Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тәрбие сағаты: Адамгершiлiк асыл қасиет

Казахстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды <<Болашақ>> маңызды білім беру колледжі

Тәрбие сағаттың тақырыбы:
<<Адамгершiлiк асыл қасиет>>

Орындаған: Жармағанбетова Т.
Тексерген: __________________

Қарағанды 2014
Тақырыбы: Адамгершiлiк асыл қасиет

Мақсаты:
1. Тәрбиеленушілерге асыл қасиет тек адам бойында болатынын түсiндiру.
2. Жақсы қасиетке үйретiп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершiлiк сезiмдерiн дамыту.
3. Балаларды кiшiпейiлдiлiкке, үлкендi сыйлауға, кiшiлерге көмек көрсете бiлуге тәрбиелеу.
Көрнекiлiктер:суреттер, буклет және тағы басқалары.
Тәрбие сағатының барысы:
Бүгiнгi заман адамы сегiз қырлы, бiр сырлы болып өсу керек. Оның ең бастысы адамгершiлiк. Ата-ананың тiлегi-сенiң жақсы адам, азамат болуың, сенiң еңбек сүйгiштiгiң, оқу мен еңбектегi табыстарың ата-ана үшiн шексiз бақыт.
Ұстаздың, ата-ананың алдында шыншыл бол.
Үлкендердiң ақыл-кеңесiн тыңда.
Бойында осындай қасиеттерi бар баланы бiз қандай бала деймiз?
Балалар: Тәртiптi, әдептi бала деймiз.
Тәртiптiлiк, адамгершiлiк ең алдымен мектеп ережесiн сақтаудан басталады.
Егер сен бала күнiңнен тәртiптi, әдептi, адамгершiлiгi мол бала болып өссең, есейе келе ата-анаңның, өз отаныңның мақтанышы боласың.

Дұрыс сәлемдесе бiлу мәдениеттiлiк, адамгершiлiктiң белгiсi. Көшеде, балабақшада, мектепте, үйде таныс адамдар, үлкен кiсiлер, тәрбиешілер кездессе не деу керек?
Барлығы: <<Сәлеметсiз бе?>>-деу керек.

Үлкен кiсi қолындағы нәрсенi көтере алмай келе жатса, оған не деу керек?
Барлығы: <<Көмектесейiк>>-деу керек.

Байқаусызда бiреумен қақтығысып қалғанда не деу керек?
Барлығы: <<Кешiрiңiз>>-деу керек.

Апаң сенiң базардан
Алма сатып әкелдi.
Ең үлкенiн, жақсысын
Саған таңдап әпердi.
Не деп барып жеу керек?
<<Рахмет апа>>-деу керек.

Адам болам десеңiз.
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрседен асық бол
Адам болам дасеңiз.

Тiлеуiң өмiрiң алдында
Оған қайғы жесеңiз
Өсек, өтiрiк, мақтаншақ
Ерiншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның бiлсеңiз.
Талап, еңбек, терең ой.
Қанағат,рахым ойлап қой-
Бес асыл iс көнсеңiз
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бiр ғалымды көрсеңiз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңiз.
Сiзге ғылым кiм берер,
Жанбай жатып сөнсеңiз?
Дүние де өзi, мал да өзi,
Ғылымға көңiл бөлсеңiз.
Өзiң үшiн үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл
Бiреу үшiн үйренсең.
Бiреу бiлмес, сен бiлсең,
Бiлгенiңнiң бәрi - тұл.
Сөзiне қарай кiсiнi ал,
Кiсiге қарап сөз алма.
Тез үйренiп, тез жойма,
Жас уақытта көңiл гүл.
Әдептiлiк, ар-ұят -
Адамдықтың белгiсi.
Тұрпайы мiнез, тағы жат -
Надандықтың белгiсi.
Ал құрметтi, қонақтар, тәрбие сағатымыз адамгершiлiкке байланысты болғандықтан, балалар сiздерге <<Дастарқан басындағы дәстүрлер>> туралы қысқаша түсiнiк берiп өтсiн.
Халық ұрпағын тәрбиелеуге, көбiнесе дастарқан басында отбасы мүшелерiнiң бас қосуын пайдаланады.
Дастарқан-берекенiң белгiсi, ризашылық сезiмнiң ошағы, молшылдық пен тойымшылдық көзi деп қарайды халық.
Қазақ халқы дастарқанды <<Бөлiнбеген еншiмiз>> деп, ортақ ризашылдықтың тағдыр берген несiбенiң белгiсi деп қарайды.
<<Қуыс үйден, құр шықпа>> деп кез келген адам есiк ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю - халықтың қалыптасқан қасиеттi дәстүрi. Халық қуанышты да, қайғыны да дастарқан басында бөлiскен.
Өсиет айту, бата беру, мәжiлiс құрып, мәмлеге келу, серттесу, достасу бәрi де дастарқан басында шешiледi.
Өйткенi дастарқан дәмi - киелi, оны татып, татуласқан адам <<келiсiм бұзса, астың киесi>> деп, дастарқан иесi оның дастарқан үстiндегi сертiне сенiммен қараған.
Дастарқан басындағы сертiн бұзғандарды халық <<ас дәмi ұрсын>>, <<нан ұрсын>> деп қарғайды.
Күнделiктi отбасының тамақтануына жайылған дастарқан басында: асты ең алдымен ата-анаға, жасы үлкенге ұсыну, асты ретiмен қойып, тазалық сақтау рәсiмдерi орындалады.
Халық ас iшiп болған соң, ас қайыру, асқа бата қылу, қол жуу рәсiмдерi орындалады.
Тәрбиеші: Сыпайылылық, әдептiлiк адамда жас кезiнен қалыптасады. Осы айтқан жақсы қасиеттердi тек сендердiң бойларыңда көремiз деп үмiттенемiз.
Тәрбиеші: Үлкенге сый көрсет, кiшiге жол көрсет - дегендi қалай түсiнесiңдер. Ол үлкендi сыйлай бiлу, кiшiлерге үлгi-өнеге болу деген ұғымды бiлдiредi.
Үлкендерге сый-құрмет дегенде кiшiпейiл, әдептi, сыпайы болушылық деген ұғым бар.
Адам баласы жолдастарымен,туыстарымен қарым-қатынас жасағанда, оның таныс, таныс еместiгiне, қызмет дәрежесiнде қарамай кiшiпейiл, әдептi болу керек. Бұл адамгершiлiк борыш, адамдар бiр-бiрiн бiлу керек. Сонда басқалар оны сыйлайды.
Адамдар байқағыш, сезiмтал, көпшiл болуы керек. Егер бiз өз жеке басымызды ғана ойлайтын жаман қасиетiмiзде тастай алмайтын болсақ, бұл әдет бiздi бiрте-бiрте дөрекi мiнездiлiкке, бiрiн-бiрi сыйлай бiлмеушiлiкке әкеп соғады.
Бұдан шығатын қорытынды: мәдениеттi болудың алғашқы қадамы басқаны- сыйлай бiлу. Ал балалар, адамгершiлiк туралы қандай мақал-мәтелдер бiлемiз?
<<Сыйлай бiлсең сыйланарсың>>.
<<Атаңның баласы болма, адамның баласы бол>>.
<<Адамның күнi адаммен>>.
Осындай тәрбие сағаттары балаларды жас кезiнен бастап адамгершiлiк тәрбиесiнiң берерi мол екенiн үйретедi, мұндай тәрбие сағаттары олардың бүкiл өмiрiнде баға жетпес қолдау қөрсетiп, жеке жұбаныш әкелетiн болады. Бiздiң ойларымыз қандай болса,өмiрiмiздiң де сондай болатынын түсiне бiлу керек. Бiз өзiмiздiң қалауымыздың бәрiне егер бiздiң тiлегiмiз iзгi және шынайы болса ғана қол жеткiземiз.
<>, - дейдi Адамдық ұлы. Сол себептi бiздiң өзiмiзге және жақындарымызға шын жүректен бақыт пен денсаулық тiлеуiмiздi жоғары Ақылдың есiгiн қағу деп атауға әбден болады.

Ұқсас жұмыстар
Топ сағаты
Саналы азамат болуға тәрбиелеу
Білім саласындағы адамгершілігі мол, толеранттық тұлғаны қалыптастыру
Ана қасиеті
Жақсы қасиет отбасынан дариды
Адамгершілікке қандай қасиеттерді жатқыздық
Адамгершілік – асыл қасиет жайлы
Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол
Анамыздың жүрегі
Адамгершілік - асыл қасиет
Пәндер