Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Фитонцид - пияз құрамындағы ұшпа зат
Сабақтың тақырыбы: Дәрілік өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:1. Өсімдіктердің алуан түрлілігін пысықтау.
2. Дәрілік өсімдіктер түрлерін және жинау ерекшеліктерін меңгеру.
Дамытушылық: Пияздың түрлерін таныстыру арқылы, оның дәрілік қасиетін білу.
Тәрбиелік: Танымдық-белсенділікке жол ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: конференция сабақ
Қолданған әдіс: дамыта оқыту технологиясы
Көрнекелік және техникалық құралдар: дәрілік өсімдіктердің тамыры, жапырағы, сабағы, гүлі, тұқымы және пияздың түрлері, компьютер, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
(Мұғалім тақырып пен сабақ мақсатын таныстырады.)
2. Өткенді пысықтау.
- Жер бетінде қанша өсімдік бар? (0,5 млн)
- Қазақстанда қанша түрі бар? (6000 түрі)
- Өсімдіктер жамылғысын не дейді? (флора)
- Өсімдіктердің жасыл болуы неге байланысты? (хлорофилл)
- Айырмашылығына қарай неше сатыға бөлінеді? (төменгі және жоғарғы)
- Төменгі сатылы өсімдіктер деп аталу себебі? (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл болмайды)
- Жоғары сатылы өсімдіктер деп аталу себебі? (барлық мүшелері бар)
- Қандай өсімдіктердің аттарын білесіңдер? (шырша, қарағай, арша, кактус, терек, астық тұқымдастар, гүлді өсімдіктер және т.б)
- Өсімдіктердің қандай маңызы бар? (О2 бөледі, азық, киім, тұрмыстық заттар, дәрі-дәрмек)
Мұғалім:
Дұрыс айтасыңдар өсімдіктер алуан түрлі және олардың пайдасы да әртүрлі.
Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін Ежелгі Египет, Үндістан, Қытай. Грекияда білген. Оның қатарына жабайы және мәдени өсімдіктер жатады. Мысалы: бақбақ, жолжелкен, қалақай, жусан, пияз, сәбіз, шалқан және т.б. жатады. Олардың емдік қасиеттері үшін әр түрлі мүшелері алынады. Мысалы: тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі, тұқымы. Себебі дәрілік қасиеттері әр жерінде. Оларды жинау кезінде мына ережелерді сақтау керек.
1. Жинайтын орын экологиялық тұрғыдан таза
2. Жинау мезгілін ескеру
3. Әр мүшесін бөлек жинап, кептіру.
Күнбағыс: Дара жарнақтылар класы осы ма? Мұғалім, лалагүл пиязбен бір класта отырмаймын дейді. Не істейміз?
Мұғалім: Лалагүл мұның не?Сен жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктер қатарына жатасың, әрі мәдени өсімдіксің.Сондықтан мәдениетті болғанын дұрыс болар.
Лалагүл: Ол жағымсыз, епсіз еш пайдасы жоқ..
Мұғалім: Олай деме, сен пиязды жақынырақ танып білмегенің ғой. Ендеше бүгінгі конференцияға қатыс.
Биолог: (Слайд арқылы пияз туралы мәлімет береді.) Бүгінде пияздың 250 түрі белгілі. Соның 108 түрі Қазақстанда өсіріледі. Мысалы: басты пияз - негізгі отаны Қиыр шығыс.
Сұрақ: Қазақстан телеарнасы Дүкеннің сөрелерінде пияздың түрлері өте көп. Сонда олар сырттан келген бе?
Биолог: Негізінен бізде өсіріледі. Алайда сырттан келетіндері де бар. Мысалы: Қытайдан батун пиязы әкелінеді. Жуашығы цилиндр тәрізді. Азия елдерінен келетін жұпар пиязы бар. Өте шырынды, әрі ірі.
Сұрақ: КТК телеарнасы Пияз бен жуаның қанда айырмасы бар?
Этноботаник: Бұл сұраққа мен жауап берейін.
XV ғасырдан бастап өсімдіктерге деген қызығушылық өсіп көп ізденіс жасалды. Соның бірі Қазақ жерінде туған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының <<Шипагерлік баян>> деген еңбегі 1050 түрлі дәрі дәрмектің тізімі мен 4577 рецепті қамтылған. Қазақ жеріндегі 859 өсімдік түрінің тізімі де осы кітапта. Бүгінде 728 өсімдік атауы жеткен. Әдетте 1 туыстың атауына қазақ тілінде бірнеше синоним сөздер қолданылады. Осының өзінің 1 астары бар. Мысалы: пияз, сарымсақ, жуа.
Пияз деп Сера секциясына жататынды, ал сарымсақ деп Porrum секциясына жататынды айтады. Ал жуа деген Rizirideum секциясына жататындар.
Дәрігер: Пиязды дәрі ретінде халық ертеден пайдаланып келеді. Мысалы: суық тигенде, естімей қалғанда жуашықтан алынған шырынға мақтаны малып, құлаққа салып қояды. Тыныс жолдарын ашу үшін 1 бас пиязды тазалап, майдалап, сөліне 1 қасық бал салып, дайын өнімді 3 күн бойы мұрынға 3 рет тамызу керек. Сонда дем алу жеңілдей түседі.
Сұрақ: ХАБАР телеарнасы Ішек құртын түсіреді деген рас па?
Дәрігер: Дұрыс айтасыз ол рас. Себебі пияз құрамындағы фитонцид зат алмасуды күшейтеді.
Сұрақ: АСТАНА телеарнасы Фитонцид дегенді түсінбедім. Ол не?
Химик: Фитонцид - микроорганизмдерді құртуға ықпал ететін химиялық зат. Ол әр түрлі. Пияздың құрамындағы ұшпа зат - эфир майы. Сіздер жуа турағанда көзден жас шығатынын білесіздер ғой. Сол жас эфир майы. Одан басқа құрамы С дәрумені, калий тұздарынан тұрады.
Психолог: Жас демекші әр адамның басында қуаныш, қайғы болып жатады. Кейде ішіндегі шеріңді тарқатып, 1 жылап алғың келетін сәттер болса пиязды турау арқылы жеңілдеуге болады. Онда жүрекке салмақ түспейді.
Дәрігер: Фитонцидтердің емдік күші жүрек, жүйке ауруына да пайдалы. Мысалы: 1 стакан пияз сөліне бал немесе лимон шырынын қосып ішсеңіз, қан қысымының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Мұны 3-4 рет күніне қайталау керек.
Сұрақ: ЕЛАРНА телеарнасы Пияздың шырынын ғана пайдаланады ма?
Дерматолог: Жоқ, оның қабығы да пайдалы. Сыздауықтың ірінін шығару үшін науқастың жарасына кесіліп, пісірілген пиязды тартуға болады. Алақан немесе аяқта кейде мүйіздік пайда болады. Оны жұмсартып, тазалау үшін шикі пиязды 2-3 сағат таңып байлау керек. Нәтижесін бермесе маған келіңіз.
Диетолог: Пияз ас қорыту мүшелерінің жұмысын реттейді, тәбет ашады, асқазан сөлінің бөлінуіне көмектеседі. Әсіресе көк пияз калийдің аса бай көзі. Сондықтан тағам құрамында мол болуын қадағалау керек. Піскен пияздың құрамында қажетті заттарды алу үшін шикі түрінде қолданған дұрыс. Әсіресе салатқа қосса өте дәмді.
Дәрігер: Айтқаныңыздың бәрі дұрыс қой. Алайда емдік шипасын көру үшін арнайы маманнан кеңес алып қабылдауды ұмытпаған жөн.
Салауаттанушы: Пияздың көптеген ауруларға ем екендігін білетінмін, алайда оның құрамындағы фитонцидтердің қасиетін білмедім және тұрғанда көзден шығатын жас эфир майы екендігі мен үшін жаңалық болды. Ал сендер не дейсіңдер?
Тілші: Фитонцидтік өсімдіктер сырының
Қасиетін, маңызын мен ұғындым
Күнделікті тұтынатын пияздың
Құпиясын зерттеуге мен жүгіндім.
Лалагүл:Мен пиязбен бір класта отырсам да, бір тұқымдасқа жататындығымды, әрі шипасы мол екендігін білмеппін.Сондықтан кешірім сұраймын.
Мұғалім:Жарайсың,лалагүл.Кешірім сұрай білген, нағыз мәдениеттіліктің белгісі.Ең бастысы өз қателігіңді дер кезінде түсінгенің.Ал басқалар не білді екен, оны біз қазір білетін боламыз.
Сөзжұмбақ шешу
ф
л
о
р
а
б
а
т
у
н
э
ф
и
р
е
м
д
і
к
м
и
к
р
о
о
р
г
а
н
и
з
м
ф
и
т
о
н
ц
и
д
д
е
р
м
а
т
о
л
о
г
э
в
г
л
е
н
а
т
ә
б
е
т
1. Өсімдіктер жамылғысын не дейді?
2. Қытайдан әкелетін пияздың аты қалай?
3. Пияздың құрамында қандай май бар?
4. Дәрілік өсімдіктердің қандай қасиеті бар?
5. Фитонцид нені өлтіреді?
6. Пияз құрамындағы ұшпа зат не?
7. Тері ауруын емдейтін дәрігер кім?
8. Қарапайым 1жасушалы ағза не?
9. Диетологтың кеңесі бойынша пияздың қандай көмегі бар?
Дәптермен жұмыс: Қандай жаңа сөздер өттік?
1) Фитонцид - пияз құрамындағы ұшпа зат
2) Фармацевт - дәріханада жұмыс істейтін дәрігер
Мұғалім: Ауырған сәттерде фармацевтке жүгінбей, қолда барды да пайдалануға болатынын ұмытпау керек. Сондықтан бүгінгі дәрігер кеңесін ұмытпау үшін, оны да дәптерге түсіріп қояйық.
1. Тыныс жолын ашу үшін:
Пияз + 1 қасық бал = 3 күн тамызу
2. Сыздауықтың ірінін шығару үшін:
Пиязды пісіру + аршу = 3 сағат таңып қою
Оқулықпен жұмыс: Оқулықта берілген дәрілік өсімдіктер атауын теріп жазу.
1.бақбақ 4.түйежапырақ
2. жолжелкен 5. жусан
3. қалақай 6. қарақат т.б.
Үйге тапсырма: Оқулықта берілген дәрілік өсімдіктердің емдік қаситтері туралы іздену.
Бағалау: Сертификат ұсыну
Көк белгі-5
Жасыл белгі-4
Сары белгі -3

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz