Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ-ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

“Бекітемін”

Факультет оќу-әдістемелік Кеңесі

№ 1 хаттама ”03” 09. 2012 ж

п. ғ. к. Мелдебекова Ү. И.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖОСПАРЫ

«Қаіргі педагогикалық технология » пәніне арналған

Түркістан 2012

1 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Әлемдік білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдіс.

1. Сабақтың жоспары:

1. Технология ұымының дидактикалық ұғымдармен байланысы.

2. Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар.

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге педагогикалық технология ұымының дидактикалық ұғымдармен байланысы және әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар туралы мағлұматтар беру.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Қазіргі кезеңдегі психологиялық, педагогикалық әдебиеттер ғылыми-технологиялық процестің жетістіктері мен білім беру саласына “жаңа компьютерлік технологияларды” енгізумен бірге келген “технология” деген ұғым жиі кездеседі. Ұғымда арнаулы технологиялық бағыт пайда болды. Бұл бағыт XX ғасырдың 60-шы жылдарында АҚШ және Анлияда пайда болды және қазіргі уақытта практика жүзінде барлық дүние жүзі елдеріне тарады.

«Технология » ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым - қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т. б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «технология дегеніміз не?» - деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижеде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ.

«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне» - өнер, шеберлік және «логос» - білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.

Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды карастырып көрелік:

Технология дегеніміз - белгілі бір процестерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.

Технология дегеніміз - оқу процесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.

Технология дегеніміз - оқу процесін ойдағыдай жүзеге асырудың мазмұнды техникасы.

Технология дегеніміз - білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету процесінің сипаттамасы.

Технология дегеніміз - тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы .

Технологияның анықтамалары:

Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғүрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым қатынасты, бүкіл оқыту
үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, бағалауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары;

Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру

тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.

ЮНЕСКО-ның құжатында педагогикалық технологияға мынадай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз - бүкіл оқу процесін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл-педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осы орайда, жаңашыл-педагогтардың педагогикалық технологиялары көптеп саналады: Эрдниевтің ірі блокпен оқыту технологиясы, В. Занковтың дамыта оқыту жүйесі, Ш. Амонашвилидің ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы, М. Монтессори технологиясы, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы т. б.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Технологияның анықтамаларына сипаттама беру.

2. Педагогикалық технологиялардың жіктелуі

3. Мектеп мүғалімдерінің инновациялық іс-әрекетін

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Тақырып бойынша слайдтар құрастыру

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Тақырып бойынша тест құрастыру

2. Негізгі ұғымдардың мақсатын, міндетін білу

3. Негізгі ұғымдардың бір-бірімен байланысын талдау

7. Үй тапсырмасы:

1. Технология ұымының дидактикалық ұғымдармен байланысы.

2. Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастар.

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Б. Р. Айтмағанбетова. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. А. 1991.

2. Ысқақов Ж. Жаңашыл педагог. Ш. 1988.

3. Ердәулетов Н. Табыс кілті ізденісте. Қазақстан Мектебі. N1. 1990.

4. Қабдықайырұлы Қ, В. И. Монахов, Оразхбеков Л. Н, Әбдібаева Т. Ә.

Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. А., 1999 ж.

2 - сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: . Білім беру ісіндегі «технология» ұғымының генезисі, шығу себептері және қазіргі жағдайы.

1. Сабақтың жоспары:

1. Технология және әдістеме.

2. Білім беру технологиясы және оған тән педагогикалық құбылыстар.

2. Сабақ мақсаты: Технология және әдістеме ұғымдарының бірлестігіне сипаттама жасау. Білім беру технологиясы және оған тән педагогикалық құбылыстарды талдау.

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Барлық жасалған және қазіргі күнде адамның қолданып жүрген технологияларды екі түрге бөлуге болады: өндірістік және әлеуметтік, өндірістік технологияларға үлгі ретінде табиғат шикі заттың қайта өңдеу технологиясы болады. Бұл жағдайда технология деп бастапқы материалды өнім «шығуында» белгілі бір алдын ала берілген қажеттерді бөліп алу мақсатымен қайта өңдеу процесі деп айтады.

Әлеуметтік технология деп онда бастапқы да соңғы нәтиже болатын адам болады, ал негізгі оның көрсеткіші өзгеріп тұратын бір немесе бірнеше оның қасиеттері болады. Әлеуметтік технологияға классикалық үлгі ретінде жұмысшыларды өз мамандықтарына оқыту қызмет етуі мүмкін. Әлеуметтік технология ол өндірісте қолданатын технологиядан принципиалды түрде өзгешелігі бар. Әлеуметтік технологиялар ұйымдастыру мен жүзеге асыру жағынан өте күрделі және оралымды. Әлеуметтік технология бұл өте жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған технологиялар деуге болады, себебі адам әлеуметтік технологияның объектісі, ал ол өте тым көп жақтылы жүйе. Оған күші мен бағыты әртүрлі болатын соны көп сыртқы әскерлер ықпал етеді, кейде олар қарама-қайшы болады, осыған орай көбінесе әсерлер қандай қаншалықты тиімді болатындығын алдын ала айтуға қиын. Сондықтан әлеуметтік технологияны өндірістік технологияның анықтамасында мүмкін болатындай белгілі бір дәл таңдап алынған процестердің жиынтығы деп айтуға болмайды. Өндірістік технологияны дамыту арқылы тым жоғары нәтижелерге жетуге деген ұмтылушылық білім беру саласында тастап кетпейді атап кетеді. Педагогикалық іс-әрекет саласына «технология» деген сөздікті енгізу «тндустриялық » технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Бұл бағытты бірқатар бұрынғы кеңестік үкіметтің аймағында ғалымдар (В. П. Беспалько, И. И. Пидкасистый және т. б. ) қолдайды. Білім беру сатысындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұжымдастыруды іздестіруде. Осымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді принциптері мен әдістерін анықтауға бағытталған.

Бірақ, егер материалдық өндіріс саласында еңбек затын бірте-бірте терең меңгеру негізінде еңбек өнімінің өсуіне әкелінетін жаңа технологиялар жасалса, ол білім беру саласында басқаша технологиялар ұстаз іс-әрекетінің жеке жақтарына сай жасанды, қолдан істелген конструциялар ретінде жасалынады ғылыми әдебиеттердегі бар терминдер технологияны жасаушылардың дара жеке мәселелерге (проблемаларға) білім меңгеруге бағытталған оқу моделі жағына өлшем жасалған.

Назар аударған: (оқыту технологиясы, ойын технологиясы, тест жасау технологиясы, информативтік-оқыту технологиясы, дистанциондық оқыту технологиясы, рентингілік оқыту технологиясы және т. б. ) (Г. К. Селевко) .

Шындығында педагогикалық технологияны жасаушылардың назары (терминдік түсініктемелеріне қарағанда) педагогикалық еңбектің жеке құбылыстар саласына бағытталған. Білім беру технологияларының басым көпшілігі негізінен оқушылардың белгілі бір білім жиынтығын меңгеруге бағытталған. Концепция жасаушылардың «ұстаздар-оқушылар» жүйесінің ерекшеліктері мен ұстаз еңбегінің технологиясының өзгешеліктері арасындағы өзара байланыстардың түрленген түрлерін көрсетудің басылмауы олардың ең осал жері. Егер кәсіби іс-әрекетке жеке өзгерістер енгізілсе еңбек саласында түбегейлі өзгерістерге жету және оның нәтижелеріне аса ықпал жасау мүмкін емес. Бұл тағы да «технология» ұғымының мазмұны туралы айтуға мәжбүр етеді.

Бар және жасалынатын жаңа педагогикалық технологияны бағалаудың негізінде: концептуалдық; Ұстаздық қатысы бар заттық саласының мазмұнын түсіну ұстаздың қатысы бар; ұстаз іс-әрекетінің соңғы парадитмасының нақтылығы; жалпы технология және оның ішінде эжеке және педагогикалық технологияның қайда жасалынатыны мен және қолданылатындығының саласының ұғымына сипаттама болып отыр.

Педагогикалық технологиялар білім беру аймағына қатынасы болады егер білім берудің мақсаты білім жүйелерін меңгеру ретінде анықталса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін меңгерумен бағланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағдарысы педагогикалық негізгі категорияларының бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі. ХҮ ЮНЕСКОның басты конференциясында білім беру дегеніміз әлеуметтік көлеміне келген және дербес жетілген тұлғаның қабілеттері мен мінез-құлықтарын жетілдірудің нәтижесі мен процесі деп есептеу қабылданады. Бұл анықтамаға басқа білім беру тұлға мен қоғамның мүддесіне байланысты жүргізілетін педагогикалық ұйымдастырылған әлеуметтендіру процесі деген анықтамада қайшы келмейді.

«Білім беру» ұғымына берілген анықтамалар педагогикалық технологиялар егер олар білім берудің мақсаттарына-біртұтас педагогикалық процестегі тұтас тлғаның қалыптасуына қызмет еткен жағдайда анықталатындығын көрсетеді. Демек педагогикалық технология егер ол «педагогтар-оқушылар» жүйесінің ерекшелігіне оның жағдайының өзгеруі біртұтас педагогикалық процесс болатындығына негізделе отырып жасалған.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Технология және әдістеме ұғымдарының ұқсастығы мен айырмашылығы

2. Білім беру технологиясы және оған тән педагогикалық құбылыстар сипаттама беру.

3. В. А. Сластенин бойынша педагогикалық технология дегенміз

4. В. П. Беспалько ұсынған педагогикалық технология.

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Тақырып бойынша слайдтар құрастыру

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Тақырып бойынша тест құрастыру

2. Негізгі ұғымдардың мақсатын, міндетін білу

3. Негізгі ұғымдардың бір-бірімен байланысын талдау

7. Үй тапсырмасы:

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

3- сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың неегізгі сипаттары.

1. Сабақтың жоспары:

1. Қазіргі заманға педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері.

2. Педагогикалық технологиялардың белгілері мен элементтері.

2. Сабақ мақсаты: Студенттерге қазіргі заманға педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері мен педагогикалық технологиялардың белгілері, элементтері туралы мағлұматтар беру

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Технология оқу процесімен - оқытушы мен оқушының іс - әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:

А) концептуалдық негізі;

ә) оқытудың мазмұндық бөлігі:

- оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;

- оқу материалының мазмұны;

б) процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:

- оқу үрдісін ұйымдастыру;

- оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;

- оқытушының жұмысының әдістері мен формалары;

- оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс-әрекеті;

- оқу үрдісін диагностикалау жатады.

Технологияның анықтаушы критерийлері:

- Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік - педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

- Жүйелілік . Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс.

- Технология басқарылуы тиіс, яғни мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс - тәсілдердің көп варианттылығы.

- Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялвр нәтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет.

- Технологияның қайта қалпына келтірілуі . Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба әрі сол жобаның дәл жаңарып іске асуы.

Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, ал - жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандару, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемелер шешімін басқаруды қамтиды.

Педагогикалық технология көп түрлі болуына қарамастын олардың іске асыруының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко және т. б. ), екіншісі - тәжірбиемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов және т. б) .

Қоғамыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселлердің бірі - мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғаламдардың бірі - орыс ғалымы В. П. Беспалько. Оның жеке аспектілері мен түрлері В. М. Монахов, М. В. Кларин, П. И. Третьяков, И. П. Сенновский, Г. А. Монахова, М. А. Чошанов т. б. еңбектерінде қарастырылған. В. П. Беспалко «Педагогикалық технологияны - практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба» деп көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсаты, бір - бірімен өзара байланытағы әдіс - тәсілдер деп қарастырады.

Б. Т. Лихачев «Педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей отырып әсер ететін педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің жүйесі ретінде көрсетеді оның үнемі өзгеріп отыратындығын айтады».

М. В. Кларин «Педагогикалық технология - бұл педпгогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деген анықтам ұсынды.

М. А. Чошановтың анықтамасы бойынша «Оқытудың технлогиялары - дидактикалық жүйенің процессуалдық құрамдас бөлігі».

Ал В. М. Монахов «Педагогикалық технологиялар - оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі » деп көрсеткен.

Педагогикалық технологияны қолдану негізіндегі келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан -жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат міндеттеріне және олардың іс - әрекетіне қарай жүйелеп бір схеманы ұсынамыз.

Ынтымақтастық педагогикасы . Талап ету педагогикасынан қарым - қатынас педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен тәрбиенің ажырамас бірлігі.

Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.

Порблемелық (мәселелік) оқыту технологиясы . Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Тірек белгілері (сызбас, сигналы) арқылы оқыту технологиясы. Үнемі қайталау міндетті кезеңдік бақылау. Жоғары деңгейдегі қиыншылық, блок пен оқыту. әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге, табысқа жетуге жағдай жасау.

Түсіндіре оза оқыту технологиясы . Барлық баланы табысты оқыту. Оқу материялының бірізділігі, жүйелелігі, саралау, әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлылығы. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай беріледі.

Деңгейлік саралап оқыту технлогиясы . Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі оқушыларға берілген тапсыырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей және қолайлы болуы шарт.

Бағдарламалап оқыту технологиясы . Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу материялдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен беріледі.

Оқытудың компьютерлік технологиясы . Баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу. Информатика мен есептейу техникасның негізгі ұғмдарын білу.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Осы сабақ кезінде үйренуші үйренгенін саралап, салмақтап қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап өзгерістер енгізеді.

Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан - жақты дамыту дербестікке тәірбиелу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әркетінің бірігуі. Баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылыды.

Модельдік оқыту технологиясы. АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білімді игеру жүйесі. Оқытудың тұтас технологиясын жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу, мұғалімге нәтижені талдап түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау. Оқушылар әр сатыға жоғарлаған сайын олардың білімді қабылдауы өзгеріп өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі.

4. Бақылау сұрақтары:

1. Технологияның анықтаушы критерийлері

2. Оқыту технологияларын жеке-жеке талдау

3. Педагогикалық технологиялардың белгілері

5. Аудиториялық тапсырмаларды орындау тәртібі:

1. Тақырып бойынша слайдтар құрастыру

6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:

1. Тақырып бойынша тест құрастыру

2. Негізгі ұғымдардың мақсатын, міндетін білу

3. Негізгі ұғымдардың бір-бірімен байланысын талдау

7. Үй тапсырмасы:

1. Қазіргі заманға педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері.

Педагогикалық технологиялардың белгілері мен элементтері.

Технологияның анықтаушы критерийлері

5. Педагогикалық технологиялардың белгілері

8. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

  1. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы. А., 1999 ж.
  2. Тұрғынбаева Б. А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000.
  3. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. А., 1988.
  4. Жаздықбаев Ұ, Тажиева Ж. ”Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді” Ш. 2001.
  5. Тұрғынбаев Б. А. “Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту” А., 1999.
  6. Дүйсенбаев Е. “Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту әдістемесі” Қызылорда. 2000.

4- сабақ.

Практикалық сабақтың тақырыбы: Оқытудың технологиялары.

1. Сабақтың жоспары:

1. Оқытудың дәстүрлі технологиялары, олардың түрлері және ерекшеліктері.

2. Бағадарламалап оқыту технологиясы: пиринциптері және тиімді жақтары

2. Сабақ мақсаты: Педагогикалық оқытудың дәстүрлі технологиялары, олардың түрлері және ерекшеліктері талдау жасау. Бағадарламалап оқыту технологиясы: пиринциптері және тиімді жақтарына

3. Қысқаша теориялық мәліметтер:

Дәстүрлі оқыту технологиялары екі негізгі әдісті қолданады:

  • Оқытудың түсіндірмелі - көрнекі әдістері, яғни, мұғалім оқу материалын көрнекі әдістерді қолдана отырып түсіндіреді. Оған лекция, әңгіме, тәжірибелер көрсету, экскурсия т. б. жатады. Студенттің қызметі ақпарат алуға, есте сақтауға бағытталады.
  • Репродуктивтік әдіс (қайта жаңғырту) - оқытушы студенттердің білімді игеруі және қайталап айтып беруі үшін тапсырмалар құрастырады. Студент сұрақтарға жауап береді, есеп шығарады т. б.

Бұл екі әдістің де мәні - белгілі білімдерді студенттерге дайындап беру процесі, Дәстүрлі оқытудың көптеген кемшіліктері де бар, мысалы:

- Материалды оқып-үйренудің орташа, жалпылама темпі;

- Студенттер игеретін білімдердің көлемі де бірыңғай, орташа;

- Студенттердің мұғалім арқылы білімді дайын күйінде алуы өз бетімен жұмыс істеу дағдыларының қалыптасуына кедергі жасайды;

- Студенттің жаңа білімді игергендігі туралы мұғалімде еш ақпарат болмайды;

- Зейінді төмендетуге әкеліп соғатын сөз әдістерінің басым болуы;

- Студенттің жадына күш түсүі.

Осы айтылғандардың салдарынан (жаттау немесе есте сақтау әдістері) студенттер болашақта керек дағдыларды игермей қалулары мүмкін (өзіндік шешім табу үшін керекті материалдарды іздестіру, дербес шешімдер қабылдау т. б. ) Осылайша, дәстүрлі оқыту әдістерінде оқу үрдісінде студентке қойылатын талаптар мен нақты кәсіби қызметте қажетті талаптар арасындағы алшақтықтар айқын байқалады.

Бағдарламалап оқыту технологиясы : принциптері

және тиімді жақтары.


Ұқсас жұмыстар
Қазіргі сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялар
Кезеңдеп оқыту технологиясы
Электрондық оқытуда ақпараттық - коммуникациялық пәндік ортаны ерекшеліктерін анықтау
Проблемалық оқыту технологиясы
Білім беру үрдісіне жаңа технологияларды белсенді енгізу
Вальдорф технологиясы
Заманауи сабаққа қойылатын талаптар
Математика пәнін оқыту технологиялары
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы
Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz