Жеңіс келді әке боп, Елдегі көп балаға

Ұлы жеңіс жасасын!

Тақырыбы: Ұлы жеңіс жасасын!

Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар, батырлардың суреттері, Ұлы Отан соғыс кезңндегі техникалар.

Өтілу барысы: Топ ішін безендіру, музыка ойнап тұрады «Әнұран»

Шағын деректі көрсетілім: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның барлығы әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы жеңістің қасиетін батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкімде ешқашан үмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-сінде болған еді. Бірақ сол кездегі кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945ж 9-мамырда Ұлы жеңіспен аяқталды. Міне содан бері 69 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы жеңістің 69 жылдығы

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 маусымда таң шапағыжаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын- қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Мұғалім: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ кеңес халқы жан тәнімен Отанын қоғады. Әрбір ауыл, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншылары мен кеңес азаматтары аянбай шайқасты.

Кәусар: Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұтқиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталған.

Жәудір: Соғыс жалмап аға-іні бауырды,

Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.

Жалғызынан айырыпты ананы,

Әкесінен айырыпты баланы.

Қарлығаш: Отаным еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батбас менің,

.
Мұғалім: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1млн 870 мың қазақстандықтан болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.

Мирас: Көп қой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр ағалар,

Жаттап алған балалар.

Болашақты бізге мирас етем деп,

Қыршын кетті Әлия, Мәншүк апалар.

- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызыдары Әлия мен Мәншүк қасдұшпанынан елін қорғаға еді. Момышұлы Бауыржан (1910 - 1982) - екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Мұғалім: Батырлар туралы тақпақтарды кім біледі?

Елдана: Әлияны бұл күнде,

Барлық адам біледі.

Әлия атты көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Атын аңыз, жыр қылып,

Елдің батыр түлегі.

Әр жүректе тұр күліп,

Әлия атты батыр қыз.

Зарина: Мәншүк апай батыр қыз,

Ардақтаймыз атын біз!

Ұқсап Мәншүк апайға,

Өсіп келе жатырмыз!

Қайсар: Қайтпаған жауынан,

ҚаһарманБауыржан.

Қан ішер фашисті,

Қырды ол мыңдаған.

Ерлігі әрқашан,

Есімде сақталады.

Ұрпағы ұмытпайды,

Өмірінен үлгі алады.

- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.

Жалғас: Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді қалама.

Жеңіс келді әке боп,

Елдегі көп балаға.

Сандуғаш: Қамықпаған қиындықтың түбіне,

Өздеріңе жинап қырдың гүлінен.

Бүгінгі ұрпақ- бақытты ұрпақ атынан

Құттықтаймыз Ұлы жеңіс күнімен!

Жасмин: Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.

Мұғалім: Арылтып жаудан жеріңді,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Оралды ерлер көңілді.

Десеңдер бұл қай күні

Тоғызыншы мамыр күні.

- Балалар, жеңіс туралы тақпақтар айтайық.

Елбарыс: Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән көрік.

Жеңіс келді алақай,

Ұмытылмас мәңгілік.

Назым: Жүйрік озар әйгілі,

Күні бүгін бәйгенің.

Ура, Ура балалар!

Тоғызыншы май бүгін.

Мұғалім: Ұлы Отан соғысына қатысқан: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов т. б.
Ол кісілерге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлік-пен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.

1 минут еске алу. (әуен ойнайды. )

Бекзат: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апа бас иіп.


Ұқсас жұмыстар
Ешкімде ешқашанда ұмытылмайды
Балалардың амандасуы
Жеңіспен оралыңдар
Жеңіс тойы
Жеңіс келді алақай
Ешкімде ешқашан ұмытылмайды
Жеңіс келді далама
Қазақтың батыр қыздары (тәрбие сағаты)
Ер есімі – ел есінде жайлы ақпарат
Жеңіс келді қалама, Жеңіс келді далама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz