Дауысты және дауыссыз дыбыстар

Бекітемін:
Пәні: Жазу. Оқу және тіл дамыту. 08. 04. 19ж
1. 1. 7. 1 Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы өз пікірін білдіру (қызықты, қызықты емес, неліктен)
1. 1. 9. 1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажырату жəне дұрыс дыбыстау.
Дыбыс пен әріпті тану және ажырату
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Тыңдалған материалдардың мазмұны туралы (нан -қасиетті тағам екені) өз пікірін білдіреді.
Сөздегі дыбыс түрлерін дауысты, дауыссызға ажыратады.
Көптеген оқушылар: Дастарқанға нанның қалай келу жолдарын толық айта алады.
Кейбір оқушылар: Нанды қадірлеу, асқа құрметпен қарау керектігін түсінеді және мақал-мәтел, тиым сөздермен дәлелдейді.
1. Мәтін мазмұны бойынша өз пікірін білдіреді.
2. Дыбыстарды дауысты, дауыссызға ажыратады.
https://www. youtube. com/watch?v=3PX2V7nVI1Q
(Нан туралы ертегі, 2 мин)
Сабақтың барысы:
Сабақтың басы
5 мин
1. Амандасу. Шеңбер құрып, өзінен кейінгі көршісіне жақсы тілектер айтады.
2. Нан түрлері суреттері таратылады. Бауырсақ, таба нан, тоқаш, тәтті нан. Оқушылар сурет бойынша 4 топқа бөлінеді.
3. Ұ. Ж. «Бір үзім нан» аудио-ертегі тыңдатылады.
Сұрақ:
- Бай мен кедей қандай жағдайға тап болды?
- Бай қолына не алды?
- Кедей не алды?
- Қайсысының алғаны пайдалы болды, неліктен?
Дескриптор:
1. Нан алтыннан да қымбат екенін түсінеді.
2. Арпа, бидай ас екенін біледі.
Қ. Б. Әр оқушының алдына және топқа ортақ ыдыс бейнесі таратылады. Жауап берген балаға нан түрлерінің суреті беріледі. Олар ыдысқа желімдеп, ұпай жинайды.
Бүгінгі тақырып не туралы болғалы тұр деп ойлайсыңдар? (нан туралы)
Біз ертегіні оқыдық па, тыңдадық па? (тыңдадық)
Біз қалай тыңдадық? (естідік)
Естіп, тыңдаған кезде құлағымызға не келеді? (дауыс, дыбыс, үн)
Бізді біреу есту үшін біз не шығарамыз? (дыбыс)
Олай болса, бүгінгі сабағымыз нан туралы және не туралы болғалы тұр? (дыбыс)
Бүгін дыбыс түрлері туралы да айтамыз.
https://www. youtube. com/watch?v=3PX2V7nVI1Q




Сабақтың ортасы
30 мин
Оқулықпен жұмыс
(Ж Ж) «Оқы, жұптас, талқыла» әдісі
1-тапсырма.
1) Мәтінді оқып шығыңдар.
2) Арман мен анасының сөзін жұптасып рөлге бөліп оқы.
3) Сұрақтарға жауап бер.
Ең тәтті не?
Анасы Арманға нанға бал жағып берді. Нанды тамсанып жеп отырған Арман анасына қарап:
- Анашым, нан тәтті ме, бал тәтті ме?-деп сұрады.
- Әрине, нан тәтті, - деді анасы.
- Жоқ, анашым, бал тәтті. Дәмін қараңызшы, -деді.
- Иә, балам, бал тәтті. Бірақ, нанды дайындау үшін қаншама адам еңбек етеді, маңдай терін төгеді, сондықтан нан тәтті. Нан - қасиетті тағам.
Сұрақтар: - Арман нені жеді?
- Арман анасынан не деп сұрады?
- Бал тәтті ме, нан тәтті ме екен?
- Неліктен?
- Балды күн сайын жей алар ма едің?
- Ал, нанды күнде жейсің бе?
- Сонда қай тағам қадірлі, қай тағам қасиетті?
Дескриптор:
1) мәтінді түсініп оқиды, сұрақтарға жауап береді.
2) рөлге бөліп оқуға машықтанады
Қ. Б. Сұраққа жауап берген оқушыға бауырсақ суреті беріледі.
Т. Ж . 2-тапсырма. «Ойлан, тап» әдісі .
1) Берілген сызба бойынша үгінгі тақырыпқа байланысты сөздер ойлап жазу.
2) Жазған сөздеріңізге дауысты, дауыссыз дыбысқа талда.
Дескриптор:
1. Әр сызбаға сәйкес тақырып бойынша сөз тауып жазады.
2. Сөздерді талдай отырып, дауысты, дауыссыз дыбыстарды атайды.
Қ. Б. Толық дұрыс жауапқа 3 печенье суреті беріледі.
2-3 қате болса 2 печенье суреті, одан көбірек қате болса 1 печенье суреті беріледі. Топтың ыдысына жапсырады
Ө. Ж. 3-тапсырма. Дәптермен жұмыс.
2-жаттығу. Сөйлемдерді қатесіз көшіріп жазу. Соңғы сөйлемге дыбыстық талдау жасау.
Нан дастарқанға көп адамның еңбегімен келеді. Нан-қасиетті тағам. Оны қадірлеу керек.
Дескриптор:
1) Сөйлемді қатесіз көшіріп жазады.
2) Сөйлемге дыбыстық талдау жасайды.
Қ. Б. Әр оқушыға бәліш суреті беріледі (2 балл)
Сергіту сәті.
Мұғалім сөздер айтып тұрады. Дауысты дыбыстан басталатын сөзге қол шапалақтайды. Дауыссыз дыбыстан басталатын сөзге аяқты соғады.
Т. Ж. 4-тапсырма. « Эстафета» әдісімен әр топқа жеке тапсырма беріледі. Әр топ өз түсімен орындайды.
1-топ. «Ойлан, тап» әдісі . Дауыссыз дыбыс әріптерін жаз.
1-топ: 7 дауыссыз дыбыс әрпін жаз;
2-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз;
3-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз;
4-топ: 6 дауыссыз дыбыс әрпін жаз;
Дескриптор:
1) Дауыссыз дыбыс әріптерін жазады.
2-топ. « Ассоциативті қатар» әдісі
Әр топ мүшесі дауысты дыбыстардан басталатын сөздер тауып жазу.
Дескриптор:
1) Дауысты дыбыстардан басталатын сөздер тауып жазады.
3-топ. «Кім тапқыр?» әдісі. Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыс әріптерін қой.
3-топ: Д . . . қан бид . . . й дәнін жерге себ . . . ді.
4-топ: Комбай . . . ншы б . . . дайды ор . . . ды.
1-топ: Ди . . . рменде бидайд . . . н . . . н тартады.
2-топ: Науб . . . йханада ұнн . . . н нан піс . . . реді
Дескриптор:
Тиісті дауысты дыбыс әріптерін жазады.
4-топ. «Адасқан сөздер» әдісі. Орны ауысқан сөздердің орнын тауып, сөйлем құра.
4-топ: ән, нан, бар жерде, бар.
1-топ: шашпа, баспа, дәнді, нанды.
2-топ: атасы, нан, тамақтың.
3-топ: қойылады, нан, дастарқанға, алдымен.
Дескриптор:
Сөздердің орнын тауып, сөйлем құрап жазады.
Қ. Б. Әр топқа торт суреті таратылады.
Сабақтың соңы
5 мин
«Кубизм» әдісі
Әр қырына сұрақтар жазылады. Әр топ түскен сұраққа жауап береді.
1-қыры: Дауысты дыбыстарды ата
2-қыры: Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың қандай айырмашылығы бар?
3-қыры: Дауыссыз дыбыстарды ата
4-қыры: Ең қадірлі, қасиетті тағам не?
5-қыры: Дастарқанға қай тағамнан бастап қою керек? Неліктен?
6-қыры: Нанды дастарқанға әкелгенге дейін кімдер еңбек етеді?
Дескриптор:
1. Дауысты дыбыстарды атайды.
2. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын ажыратады.
3. Дауыссыз дыбыстарды атайды.
4. Ең қадірлі, қасиетті тағамның нан екенін біледі.
5. Дастарқанға наннан бастап қою керектігін және неліктен екенін түсіндіреді.
6. Нанды дастарқанға әкелгенге дейін еңбек ететін мамандық иелерін айтады.
Қ. Б. дұрыс жауап берген топқа тәтті нан суреті таратылады.
Сабақ соңында әр топтың және жекелей оқушылардың нан салғышында қанша нан түрі жиналғаны бойынша мадақталады.
Рефлексия:
Оқушылар аты жазылған стикерлерін тиісті суреттің астына жапсырады.
Нан дүкенін- сабақ маған өте жақсы ұнады, бәрі түсінікті;
Егіс шабу-Сабақ маған ұнады, бірақ, кейбір тұстары түсініксіз болды.
Егіс егу-сабақ маған ұнамады, түсініксіз тұстары көп болды.
4-тапсырма сараланып алынды. Әр топқа жеңілден ауырға қарай тапсырмалар күрделеніп берілді.
1-деңгей: дауыссыз дыбыс әріптерін жазу
2-деңгей: дауысты дыбыстан басталатын сөздер жазу
3-деңгей: Шығармашылық тапсырма- тиісті әріпті қою
4-деңгей: Шығармашылық тапсырмы-сөздердің орнын тауып сөйлем
Әр оқушының алдына және топқа ортақ ыдыс бейнесі таратылады. Жауап берген балаға нан түрлерінің суреті беріледі. Олар ыдысқа желімдеп, ұпай жинайды.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсатын тақырыпқа сай нақтыладым. Ұжымдық, топтық, жұптық және өзіндік жұмыстарды бөліп жоспарладым. Саралау барысында тапсырмаларды жеңілден күрделіге қарай спиральді оқытуды басшылыққа ала отырып жинақтадым.
Әріптестерімнің «мақсатты айқындауға көңіл бөл» деген ұсынысын ескеріп, сабақ жоспарлаймын.
Оқытудың белсен әдіс-тәсілдердін іріктеп, сабақ жоспарлауға пайдалануды жандандырамын.
Бекітемін:
Пәні: Санау. 08. 04. 19ж
Сабақтың тақырыбы: 12 саны және цифры.
Бекітемін:
Пәні: Өзіне-өзі қызмет көрсету. 08. 04. 19ж
Бекітемін:
Пәні: Бейнелеу. 05. 04. 19ж
Сабақтың тақырыбы: Жазғы жапырақ.
Сабақтың тақырыбы: Жапырақты бейнелеу.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Пән бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
Жапырақтардағы алуан түстер мен реңктерді, бояқтарды
бір-бірімен қосу арқылы бейнелей білуге дағдыландыру.
ә) Дамытушылық: Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған
әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету. Күзгі көріністердің алуан түске еніп, құлпырған жапырақтардың әсемдігін көріп, бақылап, қағаз бетіне түсіре алуға үйрету.
б) Тәрбиелілік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты
түсіне білу. Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білу.
Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар: Плакаттар , түрлі-түсті қарындаштар, ақ қағаз, күзгі көрініс шығармалары, суретшілер шығармалары, фотосуреттер, балалар шығармалары, қағаз, қарындаш, өшіргіш, акварель бояуы, қылқалам және тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
- Жаңа тақырыпты түсіндіру.
- Тапсырмаларды орындау.
- Сабақты бекіту.
- Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Міне, шебер суретші тәрізді табиғатты алуан түрлі түске бояп, күз де келіп жетті. Оқушыларға сұрақ қоямын:
- Пейзаж деген не, есіңе түсір.
- Суретші В. Поленовтың мына күзгі пейзажы сені қандай күйге бөледі?
- Күз бояулары жайлы айтып бер.
- Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Ағаштағы жапырақтар қызыл, жасыл, сары шамдардай жарқырайды. Ал жерге төгілген жапырақтар түрлі түсті кілем төсегендей құлпырып тұрады. Сол кілемнің алуан түстеріне назар аударып, өзіңе ұнаған жапырақтарды қолыңа ал да, оларды салыстыр.
Сен жапырақтардың бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырағы екенін анықтауға болады.
Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағайдың жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай орналасады.
Пейзаж деген не, есіңе түсір. Күз бояулары жайлы айтып бер. Күзде ағаш жапырақтары, шөптер, аспан түстері қалай өзгереді?
Сен жапырақтардын бір-біріне ұқсамайтынын аңғарған боларсың. Олардың пішініне қарап ол қай ағаштың жапырагы екенін анықтауға болады. Мысалы, талшын жапырағы жеті жапырақшадан тұрады. Олардың барлығы сағақ басындағы бір нүктеден тарайды және ортаңғы жапырақша бәрінен үлкен болады. Ал қарағанның жапырағы көптеген ұсақ жапырақшалардан құралады. Олар ортаңғы сызықтың екі жағына бойлай
орналасады. Барлық жапырақтар пішіні, түсі және көлемі жағынан алғанда әр түрлі. Дегенмен олардың ішкі құрылысында ортақ нышандар бар. Олар - жүйеленген талшықты жапырақша және оның сағағы. Ортаңғы талшық жапырақты тең екі бөлікке бөледі. Сол ортаңғы талшықтан екі жаққа ұсақ талшықшалар тарайды.
Осы негізгі сызықшалардың көмегімен жапырақтың суретін оңай салуға болады.
Сонымен қатар жапырақ суретін оның сыртқы жиек арқылы да салуға болады. Жапырақтың сыртқы жиегін бейнелеп, сызық жүргіз. Жүргізген сызығың әдемі және жапыраққа ұқсайтындай болуын қадағала.
Сен жапырақтармен танысып, олардың қандай ағаштардан түскенін анықтадың. Оларды бейнелеудің негізгі тәсілдерімен таныстың. Осымен жапырақтармен танысуды аяқтауға да болады . . .
Егер сен жақсы суретші болғың келсе, онда өзіңнің бар өнеріңді, шабытың мен шеберлігіңді көрсет.
Әр түрлі материалдармен жапырақты қалай бейнелеуге болады. Жай ғана түрлі түсті қарындаштармен де жапырақтың суретін салуға болады. Ол үшін әр түрлі штрих сызықтарды қолданасың. Бұны бірінші сыныпта оқып-үйренген болатынсың. Тек жасқанбай кіріс, ол сенің қолыңнан келеді!
Жапырақтың суретін түрлі түсті акварель қарындаштармен де салуға болады. Негіз ретінде кез келген қоңырқай немесе қара түсті қағазды пайдалан.
Әшекейлеу (декорация) туралы білетініңді есіңе түсір, қара түске салған кезде түрлі әшекейлеу тәсілдерін қолдансаң, суретің әсерлі болады. Өткен жылы нені әшекейлегеніңді есіңе түсір.
Тушь, қаламұш, фломастер сияқты графикалық құралдарды пайдаланып, жапырақты ақ-қара түспен бейнелеуге болады. Ал егер әшекейлеуді қолдансаң, суретің әсерлі болып шығады.
Жапырақтың суретін салмай-ақ, оның әдемі көшірмесін алуға болады. Ол үшін жапырақтың астыңғы жағына түсті гуашь жағып, оны абайлап қағаз бетіне жапсыр да, үстінен ақырын бастыр. Сонда өте әдемі көшірме алынады. Содан кейін сыртқы жиек сызығын сызып, басқа бөліктерін толықтыруға болады.
Жапырақ бейнесіне ұқсаған түрлі түсті акварель дақтарынан көшірме алып әсерлі монотипия жасауға болады.
Ол үшін палитрада қажетті түстер гаммасын даярла. Әйнек немесе қағаз бетіне қылқаламмен түрлі түсті бояу дақтарын жақ. Дақтар жайылған кезде оның бетіне ақ қағаз парағын жапсыр. Бұдан алынған көркем көшірмелерді қосымша сызықтармен сәл ғана толықтыр, сонда жапырақтың тағы бір ерекше түрі пайда болады.
Жапырақты аппликация тәсілінде де бейнелеуге болады. Ол үшін саған түрлі түсті қағаз немесе ескі түрлі түсті журналдар қажет.
Апаңнан ескі шілтер немесе перденің қиындысын сұрап ал. Олардан қиып алып жасаған жапырақтарды бір түсті матаға жапсырғанда өте әдемі әрі нәзік болып көрінеді. Күзгі жапырақтардан бүтін біркомпозиция жасауға болады. Ол үшін кез келген өзіңе ұнаған тәсілді таңда.
Үйге тапсырма беру: Жазғы көріністерді бейнелеу. «Төгілген і жапырақтар» тақырыбына сурет салу.
Бекітемін:
Пәні: Өзіне-өзі қызмет көрсету. 05. 04. 19ж
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының киіз үйдің маңызы, олардың ерекшелігі, ішкі құрылысы
Мақсаты: 1) Қазақ халқының ежелгі тұрағы киіз үй туралы мәлімет беру, киіз үй құрылысымен танысу.
2) Киіз үйдің құрылысы жайлы жұмбақтар шешіп, өлеңдер оқып жаңа сабақты меңгеру.
3) Ата дәстүрін ұмытпауға, әрқашанда қадірлеуге баулу.
Көрнекілігі: киіз үй жасаулары - суреттер, жұмбақ, киіз үй жасаулары өлеңі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- Жаңа сабақты түсіндіру. Жұмбақ айтудан бастау.
Қаз қанатын жайды,
Үйрек мойнын созды,
Төбесіне аққу қонды /кереге, уық, шаңырақ/.
- Бүгінгі танысатын тақырып «Киіз үй жабдықтары».
- Сұрақтар қойылады.
1. Қандай киіз үй түрлері бар? /6 қанатты, 8 қанатты т. б. /
2. Қазіргі кездерде тігіліп жүрген киіз үйді көрсіңдер ме?/тойларда, наурыз мерекесінде тігіледі/
3. Киіз үй құрылысын кім айтып береді? /кереге, уық, шаңырақ, желбау, түндік, туырлық, есік, арқан, ши/
Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбіне өзен бойындағы талдардан жасалады. Шаңырақ үшін түзу және бұтақсыз ағаш алынады. Кереге - киіз үйдің қабырғасы. Кереге көз өлшемдеріне қарай «жел көз», «тор көз» болып екіге бөлінеді.
Киіз үй жабдықтары. халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің, шынайы еңбек пен табиғатты түсіне білуінің, шеберлі пен даналық суреткерлігінің құдіретті туындысы киіз үй десек болады. Киіз үйдің күмбез тәрізді жасалуы, күн тіке түетін беттің неғұрлым аз, ішкі көлемнің көп басылуы, ақ сөңке сүйекпен борлануы, күн сәулесін өткізбеу үшін қажет. Кереге жоғары жағына қарай тартыла береді де уық арқылы күмбізге айналып кетеді. Үй басу өнері - аса іскерлік пен қыруа еңбекті, шынайы талғамды керек ететініс. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбіне өзен бойындағы талдардан жасалады. Кейде қайыңнан жасалады. Қайыңнан жасалған үйлердің көлемі үлкен, сүйегі салмақты, берік боладыШи-екі қанаттан тұрады. Ел ішінде үй жабудың екі түрлі үлгісі қалыптасқан. Біріншісі, тұтас үш туырлықпен жабу да, екіншісі, үзектеп жабу. Киіз үйдің әрбір арқан-бауларының өзіндік атқаратын қызметтері бар. Бас арқан-құрулы кереге қанаттарының басын айналдыра тартатын арқан. Белбеу арқандар-жабулы киіз үйдің сыртын айналдыра, екі жерден тартылатын арқандар. Таңғыш-өзера қайысқан әрбір екі кереге қанатын біріктіретін, ұзындығы 3-3, 5 метр шамасында болып келетін, түрлі-түсті құр. Уық бау-уық пен кереге бастарын біріктіру үшін, арнайы түрлі-түсті жіптен есілген бау. Уықтың аяқ бауы-жығылуы киіз үйдің жиналған уықтарын топтан буу үшін, уықтың ұзынбойына арнайы тағылған бау. Жел бау-шаңырақ бөгенінің екі ернеуіне үйдің екі бүйіріне түсіп тұратындай етіп тағылатын, түрлі-түсті жалпақ құр. Кіндік бау-маңдайшаға байланады, ұзындығы 2 метр, жуандығы 1, 5 см шамасында есілген бау. Киіз есік-жиналғанда кіндік бау арқылы маңдайшаға байланады да, үй сыртынан жабылғанда кіндік бау бір босағада төменгі белбеу арқаннан өткізіліп, екінші босағаға байланады. Кіндік бауды негізінен ала жіптен есіп жасайды. «Адамның ала жібін аттамау»деген халық ұғымының бір төркіні осында болса керек. Басқұр-бас арқанның үстінен, уық шаншылып, кереге бекітілген кейін тартылатын, жалпақтығы 13-15 см шамасында 2 немесе 3 түрлі жіптен ызып тігілген жалпақ құр. Тегеріш-басқұрдың үстінен үйді айналдыра тартылатын, түрлі-түсті жіптен ою-өрнек салып тоқылған жалпақ терме бау. Киіз үйдің сүйек мүшелерін, жабының жекелеп талдап қарасақ, олардың жасалу техтологиясын, пішімдерінің өте жоғары дәрежелі ғылыми негізі бар екендігін көреміз. Үйдің сүйек мүшелерінің жоғарыдан түскен салмақты шаңырақ бөгеінен бастап
Сағақты кереге
Шаңырақ біреу,
Шаңыраққа сексен уық болар тіреу
Алты қанат боз үй дейсің мұны,
Сынамаққа сұрай қалса біреу-мінеу.
Ең алғаш күлдіреуіштен сығалар таң,
Крегенің басында адалбақан
Төрдегі текеметке малдас құрып
Көнен хикаясын шертер атаң.
Іргеден маңдай төсеп еспе желге
Қымыз іш
Сырқат қалмас еш денеңде.
Кесе қап, аяқ қап пен әбдіре, сандық
Артық мүлік болмайды көшпелі елде.
Тап-таза,
Ететұғын ауасы жас,
Киіз үйге жұрттың ынтық болғаны рас.
Жылы, жеңіл
Тігуі, жығуы оңай
Үй басуды үйренер зерделі жас.
Ү. Сабақты бекіту. Сұрақтар қойылады.
1. Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
2. Шаңырақ қандай бөлімдерден тұрады?
3. Кереге қандай ағаштардан жасалады?
ҮІ. Сабақты қорыту.
Міне, балалар, сабақтың байырғы бастамасы, киіз үй құрылғысымен тереңірек таныстық. Қоршаған табиғат пен ғажайып гармониялық үйлесім тапқан, негізінен төрт түлік мал өнімдері мен жергілікті табиғат байлығының бірі - талдан тұратын, жинақы да жеңіл, қарапайым да қолайлы халық баспанасы - киіз үйдің жалпы құрылысы міне, осындай.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz