Қаңқа бөліктерінің суреттері

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 бөлім. Жанды табиғат. Адам
Күні:
Сынып: 2
Мектеп: Ш. Қанайұлы атындағы №2 жом
Мұғалімнің аты-жөні: Пирманова Э.
Қатысқандар саны: 24
Қатыспағандар саны:0
2. 2. 3. 1 - адамның тірек-қимыл жүйесінің қызметін анықтау
2. 2. 3. 2 - дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру;
Барлық оқушылар: Адам қаңқасының қызметін анықтайды;
Көптеген оқушылар: Тірек қимыл жүйесін атайды және суреттейді;
Кейбір оқушылар: Қаңқаның тірек және қозғаушы қызметтерін дәлелдейді;
-Адамның тірек қимыл жүйесінің қызметін анықтайды;
-Дұрыс дене сымбатын сақтаудың маңыздылығын түсінеді.
Пәндік лексика және терминология:
Қаңқа, сүйектер, дене сымбаты, омыртқа, жамбас
Сабақта диалог/жазба үшін қолданылатын тіл:
Талқылауға арналған сұрақтар:
Адамның қандай сүйектерін атай аласың?
Қаңқаның қандай сүйектері тірек, ал қайсылары қозғаушы қызметтерді атқарады?
Адамның өсуі тоқтамаса, не болар еді?
Жазылым: Қаңқа бөліктерінің аттарын жазады
Сабақтың барысы
Сабақтың басы
5 мин
Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
- Сәлемдесу
- Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; Шаттық шеңбері. «Бір тілек» әдісі.
- «Мозайка» әдісі арқылы топқа біріктіру.
(Бас, қол, аяқ, кеуде)
(Ұ) «Қайтала» ойыны. (2 мин)
-Орындарыңнан тұрыңдар.
-Бастарыңнан сипаңдар.
-Мойныңды көрсет.
-Кеудеңді қағып қой, арқаңды көрсет.
Ішіңді сипа. Қолдарыңды жоғары көтер.
Алақандарыңды соқ. Аяқтарыңмен тарсылдат.
-Біз денеміздің қандай негізгі бөліктерін
атадық?
-Біз неге тік жүреміз?
-Адам денесінің қандай негізгі бөліктері бар?
(Бас, кеуде, аяқ, қолдар)
(ҚБ) «Қол шапалақтау» әдісі.
Сабақтың ортасы
30 мин
1-тапсырма . «Зерттеу және зерделеу» тәсілі.
«Суреттер сөйлейді» әдісі. (3 мин)
(Ұ. ) Киіз үй мен адамның қаңқасын салыстырту.
- Үйдің тірегі не үшін қажет?
- Адам денесіндегі осындай қызметті не атқарады?
- Адамның бас сүйегі нені еске түсіреді?
- Неліктен адамның бас сүйегі қатты болады?
- Ол нені қорғайды?
- Сендер кеуде қуысы сөзінің мағынасын түсіндіре аласыңдар ма?
Дескриптор:
- Қиіз үй мен адам қаңқасын салыстырады;
(ҚБ) «Отшашу» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
2-тапсырма: «Түсіндіру және сипаттау» тәсілі.
(Т) «Суреттер сыры» әдісі. (7 мин)
Қаңқаның суретін бірнеше бөліктерге бөліп таратып, оларды қайта құрастыруға, оның бөліктерінің аттарын жазуға тапсырма беру.
Оқулықты ашып, қалып кеткен атауларды жазып өздерін тексереді.
Қаңқа сұлбасынан сүйектерді көрсетіп, алған мәліметтерін қорғау.
Дескриптор:
-Қаңқа бөліктерін құрастырады (бас, төс, қабырға, омыртқа, жамбас, қол және аяқ сүйектері)
-Қаңқа бөліктерінің аттарын жазады.
(ҚБ) «Бас бармақ»арқылы топтық жұмысты бағалау.
(МК) Сүйектер бірігіп, кеуде қуысын құрайды, ол кеудені қорғап тұрады. Омыртқалардың өзара бітісіп байланысуы біздің кеудемізді қозғалтуымызға, еңкеюімізге көмектесетінін түсіндіру. Аяқ-қол сүйектерінің қалай біріккеніне назар аударту. Оқушыларға қолдарымен шынтақ, иық буындарын қозғалтып көруге, аяқтарымен тізе буындарын қозғалтуға және кеудені бірнеше рет айналдырып, иіліп көруге ұсыныс жасау.
3-тапсырма: «Бекіту және қолданысқа енгізу» тәсілі. (5 мин)
(Ж) «Эксперимент» әдісі.
Нұсқау:
-Бір оқушы орнынан тұрып қабырғаға сүйенеді. Желкесі, иығы, жамбасы, өкшесі міндетті түрде қабырғаға тиюі қажет. Осындай қалып ыңғайлы болды ма, әлде ыңғайлы болған жоқ па?
-Екінші оқушы оны бақылап тұрады. Егер сыныптасы өзін ыңғайсыз сезінсе, онда ол денесін түзу ұстамайды, оның дене қалпы дұрыс емес. Алынған нәтижелерді дәптеріне жазып отырады. Барлық жұптың қорытынды нәтижесі айтылады.
Дескриптор:
-Бір оқушы қабырғаға сүйеніп тұрады;
-Екінші оқушы бақылап, нәтижесін оқиды.
(ҚБ) «Бағдаршам» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.
Сергіту сәті. ( 2 мин)
Бейнеролик көрсету. (Дене сымбаты) (3 мин)
- Дұрыс отырмаған жағдайда не болады?
(Ө) Дәптермен жұмыс. 18-жұмыс парағы. (3 мин)
Тапсырмада оқушылар суреттегі қаңқа бөліктерінің аттарын дәптерлеріне көшіріп жазады.
(ҚБ) «Смайлик» арқылы бағалау.
4-тапсырма: «Рафлексия және бағамдау» тәсілі.
(5 мин)
(Ж. Т. ) «Сөздер банкі» әдісі.
Дескриптор:
- Дене мүшелеріне қатысы бар сөздерді ажыратады;
- Дене мүшесіне қатысты сөздерді теріп жазады.
(ҚБ) «Жұлдызша» арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.
(Ұ) Дене бітімі . (2 мин)
Суреттегі балаларды салыстыр.
-Олардың қайсысы саған көбірек ұнайды?
-Неліктен?
-Келесі суреттегі балаларға осындай болуға не кедергі келтіреді? (Иығындағы ауыр сөмкесі)
Қалай дұрыс жүру керектігін, яғни арқаны тік ұстап, алдына қарап жүру қажеттігін айту.
(ҚБ) Мақтау, марапаттау
Бейнеролик көрсету. (Дене сымбаты) (3 мин)
-Дұрыс отырмаған жағдайда не болады?
Слайд, суреттер
Саралау тәсілі: «Қорытынды»
Қаңқа бөліктерінің суреттері
Саралау тәсілі: «Қарқын»
А4 парақ
Слайд, суреттер
Саралау тәсілі: «Диалог және қолдау көрсету»
А4 парақ
Видеокөрсетілім
https://www. youtube. com/watch?v=9mnM6j4i46s
Дәптер
А4 парақ
кесте
Сабақтың соңы
5 мин
(Ұ) «Ашық микрофон әдісі» (2 мин)
Оқушылар сурет бойынша бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
-Қай балаға денесін дұрыс ұстау туралы кеңес берер едің?
-Партада қалай отыру керек?
-Оның дене сымбатына қандай әсері бар?
-Сен партада қалай отырасың?
Ойлан.
Ересек адам мен баланың қаңқасын салыстырады.
- «Қаңқа өсе ме?»
(ҚБ) Мұғалімнің бағалауы: Мақтау, мадақтау, ынталандыру.
Үй жұмысы. (1 мин)
Сен білесің бе? Оқушыларға энциклопедиядан мақалалар оқуға тапсырма беру.
-Олар адамның бас сүйегі жайлы тағы нені біледі екен? - Ол несімен қызықты?
Кері байланыс: «БББ» кестесі (2 мин)
микрофон
Кесте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz