Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАСЫ

12 ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНІҢ КӘСІБИ ТҰЛҒАСЫ

Ш.Қ.Бөлекбаева
№170 қазақ орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға
апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі,
өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне,
дамыту бағытына байланысты.
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арналған Жолдауында
"XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық" дей келе
12 жылдық жалпы орта білімге көшудің керектігін айқын көрсетті.
Осыдан-ақ, мемлекетіміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына
байланысты әлемдік білім кеңістігіне кіру қажеттігі туындап отырғанын
көруге болады. Мұның өзі егемен еліміздің білім мазмұны мен құрылымының
әлемдік елдер деңгейіне сай болуын меңзейді.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының мақсатында көрсетілгендей, әлемдік білім беру кеңістігіне
ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін
қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды
белгілеу болып табылады.
Қазіргі таңда қоғам алдына қойылып отырған басты міндеттердің ең бір
өзектісі - бүкіл білім жүйесін түбегейлі жаңартып, дүниежүзілік деңгейге
сәйкес келетін, жастарға сапалы білім беруге жағдай жасайтын және олардың
үйлесімді дамуына, жеке бастың тұлға ретінде қалыптасуына бағытталған жаңа
үлгідегі мектеп кұру болып отыр. Бұл мақсатты орындау орта білімнің 12
жылдық мерзімге өтуімен астасып жатыр.
Еліміз 12 жылдық орта білім беруге көшу мәселесін шешуде алыс-жақын
шетелдердің іс-тәжірибелеріне және соңғы кездегі педагогика мен психология
ғылымдарының алдыңғы қатарлы зерттеу нәтижелеріне сүйенуде. 12 жылдық орта
білімге көшу аз уақыт ішінде, жеңіл түрде іске аса қоятын мәселе емес. Бұл
білім беру орындарының үйлесімді дайындығын, әрбір мұғалімнің өз ісін қайта
қарауды, білімінің теориялык және әдістемелік тұстарынан жетілдіруді талап
ететін мәселе. Сонымен қатар, 12 жылдық орта білімге көшу осыған байланысты
жарық көретін әрбір мемлекеттік құжаттар талаптарының өз кезінде орындалуын
және мұғалімдер мен оқушылар қауымына ұсынылатын оқулықтардың, оқу
құралдарының педагогикалық, әдістемелік, психологиялык, тұрғыдан
негізделуін керек етеді.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі – білім.
Білім ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы биылғы
халыққа Жолдауында Қазақстанның дамуының басты шарты қоғам мүшелерінің
білім деңгейінің артуына тікелей байланысты екендігін атап көрсетті. Демек,
отандық білім жүйесі өз қызметін «білім беруге салынған бүгінгі инвестиция
– мемлекеттің ертеңіне жасалған қамқорлық» деген қағидатқа сүйеніп жұмыс
жасау керек деген сөз.Жалпы білім бастауын мектептен алады, оның қайнар
көзі десек те болады. Сондықтан, мектеп неғұрлым таза, серпінді,шығармашыл
болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Нәтижесінде
отбасы, қоғам, өмір жақсарып,сапалық көрсеткіштер жоғарылайды. Бір жылға
жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік
мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле деген ғибрат бар. Бұл жауапкершілігі зор,
салмағы ауыр міндет.Өйткені бүгінгі жас буын – ел болашағының ертеңгі
кілті. ХХІ ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтардың дәуірі.Оған лайық
болу- қазіргі жаһандану процесіндегі кез – келген мемлекеттің негізгі
ұстанымы. Ендеше біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы
– білім ордалары десек, оның жүрегі де, тірегі де мұғалімдер қауымы.
Мұғалім ақпаратанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды
дамуын жобалаушы. 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшу мұғалімнен жоғары
құзырлықты, ұйымдастырушылықты қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның
түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын
дамыту бағытын талап етеді.
12 жылдық білім беруге көшу мұғалімді «бұрыннан келе жатқан
педагогикалық білім, білік, дағдылық жүйені,яғни шамадан тыс ақпарат беріп
және нәтижеге сүйреп, соңында оқушылардың денсаулығының нашарлауына және
уақытын жоғалтуына апарып соғатын жүйені өзгертіп», керісінше қалай оқу
керек, қалай ойлау керек, кез –келген туындаған міндеттерді шешу үшін әр
тұлға пайдалана алатын жаңа технологияларды үйрету айқындамасын қабылдауға
бағдарлайды. (Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдама жобасынан келтірілген дәйексөздер)
12 жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында
жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын
бүкіл пәннің іргетасы қаланып қана қоймайды, сонымен қатар білім алуға
талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдылық белсенділік, жеке
бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезеңде қаланады. Сонымен қатар осы
кезеңде баланың белсенділігі, оның рухани және дене күші де дами бастайды.
Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын
қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе
емес.
Мұндағы мақсат - психологиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты
жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне
көшуін қамтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл-
оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай,
қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым-қатысының күшеюіне жағдай
жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық
ерекшелігін жете білуін керек етеді.
Бастауыш мектепті бітіргенде 9 (тоғыз ) жастағы бала XX ғасырдағы
өзінің замандастарымен салыстырғанда оқу, ойлау, қарым-қатынас сияқты іс-
әрекетінің жоғары деңгейімен, білімді өздігінен ізденуге ұмтылушылығымен,
өзін-өзі дамытуға икемдігімен, адамгершілік және отанжандылық
құндылықтарының жоғарылығымен, яғни тұлғаның барынша жан-жақты даму үрдісін
сезіну біліктілігімен ерекшеленуге тиіс.
Соңғы үшінші сатымыз – бағдарлы білім беру.
Бағдарлы білім беру – оқытудың дифференцияланған және жекелеген принциптері
жүзеге асатын, толық жалпы орта білімнің қорытынды кезеңі. Бұл кезеңде
оқушылардың өмірлік қажеттіліктері мен қызығушылықтарының арқасында білімді
тұлғалық анықталу мақсатында жүргізе отырып, мамандық таңдауға мүмкіндік
алады.

Кез – келген мұғалімде осы қасиеттер болса онда бұл мұғалімнің жұмыс
нәтижесі мынадай болмақ:

Мына келесі сызбадан біз нені байқаймыз?Яғни бұл жерде мұғалімнің
кешегі күнге дейінгі ұстанымдары мен бүгінгі күнгі ұстанымдары
салыстырылып көрсетілген.Жалпы мектептердің барлығы дерлік 12 жылдық білім
беру жүйесіне көшсе онда жұмыс жасайтын мұғалімдердің де өмірге деген
көзқарасы өзгереді.

«Алдына ұлы мақсат қойсаң ұлылыққа жетесің» деп данышпан ақындарымыз
айтпақшы, барлығымыз бірге күш жұмсап, ел ертеңіне сеніммен қарасақ ғана
алдымызда тұрған көптеген қиыншылықтардан қиналмай өтеміз деген ойдамын.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақтан Республикасындағы12 жылдық жалпы орта білім беру
тұжырымдама жобасы
2. 12 жылдық білім журналы 2006 ж №1 «12 жылдық білім беру көшудегі
мектеп моделі»
3. Сыр бойы газеті 2010 ж №173 «Мұғалім – қоғам жүрегінің қантамыры»
4. Қанатты сөздер

Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технологиялар негізінде жаңа тұрпатты мұғалім даярлау
Мұғалім тұлғасына қоғам қоятын талаптар - мұғалімнің кәсіби құзырлығы
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары
Шығармашылық белгілер
Дамыта оқыту
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Педагогикалық технологияларды игеру
Біліктілікті арттыру курсынан өту
Мұғалімнің білім жетілдіру жұмыс жүйесін қалыптастыру
Шығармашылығын дамыту
Пәндер