М. Дулатов Бақытсыз Жамал романы. Идеялар тоғысы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары № 31

Бағалау критерийі
Дескриптор
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Сабақтың тақырыбы
М. Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Оқу мақсаты
Б/С1. Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Бағалау критерийі
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолдана алады:

Романның тақырыбы мен идеясын осы тектес шығармалармен салыстырады;

Ауызша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: тарихи, көркемдік құндылық, пікір, көтерілген мәселе, үндестік.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша . . .

Менің байқауымша . . .

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын . . .

Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Шығарманың тарихи және көркемдік құндылығы мынада деп білемін:

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Құндылықтарды дарыту
Жаңашылдық
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Пәнаралық байланыс
Тапсырмаларды орындауда тарих пәнімен байланыс болады.
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Бастапқы білім
Алдыңғы сабақта оқушылардың шығармашылық, сыни ойлау, креативтілік қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Сабақ барысы
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар:: Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
Дереккөздер
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::

Сабақтың басы

10 минут

1. Миға шабуыл

«Бетпе-бет» әдісі

Сынып оқушылары сұрақтарға жауап беріп жатқанда интерактивті тақтадан «Youtube 30. 12. 16 Еркін Шүкіман - Міржақып Дулатов «Алаш маршы» https://www. youtube. com/watch?v=bjqO5PvSBJ4» бейнебаянын көреді. Оқушылар тыңдағандары мен өткен сабақтарда алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар қояды.

  • Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
  • Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп ойлайсыңдар?
  • Ғали сауатты бола тұра, неліктен саудамен айналысып кетті деп ойлайсыңдар?
  • Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
  • Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
  • Міржақып Дулатовтың «Алаш маршы» туындысының құндылығы неде?
  • Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?

Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды .

:
:
Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалай алады.

1. Шығарманың басқа шығармалармен ұқсастығын/айырмашылығын табады;

2. оларды салыстырады.

3. тарихи және көркемдік құндылығын бағалайды.

Youtube 30. 12. 16 Еркін Шүкіман - Міржақып Дулатов «Алаш маршы»

https://www. youtube. com/watch?v=bjqO5PvSBJ4

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::
Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:Күні: Мұғалімнің аты-жөні:Сынып:Қатысқандар саны: Қатыспағандар::

Сабақтың ортасы

25 минут

2. Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

«FILA толтыру» әдісі

  • Топтарға қазақ әдебиетіндегі ұқсас шығармалардың қысқаша мазмұны жазылған қима қағаздар таратылады.
  • Топтағы оқушылар тапсырма түрлерін бөліп алады.
  • Жұмыстарын біріктіріп, кестені толтырады.

F/ Дерек/ - шығармадан тарихи деректер жинау;

I /Пікір /- тарихи кезең туралы өзінің ой-пікірі;

L /Сұрақ/- тарихи кезеңді ашатын сұрақтар;

A /Іс-әрекет/- автордың тарихи кезеңді суреттеудегі қолданған тәсілі .

:
:
:
:

Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” романының қысқаша мазмұны

Алыстағы Алтай таулары, ақ қашып, қызыл қуып, аласапыран күрестер жүріп жатқан Азамат соғысының сұрапылы қазақ ауылдарында да жеткен, өрт шалмаған шаңырақ жоқ. Марқакөл жағасында, Терең шатты мекендеген момын шаруа Мамырбай ауылын банда шауып, әйелін өлтіріп, бойжетіп, оң жақта отырған қызы Ақбілекті солдаттар алып қашып кетеді. Сұмдық осыдан кейін басталады. Бірауыз орысша тіл білмейтін соры қайнаған жас қыздың азап-қорлыққа толы, өлім мен өмір, өң мен түс арасында былғанышты, жиіркенішті күндері басталады. Қысталаң жағдай, шекаралық ситуация, өлім мен өмірдің тайталасқан бір сәтіндегі адам психологиясына жазушы терең бойлап, жан-жақты күй шертеді. Он екіде бір гүлі ашылмаған бойжеткен қыздың шеккен қорлығы, тапталған сезімі, жер болған намысы, былғанған ары - осының бәрі реалистік дәлдікпен, бейнелі, суретті, сенімді көрсетіледі. Оқырман бауыры езіліп, жүрегі тілініп, Ақбілекпен бірге жылайды. Тұтқынға түскен сорлы қыздың не тілін, не дінін білмейтін, өмірінде бұрын көрмеген, жүріс-тұрысы, киім-киісі, тамақ ішісі бөлек, әдет-ғұрып, салт-санасы басқа - қарамұрт орыс офицеріне еріксіз қатын болу хикаясы айқын психологиялық саралаумен берілген. Өмір тепкісіне қарсы тұрар күш жоқ, көп иттің мазағына айналмай, қарамұрт қармауында қалғанының өзінен жынданып кете жаздап, қорлық күйігінен өліп қалардай күйге жеткен Ақбілектің енді кіре бастаған ес-санасы бірте-бірте маңайында не болып, не қойып жатқанын аңғарып, әр нәрсені сезіп, ой түйе бастайды. Осындай екі ұдай, естен танғандай күйдегі Ақбілек санасы алдымен қарамұрт офицердің өзіне жасаған қорлығына ғана емес, мүсіркеуін, еркелетуін сезінді; мұның үстіне тау-таста ақпен ақ болып, қашып-пысып, елден-жұрттан безіп, түн қатып, бел шешпей ұйықтап, ылғи ат үстінде күн кешіп келе жатқан түсі суық, сыры белгісіз, мақсаты тұманды топтың да аужайын аңғарады. Екінші жағынан жазушы қарамұрт офицердің өз аузымен өмір тарихын айтқызады, мұндай халге қалай түсті, ата-бабасы, шыққан тегі кім, кеңес өкіметіне неге қарсы күреседі, қырдың енді қылтиып шыққан қызғалдағын жұлып алып, табанға басқанына қиналмай ма, ары-ұяты қайда - мұндай сауалдардың баршасына психологиялық тұрғыдан нанымды жауаптар берілген. Арттан қуып жеткен қызыл әскерлер дүмпуімен безе қашқан ақтар өз бастарын қайда тығарын білмей, жан-жаққа бытырай зытып жөнелген кезде, Ақбілек бандылардың ескі жұртында керексіз бір заттай болып қалып қояды. Бұдан кейін сорлы жанның қоршаған орта, тау-таспен зар еңіреп сыңсуы, балалық, асыл қасиеттерінен айрылғанын жоқтап, терең қайғы шыңырауына батуын зор шеберлікпен бейнелейді. Қасқырға жем болып қала жаздап, арып-ашып, ажал тырнағынан әрең дегенде құтылып шығып, өліп-талып туған ауылына жеткен Ақбілекті бұрынғыдан да сорақы азап, мазақ, қорлық күтіп тұрған. Банды қолындағы зұлымдық зұлымдық па, нағыз тозақ енді басталған, өрттей қулаған өсек-аяң тірі адам бетіне қаратпай, жандырып-күйдіріп барады. Бұрын ғашық болған, сөз салып жүрген Бекболаттың өзі де тоят алған соң, сұмдық оқиғаның мәнісіне көзі жеткеннен кейін, түк көрмегендей болып, теріс айналып кете барады. Мамырбайдың төсек жаңғыртуы, Өрік тоқалдың қатігез мінездері, Ұрқия жеңгенің адамгершілігі, қарамұрт офицерден біткен жазықсыз сәби - Ескендірдің өмірге келуі - мұның бәрі сала-сала реалистік оқиғалар болып берілген. Алдымен есіркеп, мүсіркеу, аяу, артынан қорлық, мазақ, табалау атаулының тозақ отына өртенген Ақбілек бәрібір тірі қалады: заман ағысы, өмір толқыны бірте-бірте ескі жараны емдеп, тіршіліктің жаңа жапырақтары қылтиып - көгеріп өсе бастайды. Ағасы Төлегеннің соңынан іздеп барып оқуға түседі, Семей, Омбы қалаларын көреді, қырық шырақты әйел емес пе, келер күндерден үміт күтіп әрекет жасайды. Романда кейіпкер, оқиға көп емес, ықшамдылық, жинақылық, әсіресе драматизм принциптері ерекше ескерілген. Бір кәрекетке қатысып, үзіліп қалатын кейіпкерлердің өзін жазушы даралап, есте қалатындай етіп сомдап соғып береді. Кескін, сөз мақамы, қимыл-қозғалыс - бәрі образ жасауға аса қажет көркемдік құралдар, персонаждардың өзін-өзі сипаттауы Жүсіпбек Аймауытов жиі қолданатын әдеби тәсілдердің бірі. Оқиық: “Мен таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарқабақтау, кірпі шаш, қарыс маңдай, қара сұр жігітпін. Жасым отыз бесте. Әкем Тойбағар, өзім Мұқаш болғалы аузым асқа, ауым атқа жарыған емес”. Кедейден шыққан осы Мұқаш тап тартысының мәнін, табиғатын анық түсініп болған кісі емес, қолынан келсін-келмесін мансапқа ұмтылады, біреуге өшіксе, аянбай жауласады, сорлы қыз Ақбілекті қасқырлардың аузына тастап жіберген себебі - Мамырбаймен ескі араздығы. Екінші бір қу мүйіз, пәлеқор - Жылтыр деген көксоққан, естімейтін өсегі, білмейтін пәлесі жоқ. Кейін, ашаршылық, репрессия тұстарында осындай тас жүректер мыңдаған жазықсыз боздақтарды қан қақсатып, қынадай қыратын болады. Жазушы сорақы әлеуметтік құбылысты күн ілгері танып, нақты образдар арқылы таңбалап берген. Негізгі сюжет желісі Ақбілек тағдырын қуалап отырғанмен, автор ретті тұстарда уақыт сарынын таныту үшін әр түрлі ортаның өкілдерін көрсетіп кетеді. Ақбала, Балташ, Доға, Жорғабек, Төлеген бұлардың бас қосқан кезі, сол тұстағы мінез-құлық ерекшеліктері, кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік ой ағымы, зиялылар ортасындағы сан алуан дағды-салт - бұлардың баршасын жеріне жеткізбей шолу, көркем түрінде ат үсті бейнелегенмен, ықшам, дәлді суреттер, мағынасы терең монолог, диалогтар, көп көмбені ашатын кең толғаулар көп сырдан хабардар етеді. Романның алғашқы үш бөлімі тиянақты, шебер көмкерілген, үзіліп қалатын, аяғына жетпеген ситуация сирек, негізінен, Ақбілек басындағы психологиялық күйлер реалистік қуатпен сенімді, дәлді беріледі де, төртінші, соңғы бөлімде публицистикалық, очерктік сипат бел алған. Ақбілек - Кәмила арасындағы ұзақ сыр, оқудағы жәйттер, зиялылар хикаясы, Балташ - Ақбілек арнасы - бәрі де жалпылама көрсетіледі. Стильдегі көтеріңкі леп, оқырманға тікелей тіл қату романның көркемдік қуатына салқынын тигізген. Жас ғұмырында ақ жүрегіне балта тиген Ақбілек сынды әйелдің Балташ


Ұқсас жұмыстар
МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
Наурыз мерекесіне өлең құрастыру
М.дулатов. «бақытсыз жамал» романын талдау
Аяулы жақаң. а. дулатов
ХХІ ғасыр көшбасшысы жайлы
Міржақып дулатұлы "шешенің балаларын сүюі" 8 сынып
Қай ақынның сөзі
Дұрыс жауап бір ұпай
Nis бойынша әр сыныпқа арналған күнделікті сабақ жоспары
Өлеңді құрылысына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz