Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді дарыту жолдары



Қарағанды облысы

Шет ауданы

Көктіңкөлі ауылы
Көктіңкөлі орта мектебі
Химия пәні мұғалімі
Қоршабекова Гүлнар Ахметжанқызы

ОҚУШЫ БОЙЫНА АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ ДАРЫТУ
ЖОЛДАРЫ
Адамның адамгершілік атты асыл қасиетті игерген мәдениетті, нағыз адам
болып өсуі, әр халықтың ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық тәлім-
тәрбиесін бойға сіңіруіне байланысты.
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен,
қайырымдылығымен, адалдығымен ардақталады. Халқымыздың ғасырлар бойы
сақталып келген ұлттық дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды
имандылыққа, адамгершілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді мақсат
етіп қойған. Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз – мақсатты және жүйелі түрде
тәрбиеленушінің санасына, сезіміне және тәртібіне қоғамдық мораль
талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Адамгершілік тәрбиесі жеке адамды қалыптастыруда ерекше орын алады. Ол
отбасына, Отанға, халықтар достығына адал, кіршіксіз көзқарасы, қарым-
қатынаста болуды талап етеді.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымды, принциптерді, мінез-
құлық нормаларын ұғу жайындағы біліммен қаруландырады. Сонымен қатар, ол
адамның ішкі жан-дүниесінің әсемділігінен бастап, оның сыртқы келбеті, ой
әсемдігі мәселелерін қамтиды. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің
мазмұны: тәртіптілік пен ұйымшылдық, достық пен жолдастық, шыншылдық пен
әділдік, еңбек пен өз мінез-құлқына сын көзбен қарай білу сияқты
қасиеттерді қамтиды.
Мектептегі адамгершілік тәрбиесі біздің өміріміздің тек осы кездегі
талаптарын ғана емес, болашаққа да бағытталуы тиіс. Оқушы қаншалықты
білімді болғанымен, оның адамгершілік қасиеті жетіспей жатса, оның
жолдастары арасында болмағаны былай тұрсын, жақсы азамат та бола алмайды.
Олай болса, мектеп қабырғасында оқушыларға берілетін адамгершілік дағдыны
бірер жылдың ішінде оқушылардың бойына сіңіре қоюға болмайды. Ол – ұзақ
жылдың жемісі. 
Оқушылар бойында жалпы адамзаттық қалыптармен гуманистік, моральдық
(қайырымдылық, ізгілік, өзара түсінушілік, ізеттілік, кішіпейілділік,
адалдық және т.б.) тәрізді жасампаз қасиеттерді сіңіріп, олардың өзара
қарым-қатынас мәдениеті мен зерделік-танымдық қасиеттерін дамытуға ерекше
мән беруіміз керек. Жалпы адамзатқа тән ізгілік қасиеттер өз әке-шешесін,
ауылын, отанын, сүюден, ұлттық өнер мен мәдениетке, ана тіліне деген
сүйіспеншілігінен туындайды. Осыларды ескере келіп, тәрбие ісінде
оқушыларды өзін қоршаған әлеуметтік ортаға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеуден бастап, әлемдік өркениетті мәдениетті меңгеруге, бағалауға
тәрбиелеу оқу-тәрбие ісінің басты міндеті болып саналады.
Оқу мен тәрбие тығыз байланысты. Жас ұрпақ тәрбиесі сабақ барысында және
сыныптан тыс уақытта жүргізіледі. 
1. Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге,
Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы
заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік
құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста
болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, примңиптері,
мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдеңдіреді. Оқушылар
оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске
асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы
олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам
арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-
құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай,
т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы
керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз
шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде
достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның
ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер
қалдырды.
Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы
мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз,
байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман
мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан
жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам
парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам
дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын
ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене
құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Қазақ халқы - мөдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар,
сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық.
Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра
қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт
Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов,
С.Торайғыров, М.Сералин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Көбеев, Б.Момышұлы,
М.Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы
мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады.
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін
адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін
терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына
осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін
жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл
бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу Профессор М.Ғабдуллин
өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" еңбегінде "Бүгінгі жастарды
ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің
белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар
әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет,
ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес,
қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды
тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек,
нұр үстіне нұр болар еді" дейді.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-
пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды
ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздық басты парызы.
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер
педагог Б.Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін,
жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының
арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына
сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың
мәніне тоқталады.
Патриотизм мен ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру үшін
істелетін тәрбие жұмыстары.
Бұл аса аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп
болғанымен, төрт саласына тоқталсаң.
-  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген
қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген
таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның
ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің үніне
бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа
түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-
тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты
жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын
қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы
кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез
ерекшеліктерінің орны ерекше.
Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде Мұхтар Шахановтың мына бір өлең
жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ұсынамыз.
"Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Әр адамнан өз анасынан басқа
жебеп тұрар, демеп тұрар арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері - түп қазығы айбыны,
Туған тілі — сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі,
Қадамына, шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да
Төрт анаға жағдай жасай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы.
Ұлттың қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа
жалғасып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр.
Халқымыздық рухани бейнесін әдебиет, өнер, ғылым, мінез-құлық, ұлттық
сезім, әдет-ғұрыптар, т.б. бейнелейді.
Әдептілік, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, ізеттілік,
қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл, абыройлы
қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл-парасатына азық ету үшін, әрбір тәрбиелі
ұстаз, халық педагогикасын, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-
жақты терең білуі қажет. Жетілген мінез-құлық үш нерсенің - жүректің,
ақылдық және қолдық бірлігі мен келісімі. Бала өз жүрегін тыңдауға
үйренсе, жүрегінің айтқанын істейтін болса, өмірден өз орнын табады.
Адам баласының өмір тәжірибесінде қалыптасқан үлкендерге құрмет
көрсету ізеті өшпес дәстүрге айналған.
Оқу үрдісінде оқушы өз бойында бұрынна қалыптасқан адамгершілік сипатын
ғана көрсете алады. 
Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы
Н.Ә.Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді шешудің төте
жолдарын ұсынып, тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:
- Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болатындықтан
жастармен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударды;
Әдебиеттер:

Қ.Жарықбаев. Аталар сөзі, ақылдық-көзі. - А., 1980.
. А.Қүнанбаев шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 1954.
. Ш.Құдайбердиев шығармалары. - Алматы, 1988.
Ы.Алтынсарин. Таңдамалы шығармалары.
. Ыбырай тағылымы. - Алматы, 1955.
. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы/Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.
.  М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. -
Орал, 1992.


Ұқсас жұмыстар
Рухани - адамгершілік тәрбие
Адамгершілік қасиетті бала бойына дарыту
Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру
Тәрбие сағаты
Адамның ақылы қайда
Аулақ бол, жаман әдеттен
Өзін-өзі тану-адамгершілік құндылықтардың негізі
Әдептілік - әдемілік жайлы ақпарат
"жүрегім толы мейірім" атты "қамқорлық" қайырымдылық акциясы
Қазақ отбасындағы адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы
Пәндер