Файл қосу

"су. ерітінділер. негіздер" тарауы бойынша білім сайысы


«СУ. ЕРІТІНДІЛЕР. НЕГІЗДЕР.» ТАРАУЫ БОЙЫНША БІЛІМ САЙЫСЫ.
Маханова Г., М. Горький атындағы №1 гимназия-мектебі,
Жетісай қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттыратын, өздігінен белсенді іс-
әрекетке жетелейтін, әр жақты дамуына ықпал жасайтын сабақтың бірі – тарау
бойынша білімді қорытындылау сабағы. Қорытындылау сабағын білім сайысы
ретінде өткізген тиімді.

Сабақтың тақырыбы: «Су. Ерітінділер. Негіздер.» тарауы бойынша қорытындылау
сабағы.

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушылардың « Су. Ерітінділер. Негіздер.»
тарауы бойынша білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау;
ә) дамытушылық: химиялық формула, химиялық реакция теңдеулерін құрастыру,
есептер шығару біліктерін дамыту, өздігінен жұмыс істеуге және өз білімін
бағалап тексеруге баулу;
б) тәрбиелік: ізденімпаздық, жауапкершілік, ұйымшылдық қасиеттерін
тәрбиелеу.

Сабақ көрнекіліктері және жабдықтары:

Сабақ барысы: Сынып оқушыларын топтарға бөліп, топ бастаушысына ортақ
бағалау парағын тарату. Ойынның жоспарымен таныстыру (тақтада ойын жоспары
алдын ала жазылып қойылған). Әділ – қазылар алқасын белгілеу (жоғарғы
сыныптардан химияны жақсы меңгерген 2-3 оқұшы дайындалады).

I кезең – «Бой сергіту»
Әр топқа 6 сұрақтан қойылады, сұрақтардың дұрыс жауаптарын әділ – қазылар
мүшелері ортақ бағалау парағына белгілеп отырады.

«Су тамшысы» тобының сұрақтары:
1. Су жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
2. Су молекуласының құрамы қандай?
3. Ерітінділер деген не?
4. Негіздер қандай топтарға бөлінеді?
5. Ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесінің қалай есептейді?
6.Судың физикалық қасиеттерін атаңдар?

«Ерігіштік» тобының сұрақтары:
1. Судың табиғатта кездесетін агрегаттық күйлерін атаңдар?
2. Дистилденген суды қалай алады?
3.Негіздер деген не?
4.Газдардың ерігіштігін қалай арттыруға болады?
5.Ерітіндінің пайыздық концентрациясын қалай есептейді?
6. Ерітінділерді қолдану салаларын атаңдар?

«Негіздер» тобының сұрақтары:
1. Ауыз су қалай тазаланады?
2. Судың ластануының қандай түрлері бар?
3. Неліктен мұз суда жүзеді?
4. Бейтараптану реакциясы деген не?
5. Ерітіндінің молярлық концентрациясын қалай есептейді?
6.Негіздерді қолдану салаларын атаңдар?

II кезең –«Химиялық лото» ойыны.
Химиялық элементтердің таңбалары және функционал топтар жазылған
қиықшалардан формулалар құрастыру. Бәрінен тез жәнеең көп формула
қүрастырған топқа 5 үпай, кейінгі топқа 3 ұпай, соңғы топқа ұпай
берілмейді. Әділ – қазы мүшелері үпайларды топтардың бағалау парағына
еңгізіп отырады.

«Су тамшысы» тобы оксидтердің формуласын құрастырады.

«Ерігіштік» тобы негіздердің формуласын қүрастырады.

«Негіздер» тобы тұздардың формуласын құрастырады.

Қиықшалармен жұмыс жүргізу мысалы:

К О Сl Fe2 (OH)3 Na2
OH CO3 (OH)2

O3 Mg Cr Ca Al Br SO4
NO3 ( SO4)3

тағы басқалар.

III кезең: «Ойлан, тап» ойыны.
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығып берілген тапсырманы орындайды.
Тапсырмаларда берілген реакция теңдеулерін аяқтап, коэфициентерді қою
керек.

«Су тамшысы» тобының тапсырмасы:
1.Ва+О2→ 2.К+H2O→ 3.NaOH+ FeCl3→

«Ерігіштік» тобы:
1.Mg(NO3)2+KOH→ 2.H2O+CaO→ 3.HCl+NaOH→
«Негіздер» тобы:
1.Zn+HCl→ 2.K+O2→ 3.CO2+NaOH→
Тапсырманы орындау үшін 5 минут уақыт беріледі.

IV кезең: «Есепке кім жүйрік?»

«Су тамшысы» тобы:
1 20 г ас тұзын 120 мл суға еріткенде, алынған ерітіндідегі тұздың пайыздық
концентрациясын есептеңдер.
2. 222,2 г ерітіндіні суалтқанда 22,2 г тұз алынды. Тұздың ерігіштігін
анықтаңыздар.

«Ерігіштік» тобы:
1. 40г натрий хлоридін суда еріткенде, 300 мл ерітінді алынды, алынған
ерітіндідегі тұздың мольдік үлесі қандай?
2.Натрий хлоридінің 200С ерігіштігі 35г тең. 210г суда осы тұздың қандай
массасын ерітуге болады?

«Негіздер» тобы:
1.250г 15%-ды ерітінді дайындау үшін неше г тұз және неше г су қажет
болады?
2.45г калий сульфатын 45оС –температурада ерітуүшін неше г су қажет болады,
егер тұздың ерігіштігі-15г тең болса?

V кезен:Нағыз химик

«Су тамшысы» тобы:
Мыс сульфаты ерітіндісі берілген. Осы заттан қандай түсті түнба алуға
болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

«Ерігіштік» тобы:
Натрий металы берілген. Фенолфталеин түсін танқұрай түске өзгертетін қандай
зат алуға болады? Тәжірибе жүзінде іске асырыңдар.

«Негіздер» тобы:
Қандай затты құйғанда сілтінің танқұрай түсі түссізденеді? Тәжірибе
жүзінде іске асырыңдар.

VI кезен: Капитандар сайысы
Бізден –сұрақ, сізден жауап
1. Ерітінділердің түрлері
2. Негіздердің функционал тобы
3. Судың табиғаттағы айналымы

Сабақты қорытындылау
Әділ –қазылардың шешімі
Оқушылардың білімін бағалау
Пікір алмасу

■ Үйге тапсырма: Н. Нұрахметов т.б.оқулығы бойынша: §36-43
қайталау,115беттегі №8,№10 тапсырмылырды орындау


Ұқсас жұмыстар
Негіздерді теріп жаз
Химия және экология
Оқушыларды бағалау. Сабақтың тақырыбы
Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар
Қышқыл тұздар
Қышқылдар ауылына
Жану Бақылау жұмысы
Химиялық элементтердің атомдарының валенттілігі
Молярлы концентрация
Химиялық реакциялар белгілері
Пәндер