10-сынып биология: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері

10-сынып. «Биология» пәні

Сабақтың тақырыбы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

Сабақтың мақсаты:

1. Жеке тапсырмалар орындау арқылы моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін ұғындыру.

  1. Генетикалық заңдылықтар жөніндегі білімдерін кеңейту.
  2. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: есептер шығару, сұрақ-жауап, әңгімелеу, раунд-робин әдістері.

Пәнаралық байланыс: химия, биология- 6, 7 сыныптар.

Сабақ көрнекілігі: 1. Интерактивті тақта

2. Электрондық оқулық

3. Тақта, бор

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру : а) ұжымдық әрекет,

ә) санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау әрекеті,

б) қауіпсіздік техника ережесін сақтау әрекеті,

в) оқушы назарын аудару.

2. Үйге берілген есептердің шешуін талдау, салыстыру, қорытындылау .

№6 есеп: Асбұршақтың қара тұқымы А генімен, ақ тұқымы - а генімен белгіленген. Төмендегі буданды аяқтап, түсін анықтаңыз.

Р ♀ АА × ♂ Аа

Г А А А а

Шешуі: Ғ АА, Аа, Аа, АА, жартысы ақ, жартысы қара.

№7 есеп: Есептеу бойынша бірінші ұрпақтың генотипі мен фенотипін ата.

Р ♀ АА × ♂ аа

Ғ Аа

Шешуі: Фенотипі-қара түсті, генотипі- гетерозиготалы.

№8 есеп: Төмендегі буданның ұрпақтары қандай?

Р ♀ Аа × ♂ Аа

Г А а А а

Ғ АА, Аа, Аа, аа

Шешуі: 1 сары, гомозиота: 2 сары, гетерозигота : 1 жасыл, гомозигота.

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

а) Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен, сол кезде толық қолдау таппай 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды. Себебі ол кезде жасуша туралы мәліметтер жеткіліксіз еді.

Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде, орасан зор табыстарға жетті. Сондықтан Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыла негіздеме беруге толық мүмкіндік бар. (әрі қарай интерактивті тақтада слайдта моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері схемасын түсіндіру) .

ә) Будан организмдердің гаметасында аллельді( жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы деп атайды.

Б) Кей жағдайда Ғ-дегі гетерозиготалы ұрпақтан доминанттылық белгі толық байқалмай аралық сипатта болады. Мұндай құбылысты толымсыз доминанттылық деп атайды. Хош иісті раушангүл мен намазшамгүлдің тұқымқуалайтын белгілерінен осы құбылысты көруге болады.

4. Жаңа сабақты пысықтау .

( раунд-робин әдісі арқылы жаңа сабақты пысықтау, әр оқушы жаңа сабақ бойынша бір сөйлеммен өз түсініктерін айтады) .

Есеп: Қызыл жемісті жидек өсімдігін өзара будандастынғанда жидектері қызыл түсті ұрпақ береді. Екеуін бір-бірімен будандыстырғанда жемісі қызғылт түсті ұрпақ шығады. Жемісі қызғылт түсті будан жидектерді өзара шағылыстырса, қандай ұрпақ алынар еді?( толымсыз доминанттылық) .

5. Үйге тапсырма : Дәрісті оқу, толықтыру .


Ұқсас жұмыстар
10-сынып биология сабағы: Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Жыныспен тіркес тұқым қуалаудың цитологиялық негіздері және есептерін шығару
Тұқымқуалаушылық белгілерінің цитологиялық негізі - 10-сыныпқа арналған сабақ жоспары
10-сыныпқа арналған Тұқым қуалаудың заңдылықтары және будандастырудың типтері: ашық сабақ жоспары
Генетиканың даму тарихы және Г. И. Мендельдің тұқым қуалау заңдары: моногибридті шағылыстыру, доминанттылық және гаметалардың тазалығы
Генетика және селекция негіздері: бейіндік курс оқу бағдарламасы
Сиқырлы генетика: Қ.Топаев атындағы орта мектепте 10-11 сынып оқушыларына арналған биология сайысы
Дигибридті будандастырудың логикасы: Мендель мен 9:3:3:1 заңдылығы
11 сыныпқа арналған қолданбалы биология курсының (Тіршіліктану негіздері) күнтізбелік жоспары
10-сынып: Биология мен физика кіріктірілген сабағы - тірі табиғаттағы дыбыстық құбылыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz