Сабақ нәтижесі

Сабақтың тақырыбы:
Рефлекстік доға: рецептор, сезгіш, аралық, қозғалыс нейрондары, жұмыс мүшесі.
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады :
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды. Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Басталуы
5 минут
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Сурете байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру, амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.
1-топ
2-топ
3-топ
Суреттер
Жаңа білім
10 минут
Білу және түсіну
Рефлекс. Рефлекс - ОЖЖ қатысында ағзаның тітіркендіргішке жауап реакциясы. Миы қалыптасқан жүйке жүйесіне ие жануарлардың мінез-құлық негізіне рефлекстер жатады. Рефлекстердің болуы ұлулар мен буынаяқтыларда анықталған.
Рефлекстер ағзаға тірі қалуға мүмкіндік береді. Олар қандай да бір әсерге қозғалыс түрінде жауап реакциясына ғана қатысты емес. Жы- луды сақтауға бағытталған рефлекске мысал келтірейік. Күн суыған кезде жылықанды жануарларда бірқатар рефлекстік реакциялар жүзеге асырылады. Тері қоршаған ортаға аз жылу беру үшін ОЖЖ-дан терідегі тамырлардың бұлшық ет талшықтарына команда келеді де, олар та- рылады. Рефлекс доғасы - рефлексті жүзеге асыру үшін жүйке импульсі өтетін жол. Ол бес бөлімнен тұрады.
1) Рецептор.
2) Сезімтал (орталыққа тебетін, афферентті) нейрон.
3) ОЖЖ бөлімі.
4) Қозғалғыш (орталықтан тебетін, эфферентті) нейрон.
5) Жұмысшы мүше.
Рефлекс доғасының әрбір бөлімін толық қарастырамыз. Рецептор
- қоршаған орта әсеріне импульс пайда болған нейрон немесе жүйке. Яғни қандай да бір әсерден - тітіркендіргіштен жүйке импульсі пайда болатын бірінші жүйке жасушасы. Дәм сезу рецепторы еріген химиялық заттарды сезеді.
Егер қажет тітіркендіргішті қабылдайтын рецептор болмаса, онда ағза бұл тітіркендіргішті - қоршаған орта өзгерісін ешқашан сезбейді.
Сезімтал нейрон жүйке импульсін рецепторлардан миға береді. Ол ОЖЖ-ге ақпарат апарады, сол үшін оны орталықтан тебетін деп атай- ды, себебі ол шынында да орталыққа ұмтылады. Рефлекс доғасының осы бөлімінің тағы бір атауы - (лат. аfferens, афферентті - әкелуші) .
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Стикердегі диалог» әдісі
(Топ мүшелері сұрақтардың жауабын стикерлерге жазып, қабырғадағы сұрақтар жазылған қағаздарға іледі. кейін пікірлерін қорғайды. )
Топтарға тапсырма:
1. «Рефлекс», «рефлекс доғасы» деген түсініктерге анықтама беріңдер.
2. Рефлекс доғасының барлық бөлімдерін дұрыс ретпен атаңдар. Олар қанша?
Оқулық.
Кеспе мәтіндер.
Оқулық, қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.
Ортасы
10 минут
Қолдану
Жұлында сұр заттың арқа және құрсақ тамыршасы бар, олар ақ заттың мүйіздеріне өтеді. Омыртқа жотасынан шыққан арқа және құрсақ мүйізді бірге жұп жұлын жүйкелеріне - әр омыртқадан екіден (оң және сол) бірігеді. Арқа мүйізі мен тамыршаларда сезімтал нейрондар бар. Олардан ақпарат миға - алдымен жұлынға, кейін қажет болса миға түседі.
ОЖЖ да алынған ақпарат талданады. Мидың бірнеше нейрондары қосымша нейрондар арқылы өзара байланысты. Яғни мида рефлексия жүзеге асуына өзара байланысты бірнеше нейрондар - осы рефлекстің жүйке орталығы жауап береді.
Қозғалтқыш нейрон ОЖЖ-ден жұмысшы мүшеге жүйке импульсін (команда) береді. Оны орталықтан тепкіш деп атайды, яғни орталықтан миға барады. Рефлекс доғасының осы бөлігінің тағы бір атауы - эфферентті деп атайды (лат. efferentis - шығарушы) . Жүйке импульсі эфферентті нейрон бойынша өткенде жауап реакциясы - бұлшық еттің жиырылуы немесе басқаша жауап беруі мүмкін.
Өздерің біліп отырғандай, осы арқа мүйізі мен тамыршада қозғалтқыш ней- рондар болады. Ол арқылы ақпарат мидан (алдымен мидан, кейін жұлыннан)
жұмыс мүшелеріне - бұлшық еттер мен бездерге түседі.
Алынған жүйке импульсіне жауап ретінде жұмыс мүшесі жұмыс істейді - жауап реакциясын береді. Егер ол бұлшық ет болса, ол жиы- рылады. Бұл ыстық затқа тигенде қолды тартып алу немесе тізені бүгу (тізе рефлексі) . Егер бұлшық еттің орнына жұмыс мүшесі ретінде бездер болса, олар өз секреттерін бөледі. Бездердің жұмыс істеу рефлексіне мысалдар: тамақтың иісінен сілекейдің бөлінуі, ыстық кезде тер бөлінуі.
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
Ортақ тапсырма: «Пкірлер» парағы әдісі
1. Рефлекс доғасының барлық бөлімдерін олардың атауларын, орналасуын, қызметін көрсетіп бейнелеңдер.
2. Рефлексті жүзеге асырудағы ОЖЖ-нің қатысқан құрылымдарының рөлін сипаттаңдар.
Талдау
«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
«Пкірлер» парағы әдісі, сұрақтар жазылған парақшалар, қалам.
Оқулықтағы мәтінді оқып алады.
Сергіту сәті
2 минут
https://www. youtube. com/watch?v=i8FFtlTwJRs
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут
Синтез
«Карточкадағы терминдер» әдісі
Орталық цилиндр құрылысы, тамырдың өткізгіш қызметі, Перицикл мен камбийдің орналасуы, жасуша құрылысының ерекшелігі, тамыр сіңіретін судың қозғалысы. деген сөздер топтарға таратылады.
Тапсырма: Сыныпты аралап жүріп, осы термиді өзге топтардағы оқушыларға түсіндіріп береді.
Жаңа туған нәрестенің жұлын жұмысын дәрігерлер былай тексереді: баланың табанын ұстап көреді. Саусақтары қалай жазылатынын тексереді. Алған білімдеріңді пайдаланып, егер бала сау болса, дәрігер қандай әсер көретіні туралы түсіндіріңдер.
Бағалау
5 минут
Кері байланыс
3 минут
Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.
Рефлексия парағы
«Стикер
дегі диалог» әдісі
Бағалау парақшасы
Қағаз қиындылары.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz