Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала тәрбиесі үлкен өнер

Кіріспе
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер – білімді
игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Тәрбиесін тапса
адам болар, оқуын тапса білім қонар» деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды
ұста – зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп,өнер жолын қуған мамандардан
шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болып өсуін армандаған ата –
аналар балаларымен немерелерінқолынан жетектеп ағами – темір шеберлерінің,
тігінші , ою - өрнекші, әнші, күйші адамдардың апарып, солардың өнерін
үйретуге зер салған. Ұстаздардың ақысына атан түйе, құлынды бие беріп
қошеметтеген. Ардақты атақты Сандыбай үйшінің (Семей облысының Шыңғыс
болысында өмір сүрген. Балтеке, Үйсімбай, Ерденбай сияқты зергер
ұсталардың, Семей облысының Керей, Шұбартау болысындағы Шоқбатар, Жаңа
Семей қаласындағы Қадірсіз сияқты атақты сынықшылардың, Бұғылы – Шаған
болысындағы Ыспи тәрізді оташы емшілердің ата жолын қуып, өнерді кәсіп
еткен жандар екенін ел аңыз етеді. Ауылдас, ағайындас өнерпаздарға еліктеп
әнші, күйші, дауылпаз болған дарын иегері де баршылық. Айталық Ықыластың
ауылында айлап жатып, күйшілік өнерін үйреніп, біздің дәуірімізге жеткізген
Дәулет Мықтыбаев,Жаппас Қаламбаев сияқты күйші саңлақтардың шығуы, Құрымбай
нағашысының қушыкештігін өнеге тұтқан Қалибектің атақты актер болуы, әке
жолын қуып Бабақтың он төрт баласының түгелдей әнші – күйші болуы, ағасы
Жақыпбектің жанында жүріп, әншілік өнерін үйренген Жүсіпбектің жанында оған
шәкірт болған Жәнібектің жезтаңдай әнші болуы, ауылдасы Күсенбайдың әні мен
күйін үйреніп өскен манарбектің асқан әнші – күйші, композитор болуы –
ұстаздардың ұлағатты тәрбиесінің жемісі. Тәрбиенің түп қазығы үлгі берер
ұстазда, « ұстазға қарап шәкірт өсер» деп халқымыз ұстазға үлкен жүк
артқан. Ұстаз үшін өз еңбегінің жемісін көруден артық бақыт жоқ. Ұстаз үшін
өз еңбегінің талантты шәкірті болса, ұстазға ол үлкен абырой, зор мақтаныш.
Халық педагогикасында жастарға арнайы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла, ол
бойындағы бар асылын берді, өнер үйретті, әкең жасамаған жақсылықты жасады,
шын шәкірт болсаң ұстазыңның үмітін ақта, жолын қу, өнерін жалғастыр» деген
ақыл – кеңестер айтылған. Мұның бәрі сергек, сезімтал, ақыл – ой парасатты,
жан – жақты білімді, өнегелі, өнерлі азамат болуын көксеуден туған.

"Ұстазым, менің ұстазым!"
Мақсаты: ұстаз еңбегінің жемісі, білім өмір шырағы, оқу - инемен құдық
қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру.
Көрнекілігі: нақыл сөздер: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»
Абай.
«Өнер - білім бәрі де оқуменен табылған»
Ы.Алтынсарин.
«Барлық істің басшысы - білім мен ұғым»
Ж.Баласағұни.
«Адамның адамшылығы..... жақсы
ұстаздан басталады»
Мұғалім. - Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл-
әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін
өзінің оқушыларына, халыққа беріп отырады.
«Ұстаз деген....»
Мұғалім мен ұстазда бар айырма,
Ұстаз деген - жақсы әндегі қайырма.
Мұғалім, ол - бар болғаны ма мамандық,
Жеткенінше жеті өнерлі шайырға.
Ұстаз деген - ұлағаттың шайыры,
Қадірінің тиетұғын қайыры.
Ұстаз деген - шуағы мол шапағат,
Шаршамайтын, шалдықпайтын, тәйірі.
Ұстаз деген - ұстаз болып туғандар,
Ұлылықты ұлықтаған имандар.
Ұрпағының ертеңіне жол ашып,
Өмірінің әр шақтарын қиғандар.
Қимағандар — ұстаз емес, мұғалім,
Мұғалім боп, ұстаз болмау күнә, мың.
Қара тақта, ақ бор ғана қолданып,
Ұстатты ұстаз дүниенің құлағын.....
Жақсы ұстаздың шын мәңгілік пайдасы,
Өзіне обал арзан дәріс, айласы.
Ұстаз болу бақыт, әрі абырой
Ұстаз деген – шәкірттердің айнасы.
Қыздардың орындауында би «Қазақ вальсі».
Мұғалім.- Оқушы - мұғалімнің өзін көретін айнасы. Мұғалімін жақсы
көрген шәкірт ешуақытта ұятқа қалдырмайды, тек балалардың сүйіктісе бола
біл. Бұл онша қиын да емес, өкінішке орай, барлық ұстаз осы дәрежеге
көтетле алмай қалуы мүмкін.
«Ұстаз ағай»
Ұстаз апай неге көп,
Кілең жұмсақ жүректі.
Ұстаз ағай неге жоқ,
Ыбырай ата - тілекті.
Ұстаз аға көбейсе,
Ұлдар ұқсап бақпай ма?
Тұлғалардай кешегі
Намыс отын жақпай ма?
Ұстаз ағай мектептің,
Тірегіне айналса.
Ұстаз апай мектептің,
Жүрегіне айналса.
Ұл - болмай ма ұлықты,
Қыз - болмай ма қылықты.
Біздің ұстаз ағалар,
-Қалай мұны ұмытты?!.
Мұғалім. - Ұстаз жолы - қиын да қызық, ауыр да абыройлы жол.
Мұғалім. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр балаға әр түрлі тәсіл керек.
Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді біреуіне ақыл жүрмейді, мінез-
құлқына қарай басқа амалын табу керек. Бала жүрегі - кішкентай ғана
күйсандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр
кезде сол кілт жүруі керек.
Мұғалім. Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық. Көзі жаудырап
алдында отырған шәкірттер ертеңгі ел басқаратын, ғылымның тылсым сырын
ашатын, қоңыр даланың ғарышқа самғайтын немесе ақылдың нұрымен суарып кітап
жазатын еліңнің ертеңгі қожалары емес пе!
Мұғалім. Еліңнің ертеңін жасар азаматты тәрбиелеу, баулу сенің қолыңда
тұрса, одан асқан қандай сый, бақыт керек. Сондықтан да ата-ана, халық
мұғалімге сеніп бүкіл бір ұрпақтың сәтті негізін қалауды, қазіргі уақытта,
біздің күрделі заманымызда қасиетті топырағымызды басып жүруге лайық
ұрпақты тәрбиелеуді тапсырып отыр.
Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстазым, менің ұстазым» ертеңгілігімізді
аяқтаймыз.
Ұстаз ұлы тұлға.
Адам баласы өмірінде ұстаз еңбегінің өтеуі шексіз болған, ол туралы ән
де жыр да мерекелік кештер де еш толастамайды.
Үйретіп алғаш бізге ,,Әліппені,,.
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ой-арманы, мақсаттары
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
Сүйікті, парасатты мұғалімім.
Өзіңдей адам жайын ұғады кім
Бас иіп шәкіртіңдей құрмет тұтып,
Алдыңнан алғыс алу шығар алдан.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр.
Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. ,,Жақсы мұғалім - мектептің
жүрегі,, деген Ы.Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз
білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,
қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуып жеткіншектер де — бәрі бір адамға
қарыздар.
Ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.
Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш. Сондықтан да
ұстаудың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қараған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,
тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , егін алған диқан да, мал
бағып терін төккен шопан да, көк күмбезін жарып өткен ғарышкер де –
бәрі бәрі ұстаздан тәлім алған. Сондықтан барлық құрмет ұстаздарға
арналады.
Мұғалім – ұстазысың балалардың,
Болашақ балалардың, даналардың.
Өмірде сенің олар орныңды.
Бірі де жеткізе алмас бағалардың,
Өткізіп өз алдыңнан талай бала,
Бойыңа құйдың ақыл, ой мен сана.
Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,
Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға.
Атағым Алатаудай болып биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,
Тұрармын ,,Ұстазым!,, деп басымды иіп.
Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл - әрекетіне
ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі.
Ол өзінің барлық жігерін, білімін, бойындағы барлық бағалы қасиетін
өзнің оқушыларына, халыққа беріп отырады. Бала тәрбиесі үлкен өнер. Әр
балаға әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетіп жатыр. Енді
біреуіне ақыл жүрмейді, мінез құлқына қарай басқа амалын табу керек.
Ұстаз мамандық әлеміндегі ең ғажайып мамандық.
Кім ұғады оқушының тілегін,
Кім ұғады оқушының жүрегін.
Ұғатын кім, үйден аттап шыққан соң,
Ұғатын ол – ұстаздар деп білемін.
Еліңнің ертеңін жасар азаматын тәрбиелеу, баулу сенің қолыңда тұрса,
одан асқан қандай сый, бақыт керек. Сондықтанда ата – ана,халық мұғалімге
сеніп бүкіл ұрпақтың сәтті негізін қалауды, қазіргі уақытта, біздің күрделі
заманымызда қасиетті топырағымызды басып жүруге лайық ұрпақты тәрбиелеуді
тапсырып отыр.
Құрметті де аяулы ұстаздар! Осындай ұлы еңбекті атқаруда еш
қартаймаңыздар, қажымаңыздар деп тілейміз.
,,Жаңа Қазақстан – жаңа әлемде,,
Астана. Қыркүйектің 3-і . Бүгін тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш
рет республика мектептерде интерактивті сабақ өткізілді. Осы Астанадағы
Райымбек батыр атындағы 50-ші мектпке келіп, мемлекет басшысы
Н.Назарбаев жүргізді.
Елбасы барлық оқушылар мен олардың ата – аналарын және ұстаздарын жаңа
оқу жылының басталуымен құттықтады. Айта кетерлігі интерактивті тақта
еліміз бойынша 1000мектепке орнатылған. ,,Қазіргі заманғы иннавациялық
техналогия бүгінгі күні еліміздегі орта мектептерде білім алып жатқан
оқушылардың барлығымен тілдесуге мүмкіндік беріп отыр. Республика
мектептерінде орнатылған интерактивті тақталардың барлығы мемелекет
қаржысы есебінен Ұлыбританиядан сатылып алынды,,,деп атап көрсетті Елбасы
,,Адам өмірінің шегі бар, ал білімнің шегі жоқ,, деп атап көрсеткен
Елбасы оқушы жастарды ғұмыр бойы білімнің тұңғиығына терең үңілуге шақырды.
,,Ұстаздардың сендерге бағыт – бағдар көрсетіп, білім алуға баулиды. Ал
қазіргі жаһандану заманында білімдеріңді одан әрі жетілдіріп, алға қойған
мақсаттарыңды бағындыру тек өздеріңе байланысты,, деп атап көрсетті
мемлекет басшысы.
Дәрісінің арасында Елбасы оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік алғын
жылдардағы даму жолы мен қазіргі таңдағы алға қойып отырған міндеттері
туралы егжей – тегжейлі әңгімелеп берді.
Кеңес одағы ыдыраған тұста Қазақстан оның құрамындағы 15 елдің ішінде
дамуы жағынан 13-ші орында болғанын еске салған Президент, Дұрыс жүргізген
экономикалық және саяси реформалардың нәтижесінде бүгін еліміз ТМД
мемлекеттерінің ішінде алғашқы орынға шыққанын айтты.
,,Ендігі таңда біз алдымызға бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің
қатарына қосылу міндетін қойып отырамыз. Ол үшін алдымен еліміздің білім
жүйесі бәсекеге қабілетті болуы тиіс,,, деп атап көрсетті Н. Назарбаев.
Осы орайда Президент ХХІ ғасырдағы Қазақстанның тағдыры қазіргі өсіп
келе жатқан жастардың қолында екендігін қадап айтты. ,,Мемлекет сендердің
білімді азамат болып өсулеріңе бар жағдайды жасауда.Сендер бойларыңа
сіңірген сол білімдеріңді мемлекеттің өсіп - өркендеуі мен дамуына
жұмсауларың қажет,, деді Президент.
Мектептегі білім беру жүйесін қайта құру, Қазақстандық түлектердің
,,Болашақ,, бағдарламасы бойынша шетелдік оқу орындарында білім алуы,, үш
тілдік тұғырнама және т.б мәселелерге қатысты жайттарға ерекше назар
аударуы.Республикалық серверге қосылған барлық мектептердің Интернет –
жүйелері жақсы жылдамдықпен жұмыс істеп, саналы көрініс берген.
Бұл күнгі тәрбие сағатында сыныптың белсенділерін сайлады. Тәрбие
сағатына сынып жетекшісі Ауешова Гауһар апай қатысты. Тәрбие сағаты
басталысымен Гауһар апай сөз алды. Сынып белсенділірін сайлағаннан соң,
белсенділердің атқыру қызметтерін, тәртіп ережелерін түсіндіріп өтті.
Тәрбие сағатында оқушылардың оқу үлгерімі, тәртібі, формалары жайлы айтылып
өтті. Сынып белсенділерін сайлауда топ басшысы етіп Сұлтантегі Ақбота
сайланды. Ақбота сыныптағы оқушылармен жақсы тіл табыса алады және
сыныптағы үздік оқитын оқушылардың бірі. Топ басшысының көмекшісі ретінде
Жанзақ Ұлдана сайланды. Ұлдананың мінезі өте қарапайым және жақсы оқитын
оқушы. Оқу секторы етіп Нұржанқызы Айжан және Төлеген Олжас тағайындалды.
Айжанның сабақ үлгерімі - өте жақсы. Олжаста сыныптағыүздік оқитын
оқушылардың бірі. Мәдениет секторы етіп Теңсізтегі Марал және Ешенқұл
Әселді сайлады. Тазалық секторы Нұрпейісова Айым мен Талдыбек Ақтөре
сайланды. Айым мен Ақтөре оқушылардың тазалығына, формаларына жауап беретін
болды. Сыныптың тазалығына, кезекшілерді ұйымдастыру да тазалық
секторларының қызметіне жүктелді.
Спорт секторы етіп Шаймаханов Бауыржан сайланды. Бауыржанның мінезі
өте тұйық және сабақты жақсы оқитын оқушылардың бірі. Бауыжанға дене
шынықтыру сабағына оқушылардың қатысу үлгерімін қадағалау тапсырылды.
Редколегия мүшесін Әбдікәрімтегі Мұхаммед – Мирасты ұсынды. Мирастың сабақ
үлгерімі – жақсы. Сынып белсенділерін сайлап алдында сөз берді. Сыныптағы
қалған оқушылар да сынып белсенділерінеқолдарынан келетін көмекті беретін
болды. Сынып оқушыларының бір – бірімен қарым – қатынастары өте жақсы және
сабақ үлгерімі де жақсы. Өткізілген тәрбие сағатында сынып белсенділерін
сайлаумен қатар, оқушылардың пәнге қызығушылықтары, оқушылардың оқулықтары
жайлы да талқыланды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Әдептану 10 – 11 кл. Алматы – 2003.
2. Қ.Жарықбаев. С.Қалиев – Қазақ тәлім – тәрбиесі. Алматы – 1995
ж.
3. Ұлағат 2003 №6.

Ұқсас жұмыстар
Кейбір ата - аналар
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Әкеге қарап ұл өсер
Иманды ұл, инабатты қыз-елдің көркі
Баланың денсаулығы ата - анадан
Қыз бала тәрбиесі туралы
Баяндама Жанұядағы тәрбиенің ерекшеліктері
Бала тәрбиесіне байыпты қарайық
"Адамгершілік" – рухани тәрбие беруде халық педагогикасын пайдалану жолдары
БАЯНДАМА ОТБАСЫЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ӘКЕНІҢ РОЛІ
Пәндер