ұрпақты қалыптастыра отырып, олардың ой-пікірлерін
ашық айтқызу арқылы өзін-өзі тануын, өз жан қазынасына үңілуін
таразыладық .
«Білгенге маржан»
Оқушыларға ойларын қорытып, шағын тұжырым жасау үшін арнайы сөздер
беріледі. Оқушылар сол сөзге орай өз ойларын қысқаша білдіреді:
Берілетін сөздер:
- Ақиқат
- Мәдениет
- Руханият
- Ақыл
- Парасат
- Жүрек тәрбиесі
- Имани сезім
- Жан дүние
- Қасиет
- Халық көзқарасы
Оқушылар осы шарада нені бойына сіңірді?
« Мен » атты топтастыру бөлімімен аяқталады.
Соңы.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz