Орыс химигі крахмалды қышқылмен

ХИМИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР

Жылдары
Ашқан ғалымдар
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.
Жылдары: 20 000-15 000 жыл б. з. д.
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Біздің заманымызға дейінгі палеолит дәуірінің аяғында адамдары механикалық энергияны жылуға айналдыру ұстанымы арқылы отты алудың түрлі жолдарын тапты. Ол көміртегі (С) белгісімен болды және оны ағаш көмірі түрінде сурет салуға қолданды.
Жылдары: 5000 жыл бұрын б. з. д.
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неолит дәуірінің адамдары саф күйінде мыс (Cu) пен алтынды (Au) пайдалана бастады. Бұл металдарды суық күйінде өңдеп, таза сәндік бұйымдар жасауға ғана қолданды.
Жылдары: 4500-3500 жыл бұрын б. з. д.
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Кіші Азияда мыс пен алтынды балқытып, ыстық күйінде өңдеу меңгеріле бастады, тіпті мысты карбонатты кендерден құю да іске аса бастады.
Жылдары: 3300 жыл бұрын б. з. д.
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Мысыр мен Месопотамийде мыстың қасиеттерін жақсарту мақсатында оны балқыту кезінде қорғасынның (Pb) және басқа металдардың кендерін қосты. Алғаш рет қалайылы (Sn) қола және мыстық алтынмен балқымасы алына бастады.
Жылдары: 3000 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Қытайда металл күйінде сурьма (Sb) алынды.
Жылдары: 3000-2000 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Мысыр мен Кіші Азияда темір (Fe) өндірісі бастау алды. Металдық қорғасын алына бастады. Жерорта теңізі елдерінде қола дәуірі дәуірледі.
Жылдары: 2500 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Кіші Азияда өте таза күміс (Ag) балқытылып алынды. Б. з. д 3800 жыл бұрын белгілі болған алтынның күміспен балқымасы - аземді енді жасанды жолмен ала бастады.
Жылдары: 2000 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Мысырда мысты сульфидті кендерден алудың қарапайым жолы пайда болды.
Жылдары: 1800 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Қытай мен жапонияда тұңғыш рет металл күйіндегі қалайы алынған болу керек.
Жылдары: 2000-1600
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ыстық көздерде қалатын тұнба түрінде күкірт (S) белгілі болды.
Жылдары: 1500 1200
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Мысырда, Финикии мен Палестинада алғаш рет сілітілік материалдар көзге түсе бастады (алғаш тек сәндік мақсатта қолданыла бастаған өсімдік күлі, сода, сөндірілген әк) ; қарапайым шыны ыдыстар өндірісі басталды.
Жылдары: 1200 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Үнді елінде тұңғыш рет металл күйіндегі қалайы және мырыш (Zn) балқытылып алынды.
Жылдары: 600 жыл бұрын б. з. д
Ашқан ғалымдар: Фалес ( шамамен 625- 547 жыл бұрын б. з. д), Анаксимандр (шамамен 610- 547 жыл бұрын б. з. д
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Натуралофилософтар пайда бола бастады. Олардың еңбектерінде тұңғыш рет материализм элементтері кездесті.
Жылдары: б. з. д 600 жыл бұрын
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грекияда қорғасын мен басқа да кедей кендерден күмісті алу үшін купирлеу қолданылды.
Жылдары: б. з. д 400 жыл бұрын
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грекияда сынап (Hg) белгілі болды.
Жылдары: б. з. д 400 жыл бұрын
Ашқан ғалымдар: Левкипп (шамамен б. з. д 500-440 жыл бұрын) және Демокрит (шамамен б. з. д 470- 460-360 жыл бұрын )
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грекияда зат құрылысының атомдық теориясын негізделді.
Жылдары: б. з. д 350 жыл бұрын
Ашқан ғалымдар: Эмпедокл (шамамен б. з. д 490-430 жыл бұрын) мен Аристотель (шамамен б. з. д 428 немесе 427-348 немесе 347 жыл бұрын)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грекияда Эмпедокл (шамамен б. з. д 490-430 жыл бұрын) көзқарастарына негізделген төрт элементті теория пайда болды.
Жылдары: I ғасырда
Ашқан ғалымдар: Үлкен Плиний
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Кадмий атымен мырыш оксидін сипаттап жазды.
Жылдары: IV ғасырда
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Металдық мышьяк алынды, бірақ оның нақты алынуы туралы сипаттама неміс жаратылыстанушысы және теологы Ұлы Альберттің (1193-1280) еңбектерінде ғана кездеседі.
Жылдары: V ғасырда
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Александрияда алхимиялық екі элементті (күкірт және сынап) теория пайда болды.
Жылдары: VIII ғасырда
Ашқан ғалымдар: Джабир ибн Хайян (712-815
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Араб алхимигі мүсәтір спиртін сипаттап жазды, қорғасынды ақ шаңқанды дайындауды көрсетті, сірке қышқылын алу үшін сірке суын айдады, азот қышқылының әлсіз ерітіндісін алды.
Жылдары: IX ғасырда
Ашқан ғалымдар: Аль-Рази (865-925
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Араб алхимигі гипсті дайындау әдісін жазды, металл күйіндегі сурьманы сипаттады.
Жылдары: IX ғасырда
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Александрияда дистилляцияның қарапайым жолы жасалды.
Жылдары: XIII XIV XIV ғасырда
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Германияда металл күйіндегі висмут (Bi) алынды.
Алғаш рет шойын балқытуға арналған домна пештері салынды, бұрын шахталық пештер тек темір балқыту үшін ғана қолданылатын.
Жылдары: 1527 жылы
Ашқан ғалымдар: Парацельс (шын аты Филипп Ауреол Теофраст Бомбаст фон Гогенгейм) (1493-1541)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Жаратылыстанушы және дәрігер үш бастама теориясын (күкірт, сынап және тұз) жасап ұсынды. Алхимиктердің жай металдарды алтынға айналдыру талпынысына ол химиялық білімді медицинаға қолданатын ятрохимияны (немесе иатрохимия) қарсы қойды.
Жылдары: 1557 жылы
Ашқан ғалымдар: Юлий Цезарь Скалигер
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз ғалымы және жазушысы қазіргі Колумбия жерінде платинаның (Pt)
қоры бар туралы бірінші жазбаша хабарламасы шықты.
Жылдары: 1597 жылы
Ашқан ғалымдар: Андреас Либавий (шамамен 1540-1616)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс алхимик дәрігері тұңғыш «Алхимия» оқулығын жарыққа шығарды. Алғаш рет тұз қышқылын, қалайының тетрахлоридін, аммоний сульфатын, патша арағын дайындауды сипаттап жазды.
Жылдары: 1642 жылы
Ашқан ғалымдар: Юнгиус
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грек атомистикасының ізімен химиялық анализ негізінде алғашқы кезеңге жарайтын элемент туралы ұғымды енгізді.
Жылдары: 1643 жылы
Ашқан ғалымдар: Торричелли Эванджелиста (1608-1647)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Италия физик және математигі вакуумның бар екенін дәлелдеді.
Жылдары: 1644 жылы
Ашқан ғалымдар: Ван Гельмонт
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Голландияда алғаш рет газдарға зерттеу жүргізіліп, осы термин енгізілді.
Жылдары: 1671 жылы
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ағылшын химик, физигі алғаш рет темір кесектерін күкірт қышқылына салу арқылы сутегін алды. Бірақ оның химиялық табиғаты ашылмады.
Жылдары: 1669 жылы
Ашқан ғалымдар: Хеннинг Бранд
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс жаратылыстанушысы зәрді көп рет айдау арқылы элемент күйіндегі фосфорды (P) алды.
Жылдары: 1679 жылы
Ашқан ғалымдар: Георг Эрнст Шталь (1659-1734)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс химик және дәрігері химияның тұңғыш флогистон теориясын ұсынды. «Флогистон» жанғыш деген мағынаны білдіреді.
Жылдары: 1702 жылы
Ашқан ғалымдар: Вильгельм Гомберг (1652-1715)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Бураны темір купоросымен яғни темір (ІІ) сульфатының сулы ерітіндісімен қосып қыздырып, бор қышқылын алды.
Жылдары: 1702 жылы
Ашқан ғалымдар: Грегор Эрнст Шталь
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ол ас тұзында (NaCl) ерекше сілті бар деп тапты. 1723 жылы шыққан «Химия негіздері» кітабында флогистон теориясын дамытты.
Жылдары: 1727 жылы
Ашқан ғалымдар: Гальс
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Газдарға анализ жасау әдісін ойлап тапты.
Жылдары: 1735 жылы
Ашқан ғалымдар: Грегор Брандт (1694-1768)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Швед химик и минералогы висмут кендерінен кобальтты алды.
Жылдары: 1736 жылы
Ашқан ғалымдар: Дюамель де Монсо
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ол ас тұзында сілті болатынын, бірақ оның поташ пен шарап тасында болатын сілтіден басқа екенін дәлелдеді.
Жылдары: 1746 жылы
Ашқан ғалымдар: Иоганн Потт (1692-1777)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс химигі шыны тәрізді тастар (кремнезем) бар екеніне болжам жасады.
Жылдары: 1747 жылы
Ашқан ғалымдар:

М. В. Ломоносов

(1711-1765)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Орыстың ұлы ғалымы өзінің жеке ұсыныстарына негізделген жылудың кинетикалық теориясы туралы еңбегін жариялады.
Жылдары: 1747 жылы
Ашқан ғалымдар: Андреас Сигизмунд Маргграф (1709-1782)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс химигі қант қызылшасының тамырынан қант кристаллдарын тапты.
Жылдары: 1748 жылы
Ашқан ғалымдар:

М. В. Ломоносов

(1711-1765)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Металдарды кальцинациялауда ауаның рөлін анықтады.
Жылдары: 1750 жылы
Ашқан ғалымдар: Уотсон және Браунинг
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Платинаға және оның қасиеттеріне нақты сипаттама берді.
Жылдары: 1751 жылы
Ашқан ғалымдар: Аксель Фредерик Кронстедт (1722-1765)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Швед минералог және химигі кобальт кендерінен никельді ашты.
Жылдары: 1752 жылы
Ашқан ғалымдар: Генрик Теофил Шеффер (1710-1759)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Швед ғалымына мышьяк қосу арқылы платинаны балқыту мүмкіндігі туды.
Жылдары: 1754 жылы
Ашқан ғалымдар: Андреас Сигизмунд Маргграф
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Квастан глиноземді тапты.
Жылдары: 1766 жылы
Ашқан ғалымдар: Генри Кавендиш (1731-1810)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ағылшын физик және химигі өзінің ауаны экспериментті зерттеу жұмысының нәтижесінде онда ауадан бірден ажыратылатын өзгеше газ бар екенін дәлелдеді, сондай-ақ сутегі мен көмір қышқыл газдарын ашқанын хабарлады.
Жылдары: 1769 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Пиролюзит пен тұз қышқылының қоспасын өңдеп, хлор алды. Бұл жұмыстардың нәтижелері 1774 жылы жарияланды.
Жылдары: 1770 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Шееле және швед минералог және химигі Юхан Готлиб Ган (1745-1818)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Сүйек күлінен фосфорды алу жолын ұсынды.
Жылдары: 1771 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Пиролюзит пен концентрлі күкірт қышқылын қосып қыздырғанда «от ауасы» (оттегі) бөлінгенін бақылады. Сондай-ақ, бұл ғалым шарап, бензой, лимон, алма, қымыздық, галла, сүт, зәр және мышьяк қышқылдарын ашты. Үш улы газды: фторсутек, күкіртсутек және сутек цианидін алды.
Жылдары: 1772 жылы
Ашқан ғалымдар: Даниель Резерфорд (1742-1819) және оған тәуелсіз Кавендиш
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Екеуі де бір-біріне тәуелсіз азотты ашты.
Жылдары: 1772 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл фон Зикинген
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс ғалымы аммоний хлоридінің әсерімен платинаны тұнбаға түсірді және аммонийдің гексахлорплатинатын алды. Осылайша платинаны алтыннан бөлуге болатын еді.
Жылдары: 1772-1774 жылы
Ашқан ғалымдар: Джозеф Пристли (1733-1804)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Бұл ағылшын физик, философы және дін қызметкері «тұз қышқылды ауа» (хлорсутек), «сілтілі ауа» (аммиак), күкіртті газ, иіс газы, азоттың моноксидін алды. Сондай-ақ ғалым Карл Вильгельм Шеелеге қатыссыз оттегін ашты.
Жылдары: 1774 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ауыр шпаттан (баритте) барий оксидін, ал пиролюзиттен марганец оксидін (MnO) тапты.
Жылдары: 1774 жылы
Ашқан ғалымдар: Юхан Готлиб Ган
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Пиролюзитті көміртегімен тотықсыздандыру арқылы ластанған марганец (Mn) алды.
Жылдары: 1778 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Молибден жылтырынан молибден қышқылын алды.
Жылдары: 1781жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Тунгстейннен (шеелит) вольфрам қышқылын тапты.
Жылдары: 1781жылы
Ашқан ғалымдар:

Генри Кавендиш

(1731-1810)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ауаның құрамын анықтады.
Жылдары: 1782 жылы
Ашқан ғалымдар: Петер Якоб Гельем (1746-1813)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Молибден қышқылын көміртегімен тотықсыздандырып молибден (Mo) алды.
Жылдары: 1782 жылы
Ашқан ғалымдар:

Ференц Йожеф Мюллер фон Рейхенштейн

(1740-1825)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Венгер химигі және тау-кен инженері румын алтын кенінен теллурды (Te) .
тапты.
Жылдары: 1782 жылы
Ашқан ғалымдар: Карл Вильгельм Шееле (1742-1786)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Глицерин және синиль қышқылын алды.
Жылдары: 1784 жылы
Ашқан ғалымдар:

Генри Кавендиш

(1731-1810)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Судың химиялық құрамын анықтады.
Жылдары: 1783 жылы
Ашқан ғалымдар: Антуан Лоран Лавуазье (1743-1794)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз химигі өзінің тотығу теориясы туралы еңбегін толық жариялады.
Жылдары: 1783 жылы
Ашқан ғалымдар: Ағайынды Элуярлар
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Вольфрамиттан вольфрам қышқылын бөліп алды, ал одан көміртегімен тотықсыздандыру арқылы вольфрамды (W) алды.
Жылдары: 1785 жылы
Ашқан ғалымдар: Клод Луи Бертолле (1748-1822)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз химигі калий хлоратын (бертолле тұзы) алды.
Жылдары: 1786-1787 жылы
Ашқан ғалымдар: Антуан Лоран Лавуазье(1743-1794), Луи Бернаром Гюитоном де Морво (1737-1816), Клод Луи Бертолле (1748-1822) және А. Фуркура (1755-1809)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз Ғылым акдемиясының тапсыруымен осы төрт ғалым жаңа химиялық номенклатура жасауды басқарып, бір жылдың ішінде ойдағыдай аяқтады. Бұлар тотығу-тотықсыздану үрдістерін дұрыс түсіндірумен ерекшеленетін, элементтің жаңа анықтамасымен және қышқылдардың, негіздердің, тұздардың табиғатын шамамен дұрыс түсіндіре білген антифлогистикалық химия жүйесін жасады.
Жылдары: 1789 жылы
Ашқан ғалымдар:

Мартин Клапрот

(1743-1817)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Неміс химигі Цейлондағы бағалы тасты зерттей отырып цирконийдің (ІІ) ооксидін ашты, уранды смолалы кеннен уранның (ІІ) оксидін тапты, бірақ оны ғалым металдық уран (U) деп ойлады.
Жылдары: 1789 жылы
Ашқан ғалымдар: Товий Егорович Ловиц (1757-1804)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Химик және фармацевт мұзды сірке қышқылын алудың жолын ұсынды.
Жылдары: 1791 жылы
Ашқан ғалымдар:

Уильям Грегор

(1761-1817)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ағылшын минералогы корнуэльдік темірлі құмнан титанның екі окисін тапты.
Жылдары: 1791 жылы
Ашқан ғалымдар:

Никола Леблан

(1742-1806)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз химик-технологы ас тұзынан соданы алудың өнекәсіптік жолын жасады.
Жылдары: 1792 жылы
Ашқан ғалымдар: Товий Егорович Ловиц
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ғалым алғаш рет кристалдық глюкозаны алды.
Жылдары: 1793 жылы
Ашқан ғалымдар:

Мартин Клапрот

(1743-1817)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Стронцианиттан стронция окисьін (SrO) алды.
Жылдары: 1794 жылы
Ашқан ғалымдар:

Юхан Гадолин

(1760-1852)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Фин химигі иттербит минералынан иттрийлік жерді бөліп алды.
Жылдары: 1795 жылы
Ашқан ғалымдар:

Мартин Клапрот

(1743-1817)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Грегорға қатыссыз титанның екі окисін ашты.
Жылдары: 1797 жылы
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Бериллий окисі (BeO) алынды.
Жылдары: 1797 жылы
Ашқан ғалымдар: Воклен және Клапрот бір-біріне қатыссыз
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Сібір қызыл қорғасынынан хромды тапты
Жылдары: 1797 жылы
Ашқан ғалымдар:

Смитсон Теннант

(1761-1815)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ағылшын химигі алмас, графит және ағаш көмірінің табиғаты бірдей екенін дәлелдеді.
Жылдары: 1798 жылы
Ашқан ғалымдар: Луи Воклен
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Берилийді (Be) ашты.
Жылдары: 1798 жылы
Ашқан ғалымдар: Мартин Клапрот
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: 1782 жылы ашылған теллурдың табиғаты қарапайым деген қорытындыға келді.
Жылдары: 1798 жылы
Ашқан ғалымдар: Товий Егорович Ловиц
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Микроскоппен тұздардың кристалдануын бақылап, кристалдардың пішіні тұздардың әр түрлілігін сипаттайды деген қорытынды жасады.
Жылдары: 1800 жылы
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Алғашқы электрлі батерей жасалды.
Жылдары: 1801 жылы
Ашқан ғалымдар: Андрес Мануэль дель Рио (1764-1846)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

Мехико минералогі қорғасын кенінен ванадийді ((V) тапты, ол оны эритроний деп атады,

ал кейіннен ол тапқан элемент тазаланбаған хром деп ойлады.

Жылдары: 1801 жылы
Ашқан ғалымдар: Чарльз Хатчет (1765-1847)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ағылшын химигі колумбиттен (оңтүстік америкалық темір-маргенец кені) ниобийді (Nb) бес оксиді күйінде тапты. Ол танталдың бес окисімен өте қатты ластанған екен.
Жылдары: 1801 жылы
Ашқан ғалымдар: Яков Дмитриевич Захаров (1765-1836)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Орыс химигі алғаш рет И. Гиртаннердің "Начальные основания химии" деп аталатын кітабын орыс тіліне аударды. Ол алғашқылардың бірі болып Россияда химиядан антифлогистон теориясына сәйкес дәріс оқи бастады.
Жылдары: 1803 жылы
Ашқан ғалымдар: Джон Дальтон (1766-1844)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

Ағылшын химик және физигі өзінің атымен аталған еселік қатынас заңын және газдар заңдарын ашты,

«атомдық салмақ» ұғымын енгізді.

Жылдары: 1803 жылы
Ашқан ғалымдар: Андрес Экеберг (1767-1813)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Ниобийдің бес окисімен ластанған бес окись түрінде танталды (Ta) тапты.
Жылдары: 1803 жылы
Ашқан ғалымдар:

Йенс Якоб Берцелиус

(1779-1848)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

Швед химигі және минералогі Гизенгермен бірге және бұларға қатыссыз Мартон Клапрот

церийлі жерді тапты.

Жылдары: 1803-1804 жылдары
Ашқан ғалымдар:

У. Волластон

(1766-1828)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

Птатина кендерінің сынамасынан палладий (Pd) мен родийді (Rh) тапты, сондай-ақ таза

күйінде платинаны алды.

Жылдары: 1804 жылы
Ашқан ғалымдар: Смитсон Теннант
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

«Патша арағында» ерімей қалған платина кендерінің қалдықтарынан осмий (Os)

мен иридийді (Ir) тапты.

Жылдары: 1805 жылы
Ашқан ғалымдар: Кристиан Иоганн Дитрих Гротгус (1785-1822)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Бұл физик және химик тұңғыш рет электролиздің алғашқы теориясын ұсынды.
Жылдары: 1807 жылы
Ашқан ғалымдар: Гемфри Дэви (1778-1829)
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.:

Тұздарының балқымаларын электролиздеу арқылы калий (K) мен натрийді (Na) алды.

Азот гемиооксидінің ауруды тыныштандыратын қасиетін ашты, сондай-ақ суды электролиздеу

арқылы сутегі мен оттегін алды, электрлік доғаны сипаттады.

Жылдары:

1807-1818

жылдары

Ашқан ғалымдар: Йенс Якоб Берцелиус
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: 45 элементтің атомдық массасын анықтады.
Жылдары: 1808 жылы
Ашқан ғалымдар: Гемфри Дэви
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Сынап электродын пайдалану арқылы балқымаларының электролизімен кальций (Ca), магний (Mg), стронций (Sr) және барийді (Ba) алды.
Жылдары: 1808 жылы
Ашқан ғалымдар:

Жозеф Луи Гей-Люссак

(1778-1850) және

Луи Тенар

(1777-1857)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Француз ғалымдары бор қышқылын қыздыру арқылы бос күйінде тазаланбаған борды (B) алды.
Жылдары: 1808 жылы
Ашқан ғалымдар:

Джон Дальтон

(1766-1844)

Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Атомдық теорияны анағұрлым нақтырақ көрсеткен химиялық философияның Жаңа жүйесі туралы еңбегін жариялады.
Жылдары: 1809 жылы
Ашқан ғалымдар:
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Сабынды қышқылмен өңдеу арқылы май қышқылдары алынды.
Жылдары: 1810 жылы
Ашқан ғалымдар: Гемфри Дэви
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Карл Шееленің 1774 жылы ашқан «дефлогистенген тұз қышқылының» (хлордың) қарапайым табиғатын анықтады.
Жылдары: 1811 жылы
Ашқан ғалымдар: Жозеф Луи Гей-Люссак және Луи Тенар
Химиялық құбылыстар, элементтер, т. б.: Кремний тетрахлоридін калиймен тотықсыздандырып, тазаланбаған аморфты кремнийді (Si) алды.
Жылдары:

Ұқсас жұмыстар
Көмірсуларға тән реакциялар
Галогендер
Тақырып Ауыз қуысында астың қорытылуы
§24 крахмал. §25 целлюлоза
Ацетиленнің құрылысы
Химия еліне саяхат
Сілтілік жер металдар
Алюминий. 9 сынып
Химия және география
Бисквит қамырын дайындаудың тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz