Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бағалы кәсіптік балық

Тақырып: Су омыртқалылары. Балықтар. Негізгі топтары. Тиімді пайдалану және
реттеу мәселелері.

Желілілер типі – Арқа жағында ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі
болғандықтан желілі немесе омыртқалылар деп аталған. Олардың жер бетінде
-45 мыңға жуық түрі бар. Оларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар,
құстар және сүтқоректілер жатады.

Балықтар – суда тіршілік ететін төменгі сатыдағы омыртқалы
жануарлар.(ихтиология) Олар ірі екі класқа бөлінеді.

1) Шеміршекті балықтар – 750 түрі тіркелген, қаңқасы шеміршектен тұрады,
мұхит пен теңіздерде таралған. акула, жүнбалықтар (скат)

2) Сүйекті балықтар – 20 мыңнан астам түрі бар. Пішіні әртүрлі – денесі –
бас, тұлға және құйрыққа бөлінген.

Сүйекті балықтар 2 класс тармағына бөлінеді. 1) сәулеқанатты (лученерые)
99% балық жатады. 2) қалаққанатты (кистеперые). Ерте заманның балықтары,
кейін жойылған. Қазір бір ғана түрі – латимерия сақталған. (Үнді мұхитта
Африка жағалауында) жүзбеқанаттардың қаңқасы бес саусақты аяқтары ұқсас.
Өткір тістері бар жыртқыш балық.

Сәулеқанатты балықтардың кәсіптік мәні бар отрядтарына ғана тоқталамыз.
Қазақстанның су қорларына 180 жуық балықтың түрі кездеседі. 16 Қызыл
кітабына енген.

1) Бекіретәріздестер отряды. Балық патшасы. Олардың денесін 5 қатар мүйізді
шытыралар орналасқан. (басқаларда болмайды.)

Кәсіптік мәні зор, еті, қара уылдырығы қымбат бағаланады. Каспий
теңізінде – қортпа (белуга), шоқыр (севргога) , пілмай (шип), бекіре
(осетр) Еділ, Жайық өзендеріне көтеріліп өрістейді. Сондықтан (өрістегіш
балықтар деп аталады).Ұстауға тиым салынған. Бұқтырма, Қапшағай су
қоймасында, Тобыл, Ертіс өзендерінде кездеседі. Қазақстанда кездесетін
Сырдарья тасбекіресі мен пілмай (Арал попул) сирек кездесетіндіктен Қ.К.
енген 1996ж.

Майшабақтәріздестер отряды: Теңіздерде топтанып тіршілік етеді. Тынық
және солтүстік мұзды мұхит теңіздерде көп тараған түрлері – мұхит
майшабағы, иваси, килька, (Балтық теңізде) тюлька (каспий теңізде) көп
ауланады. Жайық өзенінде және Каспийдің солтүстік аймағында кездесетін еділ
майшабағы 1996 ж. Қ.К. енген.

Албырттәріздестер отряды.(ласосевые) – денесі орташа ірі келетін
балықтар. Өрістегіш балыққа жатады. Қиыр Шығыс теңіздерде көптеп кездеседі.
Уылдырық шашу үшін Амур өзінің жоғарғы ағысына көтеріледі. (өледі). Оған
кета, горбуша, кәдімгі албыр (семга), форель (бахтах) жатады. Форельді
бағалы еті үшін адамдар кең таратуға тырысты. Отаны Солт.Америка
Қазақстанда көптеген балықшаруашылығының нысаны. Албыр балықтарынан қызыл
уылдырық алынады. Каспий және Арал албырттары саны аз болғандықтан 1996 ж
Қ.К. енген.

Сетінектәріздестер (грескообразные) – солтүстік жарты шардың қоңыржай
және арктикалық теңіздерде таралған. (треска, навага, никша) бауырмайы
бағалы ресурс.

Қозауықтартәріздестер (камбалообразные) судың тұздылығы жоғары. Тұлғасы
жалпақ, теңіздің түбінде тіршілік етуге бейімделген. (камбала, палтус).
Арқа жағы қара құрсақ жағы жағы ақшыл болады. Арал теңізінде жерсіндірілген
тілбейне (глосса) және қалқан деген түрлерді темір аулармен аулап
балықшылар табыс көзіне ие болуда.

Тұқытәріздестер отряды( карпообразные) бұл отрядқа тұшы суларда
тіршілік қалампыр,тұқы (карп), мөңке (карась), аққайран (сазан),қаракөз,
табан (лещ) ақмарқа (жерах), қаяз (усач), оңғақ балықтар жатады. Тұқы
(карп), мөңке (карась) ақ амур, дөңмаңдай өсімдіктермен , балықтармен
қоректенеді және қолдан жасалған тоған суларында өсіруге тиімді.

Майқан – кәсіптік түр албырттардың өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен
Марқакөл көлінде мекендейді.Еті үшін адамдар кең таратуға тырысты. Отаны
Солтүст. Америка.

Оңғақ немесе қарабалық. Сондай атқа ие болған себебі судан шығарған
кезде түсін өзгертеді. Арал мен Балқаш су қоймаларында жерсіндірілген.

Сазан – Қаз.да барлық су қорларында кеңінен таралған. Оттегі аз суларға
да шыдай береді. Қоректі таңдамайды.

Жайынтәрізділер отряды – Жайын бұл отрядтың жалғыз өкілі. Денесі
жалпайған, арқасы қара, құрсағы ақшыл. Аузының екі жағында екі ұзын
мұртшасы бар. Қоректі таңдамайды. Шұңқыр немесе судың түбінде жатқанды
ұнатады, тез өседі, 3-4 жылда – 5 м, салмағы 300 кг. жетеді. Бағалы
кәсіптік балық.

Жыланбастәрізділер отряды – жыланбасбалық осы отрядының жалғыз өкілі.
Қабыршағы, денесінің түсі, бастың құрылысы жыланға ұқсас болғандықтан солай
аталған. Амур өзенінен Сырдарьяға жерсіндірілген. Оңтүстік Қаз.ың көптеген
су қорларында мекендейді. Ерекшелігі – біразға дейін атмосфералық ауамен
тыныс ала біледі. Сондықтан жазда кепкен бір көлшіктен екіншіге бара алады.
Жартылай жыртқыш, көпке танымал кәсіптік түр.

Ұқсас жұмыстар
Ірі көлдер
Каспий теңізі. Сабақтың барысы
Балықтар
Балықтардың кәсіптік маңызы. кәсіптік балықтардың негізгі топтары
Балықтарды қорғау
Тақырып - Құстар бізде қонақта
Табиғат ресурстары
Шеміршекті балықтар
Қосжынысты балық сүйекті балықтар
Каспий теңізінің балықтары
Пәндер