Ақынның табиғат лирикасы

Жерде
өлшеуіш жоқ
7 киелі сан
Кеткенім жоқ, елім сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым жұртым, шалғайға, ғылым атты ат іздеп
Түсесің еске, Отырар еске,
Жейдемді желмен туған жер.
Ерте ме, кеш пе, ерте ме, кеш пе,
Жетемін саған, туған жер !
Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеу керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің ұстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру ұстаздық қадірін кетіреді, оның берген сабағы мен оның ғылымына шәкіртті «селқос» қарайтын болады.
Ұстаз тарапынан барынша ынталық пен табандылық қажет.
Әл-Фараби.
Ы. Алтынсарин орта мектебі.
Ұлы Абайға - 160 жыл.
Абайдың табиғат лирикасы.
Жоспар:
1. Абай Құнанбаевтың балалық шағы.
2. Абайдың жастық шағы.
3. Абай- халықшыл.
4. Ақынның табиғат лирикасы:
а) «Жаз» (1886 ж) өлеңі.
б) «Қыс» (1888 ж) өлеңі.
в) «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай» (1889 ж) өлеңдері.
г) «Жазғытұры» (1890 ж) өлеңі.
д) Абай тағы да табиғат туралы.
Қорытынды.
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Өз әкесі Құнанбай, атасы Өскенбай, арғы атасы Ырғызбай - бәрі де Тобықты руларының билеушілері, ірі феодалдар болған.
Құнанбайдың жеті баласы болған: Құдайберді, Тәңірберді, Абай, Ысқақ, Оспан, Қалиолла, Ысмағұл. Солардың ішінде жас кезінен ерекше көзге түскен, ата-анасының қатты үміт күткен баласы Абай болған.
Абай жас кезінен момын, сөзге нанғыш, аңқау болған. Ол ертеден өлең, әңгімеге әуес болып, ертеңгі-аңыздарды құмарта тыңдайды. Абай алғашқы халық әдебиетін әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі - аңыздар арқылы таныған.
Кішкентай кезінде Абай ауыл молдасынан аздап сауат ашады. Сонан соң әкесі оны он жасында Семейге оқуға жібереді. Алғашқыда Ғабұл - Жаппардың, кейіннен Ахмет - Ризаның медресесінде оқиды. Болашақ ақын өзімен бірге оқитын балалардан анағұрлым үздік оқыған. Мектепте оқытатын дін сабағын жеңіл үлгеріп, бос уақытында кітап оқып, өз бетінше ізденеді. Ол шығыс ақындары Назами, Сағди, Хафиз, Науаи, Фзулидің шығармаларымен, ертегі, дастандармен танысып, оларды қызыға оқыған.
Медресенің соңғы жылында Абай тек мұсылманша оқып қоймай, Семейдегі «Приходская школаға» түседі. Сөйтіп ол үш айдан орысша оқиды. Ол кейіннен өз бетінше даярланып, орыс тілін меңгереді.
Құнанбай он үш жасар абайды оқудан шығарып, өз қасына алады. Оған ел билеу әдісін үйретіп, өз үлгісіне баулиды. Әкесі Абайды өз орнымды басар ұлым болады деп дәмеленді. Сөйтіп баласын ел басқару ісіне өзінше тәрбиелейді. Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Бұл зерікті жас Абайдың ел танып, жер тануына, халықтың әдет-ғұрып тануына жол ашады. Ол әкесіне еріп жүріп шешен билерді көреді.
Сөйтіп билікке керек қазақтың ескі сөзін, мақалын, тақпақтай айту үлгілерін зерттейді. Мұндай жағдай Абайды халықпен жақындастырады. Көп әңгімелерді халық ішінен үйренеді.
Шығыс, орыс әдебиетінен хабары бар Абай ақыл - ой толысып, ел көзіне түсе бастайды. Балалыұпен ерте қоштасып, ел іміне араласқан ол жүдеген кедейлерді, әкімдердің қиянатын, бақталастықты көреді. Өстіп жүріп Абай әкесі Құнанбаймен, оның маңындағы адамдармен тілге келеді. Әкесі баласының халықшыл мінезін жақтырмайды. Абай әкесінен бөлініп, ел қызметінен шеттей бастайды. Ендігі жолды ол кітаптан, орыс мәдениетінен іздей бастайды.
60-шы жылдардың аяқ кезінен бастап орысшаны өз бетінше оқып, дамытады. Көптеген кітаптар оқиды.
Абайдың орыс поэзиясынан алған үлгісі - табиғат лирикасы. Таби үлгісі - табиғат лирикасы. Табиғат адам баласының өмір сүретін, еңбек ететін ортасы. Абай табиғатты өзінше жырлаған. Ақын орыс поэзиясын терең оқып, меңгерген кезінде, жылдың төрт мещгілі жайлы 1886-1890 жылдары өлеңдер жазады.
Абай табиғат лирикасында ең алғаш рет «Жаз» (1886) өлеңін жазды. Мұнда жазғы табиғаттың көркем көрнісі мен әр түрлі қызықты құбылыс сипатталады. Көрініс, құбылыстар айқын өлеңде шалғыны толысқан жайлау, ауыл қарбаласы, әзілдесім үй тігіп жатқан қыз-келіншек, жас балалар, жылқышылар мен су жағалап, құс салған бозбалаларға дейін суреттеліп, көшпелі қазақ ауылының тіршілігі мен табиғатын толықтырып тұр. Өлең тілінде тапқырлық, дәлшілдік мол.
Қыс табиғатын абай бұдан өзгеше суреттеген. «Қыс» (1888) өлеңі - орыс поэзиясының үлгісімен туған. Мұнда да табиғат әрекет күйінде алады. Абайдың қысы, Н. Некрасовтың «Аяз атасы» сияқты:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Абай қысты шал бейнесінде суреттеген. Бұл - Абайдың жаңалығы. Өлеңде мал баққан қазақ даласының қысқы тіршілігі мен пейзажы шыншылдықпен суреттеледі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz