Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бармысыздар балалар

МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ, БЕЙНЕУ АУДАНЫ
«БЕЙНЕУ ГИМНАЗИЯСЫ » МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
БЕГЖАНОВА САНЖАН МЕРТЕҚЫЗЫ

Қош бол, құтты Әліппе!

Мақсаты:
Оқушылардың алған білімдерін тиянақтап, өз өнерлерін ата-аналарына
көрсетіп, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу. өзін-өзі басқару.
Көрнекілігі:
Талапқа сай безендірілген сахна,оқулықтар, әліппе,балдырған ,айгөлек
макеттері т.б.

Жүрісі:
Мұғалім: - Құрметті ұстаздар, ата-аналар! Қоңыр күзде қоңырау үнімен
алғашқа білім сабағына енген 1 «Ә» сынып оқушылары бүгін бір асудан асты,
Алғаш рет қолдарына ұстап әріп таныған оқулығы «Әліппемен» қоштасуға
арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Ана тілінің ғажайып, ірі шынайы әліміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз
тілін оқып үйренуге, оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын, бүкіл білім,
ғылымға бастайтын жол, әлемдік ғылым соқпағының басы - Әліппе оқулығы.
Осы оқулықтан білім нәрін алған балғын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға
шақырайық.
Алфавиттің басында А командир тұрады
Басқалары қасында әріп санын құрады
Кезегімен алаңда қатар түзеп барады.
Оқулықтан бір демде шықты алаңға бәрі де
Қатар бұзбай бірі де барады әлі, әлі де....
Ертеңгілігімізді ҚР мемлекеттік Әнұранымен бастайық
Әнұран орындалады.
1-оқушы: Армысыздар аналар
Бармысыздар балалар
Сөзіме құлақ салыңыз
Бір серпіліп қалыңыз
Әліппеге арналмақ
Бүгінгі жыр-әніміз.
2-оқушы: Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйреніп, не білдік
Кәне, ортаға салайық.
3-оқушы: Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Басқа оқулық достаспақ,
Әліппемен қоштаспақ.

4-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты болып шықты міне балаңыз!
5-оқушы: Әліппе деген алтын жол
Апарады сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа.
Мұғалім: - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар:Болашаққа жол ашқан
Ол сүйікті Әліппе.
Мұғалім: -Олай болса бәрімізге қымбат дос Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен: Әліппе! Әліппе!

Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана !
Болашаққа жол ашар ,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген .
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Таудай болса талабың,
Айтары көп әріптің .
Қуанышы баланың,
Қуанышы халықтың.
Құрметті Әліппе!Балалар ертеңгілік барысында өз білімдерін тағы көрсете
жатар.Ал қазір өздерінің іні-қарындастарын құттықтау үшін 3-сынып оқушылары
келіп тұр.Ендігі сөзді соларға берейік.
(3-сынып оқушыларының құттықтауы.)
Мұғалім: Сенің нұрың сөнбесін
Ашық аспан жарық күн!
Келешегі сөйлесін,
Қазақ деген халықтың!
6-оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық ,тойладық.
7-оқушы: Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақты қолдайды
8-оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені
Қызығып қарай берді әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
9-оқушы: Әліппем менің Әліппем!
А деген бастап әріптен
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен .
Осылай алға аттадым
Әр әріпті жаттадым
Жаттаған сайын әріпті
Сөз құрап жаза бастадым.
Хор: Әліппе
Мұғалім: -Балалар, осы Әліппеден не білдіңдер, не үйрендіңдер соны айтып
беріңдерші?
Оқушылар: Оқуды, жазуды, мақал-мәтелді ,жаңылтпаш айтуды, жұмбақ жасыруды
үйрендік.
Әліппе: Олай болса,балалар сіздердің білімдеріңізді ойын арқылы тексеріп
көрейін.Алда қандай мереке келе жатыр?
Оқушылар: Жаңа жыл!
Әліппе: Дұрыс айтасыңдар! Жаңа жыл әсем шыршасыз өтпейтіні белгілі ғой
сондықтан қазір біздер шыршаны безендіру ойынын ойнаймыз.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Өзің білетін бір мақал айт.
3. Ырым –тыйым сөздерді білесің бе?
4. Оқуға, білімге шақырып өлең жазған қандай ақын аталарымызды білесің?
5. ҚР рәміздерін ата.
6. ҚР президенті кім?
Би: Қамажай
Мұғалім: Құрметті ата-аналар,ұстаздар! Әліппенің алғашқы бетінен
«Айналайын»деген ет-жүректі елжірететін елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзінен
бастау алған бөбектеріміз бүгінгі күнде өздері оқи алатын дәрежеге жетті.
Елбасымыздың осы бір сөзін оқушыларымыздың өзі сіздерге оқып берсін.
(Үш оқушы шығып оқиды)
Көңілді музыка ойналады. Сахнаға иығында қоржыны бар Балдырған мен
Айгөлек шығады.
Оқушылар хормен: «Балдырған» «Айгөлек» келді – деп қуанышпен бір-біріне
қарайды.
Балдырған: Рахмет балалар бізді таниды екенсіңдер ғой.
Айгөлек: Сендердің мерекелеріңді естіп арнайы келдік.
Балдырған: Бұрын сендерге үлкендер оқып беруші еді, енді өздерің де
оқитын болыпсыңдар.Осының бәрін кім үйреткен?

1-оқушы: Көп ойлап, отырма
Ауылға қадірлі кім атын атай ғой?
2-оқушы: Әліппе,оқуға үйреткен әр күні
Мұғалім апай ғой
3-оқушы: Анаңдай аяулы мәпелеп өсірген
Кім атын атай ғой
4-оқушы: Үйретіп санауды көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой
Хор: Мұғалім ол біздің.
Мұғалім: Рахмет,балалар! Менің де мәртебемді бір көтеріп тастадыңдар.
Енді өтілген әріптерімізге байланысты тақпақтарыңызды айтайық.
1-оқушы: Әріптерді көрейік
Бастасын кәне айтысты,
Жібермесін намысты.
А: А дегенің ана ғой,
Ана деген дана ғой.
Ә: Әжем әнге басады,
Әтеш ұйқы ашады.
Б: Б дегенің бала ғой,
Жұмсаса апаң бара ғой.
Г: Гу деп алғаш бөбектер,
Гуілдейді ақырын.
Ғ: Ғалым ғылым ғасырды,
Ғ білімге асырды.
Д: Дүлдүл аттар баптаған,
Дәркенді жұрт мақтаған
Е: Елге есті ер керек ,
Ер жет өсіп ертерек.
Ж: Жасұланбыз, жастармыз
Жарқын істер бастармыз,
Жерімізді түлетіп,
Жайнатып –ақ тастармыз .
З: Зауза ұшады зыңылдап,
Зымыранша зырылдап.
Қ: Қарқа қол бер,
Жасқа жол бер.
Л: Лашын биік самғайды,
Лашын көкті шарлайды.
М: Мақтанышым ұдайы,
Маңғыстаудың мұнайы.
Ен байлықтың қақпасы,
Мақтаралдың мақтасы.
Мұғалім: Ата-аналар,ұстаздар! Балаларыңыз тек әліппені ғана игеріп
қойған жоқ.Математика деген пенмен танысып сауаттанды.
Сандар сырына көңіл бөлейік.

Хор: Отан.
Әліппе : Құрметті оқушылар! Өзімнен бастау алатын, өздеріңе даңғыл жол
салатын жаңа достарың «Ана тілін» ортаға шақырайық.
Ана тілі: Сәлеметсіздерме, балалар ! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!
Сендер барлық әріптерді танып, оқи алатын болыпсыңдар.
Ендеше менің сендерге қояр сұрағым бар:
- Таулары бар ең биік
Даласы бар жерұйық –бұл қай ел?
-Төтеп беріп не сынға,
Қайыспағаған ауырға
Адал болып досына
Бас имеген жауына
Ердің аты кім?

- Ең алғаш қазақ әліпбиін кім жазды?
- Ең алғаш қазақ балаларына арналған мектепті кім ашты?

Ана тілі: Өте жақсы балалар! Тәртіп пен білім егіз, тәртіп болмаған жерде
ешқанлай білім болмайды. Сондықтанда ең алдымен тәртіпті болуларың керек.
Оқушылар: Сабақты жақсы оқып, үлгілі оқушы боламыз деп ант береміз!
Би: «Қамажай»
Көрініс: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі
Әліппе: 42 әріпті игердің,
Әріптен, буындап сөз тердің.
Ризамын балалар сендерге,
Рахмет айтар кез келді.
Оқушы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,
Сауатты адам қатарына кіргенім.
Хормен: Қош бол, құтты Әліппем
Тіл тұсауын кестің сен!
Мұғалім: Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң ,арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан ,- деп Абай атамыз айтқандай
алдымызда «Әліппе» ұстап,санамақ ойнап тұрған бүгінгі
бүлдіршіндер,ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар.
Білім негізі бастауышта дегендей,осы бүлдіршіндерді алға сүйреп,
білімнің , өмірдің шыңына жетелеу- біздің міндетіміз.
Бүгінгі Әліппені аяқтап, жас ұрпақтың санасына білім сәулесінің
шапағын ұялатқан күні ұстаз ретінде шәкірттерімнің балаң арман, сәби
қиялдарына құлақ қойғанмын. Ендеше , бала жүрегінің балауса арманын
естіп көрейікші.
(Әр оқушының арман – тілегін тыңдау)

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар!
Балалардың білімі құтты болсын
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын
Білімдерін ары қарай дамытатын
Ерінбейтін еңбекқор мықты болсын!,-дей келе бүгінгі
ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ұқсас жұмыстар
Бақшамыздың атақты бишілері
Жасыл шыршы жанында
Қош, балалар, бақшасы!
Арнасымен бұлақта
Күлімде, Наурыз, күлімде
Қоштасу кеші
«ғалымдар аты өлмейді» атты кеші
Менің анамның жұмысы
Шыршамыздың мол шамы
Күз-береке. 3-сынып
Пәндер