Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құрметті аналар

Сабақтың тақырыбы: Анаға бас иеміз!
Сабақтың мақсаты:
* Ананың құдіретті де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жан- ұядағы ана мен бала арасындағы қарым- қатынасты нығайту.
* Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамы- ту.
* Адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері.
а) Білімділік: Оқушыларға мереке мен мереке иелерінің маңыздылығын түсіндіру. Наурыз айының ерекшелігімен таныстыру. Ананың қадір-қасиеті туралы мағлұмат беру.
ә) Дамытушылық: Ой-өрісін, танымын, анаға деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын одан әрі дамыту. Бір-біріне деген сезімдерін ашық айтуға дағдыландыру.
б) Тәрбиелік: Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Ананың махаббатын аялауға, ана мейрамын бағалауға тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, әңгімелеу, слайд арқылы жұмыстар жүргізу.
Сабақ көрнекілігі: <<Анаға бас иеміз!>> жазуы, суреттер, плакттар, шарлар, гүлдер.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру сәті.
1. Әнұран
2. Сәлемдесу
3. Түгелдеу
II. Өткенді қайталау.
III. Жаңа сабақ.
Музыка баяу естіліп тұрады. Үнтаспаға алдын ала басылған мына сөздер қойылады:
Дүниеге келуге дайындалып жатқан бір бала Құдайдан сұрайды:
oo Маған ертең дүниеге келетінімді айтты, бірақ кішкентай және қауқарсыз мен ол жерде қалай өмір сүрмекпін?
Құдай жауап береді:
oo Көп періштенің ішінен біреуін сен үшін таңдап алдым. Ол сені күтіп алады және саған қамқорлық жасйтын болады.
Сәби тағы да сұрайды:
oo Бұл жерде, Аспанда маған бақытты болу үшін ән салу мен күлуден басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ. Ал мен Жерде қалай өмір сүретін боламын?
Құдай жауап береді:
oo Сенің періштең күн сайын сен үшін қуанып, ән салатын болады. Оның махаббатын сезінгенде сен бақытты боласың.
Сәби сұрайды:
oo Олардың тілін білмесем, адамдарды қалай түсінемін?
Құдай жауап береді:
oo Сенің періштең әйтеуір бір кезде тыңдауға болатын ең тамаша сөздерді айтады және сені оларды айтуға үйретеді.
Сәби сұрайды:
oo Ал мен сенімен сөйлескім келген кезде не істеуім керек?
Құдай жауап береді:
oo Сенің періштең саған қолдарыңды жайып ұстауға және дұға оқуға үйретеді.
Сәби сұрайды:
oo Мен Жерде жаман адамдар бар деп естідім. Мені кім қорғайды?
Құдай жауап береді:
oo Сені сенің періштең бұл тіпті оған қауіп-қатер төндірсе де қорғайды.
Сәби:
oo Бірақ мен әрқашан мұңға бататын боламын,өйткені сені көре алмаймын ғой.
Құдай жауап береді:
oo Сенің періштең саған Мен туралы айтып береді. Және Мен сенің жаныңда болсам да Маған жол көрсетеді.
Осы сәтте Аспан тып-тыныш бола қалады. Сәби асығыс соңғы сұрағын қояды:
oo Құдайым, Сені тастап кетуге кешігіп жатырмын ба? Өтінемін, періштемнің есімін айтшы.
Құдай жауап береді:
oo Есімнің ешқандай маңызы жоқ. Сен оны жай ғана <<Ана>> деп атайтын боласың.

Музыканың даусын өшіріп, алғашқы сөзді мұғалім бастайды.
Мұғалім: 8 наурыз мерекесіне 4-сынып оқушылары дайындаған <<Анаға бас иеміз!>> атты кешімізді тамашалауға қош келдіңіздер.
Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. <<Ат биеден туады, алып анадан туады>>,-дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туып, соның көкірегінен нәр алып өскен.
1 - ші жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі <<Анаға бас иеміз!>> тақырыбындағы өткелі отырған әдеби кешіміздің қонағы болып отырсыздар.
Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев:
Жаратты Тәңірі әйелді:
Бастасын деп бар ерді.
Туралық, шындық жолында.
Адаспассың, азбассың,
Тура жолдан жазбассың,
Ерсең мұның соңына!- деп әйел затын ұлықтаса, сол сенім артқан, тура жолға бастайтын нәзік жандардың, біз білетін ақ кимешекті, ақ жаулықты, бесік тербеткен қайран аналардың, қыздардың бейнесі екені анық. Өмірдегі барлық даналық осы кісілерден таралған десек артық емес.
2 - ші жүргізуші: Әлемдегі ең асыл жан ана десек, барлық ізгілік бастауы осы анадан бастау алатыны бәрімізге аян. Жалпы қазақ әдебиетінде әйел, ана, қыз тақырыбында қалам тартпаған ақын, жазушы жоқ десек те болады. Кез келген адам өзінің қолынан келетін жақсылығын осы кісілерге арнайды. Қазақ халқының <<Ана - өмір себуші>>, <<Қыз - елдің көркі>> деген сөздері осыны аңғартады. Ендігі кезекті оқушылардың өлең жолдарына арнаймыз.
1 - ші оқушы: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен.
Құрметті аналар!
2 - ші оқушы: Асыл анам - ардағым,
Көп болсын сенің арманың.
Әлдилеп мені тербеттің,
Сондықтан жырды арнадым.
Ән: "Ана туралы жыр " орындалады. (Әні: Ш. Қалдаяқовтікі, сөзі: Ғ. Қайырбековтікі).
1 - ші жүргізуші: Қазақ әдебиетінде ана тақырыбына өте көп қалам тартқан жазушының бірі - Ғабит Мүсірепов. <<Ананың анасы>>, <<Ашынған ана>>, <<Ер ана>>, <<Ақлима>>, <<Ұлпан>>, т.б. шоқтығы биік шығармаларында ана бойындағы барлық қайталанбас асыл қасиеттер: мейірімділік, ізгілік, жанашырлық, достық, ерлік, батырлық, т.б. кеңінен ашып көрсеткен.
2 - ші жүргізуші: Бүгінгі біздің сабағымызға сыныптағы оқушылардың аналары, әжелері келіп отыр. Барлықтарыңызға қош келдіңіздер дей отырып, оқушыларымыздың өлең шумақтарына береміз.
3 - ші оқушы: Асыл анам - ақ гүлім,
Жарқырасын ақ күнің.
Алланың берген сыйымен,
Бақытқа кенел, тап бүгін.
4 - ші оқушы: Асыл анам - әппағым,
Өлеңнен тұмар таққаным.
Өзіңе деген махаббат,
Осындай менің тақпағым.
Ән: <<Ақ мамам>>. (Әні: Ә. Бейсеуовтікі, сөзі: Ә. Дүйсембиевтікі).
1-ші жүргізуші: Балалар, біз сендермен <<Кім сезгіш?>> ойынын ойнаймыз. Ол үшін ортаға 5 оқушыны аналарын ертіп шығуды сұраймыз. Оқушылардың көздерін байлап, бір жаққа тұрғызамыз. Екінші жаққа аналарын тұрғызамыз. Енді оқушылар өз анасын табу керке.
2 - ші жүргізуші. Ал енді бәріміз <<Жүректен жүрекке>> ойынын ойнайық.
Қымбатты аналар, сіздерге таратылған түрлі - түсті қағаздарға өз балаларыңызға деген махаббат сөздерін жазыңыздар және оларды балаларыңызға сыйлаңыздар.
Аналар періштенің суреті бар ашық хаттарды алып, махаббат сөздерін жазады және оларды өз балаларына сыйлайды.
1 - ші жүргізуші: Қымбатты балалар, олардың қуанышы біздің жүрегімзде ұзақ уақыт бойы ұмытылмауы үшін барлық анаға әдемі де мейірімге толы сөздер сыйлайық. Балалар өз аналарына тілек сөздерін қағаз парақтарына жазып, оларды оқиды және тақтадағы түрлі - түсті қағаздан жасалған гүлге қыстырады.
Аналарға сыйлық тарату:
Балалары мен аналары қарама - қарсы тұрады. Балалары аналарына жақсы сөздер айтады. Жақсы сөздер айтып, аналарына қарай қадам жасайды. Сөйтіп аналарына сыйлықтарын тапсырады.
Мұғалім: Адамды дүниеге әкелетін, өмір сыйлайтын құдіретті Ана емес пе? Сол құдірет иесінің алдында бәріміз де бас июге тиіспіз.
Ақ сүтінен жаралған,
Ақ сүтінен нәр алған,
Анаға бас иеміз!
Туған елдің тілі деп,
Туған жердің үні деп
Анаға бас иеміз!
Аналарымыздың мерекесі құтты болсын, барлықтарыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Келесі кездескенше аман болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын.

Ұқсас жұмыстар
Мерекелеріңіз құтты болсын, сүйікті аналар
Ойларыңызға көп рахмет, құрметті ата - аналар
Ананың қолдары
Ана - өмірдің гүлі
Отбасы - бақыт мекені
Аналар тілегі
Анамыздың жүрегі
Аналар өздерінің балаларын көздерін жұмып, сипау арқылы тауып беру
1 қыркүйек 2014-15 оқу жылына сценарий
Мерекеңмен, анашым!
Пәндер