Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сөнбейтұғын нұры бол
Бұл тәрбие сағаты балалардың бойына рухани адамгершілік қасиеттердің ең
үлкені, өзіне өмір бергсн ата-ананы сыйлау, оларды құрметтеу қасиетін,
"Имандылық негіздерімен" байланыстыра отырып ұялату мақсатында өтілді.
Төмендегідей нақыл сөздер ілінді.
1. Ата-ананың ақылы - қазулы қара жолмен тең (Д.Бабатайұлы).
2. Ата-ананың міндеті — тәрбиелеу жоне жақсылық үйрету (Кейқауыс).
Тәрбие сағаты сынып жетекшісінің кіріспе сөзімен басталды. Балалар,
бүгінгі тәрбие сағатымызда ата-ананы қалай сыйлау, құрмсттеу сөз болмақ.
Әке-шешенің бала алдындағы борышын санасақ сан жетпейді. Бұлардың
біразына тоқталатын болсақ: жастығын, денсаулығын, күш-қуатын жұмсап, тоғыз
ай жүрегінің астында ұстап, өмірге әкелген, емізген және денін сау,
тәрбиелі, әдепті етіп өсірген ананы көз алдымызға елестетіп бір көрейікші!
(Бір оқушы ана туралы өлең оқиды.)
— Әке де баласының азық-түлігін тауып тәрбиелеу үшін, оймен де, денемен
де, қиыншылықтардан бет бұрмаған. Ақындарымыз жырлағандай, әкесінің де
баласына деген сүйіспеншілігінің шексіз екендігіне күмән жоқ. (Бір оқушы
әке туралы өлең оқиды.)
Оқушы. Міне, ата-ананы құрметтеуіміз қажет екенін ақыл-ой, парасат
тұрғысынан байқап білейік. Өйткені, әрбір баланың тегі ата-ана ғой. Не үшін
ата-анама құрмет жасаймын деп, ойыңа алма. Олар сен үшін өзін өлімге де
қиятыны белгілі. (Осы кезде үнтаспадан Ж.Омаровтың "Ата-ананың қадірі" әні
тыңдалады.)
Оқушы. Әке-шешенің осындай жақсылықтарына ие болған бір бала оларға
шүкір етпесе, жақсылығын білмесе, басқа біреудің де жақсылығын байқамайды.
Алла-тағала былай бұйырады: "Күнәлардың ішінде бір күнә бар, менің
жанымдағы ең үлкен және ауыр күнә, ол әке-шешесі баласын шақырған кезде,
әміріне мойынсынбау, келмеуі.
Әке-шешесі баласын шақырған кезде қандай жұмыспен айналыссаң да, олардың
өміріне жүгіну керек. Әке-шешең саған ашуланып айқайласа да, сен оларға
ешнәрсе айтпа. Әке-шешеңнің дұғасын, рақметі мен батасын алғың келсе, саған
берген міндеттерін жылдам және жақсылап істеуге тырыс. Сенің бүл ісің
олардың көңілінен шықпай, саған теріс дұға етулерінен қорық. Ата-анаң
сырқат болса, олармен бірге болып, жәрдем ет. Оларды ренжітіп теріс
дүғаларын алсаң, дүние және ақіреттік жаза болады, Сондықтан, олардың тірі
кезінде қадірін біл".
Оқушы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өзінің бір хадис шарифінде: "Жәннәт -
аналардың аяғының астында" деп бұйырған. Ендеше ата-ананың парызын ақтау
ісіне дін деңгейінен қарамасақ та, адамгершілік, ақыл-парасат биігінен
қарайықшы. "Бала жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы
күтсең жемісі де тәтті, дәмді, жақсы болады. Сол сияқты, ата-анаға деген
ізет, құрметіңді аямасаң, саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны"
деген екен XI ғасырда өмір сүрген, "Қабуснама" кітабының авторы Кейқауыс.
Оқушы. Алла-тағала "Исра" сүресінің 22-аятында былай деп бұйырған: "Алла
өзіне ғана ғибадат етулерінді, әке-шешеге жақсылық қылуларынды әмір етті.
Ал егер де ол екеуінің бірі немесе екеуі де керілікке жетсе, "Уф" деме,
яғни кейіс келтірме, сондай-ақ ол екеуіне зекіме де, екеуіне де сыпайы сөз
сөйлеп кішірейіп, мархабат құшағын жай да: иә, Аллам, ол екеуі мені
кішкентайдан тәрбиелегендей, сен де оларды мархабатыңа бөлей көр деп айт",
Сынып жетекшісі. Иә, балалар, ата-ананы қалай қастерлеп, құрметтей білу
керекгігі Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де, түсіне білген адамға,
қандай керемет айтылған. Сонымен, балалар, ата-анамызды аялап, қадірлей
білейік.
Өздеріңнің сыныптас жолдастарың Бекжан әкенің балаға айтар батасын оқып
берсін.
Оқушы.
Жүйрік тілді ақын бол,
Жақсыларға жақын бол!
Достарыңмен тату бол,
Өз ортаңның гүлі бол!
Ата-ананың көзінің
Сөнбейтұғын нұры бол!
Кім болсаң дa әйтеуір,
Азаматтың бірі бол,
Туган елдің ұлы бол!
~ деген батаны бәріміз де әкелерімізден ала жүрейік, себебі, әке сөзі —
алтын сөз, достар!
Сынып жетекшісінің қорытынды сөзі: — Балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан
ата-ананы қалай құрметтеп, аялай білу керектігі жайында біршама мағлұмат
алдыңдар деген ойдамын. Алдағы уақытта да әке-шешелеріңе
сүйіспеншіліктеріңнің арта түсуіне тілектеспін. Тәрбие сағатының қалған
уақытын ән-шашумен жалғастырамыз.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz