№44 орта мектептің 2011-2012 оқу жылындағы мектепішілік Қасым оқулары - Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…

№ 44 орта мектеп

Тақырыбы:

(Мектепішілік Қасым оқулары)

2011-2012 оқу жылы

Мақсаты: Қазақ поэзиясының шынары, асқақ үнді, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың мол мұрасын сыныптан тыс сайыс арқылы насихаттау.

1-жүргізуші : Қымбатты ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты Қасым мұраларымен қауышу кешіне қош келдіңіздер!

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын, өлеңімен,

Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жан, құбақан құм құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

Сахнаға үлкен етіп Қасым суреті шығарылады.

Қасым (оқушы жасырын тұрып) болашаққа өсиет етіп тұрғандай:

-Уа, тәкаппар Дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы!

2-жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен, Қасым біреу-ақ! Қасымы бар ел қай халықпен де терезесін теңестіре алады. Қасымы бар елдің мерейі үстем. Қасымы - қазақтың бар жерінде туып, бар жерін ұстап тұрған кемеңгер.

Қасым - алып жырдың шынарын бағындырған майталман, сертке таққан серінің семсеріндей өткір өлең қалдырған ақиық ақын.

Қасымы мерекесі - халық мерейі, ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау біздің парызымыз да, қарызымыз.

Жүргізушілер: Қасым суретінің алдына келіп, тағзым етеді.

1-жүргізуші : Қасым ата! Өзіңнің үміт еткен шөберелерің сіз туралы толғап, сыр шертпек. Қабыл ал жас өрендеріңді, ақ батаңды бер, біздің талабымызға жатқан жеріңнен тұрып бір сәт болса да, бізге орал, ортамызда бол!!!

Енді оқушыларымыздың әндері мен билеріне, өлеңі мен жырларына құлақ түріп, өнерлерін тамашалаңыздар!

Жарандар қандай еді Қасым ақын,

Ауызынан жыр маржаны шашылатын?!

Бауырында Алатаудың саңқылдаса

Көктемгі Атыраудың тасынатын - деп Сапарғали Ләмбекұлы айтқандай келешек ұрпаққа Қасымды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз. Ұлы Қасым алатын басты өнеге - оның тұлғасы, алтын бесік туған еліне деген сүйіспеншілігі.

2-жүргізуші: Кезекті бірінші бөлімге береміз.

Оқушыларымыздың өлеңді мәнерлеп жатқа оқуында әділ бағасын беретін әділ-қазыларымызбен таныс болыңыздар:

  1. Қазақ тілі пән мұғалімі Оспан Несіпжан Нұрмағанқызы
  2. Қазақ тілі пән мұғалімі Асанова Әсел Кәрібайқызы
  3. Бастауыш сынып мұғалімі Әкімбекова Назгүл Төлеуқызы

«Аманжол Рақымжанның Қасымымын,

Мен қалған бір атаның ғасырымын»- бөліміне береміз. Оқушылар ақын шығармашылығынан өлеңді жатқа оқиды.

  1. Қарымсақ Толғанай 8 «Ә» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  2. Ғабдолла Мадина 8 «А» сынып оқушысы «Атамекен»
  3. Маратова Эльвира 7 «А» сынып оқушысы «Дауыл»
  4. Амангелді Ләйла 7 «А» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  5. Сейсенбай Айнұр 7 «А» сынып оқушысы «Мен табиғат бөбегі»
  6. Жеңіс Жұлдыз 8 «А» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  7. Жақан Гүлім 5 «А» сынып оқушысы «Атамекен»
  8. Ерланұлы Арғын 5 «А» сынып оқушысы «Атамекен»
  9. Оспанова Данель 5 «А» сынып оқушысы «Атамекен»
  10. Абдрахман Бекзат 5 «А» сынып оқушысы «Атамекен»
  11. Абдоллаева Жұлдыз 9 «Ә» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  12. Ысқақ Мадина 9 «Ә» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  13. Қарымсақ Бексұлтан 5 «Ә» сынып оқушысы «Жеті мен жетпіс»
  14. Мәмбетқан Мейіржан 5 «Ә» сынып оқушысы «Жеті мен жетпіс»
  15. Кенжебай Зарина 5 «Ә» сынып «Атамекен»

1-жүргізуші : Екінші бөлім.

«Жыр жазамын жүрегімнен»- атты бөлімде оқушылар Қасым әндерін орындайды.

  1. Жеңіс Жұлдыз 8 «А» сынып оқушысы «Өзім туралы»
  2. Жеңіс Рауан 7 «А» сынып оқушысы «Өзім туралы»

2-жүргізуші: Үшінші бөлім. «Дүниеге келер әлі талай Қасым . . . » бөлімі. Оқушылар өз шығармашылығынан өлеңдер, әндер, күйлер орындайды.

  1. Жеңіс Жұлдыз 8 «А» сынып оқушысы «Қасым ата»
  2. Саят Жансая 8 «А» сынып оқушысы «Қасым ағаға»
  3. Айтпай Айдана 8 «А» сынып оқушысы «Қасым Аманжолов»

1-жүргізуші : Әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп, шешімін шығарғанша, назарларыңыз әнде болсын!

5 «А» сынып оқушысы Оспанова Данель «Туған жер»

Әділ-қазыларға сөз беріледі,

2-жүргізуші:

Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,

Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.

Өзің білмесең, білгендерден үйрен,

Үйренгеннен ештеңең кетпейді - деп Төле би айтқан екен. Біз Қасым өлеңдерінен аларымыз, үйренеріміз өте көп.

1-жүргізуші: Бейбітшілік ешқашан сөнбесін деп, «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ…» атты кешіміз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!

2-жүргізуші: Амандықта кездесейік, қош-сау болыңыздар!


Ұқсас жұмыстар
Кенбай орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы Жұлдызды сағат математикалық сайыс жоспары
2011-2012 оқу жылындағы 17-22 қазан аралығындағы Математика пәні апталығының ұйымдастырылуы, өткізілуі және қорытынды талдауы
№3 орта мектептің Көңілді информатика сайыс сабағының жоспары (2011-2012 оқу жылы)
Новоишим қазақ орта мектебінің 2011-2012 оқу жылындағы Алтын күз мерекесі: Ханзадалар сайысының сценарийі және бағдарлама
Оқжетпес орта мектебінің 2010-2011 оқу жылындағы 12 жылдық білім беру экспериментінің оқу-әдістемелік жұмысы
Новоишим қазақ орта мектебінің бастауыш сынып пәндер әдістеме бірлестігінің 2011-2012 оқу жылының қорытынды есебі
Қарабұтақ орта мектебінің 2012-2013 оқу жылындағы 10-сыныптың тәрбие жұмысының жылдық жоспары
№3 орта мектептің Жүзден жүйрік спорттық-интеллектуалдық сайысы: ұйымдастыру, мақсаты мен бөлімдері (2011-2012 оқу жылы)
Мектепішілік Абай оқулары: өлеңдер мен қарасөздер байқауы
2011-2012 оқу жылының Сыңғырла соңғы қоңырау салтанатына арналған сценарий (Жаңашаруа қазақ орта мектебі)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz