Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мектеп медбикесі

2018-2019 оқу жылындағы <> психолог жұмысының IІ жарты жылдық есебі
ІІ жарты жылдық оқу жылы <<Психологиялық денсаулық айлығын>> өткізуден басталды. Айлық қаңтардың 10-ы мен ақпан айының 10-ы аралығында өтті. Жұмыстың мақсаты аутодиструктивті мінез-құлықты алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру. Психологиялық денсаулық айлығының жұмысы <<Салауатты өмір салты>> тақырыбындағы таныстыру жұмысынан басталды. Қаңтар айы <<Салауатты өмір салты>> тақырыпта 1-11 сыныптар арасында таныстыру жұмыстары жүргізілді. Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, денсаулықтың құндылығын, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан - жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу; зиянды заттардан аулақ болуға,денсаулық және дене тәрбиесін дұрыс сақтауға тәрбиелеу; <<Салауатты өмір салтын>> сақтауға және қоршаған ортасын сыныптарға зиянды әдеттерден қорғауға дағдыландыру; Таныстыру жұмыстарын 1-11 мектеп медбикесі ---------- мен мектеп психологы ----------. жүргізді. Оқушыларға <<Салауатты өмір салты>> туралы ақыл-кеңес беріліп, жаднамалар таратылды. Аталған іс-шараға оқушылар белсенділікпен ат салысуға ұсыныс айтылды.
Мектептегі психологиялық әл-ауқатты жақсарту мақсатында психологиялық көрме ұйымдастырылды. <<Тілек ағашы>>, <<Өзіңе керектіні ал>> және <<Эмоциялар калейдоскопы>> атты қабырға газеттері шығарылды. Үрдіске тек қана оқушылар ғана емес, мектеп ұжымы мен ата-аналар да қатысып, жақсы әсерде қалды.
8-11 сыныптың қыздары арасында жиналыс өткізілді. Қыздарға алдымен денсаулық, салауатты өмір салты тақырыбында мағлұмат беріліп өтті. Мектеп медбикесі --------- қыздарға жеке гигиена жайлы, ағзаға қажетті витаминдер туралы айтып өтті.Мектеп психологы Досмағамбет М.С. өз баяндамасында отбасында дүниеге келген қыз балаға берілетін тәрбиенің маңызын, ерте жүктілік ана мен баланың денсаулығына кері әсер беретіндігін, яғни ең алдымен қыздар бедеулікке, түрлі генетикалық ауруларға ұшырайтындығын, жасөспірімдердің ерте есеюіне теледидардан беріліп жатқан үнді, түрік, корей телесериалдарының және әлеуметтік желілердің кері әсерін, "ойнап жүріп, от басқан" мектеп жасындағы қыз балалардың тағдыры жөнінде тағылымды ақпарат берді. "Қызға қырық үйден тию, қала берсе күңнен тию" сөзінің төркініне түсінік берді. Сонымен қатар қыз бала өз ісіне жауап берудің маңызын, жастайынан арын сақтау-бұл ұрпақ өрбітуге айрықша ықпал ететіндігін, сезімді ақылға жеңдіру төңірегінде айтып өтті. Сондықтан қыздардың мектеп қабырғасындағы ең басты мақсаты білім алу екендігі ескертіліп айтылды. Қыздар жиналысқа белсене ат салысты. Соңында қыздарға арнайы дайындалған бейнероликтер көресітілді.
8-11 сыныптар арасында ұлдар жиналысы өткізілді. Кездесудің мақсаты жастардың табиғаттың адам баласына берген басты байлығы денсаулықты сақтаудың басты жолдары - зиянды әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстану болып табылатындығын түсіндіру, діни сауатын ашу, жастар арасында ислам дінін насихаттау, имандылыққа тәрбиелеу. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие берудің мақсаты - еліміздің заңдары мен тәртіп ережелерін сыйлау, оны орындау, жастарды азамат ретінде Отаншылдыққа баулу, еліміздің материалдық және рухани байлығын үнемді пайдалануға, оны байытуға, адал еңбек етуге тәрбиелеу, айналамыздағы адамдарға қиянат, зорлық-зомбылық, қылмыс жасамауға үйрету, бауырмашылдыққа, мейірімділікке бағыттау.
Оқушылар ойларында жүрген сауалнамаларын қойып, ұғымды жауап алды. Жиналыс барысында оқушыларға имандылық тақырыбында бірнеше бейнероликтер көрестілді. Оқушылар белсенділікпен ат салысты.
Сонымен қатар, <<Спид - ХХІ ғасыр дерті тақырыбында>> түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмысын жүргізу үшін арнайы <<Алматы қ. ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығынан>> Жаканова Г.А. келип, семинар өткізді. Профилактика барысында АИТВ инфекциясының Алматы облысы бойынша эпидемиологиялық жағдайы; АИТВ (ВИЧ) инфекция дегеніміз не?; Жұғу жолдары қандай? Тақырыптарында профилактикалық жұмыс жүргізілді. Семинар барысында видеоролик көрсетіліп, оқушылардың сұрақтарына жауап қайтарылды
<<Шынықсаң шымыр боласың>> спорт сайысы ұйымдастырылды. Мектептің дене шынықтыру мұғалімдері Ұ.Бекболатова, Иманкулов Н, ұйымдастыруыме <<Шынықсаң шымыр боласың>> тақырыбында спорттық сайыс өткізілді. Бұл сайысқа 6 сыныптар қатысты. Жарыстың өткізілуінің негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау. 6 сыныптар арасында <<Қыран>>, <<Алға>>, <<Тұлпар>>, <<Лучик>> тобы болып төрт топқа бөлініп жарысқа түсті. Әділқазылар алқасы 4 бөлімнен құралған жарыс нәтижесі бойынша қорытындылады. Сайысқа қатысқан әрбір топтың мүшелері өздерінің белсенді, жігерлі, батыл, епті екендіктерін сайыстың әрбір түрінде көрсете білді. Оқушылар өздерінің батыл екендіктерін көрсетіп, тамашалауға келген жанкүйерлер көңілінен шыға білді. Сайыс соңында әділқазылар алқасы өз қорытындысын шығарып, әділ баға бере білді. Сонымен жеңімпаз топ болып 6 <<А>> сынып анықталды. Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
1-4 сыныптар арасында <<Психологиялық ойын сабақтар>> өткізілді. Сабақ барысында салауатты өмір салты дегеніміз не, оны қалай ұстану керек. Жат қылықтардың қандай қаупі бар екені түсіндірілді. Сабақ кезінде оқушыларға жақсы-көңіл күй сыйланып, тренинг өткізілді. Арнайы дайындалған видеороликтер көрсетіліп, оқушылар ойларымен бөлісті.
Оқушыларды мазалайтын және депрессивтік халге әкелетін пәндерді анықтау мақсатында 5-11 сынып арасында сауалнама алынды. Сауалнама Қай сабақ қызықты өтеді? Қай пәннен жақсы көп нәрсе үйрендің? Қандай пән көп ойландырады? Сен үшін қай сабақ оңай? Сенің сүйікті пәнің? Қандай пәнді ұнатпайсың, саған қиындық тудыртады? Қай сабақта жұмыс жасағанда жағымды әсер аласың? Қандай пән керек емес деп ойлайсың? Қай пән саған қиындық тудыртады және көңіл күйіңді түсіреді? Қай пәннен көп білем деп ойлайсың? деген сұрақтардан тұрады. Сауалнама қорытындысы бойынша депрессивтік халге әкелетін пәндер анықталған жоқ.
4-8 сыныптар арасында <<Психологиялық денсаулық, жат қылықтардан аулақпыз>> тақырыбында сурет көрмесі өткізілді.Сурет көрмесіне 4-8-сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушылар шығармашылығында зиянды әдеттер және оның денсаулыққа зардаптары туралы бейнелеген.
<<Біз ұжымдағы достықты қадірлейміз>> тақырыбында Жас мамандар арасында тренинг өткізілді. Педагогтар арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге көмектесу.
Ұйымдастыру кезеңі. Психолог: Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған <<Біз - біргеміз, берік іргеміз >> тренинг сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын. Бірлік адамдар арасында ынтымақтастықты білдіреді, жарасымды татулықтың көрінісін білдіреді. Бұл біздің тоғысқан ел болуымыздың белгісі. Қазақ халқында бірліктің тіршіліктегі орны мен маңызы <<Бірлік болмай тірлік болмас, бірлік түбі береке>>- деп түйген. Әр елдің бірлесіп араласуына, ұлт болып ұйысуына, әр елдің табиғы байлығы басты кепіл болып саналған. Сондықтан әр елдің ұлт болып араласуының басты құралы әр елдің сәлемдеуінен бастайық Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз. Тренинг ережелерімен таныстырылып,
<<Орындық>>, топтық <<арт-терапия>>, <<қайықтағы адамдар>> атты тренингтер өткізілді. Педагогтарға тренинг соңында кері байланыс жасалынып, олар өз ойларымен бөлісіп, жақсы көңіл-күйде екендерін айтты. Тренингке бірқатар жас мамандар қатысты.
Сәтсіз отбасында тәрбиеленетін, ЮПТ есебінде, мектепішілік есепте тұрған, жетім, әлеуметтік жағдайы төмен оқушылармен <<Жастар біздің болашағымыз>> тақырыбында әлеуметтік педагог Әбділлә Т.Қ. ұйымдастыруымен жиын өткізілді. Жиында оқушыларға салауатты өмір салты, зиянды әдеттердің денсаулыққа әсері туралы баяндама оқыды..Жиналыста арнайы дайындалған жаднамаларын таратылы, бейнеролик көрсетілді. Оқушылардың зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға тәрбиелеу тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сонымен қатар ата-аналар жиналысы өткізілді. Тәрбие үрдісінің бір тарауы отбасымен жұмыс десек, отбасынан басталатын тәрбие мектеп өмірінен жалғасын табады. Бір тәуліктің жиырма төрт сағаттың алты сағаты мектепте болғандықтан, қалғаны тәрбие ордасы, үнемі ата-ана болып қала береді. Балаға тәрбие беруді алдымен өз ата-ана өзінен бастауы керектігі түсіндірілді. Себебі, жас буын қалай қисайтса солай өседі. Ал салауатты өмір салтын ұстану да сол сияқты әр ата-ананың өзінен басталады. Денсаулығына зиян тигізбеу тек қана жанұяның емес, болашақ Қазақстанның негізі болып табылатындығын түсіндіру. Қазіргі уақытта зиянды әдеттердің құрсауына түсіп, өзінің жастық шағын, өмірін бұзып жатқан жеткіншектер қаншама. Мектеп жасында шылым шегетін, алкогольды ішімдіктер ішетін жастардың басым көпшілігі, ата-ана қарауынсыз қалған, бос уақытында айналысатын тиімді іс-әрекеті жоқ, қоғамдық жұмыстарға араласпайтын оқушылар екені айтылды. Ал оларды жақсы жаққа тәрбиелеу тағы да әке мен шешенің қолында. Түсіндіру жұмыстарынан кейін тренинг жүргізіліп, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. <<Қозғалыс - өмір кепілі>> тақырыбында 8-9 сыныптар арасында флешмоб жарысы ұйымдастырылды. Мақсаты жастарды денсаулықтың бірден бір негізі қозғалыс екендігін түсіндіру. Мектеп дефектологы Имандосова А. үлгерімі төмен оқушылармен <<Жеміс-жидек>> тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты оқушының логикалық ойлауын, сөйлеу тілің, ұсаққол маторикасын дамыту.Сабақ барсында оқушының логикалқ ойлауына кубик құрастырды, кеңістікті бағдарлауға: оқушыны ортаға шығарып оң жағында не тұр, сол жағында не тұр, алдында нені көріп тұрсын, артында нені көріп тұрсын деген сұрақтар қойылды. Оқушы дұрыс жауап берді. Ұсаққол моторикасың дамытуға шнуровка тәсілі қолданылды. Тыныс алу жаттығуына бұлттағы жаңбыр тамшыларын үрлеу әдісі пайдаланылды. Сабақта тақырыпқа байланысты көрнекі құралдары көп болды. Сабағы ойын түрінде өтті. Оқушы сабаққа қызығушылықпен белсене қатыстты. Ашық түзету сабағы өте қызықты өтті, көрнекі құралдары тақырыпқа баланысты көп болды.
<<Оқушылардың денсаулық айлығының>> жабылуы өтті. Оқушыларға <<Салауатты өмір салты>> атты жаднамалар таратылды. Жас жеткіншектерге салауатты өмір сүру керек демекпіз! Сондықтан да қазақ елі өздерінің ұрпақтарына салауатты өмір сүру салтын үнемі қалыптастырып отырған. Демек, денсаулықты сақтап, ұзақ өмір сүрудің бір-ақ жолы бар. Ол -салауатты өмір сүру салты. Белсенді қатысқан оқушылар мақсату қағазымен марапатталды. Қорытындылай келе, <<Оқушылардың психологиялық денсаулық айлығы>> жоғары деңгейде өткізілді.
Мектеп ата-ана байланысын жақсарту мен оқушылардың ата-аналарымен байланысы, қарым- қатынасын анықтау мақсатында мектебімізде ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Тренигтер өткізіліп, баланың өмірінде ата-аналар рөлінің маңыздылығы айтылды.
8-сынып оқушыларының оқу процесіндегі тұлғалық сезімдік, қарым-қатынас, тұрақсыздық көңіл-күйдің құбылмалылығын анықтау мақсатында топтамалық әдістеме алынды. Темперамент типі, ерік-жігер күші, өзін-өзі бағалау деңгейі, оқушының пәнге деген көзқарасы анықталды.
Ендігі жылы мектебіміздің түлегі болатын 10 сынып оқушыларына ҰБТ-ға байланысты <<Талапкерге құлақ- қағыс>> дәрісі өткізілді. Мұнда <<мамандық таңдағанда неге көңіл бөлу керек?, Қазіргі кезде қандай мамандық мәртебелі?, Бейіміне қарай мамандық таңдау қажет, мамандық таңдаудағы қателіктер>> деген тақырыпшалар төңірігінде ақпарат алмасу жүргізіліді.ҰБТ байланысты 10 сынып оқушыларының бағыт бағдарын анықтау мақсатында сауалнама жүргізіліп, анықтамасы берілді.
9- 10- сынып оқушыларының кәсіптік бағдар бойынша психологиялық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Сауалнамаға 112 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша 9 сыныбында интеллектуалды тип - 14, әртістік тип -7, әлеуметтік тип - 23, реалистік тип -24, конвенциялық тип - 6,тапқыр тип -14. 10-сынып оқушыларында интеллектуалды тип - 2, әртістік тип -1, әлеуметтік тип - 4, реалистік тип -7, конвенциялық тип - 3,тапқыр тип -7.
Аутодиструктивтік мінез-құлықты алдын алу мақсатында <<жабық сауалнама>> алынды. Сауалнамаға 588 оқушы қатысты. Сауалнама нәтижесі бойынша өмірдің қиын кездеріне тап болған оқушылар анықталмады.
Сенім поштасына түскен хаттар болған жоқ.
Тәуекел тобында тұрған оқушылармен жоспар бойынша <<Өзін-өзі бағалауын анықтау>>, <<Ата-анасымен қарым - қарым қатынасын анықтау сауалнамасы, <<Басса-Даркидің эмоциялық тесті>>, <<Мақсат және ресурстар әдістемесі өткізіліп, нәтижесімен таныстырылды. Соынмен қатар тіркеуде тұрған ата-аналармен кеңес беру, түсіндіру жұмыстары жүргізлді. Сәуір-мамыр айларында музыкатерапия, ертегі терапиялары өткізілді.
11-сынып оқушыларына ҰБТ-ке қолдау көрсету мақсатында қарқынды түрде жұмыстар жүргізілді. Мамандық таңдауға көмектесу мақсатында Дж. Голландтың сауалнамасы алынды. Нәтижелерімен оқушылар таныстырылды. Оқушылардың ата-аналарына нәтиже таныстырылды. Сауалнамалар алынып болғаннан кейін тренингтер жүргізілді. Тренингтер, ойындар, арт-терапия жүргізу мақсаты оқушылардың стресс деңгейін төмендетіп, болашақтағы мақсаттарын айқындауға көмектесу, үрейді төмендету.
4-сынып оқушыларын орта буынға бейімделуін психологиялық тұрғыдан зерделеу мақсатында топтамалық әдістеме кітапшалары дайындалды Зерттеуге 122 оқушы қатысты. Топтамалық әдістемеге Н.Г. Лусканованың сауалнамасы, психогеометриялық тест, өзін-өзі бағалауды анықтау әдістемесі, танымдым белсенділік, оқу пәндеріне оқушының көзқарасы, мектепішілік үрей деңгейін анықтау сауалнамалары кірді. Мақсаты: оқу мотивациясын анықтау, бейімділігін анықтау, танымдық процесстерді зерттеу. Зерттеу нәтижесі Директор жанындағы кеңестегі таныстырылды. Нәтиже бойынша төмен көрсеткіш көрстекен оқушылармен жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, аудандық, ЮПТ есебінде тұрған оқушылармен жұмыс кеңес беру, әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Оқушылармен <<Люшер әдістемесі жүргізіліп, нәтижесі оқушыларға таныстырылды. Қиын оқушылардың ата-аналарына және сынып жетекшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мектеп директоры ----------------------.

Мектеп психологы ------
------------------------------------

Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек өмірінде кездесетін қиындық сәттер
Темекінің әсері
Қыздармен жұмыс. 6-сынып
Тамақтану гигиенасы. дәрумендер. 3 сынып дүниетану
Нашақорлық- қоғамдық дерт
4 сынып "бастауышпен қоштасу"
Денсаулықтың достарын атап шық
Мамандығым - мерейім. 9 сынып
Бар мамандық маңызды
Үшінші кезең
Пәндер