Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар
Пән: Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету
Сабақтың тақырыбы: Иінді-шатунды механизміне техникалық қызмет көрсету
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге иінді-шатунды механизмнің қызметін, пайда болуы мүмкін ақауларды және олардың алдын алуды көрсетіп үйрету
2. Тәрбиелік: Өз ойларын ашық айтып, ойланып жауап беруге жолдастарының ойын тыңдап, жауабын бағалауға сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Бағдарламалық оқыту технологиясын пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың өткізілу уақыты: 80 минут
Сабақтың көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Плакаттар, оқулық, презентация, двигательдің макеті, интерактивті тақта.
Үлестірмелі материалдар: Дәрістер, практикалық сабаққа тапсырмалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы). Алиев Б., Жүнісбеков П. Алматы, 2005. - 64-75 б.
2. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. П.Ж. Жүнісбеков, М.Т. Жетпейісов, Г.А. Мамедалиева, М.С. Дүйсенбаев. Астана, 2010. -99-106 б.
3. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу. Б.Т. Тұрысбеков, Е.Е. Белгібеков. Алматы, 2013. -132-142б.
1 сағаты
I. Сабақты ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин
Студенттермен амандасу, түгендеу. Жұмыс орнының және оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, интерактивтік тақтаға презентация қосу. http://www.triventy.com
II. Жаңа сабақтың тақырыбын және сұрақтарын жазу: 2-3 мин
Жаңа сабақтың тақырыбы: Иінді-шатунды механизміне техникалық қызмет көрсету
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар:
1. Иінді шатунды механизм, негігі бөлшектерінің қызметі
2. Иінді шатунды механизмның жұмысындағы негізгі ақаулары
3. Кшм ге техникалық қызмет көрсету
III. Жаңа сабақты түсіндіру 50-52 мин
1. Иінді шатунды механизмнің негігі бөлшектерінің қызметі.
Бірінші сұрақты қарастырмастан бұрын тақырып бойынша білімдерді еске түсіреміз. Ол үшін <<ми шабуылы>> әдісін қолданып кері байланыс аламыз:
1. Иінді-шатунды механизм бөлшектері қалай жіктеледі? (иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа жатқызуға болады)
2. Қозғалмайтын бөлшегі (цилиндр блогі)
3. Қозғалатын бөлшектері (поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері)
4. Қозғауыштың иінді-шатунды механизмдері қандай бөлшектерден құралады? (цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы)
Тақырып жайлы білімдерінің деңгейін анықтаған соң механизмнің бөлшектерінің қызметі жайлы үлестірмелі материал әр студентке таратылады және видеожазба арқылы түсіндіріледі, яғни әр бөлшегі зерттеледі
Иінді шатунды механизм цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды поршеньнің қозғалысына айналдырады.
Иінді шатунды механизмнің барлық бөліктері қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Қозғалмайтын бөлігіне цилиндр блогі, оның қалпағы және картері, маховик қаптамасы жатады, сонымен бірге олар қозғалтқыш қанқасын құрайды. Қозғалатын бөлігіне сақина саусағымен бірге поршень, бұлғақ, иінді білік және маховик жатады.
Цилиндр блогінің қалпағы. Цилиндр блогінің қалпағы цилинді үстінен жауып тұрады және толықтай немесе аз бөлігі жану камерасын орналастыруға да арнап жасалады. Қалпақта жану камерасы орналасады, енгізу және шығару саңырауларына арнайы ыстыққа төзімді шойыннан жасалған клапандары бар сақина тұғырлар орнатылады.
1 -- клапан; 2 -- втулка; 3 -- штанга; 4 -- корпус; 5 -- қақпақ; 6 -- күйенте; 7 -- декомпрессор білікшесі; 8 және 9 -- су қаптамасының қуыстары; 10 -- құйындық камера; II -- ендірме; 12 -- винт; 13 -- канал; 14 -- сфералық ойық; 15 -- тірек белдеуі; 16 -- гильза.
Сонымен бірге жанармай енгізу және жану қалдығын шығару түтіктері, салқындату сұйығының қаптамасы және салқындату қалқаншалары бар. Қалпақ цилиндр блогына шпилкалар арқылы асылып және әрбір гильзаға арнайы ойылып жасалған оймақтар арқылы ысып бекітіледі. Гайкалары қалпақты біркелкі қысатындай күшпен мықталып, қысылады.
Поршень. Поршень газ қысымын қабылдап иінді білікке береді, сондай-ақ барлық жұмыс циклдарының жүруін қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес поршеньнің материалы жоғары механикалық қасиетке ие, желінуге төзімді, жеңіл және жылуды жақсы бөлуі тиіс. Поршеньнің түп жағы жазық, дөңес және фигуралы болып келеді. Бас жағында поршеньнің сақиналарына арналған ойықтар жасалады. Төменгі ойықтарда толық тесіктері болады. Бүйір беткейінде поршеньнің саусағы үшін тесік жасалған.
1 -- шатун; 2 -- кертік; 3 -- бағыттауыш бөлік (юбка); 4 -- май альш кетуге арналған тесік; 5 және 9 -- май қырнауыш сақиналар; 6 -- бекіткіш сақина; 7 -- саусақ; 8 -- шатунның жоғарғы басының втулкасы; 10, 11 және 12 -- компрессиялық сақиналар; 13 -- түп; А -- нығыздауыш бөлік.
Поршень сақиналары цилиндр мен поршень арасын тығыздап, қымтап газдың картерге және майдың жану камерасына өтуін болдырмайды. Қызметіне сәйкес тығыздағыш және майсырғыш болып бөлінеді. Сақинаның серпімділігі оның цилиндр қабырғасына тығыз қымталуын қамтамасыз етеді. Көптеген қозғалтқыштарға майсырғыш құрамдас болмай тұтастай жасалады. Майды алып сыру үшін де сақина бойында бойлық тесік болады, ол сақинаны айнала біркелкі орналасады.
Поршень саусағы поршеньді шатунның жоғарғы басымен қосу үшін қажет. Шатун поршеньді иінді білікке жалғастырады, ұлғаюы тактісі кезінде газ қысымының күшін иінді білікке береді және басқа тактілерінде поршеньді қозғалысқа келтіреді.
Иінді білік бұлғақтан күшті қабылдап, онда пайда болған айналу моментін автомобиль трансмиссиясына береді.
1-түпкі мойын; 2-жақтау; 3-тіреуіш жартылай сақина; 4-түпкі подшипниктің төменгі ішпегі; 5-маховик; 6-май қайтарғыш; 7-араластыру штифі; 8-маховикті бекітетін болт; 9-тісті тәж; 10- түпкі подшипниктің төменгі ішпегі; 11-шатундық мойын; 12-қарсы салмақ; 13-иінді білік шестернясы; 14-май насосын іске қосатын жетекші шестерня; 15-болт; 16-шкив;17-тығын; 18-таза май түтігі.
Иінді біліктен қозғалтқыштардың көптеген механизмдері жетек алады ( май сорғысы, су сорғысы, желдеткіш). Иінді білікті негізгі бөліктері болып негізгі аталады. Ол қозғалтқыштың картеріне подшипник арқылы орнатылады. Шатундық мойынша арқылы бұлғақ иінді білікпен жалғанады; қарсы салмақ, теңлмеген массалық күштің негізгі подшипникке түсуін жеңілдетеді; алдыңғы бөлігінде ГТМ шестернясы, ременді беріліс шкиві және қолмен айналдыруға арналған храповик орналасады; иінді біліктің артқы жағы маховик бекітілетін фляникпен аяқталады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде иінді білік айнымалы күшті қабылдайды, оның әсерінен айнымалы тербеліс туындайды. Сыртқы әсер күшінің жиілігі иінді біліктің айналу жиілігі мен қозғалтқышта цилиндр санына байланысты болады.
Маховик иінді біліктің тұрақсыз айналуын азайтады, поршеньнің жұмыс жүрісінде энергия жинап, қалған дайындық тактілерінде иінді-шатунды механизмді, поршеньді шекті нүктелерден алып шығуға жұмсайды.
Подшипниктер. Жұмыс процесінде сырғанау подшипнигінің баббиты біртіндеп тоза береді, сөйтіп подшипник пен біліктің арасындағы саңылау үлкейе түседі, соның салдарынан подшипниктреде тарсыл пайда болады. Подшипниктерде тарсыл пайда болған кезде жұмыс істеуге мүлдеп болмайды, өйткені тарсыл пайда болған кезден бастап баббиттің бүлінуі арта түсетін болады, бұдан барып подшипник сынып, қозғалтқыш апатқы ұшырайды, істен шығады. Подшипниктерде тіпті аздаған тарсылдың болуының өзң де қолайсыз, өйткені бұлай болғанда иінді біліктің мойны тез тозады.
Жоғарыда қарастырылған бірінші сұрақты пысықтау үшін, студенттер http://www.triventy.com сайтындағы тест тапсырмаларын орындайды.
Студенттер сайтқа кіріп, QR код арқылы бағдарламаға қосылады. Студенттердің барлығы да тіркелгеннен кейін тест сұрақтары қойыла бастайды.
Әрбір сұраққа 25 сек уақыт беріледі, және де жеңілдіктер болады, уақыт аяқталғаннан кейін дұрыс жауабы мен сұрақтың түсіндірмесі көрсетіледі. Яғни әр сұрақты соңында студенттермен бірге сұрақты талдаймыз. Сондай-ақ тест соңында нәтижесі тақтаға шығады, және де әр студентке ұпай беріледі.

Екінші сұрақта студенттерге механизмнің жұмысына кедергі болатын негізгі ақауларды интерактивті тақтада көрсетілген материалдар мен КШМ макетін қолдана отырып <> бағдарламасын пайдалана отырып түсіндермін. екінші сұрақ бойынша КШМ де жұмысында болатын негізі 4 ақау қарастырылады. Әр қайсысына тоқталып кеткеннен кейін <> бағдарламасының көмегімен студенттердің баяндалып жатқан мәліметтерді барлығының жетік түсінуін қадағалап отыру керек. Осындай кішігірім сұраудан тақырыпты игеруі қиын болып жатқан студенттер немесе белгілі бір сұрақтары болса қоя алады. Бұл бізге екінші қарастырылып жатқан сұрақты жетік меңгеруге мүмкіндік береді.
Қарастырылған ақаулар
Білемін
Білмеймін(жаңалық)
Білгім келеді
Қозғалтқыштағы діріл-соққы
Май қысымының күрт төмендеуі
Күйген және түтін шығару
Жарық цилиндр
Қозғалтқыш сенімді, үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық қасиетін, жанармай және жағар май шығынының белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін жағдайда жұмыс істеуі қажет. КШМ - ның техникалық жағдайын анықтауға болады: дыбысы мен діріл соғысынан; бөлшектерінің едәуір желінгендігінен ұлғаятын май күйігі түтінінен. Өйткені қозғалтқыштың жұмысында сығылу процесінің соңында қысымның азаюынан қатты түтіндеуі болады.
Қозғалтқыштағы діріл-соққы
Қозғалтқыштағы діріл-соққы стетоскоп арқылы тыңдалады және басқа да электронды жүйелерде қолданылады. Ол үшін қозғалтқыштың діріл-соққы болатын жерлеріне стетоскоптың стерженін тигізіп тыңдайды.қозғалтқыштың жұмысын таңдау және діріл-соққының сипатына қарай ақаулықты анықтау үлкен тәжірибені қажетсінеді. Үнді соққылар қозғалтқыш жұмысындағы барлық режимдегі - поршень саусағындағы және поршеньнің жоғарғы басындағы төлкенің желінгендігін аңғартады.
Май қысымының күрт төмендеуі
Май қысымының күрт төмендеуі көбіне иінді біліктегі негізгі немесе бұлғақтық мойыншадағы күпшектердің еріп кетуінен болады; бұл жағдайда ақаудың күрделеніп кетуінің алдын алу үшін қозғалтқышты тоқтату қажет.
Күйген және түтін шығару
Күйген және түтін шығару поршень ойығына отырып қалуы, желінуінен және сақинаның сынуынан, оның серпімділігін жоғалтуынан, май сыратын сақиналардағы саңылау кесінділердің бітеліп қалуы, гильзаның немесе цилиндр ішкі қабатының жырлығанынан пайда болады.
Сонымен қатар, майдың жоғары шығыны, оның қозғалтқыш төсеніш сағылауларын ағуынан және картерді желдету жүйесінің ақаулығынан болады.
Күйе шөгу
Күйенің шөгіп қалуы поршеньнің түбінде және жану камерасының қабырғаларындағы қозғалтқыш бөлшектерінен жылудың алшақтатылуын төмендетеді, мұның өзі бөлшектердің қызуына, құаттың бәсеңдеуіне және жанармай шығынына соқтырады.
Жарық цилиндр
Жарық цилиндр блогының және цилиндр қалпағындағы салқындату кеңістігінің қабырғаларындағы судың қатуынан немесе ысып тұрған қозғалтқыш суыту кеңістігін суық сумен толтыруынан пайда болуы мүмкін.
Екінші сұрақ бойынша кері байланыс <> бағдарламасыны көмегімен жүзеге асады. Толығымен қарастырылып болғаннын кейін http://www.triventy.com сайтына студенттер тағы да сұрақтар жазады.
2 сағаты
3. Кшм ге техникалық қызмет көрсету
Үшінші қарастырылатын сұрақ ТКҚ болғандықтан студенттерге толығымен түсінікті болуы үшін қолдарына үлестірмелу материал таратылып, видеожазбанын көмегімен түсіндіріледі. Видеожазбада КШМ ге ТКҚ толығымен баяндалады. Яғни студенттер теориялық материалды игере отырып оның практика жүзінде іске асырылуын көре алады.
КҚ - күнделікті қозғалтқышты іске қосу алдында жеңілдігіне көңіл аударып және қозғалтқыштың түтіндеуіне әртүрлі режимдегі жұмысын тексеру қажет.
ТҚК-1 кезінде қозғалтқышқа бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізіп және керекті бекіту жұмыстарын орындау; қозғалтқыштың барлық элементтерінің бекітілісін мұқият тексеру керек.
Бекіту жұмыстары қозғалтқыштың барлық жалғаныстарының бекітілісін анықтау үшін, қозғалтқыштың автомобиль қаңқасына немесе шанағына бекітілісін, цилиндр қалпақшасының, картер табандығының блокка бекітілуін, енгізу және шығару құбырының бекітілісін тексеру үшін жүргізіледі.
Реттеу жұмыстары күй анықтау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Егер клапандардың жұмысында және ТҚК-2 кезінде тарсылдар анықталса, жылу саңылауларын реттейді. Жылу саңылауларын реттеу кезінде 1-ші цилиндрді сығу тактінің соңына ЖӨН орнатады. Бұл жағдайда 1-ші цилиндрдің клапан стержені мен иін аралығындағы саңылауды реттейді.
Айналшақты-бұлғақты және газ тарату механизмнің техникалық жағдайын анықтау үшін, күй анықтау жұмыстары тарсылдардың сипатын, цилиндр компрессиясын, поршеньнің жоғарғы жағындағы кеңістіктен қозғалтқыш картеріне ауаның өту шығынын және майдың шығынын анықтау жұмыстарын құрайды. Әртүрлі тарсылдардың сипатын анықтау үшін стетоскоп құралын қолданамыз.
Қозғалтқыш компрессиясы цилиндр-поршеньді топтың тозуына, клапандардың орнығу жағдайына және блок қақпақшасының аралық төсемесінің жағдайына байлансты. Қозғалтқыш компрессиясын компрессометр немес компрессограф аспаптарының көмегімен анықтайды.
Үшінші сұрақты <<сұрақ ілмегі>> әдісімен пысықтаймыз, яғни студенттерде баяндалған материал бойынша сұрақтары болса қағазға жазып тақтаға іліп кетеді. Кері байланыс жазбаша болады себебі студенттердің көпшілігі түсінбеген сұрақтарын қоюға қысылады. Кейін әр сұрақты бүкіл сынып болып қайта пысықтаймыз. Және әдеттегідей студенттер http://www.triventy.com сайтына қарастырылған материалға байланысты сұрақтар жазады.
IV. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру 4-5 мин
Қарастырылған тақырыпқа байланысты студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін <<Кейс стади>> әдісін қолданамыз. Яғни жоғарыдағы материал бойынша студенттер КШМ жұмысында пайда болатын ақаулар жайлы және оны жою жолдарын оқып білді. Енді соған байланысты бір проблемалық жағдаят қарастырамыз. <> бағдарламасы бойынша студенттер өз бетімен берілген ақауды жою жолын дұрыс көрсетуі тиіс. Дұрыс жауап бермеген студенттерге сұраққа дұрыс жауап бере білген студент түсіндіреді. Бұл студенттердің өз арасында дұрыс кері байланыстың орнығуына көмегін тигізеді.
V. Сабақты бекіту 3-4 мин
<<Шабадан, еттартқыш>> әдісі
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.
VІ. Бағалау 4-5 мин
Бағалау кезінде <<Қара жәшік>> әдісін пайдаланамыз. Яғни бұл жерде жоғарыда әрбір сұрақтан кейін қолданған http://www.triventy.com бағдарламасының <<қара жәшік>> рөлінде болады. Сайттан студенттер ұсынған барлық барлық сұрақтар жіктеліп алынып интерактивті тақтаға шығарылады. Бұл жерде бағалау сұрақтарын студенттердің өздері құрастырады.
VII. Сабақты қорытындылау - 3-4 мин
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында алған баллдарын журналға қойып, сабақтың жағымды жағымсыз болған жағдайларын анықтаймын.
VIІI. Үйге тапсырма - 2-3 мин
Сабақтың тақырыбы: Иінді-шатунды механизміне техникалық қызмет көрсету
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Студенттерге иінді-шатунды механизмнің қызметін, пайда болуы мүмкін ақауларды және олардың алдын алуды көрсетіп үйрету
2. Тәрбиелік: Өз ойларын ашық айтып, ойланып жауап беруге жолдастарының ойын тыңдап, жауабын бағалауға сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Бағдарламалық оқыту технологиясын пайдалана отырып оқушылардың белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың өткізілу уақыты: 80 минут
Сабақтың көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: Плакаттар, оқулық, презентация, двигательдің макеті, интерактивті тақта.
Үлестірмелі материалдар: Дәрістер, практикалық сабаққа тапсырмалар.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Тракторлар мен автомобильдер (құрылысы). Алиев Б., Жүнісбеков П. Алматы, 2005. - 64-75 б.
2. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. П.Ж. Жүнісбеков, М.Т. Жетпейісов, Г.А. Мамедалиева, М.С. Дүйсенбаев. Астана, 2010. -99-106 б.
3. Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу. Б.Т. Тұрысбеков, Е.Е. Белгібеков. Алматы, 2013. -132-142б.
1 сағаты
I. Сабақты ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин
Студенттермен амандасу, түгендеу. Жұмыс орнының және оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару, интерактивтік тақтаға презентация қосу. http://www.triventy.com
II. Жаңа сабақтың тақырыбын және сұрақтарын жазу: 2-3 мин
Жаңа сабақтың тақырыбы: Иінді-шатунды механизміне техникалық қызмет көрсету
Сабақ барысында қарастырылатын сұрақтар:
1. Иінді шатунды механизм, негігі бөлшектерінің қызметі
2. Иінді шатунды механизмның жұмысындағы негізгі ақаулары
3. Кшм ге техникалық қызмет көрсету
III. Жаңа сабақты түсіндіру 50-52 мин
1. Иінді шатунды механизмнің негігі бөлшектерінің қызметі.
Бірінші сұрақты қарастырмастан бұрын тақырып бойынша білімдерді еске түсіреміз. Ол үшін <<ми шабуылы>> әдісін қолданып кері байланыс аламыз:
1. Иінді-шатунды механизм бөлшектері қалай жіктеледі? (иінді-шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа жатқызуға болады)
2. Қозғалмайтын бөлшегі (цилиндр блогі)
3. Қозғалатын бөлшектері (поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері)
4. Қозғауыштың иінді-шатунды механизмдері қандай бөлшектерден құралады? (цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы)
Тақырып жайлы білімдерінің деңгейін анықтаған соң механизмнің бөлшектерінің қызметі жайлы үлестірмелі материал әр студентке таратылады және видеожазба арқылы түсіндіріледі, яғни әр бөлшегі зерттеледі
Иінді шатунды механизм цилиндрде пайда болатын газ қысымын қабылдап, ілгері қайтарымды поршеньнің қозғалысына айналдырады.
Иінді шатунды механизмнің барлық бөліктері қозғалатын және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Қозғалмайтын бөлігіне цилиндр блогі, оның қалпағы және картері, маховик қаптамасы жатады, сонымен бірге олар қозғалтқыш қанқасын құрайды. Қозғалатын бөлігіне сақина саусағымен бірге поршень, бұлғақ, иінді білік және маховик жатады.
Цилиндр блогінің қалпағы. Цилиндр блогінің қалпағы цилинді үстінен жауып тұрады және толықтай немесе аз бөлігі жану камерасын орналастыруға да арнап жасалады. Қалпақта жану камерасы орналасады, енгізу және шығару саңырауларына арнайы ыстыққа төзімді шойыннан жасалған клапандары бар сақина тұғырлар орнатылады.
1 -- клапан; 2 -- втулка; 3 -- штанга; 4 -- корпус; 5 -- қақпақ; 6 -- күйенте; 7 -- декомпрессор білікшесі; 8 және 9 -- су қаптамасының қуыстары; 10 -- құйындық камера; II -- ендірме; 12 -- винт; 13 -- канал; 14 -- сфералық ойық; 15 -- тірек белдеуі; 16 -- гильза.
Сонымен бірге жанармай енгізу және жану қалдығын шығару түтіктері, салқындату сұйығының қаптамасы және салқындату қалқаншалары бар. Қалпақ цилиндр блогына шпилкалар арқылы асылып және әрбір гильзаға арнайы ойылып жасалған оймақтар арқылы ысып бекітіледі. Гайкалары қалпақты біркелкі қысатындай күшпен мықталып, қысылады.
Поршень. Поршень газ қысымын қабылдап иінді білікке береді, сондай-ақ барлық жұмыс циклдарының жүруін қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес поршеньнің материалы жоғары механикалық қасиетке ие, желінуге төзімді, жеңіл және жылуды жақсы бөлуі тиіс. Поршеньнің түп жағы жазық, дөңес және фигуралы болып келеді. Бас жағында поршеньнің сақиналарына арналған ойықтар жасалады. Төменгі ойықтарда толық тесіктері болады. Бүйір беткейінде поршеньнің саусағы үшін тесік жасалған.
1 -- шатун; 2 -- кертік; 3 -- бағыттауыш бөлік (юбка); 4 -- май альш кетуге арналған тесік; 5 және 9 -- май қырнауыш сақиналар; 6 -- бекіткіш сақина; 7 -- саусақ; 8 -- шатунның жоғарғы басының втулкасы; 10, 11 және 12 -- компрессиялық сақиналар; 13 -- түп; А -- нығыздауыш бөлік.
Поршень сақиналары цилиндр мен поршень арасын тығыздап, қымтап газдың картерге және майдың жану камерасына өтуін болдырмайды. Қызметіне сәйкес тығыздағыш және майсырғыш болып бөлінеді. Сақинаның серпімділігі оның цилиндр қабырғасына тығыз қымталуын қамтамасыз етеді. Көптеген қозғалтқыштарға майсырғыш құрамдас болмай тұтастай жасалады. Майды алып сыру үшін де сақина бойында бойлық тесік болады, ол сақинаны айнала біркелкі орналасады.
Поршень саусағы поршеньді шатунның жоғарғы басымен қосу үшін қажет. Шатун поршеньді иінді білікке жалғастырады, ұлғаюы тактісі кезінде газ қысымының күшін иінді білікке береді және басқа тактілерінде поршеньді қозғалысқа келтіреді.
Иінді білік бұлғақтан күшті қабылдап, онда пайда болған айналу моментін автомобиль трансмиссиясына береді.
1-түпкі мойын; 2-жақтау; 3-тіреуіш жартылай сақина; 4-түпкі подшипниктің төменгі ішпегі; 5-маховик; 6-май қайтарғыш; 7-араластыру штифі; 8-маховикті бекітетін болт; 9-тісті тәж; 10- түпкі подшипниктің төменгі ішпегі; 11-шатундық мойын; 12-қарсы салмақ; 13-иінді білік шестернясы; 14-май насосын іске қосатын жетекші шестерня; 15-болт; 16-шкив;17-тығын; 18-таза май түтігі.
Иінді біліктен қозғалтқыштардың көптеген механизмдері жетек алады ( май сорғысы, су сорғысы, желдеткіш). Иінді білікті негізгі бөліктері болып негізгі аталады. Ол қозғалтқыштың картеріне подшипник арқылы орнатылады. Шатундық мойынша арқылы бұлғақ иінді білікпен жалғанады; қарсы салмақ, теңлмеген массалық күштің негізгі подшипникке түсуін жеңілдетеді; алдыңғы бөлігінде ГТМ шестернясы, ременді беріліс шкиві және қолмен айналдыруға арналған храповик орналасады; иінді біліктің артқы жағы маховик бекітілетін фляникпен аяқталады. Қозғалтқыш жұмыс істегенде иінді білік айнымалы күшті қабылдайды, оның әсерінен айнымалы тербеліс туындайды. Сыртқы әсер күшінің жиілігі иінді біліктің айналу жиілігі мен қозғалтқышта цилиндр санына байланысты болады.
Маховик иінді біліктің тұрақсыз айналуын азайтады, поршеньнің жұмыс жүрісінде энергия жинап, қалған дайындық тактілерінде иінді-шатунды механизмді, поршеньді шекті нүктелерден алып шығуға жұмсайды.
Подшипниктер. Жұмыс процесінде сырғанау подшипнигінің баббиты біртіндеп тоза береді, сөйтіп подшипник пен біліктің арасындағы саңылау үлкейе түседі, соның салдарынан подшипниктреде тарсыл пайда болады. Подшипниктерде тарсыл пайда болған кезде жұмыс істеуге мүлдеп болмайды, өйткені тарсыл пайда болған кезден бастап баббиттің бүлінуі арта түсетін болады, бұдан барып подшипник сынып, қозғалтқыш апатқы ұшырайды, істен шығады. Подшипниктерде тіпті аздаған тарсылдың болуының өзң де қолайсыз, өйткені бұлай болғанда иінді біліктің мойны тез тозады.
Жоғарыда қарастырылған бірінші сұрақты пысықтау үшін, студенттер http://www.triventy.com сайтындағы тест тапсырмаларын орындайды.
Студенттер сайтқа кіріп, QR код арқылы бағдарламаға қосылады. Студенттердің барлығы да тіркелгеннен кейін тест сұрақтары қойыла бастайды.
Әрбір сұраққа 25 сек уақыт беріледі, және де жеңілдіктер болады, уақыт аяқталғаннан кейін дұрыс жауабы мен сұрақтың түсіндірмесі көрсетіледі. Яғни әр сұрақты соңында студенттермен бірге сұрақты талдаймыз. Сондай-ақ тест соңында нәтижесі тақтаға шығады, және де әр студентке ұпай беріледі.
2. Иінді шатунды механизмның жұмысындағы негізгі ақаулары
Екінші сұрақта студенттерге механизмнің жұмысына кедергі болатын негізгі ақауларды интерактивті тақтада көрсетілген материалдар мен КШМ макетін қолдана отырып <
Қарастырылған ақаулар
Білемін
Білмеймін(жаңалық)
Білгім келеді
Қозғалтқыштағы діріл-соққы
Май қысымының күрт төмендеуі
Күйген және түтін шығару
Жарық цилиндр
Қозғалтқыш сенімді, үздіксіз және діріл-соққысыз, автомобильдің динамикалық қасиетін, жанармай және жағар май шығынының белгіленген нормадан аспауын қамтамасыз ететін жағдайда жұмыс істеуі қажет. КШМ - ның техникалық жағдайын анықтауға болады: дыбысы мен діріл соғысынан; бөлшектерінің едәуір желінгендігінен ұлғаятын май күйігі түтінінен. Өйткені қозғалтқыштың жұмысында сығылу процесінің соңында қысымның азаюынан қатты түтіндеуі болады.
Қозғалтқыштағы діріл-соққы
Қозғалтқыштағы діріл-соққы стетоскоп арқылы тыңдалады және басқа да электронды жүйелерде қолданылады. Ол үшін қозғалтқыштың діріл-соққы болатын жерлеріне стетоскоптың стерженін тигізіп тыңдайды.қозғалтқыштың жұмысын таңдау және діріл-соққының сипатына қарай ақаулықты анықтау үлкен тәжірибені қажетсінеді. Үнді соққылар қозғалтқыш жұмысындағы барлық режимдегі - поршень саусағындағы және поршеньнің жоғарғы басындағы төлкенің желінгендігін аңғартады.
Май қысымының күрт төмендеуі
Май қысымының күрт төмендеуі көбіне иінді біліктегі негізгі немесе бұлғақтық мойыншадағы күпшектердің еріп кетуінен болады; бұл жағдайда ақаудың күрделеніп кетуінің алдын алу үшін қозғалтқышты тоқтату қажет.
Күйген және түтін шығару
Күйген және түтін шығару поршень ойығына отырып қалуы, желінуінен және сақинаның сынуынан, оның серпімділігін жоғалтуынан, май сыратын сақиналардағы саңылау кесінділердің бітеліп қалуы, гильзаның немесе цилиндр ішкі қабатының жырлығанынан пайда болады.
Сонымен қатар, майдың жоғары шығыны, оның қозғалтқыш төсеніш сағылауларын ағуынан және картерді желдету жүйесінің ақаулығынан болады.
Күйе шөгу
Күйенің шөгіп қалуы поршеньнің түбінде және жану камерасының қабырғаларындағы қозғалтқыш бөлшектерінен жылудың алшақтатылуын төмендетеді, мұның өзі бөлшектердің қызуына, құаттың бәсеңдеуіне және жанармай шығынына соқтырады.
Жарық цилиндр
Жарық цилиндр блогының және цилиндр қалпағындағы салқындату кеңістігінің қабырғаларындағы судың қатуынан немесе ысып тұрған қозғалтқыш суыту кеңістігін суық сумен толтыруынан пайда болуы мүмкін.
Екінші сұрақ бойынша кері байланыс <
2 сағаты
3. Кшм ге техникалық қызмет көрсету
Үшінші қарастырылатын сұрақ ТКҚ болғандықтан студенттерге толығымен түсінікті болуы үшін қолдарына үлестірмелу материал таратылып, видеожазбанын көмегімен түсіндіріледі. Видеожазбада КШМ ге ТКҚ толығымен баяндалады. Яғни студенттер теориялық материалды игере отырып оның практика жүзінде іске асырылуын көре алады.
КҚ - күнделікті қозғалтқышты іске қосу алдында жеңілдігіне көңіл аударып және қозғалтқыштың түтіндеуіне әртүрлі режимдегі жұмысын тексеру қажет.
ТҚК-1 кезінде қозғалтқышқа бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізіп және керекті бекіту жұмыстарын орындау; қозғалтқыштың барлық элементтерінің бекітілісін мұқият тексеру керек.
Бекіту жұмыстары қозғалтқыштың барлық жалғаныстарының бекітілісін анықтау үшін, қозғалтқыштың автомобиль қаңқасына немесе шанағына бекітілісін, цилиндр қалпақшасының, картер табандығының блокка бекітілуін, енгізу және шығару құбырының бекітілісін тексеру үшін жүргізіледі.
Реттеу жұмыстары күй анықтау жұмыстарынан кейін жүргізіледі. Егер клапандардың жұмысында және ТҚК-2 кезінде тарсылдар анықталса, жылу саңылауларын реттейді. Жылу саңылауларын реттеу кезінде 1-ші цилиндрді сығу тактінің соңына ЖӨН орнатады. Бұл жағдайда 1-ші цилиндрдің клапан стержені мен иін аралығындағы саңылауды реттейді.
Айналшақты-бұлғақты және газ тарату механизмнің техникалық жағдайын анықтау үшін, күй анықтау жұмыстары тарсылдардың сипатын, цилиндр компрессиясын, поршеньнің жоғарғы жағындағы кеңістіктен қозғалтқыш картеріне ауаның өту шығынын және майдың шығынын анықтау жұмыстарын құрайды. Әртүрлі тарсылдардың сипатын анықтау үшін стетоскоп құралын қолданамыз.
Қозғалтқыш компрессиясы цилиндр-поршеньді топтың тозуына, клапандардың орнығу жағдайына және блок қақпақшасының аралық төсемесінің жағдайына байлансты. Қозғалтқыш компрессиясын компрессометр немес компрессограф аспаптарының көмегімен анықтайды.
Үшінші сұрақты <<сұрақ ілмегі>> әдісімен пысықтаймыз, яғни студенттерде баяндалған материал бойынша сұрақтары болса қағазға жазып тақтаға іліп кетеді. Кері байланыс жазбаша болады себебі студенттердің көпшілігі түсінбеген сұрақтарын қоюға қысылады. Кейін әр сұрақты бүкіл сынып болып қайта пысықтаймыз. Және әдеттегідей студенттер http://www.triventy.com сайтына қарастырылған материалға байланысты сұрақтар жазады.
IV. Студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру 4-5 мин
Қарастырылған тақырыпқа байланысты студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыру үшін <<Кейс стади>> әдісін қолданамыз. Яғни жоғарыдағы материал бойынша студенттер КШМ жұмысында пайда болатын ақаулар жайлы және оны жою жолдарын оқып білді. Енді соған байланысты бір проблемалық жағдаят қарастырамыз. <
V. Сабақты бекіту 3-4 мин
<<Шабадан, еттартқыш>> әдісі
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал әлі де оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жазады. Осылайша мұғалім өткен сабақтан қандай білім алғанын біледі.
VІ. Бағалау 4-5 мин
Бағалау кезінде <<Қара жәшік>> әдісін пайдаланамыз. Яғни бұл жерде жоғарыда әрбір сұрақтан кейін қолданған http://www.triventy.com бағдарламасының <<қара жәшік>> рөлінде болады. Сайттан студенттер ұсынған барлық барлық сұрақтар жіктеліп алынып интерактивті тақтаға шығарылады. Бұл жерде бағалау сұрақтарын студенттердің өздері құрастырады.
VII. Сабақты қорытындылау - 3-4 мин
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында алған баллдарын журналға қойып, сабақтың жағымды жағымсыз болған жағдайларын анықтаймын.
VIІI. Үйге тапсырма - 2-3 мин
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz