Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кілт сөздер
мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын аттыру, өз
бетімен және топ болып жұмыс атқаруға баулу,сабағын өткізу.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1-бастаушы: Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы, аяулы
ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!
2-бастаушы: Армысыздар, қадірлі қонақтар, құрметті көрермендер!
1-бастаушы: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп
жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, интеллектуалды
олимпиада сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын
бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.
2-бастаушы: Құрметті көрермендер, Сіздерге айтарымыз, көңіл-күйлеріңіз
көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын!
1-бастаушы:
Мінеки, мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Командалар сайысын,
Көпшілікті тостырмай,
Міне, қазір бастаймыз.
2-бастаушы:
Физика еді өмірдің
Асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен
Елімнің өзен, даласы.
1- бастаушы:
Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды өскен желге.
Жансызға жан бітіріп, қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған.
Қай жүйрік Архимедті басып озған,
Жалынды патриот, батыр ғалым
Ғасырлар түпкірінен қолын созған.
2-бастаушы:
Ендеше, құрметті көрермендер, физика отауындағы «интеллектуалды олимпиада»
сайысымызды тамашалайық.
1-бастаушы: бүгінгі ойынымызға әділ төрелік ететін Әділ қазы алқасын сайлап
алайық.
2-бастаушы: Әр топтың қарсы топқа сәлем беруі.
1-бастаушы: Әр топтың өздерінің төс белгілерінің суреті бойынша қорғау.
2- бастаушы:
Сайыс толық айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу кейін жатқандай аптығыста.
1- бастаушы
Сайыс толқын жатқандай асып – тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып,
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар,
Жеңсеңде, жеңілсең де қалма жасып.
2 – жүргізуші
Ең қиыны жарыстың жорға келді,
Мытқыларымыз келіпті, жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,
Осым ойыннан көрейік ерен ерді.
1 – жүргізуші: сонымен 1 тур жорға. әр командаға 15 сұрақтан қойылады да,
оған 3мин уақыт беріледі. Сұрақтар екі (дұрыс және дұрыс емес) жауаптан
тұратын тест түрінде дайындалады. әр сұрақ екі жауабымен оқылады. Ал ойыншы
екі жауаптың дұрысын таңдайды. Таңдаған жауабы дұрыс болса ойынды 1 –
ойыншы жалғастыра береді. Қателескен жағдайда ойынды келесі ойыншы келесі
сұраққа жауап беру арқылы жалғастырады. Сөйтіп 15 сұрақ аяқталғанша ойын
осылай жалғаса береді. әр дұрыс жауапқа 100 ұпай беріледі.
Сонымен кезек талдау үшін команда капитандарын ортаға шақырсақ.
(1 кезекті алған команда ойынды бастайды.)
2 – жүргізуші
1 – нұсқа
1. Ток күші қандай шама?
А. Векторлық В. Скалярлық
2. Изобарлық процесте не тұрақты?
А. Қысым В. Көлем
3. магнит өтімділігі бірден кіші заттар қалай аталады?
А. Диамагнеттиктер В. Парамагнеттиктер
4. Лоренц қай елдің физигі?
А. Неміс В. Голландия
5. 1 гегаватта қанша ватт бар?
А. 10-ң 12дәрежесі В. 10-ның 9 дәрежесі
6. Қысым айырымын өлшейтін құрал?
А. Манометр В. Барометр
7. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
А. 7,9 км/с В. 11,2 км/с
8. Жай механизмді ата?
А. Штатив В. Иіндік
9. Параллель жарық шоктары қандай линзадан өткеннен кейін фокусқа
жинақталады?
А. ойыс В. Дөңес
10. Магнит ағынының өлшем бірлігі.
А. Тесла В. Вебер
11. Ядролық реактордағы нейтронды жақсы жұтатын зат?
А. бор В. Берилий
12. Бойль - Мариотт заңында не тұрақты?
А. Қысым В. Температура
13. Жарық жылдамдығын алғаш есептеген кім?
А. Ремер В. Физо
14. Призмадан ақ жарық өткенде ең аз ауытқитын түс?
А, Көк В. Қызыл
15. Кедергінің өлшем бірлігі?
А. Ом В. Ампер
1 – жүргізуші
2-нұсқа
1. Жол қандай шама?
А. Векторлық В. Скалярлық
2. Изохорлық процесте не тұрақты?
А. Қысым В. Көлем
3. магнит өтімділігі бірден үлкен заттар қалай аталады?
А. Диамагнеттиктер В. Парамагнеттиктер
4, Эрсед қай елдің физигі?
А. Дат В. Голланд
5. 36 км/секундта неше метр/сек бар?
A. 100 м/с В. 36000 м/с
6. Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең?
А, 11,2 км/с В. 16,7 км/с
7. Гей - Люсак заңында не тұрақты?
А. Көлем В. Қысым
8. Жақыннан эсер ету принципі кімнің енбегіне негізделген?
А. Кулон В. Фарадей
10. Алыстан көргіштікті жою үшін қандай линза тағу керек?
А, Жинағыш В. Шашыратқыш
11. Призмадан ақ жарық өткенде ең көп ауытқитын түс?
А. Көгілдір В. Көк
12. Кімді Максвелл Электрдің Ньютоны деп атаған?
А. Ампер В.Ом
13. а-бөлшек дегеніміз?
А. Электрон В. Гелий ядросы
14. Резерфорд қай елдің физигі?
А. Ағылшын В. Американ
15. Кернеудің өлшем бірлігі?
A. Вольт В. Кулон
Кешіміз жалғасады тағаттасақ,
Шыңымыз биік болар білім қусақ.
өмір деген өнермен үйлеспей ме?
Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ.
(әннің аты, орындаушысы айтылады.)
2-бастаушы:
Табиғат сырын аштырған,
Тоқпен қазан астырған.
Миллион гектар астықты
Комбайнымен бастырған,
Физика емей немене?- дей келе,
«Білгірлер сайысын» бастаймыз. ( жауап беруді І турдан көп ұпай жинаған
команда бастайды. Дұрыс жауап берілмеген жағдайда ойын келесі командаға
өтеді. Берілген жауаптар нақты әрі ғылыми тілде болуы керек. әр сұраққа 200
балл беріледі).
1-бастаушы: Неліктен үлкен өзендер мен көлдердің айналасы орналасқан жеміс-
жидек ағаштары басқа ағаштарға қарағанда кешірек гүлденеді?
Жауабы: Өйткені судың меншікті жылу сыйымдылығы көп.
2-бастаушы: Күн ыстықта және құрғақшылықта егіндер өліп қалмас үшін,
егістіктегі ылғалдылықты қалай сақтау керек?
Жауабы: Булануды азайту керек. Ол үшін топырақты қопсытады.
1-бастаушы: Неліктен ерте көктемде мұз еріп, сел жүре бастағанда теңіз
жағалауы суығырақ болады?
Жауабы: Мұз еру үшін жылу керек, ал мұз бұл жылуды өзін қоршаған ауадан
алады, сондықтан ауаның температурасы төмендеп, сел жүрген өзен, көлдері
бар жерлер басқа жерлерге қарағанда суығырақ болады.
2-бастаушы: Неліктен көктемде ағаш, тал, теректерді ақтайды?
Жауабы: Ақ бет күннен түскен сәулені шағылдырады да, ағаштарды күйіп -
құрғап кетуден сақтайды?
1 – бастаушы: Аспанның түсі неге көк.
Жауабы: атмосфера күннен келетін жеті спектрдің көгін жақсырақ жұтады.
1-бастаушы: Шайнек тез қайнау үшін неге қақпағын жауып қою керек?
Жауабы: Жылу алмасуды сақтайды.
2-бастаушы: Бір ыдыста қайнаған су, екіншісінде шикі су қыздыру бірдей
болғанда, қай ыдыстағы су тез қайнайды?
Жауабы: Шикі су тез қайнайды. Себебі; еріген ауа көпіршіктері бар.
1-бастаушы: Шайды металдан жасалған шәйнекке ме, әлде шыныдан жасалған
шәйнекке демдеген дұрыс па?
Жауабы: Шыныда. Себебі, шай қызады және жай суиды, жылуды ұзақ ұстайды.
2-бастаушы: Адамдарға толы, кең сарайда музыка бос сарайға қарағанда неге
жай естіледі?
Жауабы: Сарайда дыбыс қабырғалардан, төбеден ғана емес, отырған адамдардан
да шығады
әділ қазылар алқасы ІІ турдың нәтижесін есептеп шығарғанша ән тыңдаңыздар.
(әннің аты, орындаушысы айтылады.)
ән біткен соң әділ қазылар ІІ турдың нәтижесін айтады.
1- бастаушы
физика еді өмірдің,
асыл бір үлкен саласы.
Жаңарды сол физикамен,
Ғылым – техника саласы.
2- бастаушы
физик, ғалым, астрономдар өтіпті,
қиялымен көкке самғап жетіпті.
Табиғаттың саясында тербеліп,
Заңдарын мұра етіп кетіпті.
1 – бастаушы: «ең үздік тәжірибе» сайысын бастасақ. әр команда өздерінің
дайындаған физикалық тәжірибелерін көрсетеді, және заңдылығын түсіндіреді.
Бұл турға 200 ден 1000 ге дейінгі ұпай қойылады.
2- бастаушы. «ән көңілдің ажары» демекші, келесі кезекті тамаша әнге
береміз.
(әннің аты, орындаушысы айтылады.)
1 – бастаушы
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған қос командаға сәт сапар
тілей отырып, келесі турымызды бастаймыз.
2 – бастаушы
IV -тур. «Ойлан,тап». Тақтада нөмірленген, жасырылған сұрақтың біреуін ІІІ-
тур нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған команда бастап таңдайды. әр сұрақтың
дұрыс жауабы үшін 500 ұпай беріледі. Қиналған жағдайда екі көмек алуға
болады, әр көмек үшін 100 ұпай қысқартылады. Көмек қосымша мәліметтер
түрінде беріледі. Сұраққа жауап 1,5 минут ішінде берілуі керек. Көмек алған
жағдайда 20 секунд уақыт беріледі. Сұраққа таңдаған команда жауап бере
алмаса, сол сұраққа келесі команда жауап беруіне болады.
1- бастаушы:
көрермен жиналған бұл тамашаға,
құр қарап, тыныш отыру жараса ма?
Сыныптас, туыс, досқа, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талапқа.
2 – бастаушы: олай болса келесі турымыз «нар тәуекел» деп аталады.
Ойыншыларымызға кілттік сөздерді мұқият оқып, ұпайды тиімді таңдай білуге
кеңес береміз. Үйіткені бұл турда жинаған ұпайыңызды азайтып алуларыңыз
мүмкін. (№1.2.3.4 деген 4 сұрақ жасырылады. Алдыңғы тур бойынша ұпайы
жоғары команда сұрақтардың бірін таңдайды.онда сұрақта кездесетін кілт
сөздер оқылған соң ойыншы 100 ден бастап 500 ге дейінгі ұпайды таңдайды.
Содан соң сұрақ оқылады. Алайда сұраққа жауап берілмесе жинаған ұпайынан
қанша ұпай таңдаса соншасы қысқарады. Мұндай жағдайда келесі команда осы
сұраққа жауап берем десе өз еркі, егер дұрыс жауап бере алмаса бұл
командадан да сонша ұпай қысқартылады. 2 көмек алуға болады, ол үшін ұпай
саны шегерілмейді).
1. Кілт сөздер: Ағаш білеуше, мензурка, динамометр.
Сұйықпен толтырылған мензурка мен ағаш білеуше, динамометр, жіп берілген.
Сұйықтың тығыздығын табындар.
1-көмек: Архимед күші батпайтын денелердің салмағына тең.
2-көмек: Ағаш білеушенің салмағы ығыстырылған сұйықтың салмағына тең.
Жауабы: , келем жүзіп жүрген ағаш ығыстырған сұйықтың көлемі арқылы
табылады. Р ығыстырылған сұйықтың салмағы Ол ағаштың салмағына тең. Ағаштың
салмағы динамометрмен анықталады.
2. Кілт сөздер: Эбонит таяқша, заряд, жүн.
Эбонит таяқша, жүн берілген. Эбонит таяқшаны жүнге үйкеген.
Сұрақ: Таяқшаның массасы өзгере ме?
1-көмек: Таяқша зарядталады.
2-көмек: Таяқша теріс зарядталады.
Жауабы: Аздап артады.
3. Кілт сөздер: Жаңа жыл, шам, энергия.
Жана жыл шыршасы қалалық электр желісіне тізбектеп қосылған он, электр
шамдарымен жарықтандырылған.
Сұрақ: Егер шамның санын он екіге дейін арттырса, онда электр желісіндегі
энергия шығыны қалай өзгереді?
1- көмек: Электр желісінің кернеуі өзгермейді.
2-көмек: Тізбектің кедергісі артады.
Жауабы: Энергия шығыны артады.
4. Кілт сөздер; Гальванометр, еткізгіш, тербеліс.
Екі гальванометр клеммаларын өткізгішпен қосып, құралдардың, біреуін
шайқап, тілің тербеліске келтіреді. Сол кезде екінші құралдың Да тілі
тербеле бастайды.
Сұрақ: Екінші гальванометр тілшесінің тербелу себебің түсіндіріңдер.
1-көмек: гальванометр тілшісі магнит өрісінде орналасқан еткізгіш рамаға
жалғанған.
2-көмек: Раманы қиып өтетін магнит ағыны өзгереді.
Жауабы: Индукциялық ток пайда болады.
1 – жүргізуші: Әділқазылар алқасы сайыс қорытындысын есептеп болғанша жас
өнерпаздардың өнерін тамашалаңыздар.
(әннің аты мен оны орындаушыны хабарлайды).
2-жүргізуші: Бүгін көріп, тамашалаған интеллектуалды олимпиада, «Физика
озаты» сайысы оз мәресіне жетті. Қорытынды жасау үшін, яғни жеңген
команданы және «ек үздік ойыншыны» анықтау үшін сөз әділ қазылар алқасына
беріледі.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz