Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата бәйтерек, бала жапырақ

<<Отбасы алтын- діңгек>>
Мақсаты: а ) Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Ата - анасын құрмет тұтып, адал да парасатты ұл мен қызы болуға тәрбиелеу.
ә) Ата - анасының берген жақсы тәрбиелерін нәтижелі етуге үйрету, қоғамға жат қылықтардан сақтандыру.
Көрнекілігі: ата - ана жайлы ұлағатты сөздер, шар,
Мұғалім: <<Отбасы-алтын діңгек >> атты тәрбие сағатын бастауға рұхсат етіңіздер.
Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі - дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі - дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
1-оқушы:
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасы - бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі - ата-ана. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.
2-оқушы:
Отбасы -- адам баласының алтын діңгегі, тұлғалық негізі қаланатын өмір сүру және даму ортасы. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы -- ата-анасы. Ата-анаға баладан жақын ешкім жоқ. Ұрпаққа берілетін тәрбие ісі де отбасының беріктігімен тығыз байланысты. Әр отбасындағы бала әртүрлі тәрбие алады. Тәрбиенің сыншысы да, бағалаушысы да - халық.
Мұғалім: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері , ұрпақ жалғасы балалары болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата- анадан алады.Әке мен ана шаңырақтың тірегі.
3-оқушы:
Ата-ана- отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.Әсіресе тіршіліктің қайнар көзі, махабаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы-Ана есіміне қатыссыз дүниеде қаситетті ештеңе жоқ.Сондықтан ананы ардақтаимайтын халық та жоқ.Халықтың халықтығының басты нышаны-туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана.Өмір есігін жаңа ашқан нәрестенің бойына туған елінің рухын сіңіретін, балбыратып уататын тұңғыш тәтті сазы, жылауын қойғызатын ән өлеңі де сол ғазиз ана бесікке сүйеніп отырып емірене айтатын бесік жыры.
Мұғалім:
Ана жанын ана болсаң ұғарсың.
Алдыңдағы ол бір биік құзар шың,
Балаң үшін биіктен де құларсың.
Ана мейірі күн көзімен пара-пар.
Тұла бойға қуат болып таралар.
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар, ақ ниетті аналар!
Ән <<Ана туралы жыр>>
Мұғалім:
Әке.Әке-әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу кернек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. <<Әкеге қарап ұл өсер>> дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.
Камила:
Әке деген-биік шыңы адамның,
Әке деген- тірегі ғой ғаламның.
Әке деген-бойыңда аққан қаның да,
Шыққан тегің, ол негізің, жаның да.
Не десең де әке жолы бір бөлек,
Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.
Нағыз әке ақылгөй де асқар жан,
Барлық ұрпақ әкелерден басталған.
Мұғалім:
Қазақта <<Ұлың-қымбат, немерең-ыстық>> деген нақыл сөз бар.Немере үшін ең мейірімді жан-әже.Әжеңнің аялы алақаны, мөлдір мейірі, жылы жүрегі, кіршіксіз таза көңілі немереге ауадай қажет.
Әжемнің саясында ержетіп мен,
Аялы ақ бесікке тербетілгем.
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаспын айналсам да жер бетінен.
Жүрегімде әжемнің әжімі бар,
Жүрегімде достардың әзілі бар,
Жүрегімде өмірдің қызығы бар,
Жүрегімде жанымның азығы бар.
Ержетіп есейгенде балапаны
Арайлап атады екен дала таңы.
Иіскеп, маңдайымнан сипалайтын
Қымбат қой әжелердің алақаны.
Ата ана туралы дана сөздерді тыңдайық
Еламан:Адам жеміске, ата- ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы қарап күткендей ата- анаңды аялап бақсаң ,армандарың орындалады
Шамиль: Ұл- қыз ата- анасын үлкендерді қуанышқа бөлеп, бақытқа кенелтем десе,алдымен әдепті болу керек. Өз жұмыстарын адал да тыңғылықты атқарса ата- ананың ұл- қызы болып өседі.
Бердібек:Әдепті , адал ұл қыздардың міндеті ата- аналарының тірісінде көрсеткен қызыметімен бітпейді. Ата -аналарын дүниеден қайтқанда да жиі есіне алады.
Мұғалім:Ата- анаңның көңілін еш ренжітуші болма, олардың жүрегіне қайғы түсіруші болма.
Шамиль:Ата- анасын ұмытқан бала- опасыздың опасызы ,рақымсыздың рақымсызы.
Камила:Ата- ананың қадірін білмеген халық қадірін білмейді.
Камила:Отбасы. Бала. Мектеп. Бір - бірінен ажырағысыз үш ұғым. Отбасы бар жерде бала бар, бала бар жерде мектеп бар. Мектеп пен ата - ананың міндеті әр балаға бақыт, қуаныш сыйлау.
Тәрбиенің ең алғашқы бастамасын бала отбасында алады. Отбасы - әр бала үшін алтын бесік. Бала отбасы аясында түлеп өседі, оңы мен солын сонда таниды. Ол отбасы жағдайында өмірдегі әр түрлі жағдайларда өзін қалай ұстауды, адамгершілік әліппесі: кішіпейіл болу, ізеттілік, сыйластық, үлкендермен және кішілермен қандай қарым - қатынаста болу сияқты тәжірибе жинақтайды және оны меңгереді.
Мұғалім: Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя>> деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынын басталады. Отбасы барша адамзатқа ең жақын , ең қасиетті ұғым.
Енді осы тақырыптағы мақал мәтелдерге кезек берейік.
1 Бала тәрбиесі бесіктен
2 Баланың жақсысы- қызық, жаманы- күйік.
3 Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер
4 Бала көңілдің гүлі, көздің нұры
5 Құс балапаны үшін тозаққа түседі,
Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 Ата бәйтерек, бала жапырақ
Мұғалім:Отбасы - бұл қоғамның негізі. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жан- жақты тәрбиелі болуы отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы
Лобанов орта мектебі

8 <<А>> сынып

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:
<<Ұстаз болу - жүректің батырлығы>>

2018 жыл

Ұқсас жұмыстар
Шаңырағым шаттығым
Сынып аруы
Әкесі құрдастың баласы құрдас
Өнеге отбасынан басталады
Сөйлем мүшелері.2-сынып
Отбасы бір шаңырақ
Отбасы жарастығы. 5 сынып
Ата аналар жиналысы "мәдениеттілік"
Көктем ерекшеліктері
"Ата-ананы құрметтеу туралы. қайқаус."
Пәндер