Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Суретін көрсету
Тақырыбы: Туған жер жобасыынң негізінде қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу аспектілері
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: 1. Студенттерді Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
2. Қазақша рәміз, ту, елтаңба, ән ұран, сөздерін үйретіп, тіл байлықтарын дамыту.
3. Студенттердің патриоттық сезімдерін оятып, отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер: Қазақстан картасы, рәміздер суреттері, ел басшысының суреті, бейне таспа, үн таспа, киіз үй жабдықтары. киіз үйдің макеті
ТОПТЫ КӨРКЕМДЕУ: Топ екі кеңістікке бөлінеді. Бірінші кеңістікте тақтаға карта және ел басшысының суреті ілініп, бейне таспа мен үн таспа қойылады. Екінші кеңестікте киіз үйдің бейнесі жасалып, жерге көрпеше төселіп ортаға дөңгелек үстел қойылады. Топтың ішіндегі шкафтарға бағыттау белгісімен сандар жазылады. 1 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде ту тығылады. 2 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде елтаңба қойылады. 3 саны бар бағыттау белгісі бар шкаф ішінде ән ұраны жазылған диск тығылады.
САБАҚ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру Студенттер дөңгелене тұрады
кезеңі:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Мұғалім : Жарқылдайды күніміз,
Жарқылдайды даламыз.
Қайырлы таң Студенттер!
Студенттер: Армысыз аспан ата
Армысыз жер ана
Армысыз алтын күн
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Амансыздар ма? Сәлеметсіздер ме?
Кіріспе: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы <<Менің елім Қазақстан>>
Бүгінгі сабақта Қазақстан республикасының рәміздерімен танысамыз.
Өткенді қайталау:
1. Біз қандай республикада тұрамыз? (картадан көрсету)
2. Біз тұратын қала қалай аталады? (картадан көрсету)
3. Республиканың астанасы қай қала? (картадан көрсету)
4. Еліміздің ел басшысы кім?(суретін көрсету)
Студенттер бөлмеге қараңдаршы бөлме екі кеңістікке бөлінген. Шкафтың үстіне бағыттау белгісі ілінген кәне бәріміз 1 саны бар бағыттау белгісі бар шкафқа барып ішін ашып қарайық. (туды алып шығады)
Студенттер мынау не? Ол ту.
Енді осы туды алып бәріміз көрпеге қазақша малдас құрып отырайық.
Қазақстан Республикасының өзін ерекшелендіретін рәміздері бар. Сол рәміздің бірі ту. Қайталайық ту, рәміз.
Тудың түсі қандай?( көгілдір)
Ол ашық аспан түсі.
Тудың ортасында ненің суреті? Күн
Күн - бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс - еркіндіктің, болашаққа самғайтын құс. Тудың шетінде ою
Ол - қазақ халқының өнері мәдениеті.
- Студенттер қараңдаршы туда күн, қыран құс, ою алтын түспен салынған ол бақытпен байлықтың белгісі.
Қайталайық күн, қыран, аспан, ою. Ал енді бейне таспаға қараңдаршы осы туды салған суретші Шәкен Ниазбеков.
Сергіту сәті: Көк аспандай көкпен-көк
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы
Ал енді Студенттер бәріміз тұрып 2саны бар бағыттау белгісі бар шкафты табайық
- Ашыңдаршы ішінде не бар?
Бұл Студенттер Қазақстан Республикасының рәмізінің бірі - елтаңба
Көрпеге отырып, сабағымызды жалғастырайық
Әр Республиканың өз ел таңбасы болады. Біздің республиканың өз ел таңбасы бар Қазақстан елтаңбасының көгілдір аясында шаңырақ бейнеленген, (киіз үйдің макетін қарастырады) ол киіз үйдің ең жоғарғысында орналасқан. Ол от басының бақытын сақтайды Ал мынау шаңырақты ұстап тұратын уықтар. Ол күн шуағы ретінде төгіліп тұр. Бұл шаңырақты ел таңбаның жүрегі деп атауға болады. Жоғарыда жұлдыз бейнеленген, ол достықты бейнелейді. Екі жағында ертегідегі қанаты бар тұлпардың суреті
Бейне таспадан осы ел елтаңбаны салған суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шота Уалиханов. Суретін көрсету. Қанатты тұлпар өмірлік өмірдің арман белгісі, болашаққа самғау деген мағынаны білдіреді.
- Студенттер ал сендерде арман бар ма? (Студенттер жауаптары)
- Өскенде кім болғыларың келеді? (Студенттердің жауаптарын тыңдау)
Жаңа сөздерді қайталау Елтаңба, шаңырақ, жұлдыз, тұлпар.
Сергіту сәті: Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып керіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз
Студенттер енді 3 саны бар бағыттау белгісі бар шкафты тауып ішін қарайықшы Мынау не ? Ол диск. Бұл дискіде не жазылған екен тыңдайық.
- Бұл дискіде Қазақстан республикасының ән ұраны (бұл әнді ұранды Студенттер жатқа айтып береді). Бұл ән жиналыс - жиындарда қойылады. Бұл әнді тұрып, оң қолымызды жүрекке қойып тыңдайды.
Бұл өлеңде Қазақстан Республикасының тарихы айтылған. Кең байтақ жері табиғаты айтылған. Ән ұранның авторларын бейне таспадан қарау Шәмші Қалдаяқов, Жұмакен Нәжімеденов, ел басшымыз
Нұрсұлтан Назарбаев.
III. Ой қозғау
Отан деген немене? (топтастыру)
1. Біздің Президентіміз кім?
2. Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
3. Қазақстанның астанасын ата.
4. Біз қай елдермен көршілеспіз?
5. Рәміздердің авторларын ата.
IV. Мағынаны тану Картамен жұмыс. Қазақстан туралы мағлұмат беру.
а) Демократиялық - азат, ерікті, тәуелсіз мемлекет.
ә) Биліктің үш тармағы парламент, үкімет, сот
б) табиғаты
в) жануарлары мен өсімдіктері
г) табиғат байлықтары
V. Ой толғаныс
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Біздің міндетіміз қандай?
3. Қазақстан қандай елдермен ынтымақтастыққа қол жеткізді?
4. Қазақстан жер аумағы жөнінде не білеміз?
5. Біз қай облыста, ауданда, ауылда тұрамыз?
6. Облысымызда қандай шаруашылықтар бар?
Сергіту сәті.
Туған жер, Отан тақырыбында қандай ән білеміз, бірге айтайық.
V. Қабырғаға қарап оқу, автор орындығы <<Бәйтерек>> суреті
Қорытынды:
Студенттер бүгін біз республиканың рәміздерімен таныстық. Ал сабақты қорытындылау үшін <<Дұрыс ата>> ойынын ойнайық.
Мен қазақшасын айтамын ал сендер маған үстелдегі суретті дұрыс тауып тақтаға ілесіңдер. Мынау суретте Қазақстан жері табиғаты тамаша.
Студенттер сендер елімізге қанадай тілек тілейсіңдер
Елімізде тыныштық болсын!
Еліміз бай болсын!
Бейбітшілік болсын!
Аспан ашық болсын!
Мадақтау:
Сабағымыз аяқталды сау болыңыздар?

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz