Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қарахан кесенесі
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: <<Астана-Қазақстанның Солтүстік астанасы>>
Мақсаты: Қазақстан Республикасы астанасының тарихымен таныстыру және оның маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
-Балаларды Астана қаласымен таныстыру;
-Балалардың басқа да пәндер бойынша білімдерін шыңдау;
-Балалардың көңіліне жақсы әсер қалдыру;
Білімділік: Өз ойын еркін жеткізе білу, өзгелердің пікірін тыңдай білу қабілеттерін қалыптастыру және диалогтық сөйлеу тілін меңгерту.
Дамытушылық: Әр түрлі тапсырмаларды орындата отырып, балалардың тіл байлығын дамыту, өз ойын тиянақты жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Балаларды өз тарихын, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Астана (слайд), Сурет ойындар: <<Қай ғимарат Астана қаласына тән?>>, әйнек, гуаш, бәйтерек суреті, жұлдызшалар.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: город-қала-city, столица-астана-capital
I.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар шаттық шеңберіне тұрып өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.
Күндей жадырап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
- Балалар біздің Республикамыз қалай аталады?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Қазақстанда үлкен және кіші қалалар көп.
Біз бүгін еліміздің бас қаласы Астана туралы айтамыз. Ал олай болса мына бейне роликтен Астана қаласына саяхат жасайықшы. Суретте не көріп тұрсыңдар.
- Астана қаласында әдемі ғимараттар мен үйлер, дүкендер, дәріхана, саябақтар бар екен.
- Мынау қандай ғимарат?
- Мына ғимараттардың қайсысы Астана қаласына тән емес?
- Президентіміз отыратын ғимарат қайсысы?
- Астанадағы ең биік ғимаратты білесіңдер ме?
Әр балаға сурет арқылы сұрақтар қойылады.
II.Негізгі кезең
Астана -- Қазақстан Республикасының елордасы. Бұрынғы атаулары: Целиноград, Ақмола. Алғашында елордамыз Алматы қаласы болған. Кейіннен 1997 жылы Астана қаласына ауыстырылды. Осы жылдың 20 наурызында Қазақстанның жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың атын экс-президент Н. Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп өзгертуге бұйрық берді. Қазіргі атауы Нұр-Сұлтан.
Ойын: <<Қаламызды көркейтеміз>>
- Ал қазір балалар, сендерге көп қабатты үй салуды ұсынамын. Сендердің алдарыңда әйнек жатыр. Сол әйнектің үстіне көп қабатты үй саламыз. Бірақ, сендер өте мұқият болыңдар.
Әйнектің бетіне сурет салуды түсіндіріп, көрсетіп өту.
- Әйнектің бетіне гуашпен бояу.
- Балалар үйдің қабырғасы қандай пішінге ұқсайды?
- Енді үйдің шатырын қызыл түспен бояймыз.
- Үйіміздің шатыры қандай пішінге ұқсайды?
- Ал, балалар сурет салуға кірісейік.
- Балалардың өзіндік жұмысы.
Көмек қажет балаларға көмек көрсету.
Сергіту сәті:
Шаршасаңдар балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар.
Қолдарыңды сермеңдер,
Денелерің шынықсын,
Саналарың тынықсын.
III.Қорытынды кезең
- Балалар біз қандай сурет салдық?
- Үйіміз қандай?
- Сендерге үй салу ұнады ма?
- Біздің бас қаламыз қай қала?
Осымен оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мақтап мадақтау.
IV.Рефлексия
Балалар Астана қаласының ең биік ғимараты <<Бәйтерек>> бүгін біздің балабақшамызда. Бұл сиқырлы бәйтерек. Бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма? Егер басқа да қалаларға саяхат жасағыларың келсе мына жұлдызшаларды бәйтеректің ең биік жеріне әкеліп жабыстырыңдар.
Күтілетін нәиже:
Біледі: Астана қаласының тарихын
Түсінеді: Ғимараттарының ерекшеліктерін
Меңгереді: диалогтық сөйлеу тілін
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: <<Қарағанды - шахтер астанасы>>
Мақсаты: Балаларды Қарағанды қаласының шығу тарихы және оның байлықтарымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Балаларды аудиолықпен қоса визуалды қабылдауға үйрету.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындата отырып, балалардың тілдік шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Өз елінің байлықтарын қадірлей білуге және оны өзгелерге үйретуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: видеоролик, суреттер, гүл сабақтары.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: богатство-байлық-wealth, кен-ископаемое-fossil, көмір-уголь-coal

Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
-Балалар мына видеороликке қарап, қай қалаға саяхат жасайтынымызды табыңыздаршы!
-Бұл қай қала?
-Қазақстанның қандай қазба байлықтарын білесіңдер?
-Мына адамдар немен айналысып жатыр?
Иә, бұл - Қарағанды қаласы. Қараған көп өсетіндіктен қала <<Қарағанды>> деп аталған. Бұл қалада біздің негізгі қазба байлығымыз көмір бар. Шахтерлар сол көмірді өндіріп шығарады.
II.Негізгі кезең
<<Аялдама>> ойыны
Ойын шарты: Балалар бір-бірлерінің белдерін ұстап қаз қатар тізіліп жүреді. Тәрбиешінің жанына келгенде бірнеше бала түсіп қалады. Тәрбиеші аялдаманы атап, оны таныстырады. Осылай балалардың барлығы түсіп біткенше жалғасады.
Бірінші аялдама: <<Ескерткіш>>
Қарағанды қаласында Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы да басқа ескерткіштер бар.
Екінші аялдама: <<Шахта>>
Қарағанды қаласында тас көмір өндіретін шахталар көп. Бұл жерден 1833 жылы Аппақ тас көмір табылған.
Үшінші аялдама: <<Қара тас>>
Балалар соңғы аялдамада мен сендерге аңыз-әңгіме айтып берейін. Осыдан 2 ғасыр бұрын Аппақ деген бала қой бағып жүріп суырдың інін тауып алады. Ол суырды інінен шығарып жатып іннен қап-қара тасты көреді. Тасты үйіне әкесіне әкеледі. Алғашында бояуға арналған шығар деп, мақтаны бояп көреді. Бірақ боялмайды. Содан үйіне бірнеше ауыл адамдарын жинап, бұның не тас екенін анықтамақшы болады. Ауыл адамдарының ешқайсысы бұның не екенін таба алмайды. Сөйтіп әлгі қара тасты қажетсіз деп отқа тастай салады. Отқа түскен тас лаулап жана жөнеледі. Сонда адамдар <<жанатын тас!>> деп шу ете қалады. Содан бұның жай тас емес, жанатын тас екендігі анықталған. Осы тасты тапқаны үшін өкімет Аппаққа ат басындай алтын сиға тартыпты деседі.
Сергіту сәті:
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.
III.Қорытынды кезең
-Балалар қара тас дегеніміз не?
-Ол қайда өндіріледі?
-Оның бізге қандай пайдасы бар?
IV.Рефлексия
Балалар мына өздеріңе таратылған гүл сабақтарына бүгінгі сабақтан не үйренгендіктеріңізді жазыңыздар.
Күтілетін нәиже:
Біледі: Қарағанды қаласы туралы,
Түсінеді: Қазба байлықтың шығу тарихын
Меңгереді: визуалды қабылдауды
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: <<Талдықорған-Жетісу астанасы>>
Мақсаты: Қазақтың батырлары мен ақын-жазушылары туралы мәлімет бере отырып, балаларды өз елінің тарихымен таныстыру.
Міндеттері:
Білімділік: Өз ойын батыл да, шебер жеткізе білуге үйрету.
Дамытушылық: Баланың зеректігін, ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Ата-бабамыздың мұра етіп қалдырған қастерлі жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Ағаш суреті, батырлар мен ақындар суреттері.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: ағаш-дерево-tree, ақын-поэт-poet, батыр-герой-hero

Қоңырау біздің сиқырлы,
Сыңғырлап тағы ән салды.
Шақырды түріп ұйқыңды,
Шеңберге тұр,-деп баршаңды!
-Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс. Ал қанекей, оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын екі топқа бөлініп алайық. (Балаларды екі топқа бөледі) енді әр топқа арналған орындықтарға жайғасайық. Балалар орындарына жайғасады.
-Балалар, мен сендерге сұрақтар қояйын. Соған жауап тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбын да тапқан боласыңдар. Келістік пе?
-Жарайсыңдар! Сұрақтарды қойып отырып, <<Кім шапшаң?>> деген ойын ойнаймыз. Қай топ бірінші болып жауап берсе сол топ өзіне ұпай жинайды. Топтарға арналған сұрақтар:
-Біз қай қалада тұрып жатырмыз?
-Бізге ең жақын қаланы білесіңдер ме?
-Атауы ағаш,талмен байланысты қандай қала бар?
Иә, біздің бүгінгі тақырыбымыз Талдықорған қаласы туралы болмақ. Аты айтып тұрғандай ағаштар мен талдарға бай қала. Қала өзінің тазалығымен ерекшеленеді. Көшелерде қоқыс өте аз, ал жасыл желектің көптігі ауаның тазалығын қамтамасыз етеді.
II.Негізгі кезең
Балалар бұл тораңғы ағашы. Талдықоған қаласының Алтынемел ұлттық паркінде орналасқан. Оның біздің елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған. Тораңғының жуандығы соншалық, бір-бірінің қолынан ұстап, жеті адам құшақтарына сыйғыза алады. Енді екі топтан екі адамнан шығып, осы тораңғы ағашының жапырақтарынан бір-бірден алсын. Жапырақ астында жасырынған сұрақтарға топпен жауап беріп, ұпай жинайық!
-Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
(балалардың жауабынан кейін тәрбиеші Қарасай, Наурызбай батырлардың Жетісу өлкесінде дүниеге келгендігін айтып кетеді)
-Қандай ақын жазушыларды білесіңдер?
(Ілияс Жансүгіров, Сайын Мұратбеков Жетісу өлкесінің тумалары)
-Елімізде өсіп тұрғанына 700 жыл болған ағаш?
-Қазақстандағы қандай көлдерді білесіңдер?
(Балқаш Жетісу өңірінде орналасқан)
III.Қорытынды кезең
-Балалар Талдықорған қаласы несімен ерекшеленеді екен?
-Тораңғыдан басқа қандай үлкен ағаштарды білесіңдер?
-Талдықорған қаласына барғыларың келе ме?
IV.Рефлексия
Балалар бүгінгі сабақты қалай түсінгендеріңізді мына бағдаршамның үш түсі арқылы көрейік. Қызыл-өте жақсы түсіндім, Сары-орташа, жасыл-мүлдем түсінбедім. Осы бойынша бір түсті көтеріп көрсетіңіздер.
(Мүлдем түсінбеген балалармен қосымша жұмыс жасалады).
Күтілетін нәиже:
Біледі: Қазақтың ақын-жазушылары мен батырларын
Түсінеді: Талдықорған қаласының ерекшеліктерін
Меңгереді: Өз ойын батыл да, шебер жеткізе білуді
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: <<Тараз-ежелгі қала>>
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, олардың баға жетпес байлық екендігін саналарына сіңіру.
Міндеттері:
1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге, тілдерін тақпақтар арқылы жетілдіру
2.Ойлау,есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту
3.Адамгершілікке,тазалыққа,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқоршы болуға,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Білімділік: Сұрақ қоя білуге, пікір таластыра білуге үйрету.
Дамытушылық: Балалардың патриоттық сезімдерін ояту әрі күшейту.
Тәрбиелік: Балаларды ата-бабадан қалған байлықтарымызды қадірлеуге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: кесенелер суреті, туристік тақиялар, таяқша, қағаз ақшалар.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: ежелгі-древний-ancient, ескерткіш-памятник-monument

Амансың ба, Алтын Күн?
Амансың ба, Көк Аспан?
Амансың ба, достарым?
Сендерді көрсем қуанам.
- Балалар, көңіл күйлерің қалай?
Ендеше балалар бүгін біздер оқу қызметінде Тараз қаласының ерекшеліктерімен танысамыз. Тараз -- ежелгі қалалардың бірі. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды.
II.Негізгі кезең
<<Туристер>> ойыны
Ойын шарты: Балалар топ ішін аралап жүреді. Топтың әр жерінде Тараз қаласының көне кесенелерінің суреттері орналасқан. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын турист ретінде гид болып тұрған тәрбиешіге қояды.
1.Айша бибі кесенесі. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған. Бірақ кесенені салған сәулетші туралы нақты дерек жоқ.
2.Бабаджа хатун кесенесі. Бірде Тараз әміршісі Қарахан Мұхаммед Айшаға үйленгісі келді, алайда Айшаның тәрбиешісі бұған келісім берген жоқ. Содан кейін қыз бала алдап-арбаумен Тараз қаласына қоныс аудартылды. Өкінішке орай, әмірші онымен жүздесу мүмкіндігінен мәңгі айырылды, өйткені қыз бала бас киімде жасырынған жыланның шағуынан Аса өзенінің жағалауында қаза тапты. Қыз баланың өмірден озуына байланысты қайғыға салынған Қарахан дәл сол жерде ерекше сәулетті кесене тұрғызды. Айша Бибінің күтушісі кесененің сақтаушысы болды және қайтыс болғанынан кейін Айша Бибіден 20 қадам жерде Бабаджа-Хатун кесенесінде жерленді.
3. Қарахан кесенесі. Қазақстанда 11 ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде. Кесене Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған. Күмбезі ғана құлаған кесененің төрт қабырғасы мен жылтыр кірпішпен өрнектелген қос мұнарасы 19 ғасырдың 90-жылдарына шейін сақталған.
III.Қорытынды кезең
-Иә, туристер бүгін сіздер қандай кесенелермен таныстыңыздар?
-Олардың бір-бірімен байланысы бар ма?
-Бұл кесенелер қай қалада орналасқан?
IV.Рефлексия
Құрметті туристер сіздерге таратылып берілген қағаз ақшалар бойынша бүгінгі сапарымызға баға беріңіздер. 100 доллар-өте қызықты, 50 доллар-орташа, 1 доллар-қызықсыз.
Күтілетін нәиже:
Біледі: Тараз қаласын, Айша бибі, Бабаджа хатун, Қарахан кесенелері туралы
Түсінеді: ата-бабадан қалған байлықтарымызды қадірлеу керектігін
Меңгереді: Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуді
Ересектер тобына арналған.
Педагогтың аты-жөні: Балымова М.А.
Балалардың жасы: 5-6
Тақырыбы: <<Қазақстан бойынша саяхат>>
Мақсаты:
Міндеттері:
Білімділік: Балаларға Қазақстан Республикасы туралы білім беру.
Дамытушылық: Балалардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту, туған елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: үнтаспа, суреттер, тәттілер.
Алдын-ала өткізілген жұмыстар:
Болингвальды бөлім: отан-родина-homeland, астана-столицы- capital, ұлт- нация -- nations, ту-флаг- flag

Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты
Жарқырайды күніміз,
Жарқырайды даламыз
Біз бақытты баламыз!
<<Туған елім>> әні қосылады.
-Балалар ,сендер қандай ән тыңдадыңдар?
Дұрыс айтасыңдар,балалар <<Туған ел>> туралы.
- Біздің туған еліміз қай ел?
-Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
-Біз өткен сабақтарда қай қалаларға саяхат жасадық?
II.Негізгі кезең
-Балалар тақтадан кімнің суретін көріп тұрсыңдар? Иә, бұл саяхатшы Дара! Дараның сендерге арнап әкелген тәттілері бар екен. Бірақ тәттілерді алу үшін оның сұрақтарына жауап беруіміз керек. Қалай қарайсыңдар?
Дара:
-Ең ежелгі қала?
-Ағаштары көп өсетін қала?
-Сырдария өзені қай қалада орналасқан?
-Еліміздің астанасы қай қала?
-Еліміздің қай қаласында метро бар?
-Шахтерлар қаласы?
Жарайсыңдар балалар! Мінекей сендерге тәттілер.
Сергіту сәті.
"Қара жорға"
Балалар ортаға шығып, ұлттық биді билейді.
III.Қорытынды кезең
Балалар енді өздеріңнің ең сүйікті қалаларыңды кезекпен сипаттап беріңдер.
IV.Рефлексия
Балалар мына тақтада ілініп тұрған Тянь-Шянь тауы! Оның ең биік шыңы Хан Тәңірі деп аталады. Қолдарыңдағы әр түрлі көңіл-күйдегі смайликтерді осы тауға әкеліп жабыстырыңдар.
Күтілетін нәиже:
Біледі: Қазақстанның қалаларын
Түсінеді: Әр қаланың өзіндік ерекшелігін
Меңгереді: сөзді байланыстырып сөйлеу қабілетін

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz