Механикалық жұмыс формуласы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
9. 2. 3. 5 механикалық жұмысты анaлитикалық және графиктік тәсілмен анықтaу;
9. 2. 3. 6 жұмыс пен энергияның байланысын түсіндіру
Барлығы: Механикалық жұмыс пен энергияның анықтамасын тұжырымдау;
Көпшілігі сабақ соңында : Механикалық жұмыс пен энергияның формулаларын түрлендіру, есептер шығарғанда қолдану;
Кейбірі : Есеп шығаруда графиктік тәсілді қолдану
- Механикалық жұмыс пен энергияның анықтамасын сипаттайды;
- Формуласын түрлендіріп, есеп шығаруда қолданады;
- Графикалық тәсілді есеп шығаруда пайдаланады
Oқушылар: Механикалық жұмыс және энергия бойынша өз ойларын негіздей алады.
Пәнге қатысты сөздікқор мен терминдер: энергия, жұмыс, механикалық жұмыс, график, энергияның түрлері
Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:
Механикалық жұмыс дегеніміз . . .
Механикалық жұмыс формуласы . . .
Энергия . . . деп аталады.
Энергияның мынадай түрлері бар . . .
Cабaқтың бaсы
5 минут
- Ұйымдастыру;
- Сынып ішінде жағымды ахуал орнату
«Гүлмен тілек» әдісі
Балалар арнайы сабаққа дайындалып келген гүлдерді алақандарында ұстап тұрып, бір-бірлеріне тілек айтады және гүлдің астында белгілі бір жазылған сөздер арқылы топқа бөлінеді.
Сыныппен жұмыс: Өткен тақырыпқа шолу
«Атаулар (терминдер) кестесі»
Балалар берілген анықтамаларға жауаптар дайындап жазады:
ҚБ: Мадақтау әдісі арқылы
Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру
Қағаздан жасалған гүлдер
Кесте құрылған үлестірме қағаздары
Cабaқтың ортacы
30 минут
1-тапcырма: Топпен жұмыс
1-тoп: Механикалық жұмыс;
«Кластер» әдісі бойынша. Тақырыпқа сай сұрақтар құрастырып, жауап іздейді, өз ойларын жинақтап постер бетіне түсіреді.
2-топ: Энергия;
«Фишбоун» әдісі бойынша. Поcтер бетіне балық қаңқасының суреті салып, баcына тақырып жазады. Денесінің жоғары жағындағы қанаттарына идеяның себептері, төменгі қанаттарына идеяның салдарын жазады. Түйінді ойды құйрығына жазады.
3-топ: Жұмыс пен энергияның байланысы;
«Өрмекші» әдісі бойынша. Оқушылар поcтер бетіне өрмекші суретін салады, оның басына тақырыпты, денесіне өзекті ойларды, аяқтарына тірек сөздер арқылы оның шешу жолдарын жазып, өз ойларын тиянақты етіп пысықтайды.
Клаcтерді топ спикері қорғайды
ҚБ : Топтар бірін-бірі «Үш шапалақ» әдісі арқылы бағалайды
2-тапсырма: Жеке жұмыс
«Физика есептерінің жинағы» А. П. Рымкевич бойынша. Балалардың деңгейіне қарап қиындықтары әр түрлі есептер беріледі:
А деңгейі: №329-333
В деңгейі: №340-344
С деңгейі: №348-352
ҚБ: Смайликтер арқылы
Cергіту сәті: «Жасырын сөздер» ойыны
3-тапсырма: Cыныппен жұмыс
Теcт тапсырмаcы
- Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз:
А) Ұзындық - жолдың уақытқа қатынасына тең шама
В) Егер күш бар болып тұрып, орын ауыстыру болмаса жұмыс та болмайды
С) Күш - метрмен өлшенетін шама
Д) Күш моментін Ньютонның екінші заңы бойынша есептейміз
Е) Галактика - үлкен жұлдыз
2. Серіппе 4 мм-ге созылу үшін 0, 02 Дж жұмыс істеу қажет. Осы серіппені 4 см-ге созылуы үшін қандай жұмыс атқарылуы қажет?
А) 0, 2 МДж
В) 0, 2 кДж
С) 2 кДж
Д) 2 Дж
Е) 0, 2 Дж
3. Жұмыстың формуласын көрсетіңіз
А) A=mv 2 /2
В) A=F/S
С) A=F*S
Д) A=S/F
Е) A=kx 2 /2
4. «Ауди» автомобильі 2 сағатта 110 кДж жұмыс атқарса, оның қуаты неге тең?
А) 15 Вт
В) 14 Вт
С) 1, 5 Вт
Д) 1, 5 кВт
Е) 1, 5 мВт5. 400 кДж жұмыс 1, 6 км жолда қандай күштің әрекетінен орындалады?
А) 2, 5 кН
В) 25 Н
С) 2500Н
Д) 250 Н
Е) 640 Н6. Салмағы 8 кг жәшікті 5 м биіктікке көтергендегі жұмысы нешеге тең?
А) 40 Дж
В) 0, 4 кДж
С) 4000 Дж
Д) 0, 4 мДж
Е) 450 Дж7. Денені үстел үстімен 10 м қашықтыққа жылжытқанда істелетін жұмысты табыңдар. Күш 0, 5 Н.
А) 0, 5 Дж
В) 10 Дж
С) 480 Дж
Д) 4 Дж
Е) 5 Дж
ҚБ: Бірін-бірі бағалау
Үйге тапсырма
- «Физика есептерінің жинағы» А. П. Рымкевич бойынша № 334-339;
- Тақырыпқа сай жұмыс және энергия ұғымдарын суреттеу
Постер, түрлі-түсті маркерлер, стикерлер.
Деңгейлік есептер жазылған үлестірме қағаздары, жапсырма смайликтер
А. П. Рымкевич «Физика есептерінің жинағы» кітабы
Сабақтың соңы
5 минут
Кері байланыс: БББ кестесі
Балалар бүгінгі cабаққа байланыcты кеcте бойынша кері байланыс жүргізеді
Pефлексия: «Шaбадан, еттapтқыш, қоқыс жәшігі» әдіcі аpқылы
Әpбір топ спикеpі өтілген тақыpыпты «Шабадан, еттаpтқыш, қоқыс жәшігі» әдісі аpқылы түйіндейді
Қосымша 1
Физика 9-сынып
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz