Б. соқпақбаев «менің атым қожа» повесіндегі басты кейіпкерге мінездеме

Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақтың тақырыбы:
Өткізген: Төленова Г. Қ.
6 «а» сыныбы
2012 - 2013 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі басты кейіпкерге мінездеме.
Сабақтың мақсаты:
а) Повесть бойынша оқушылардың ойын тиянақтау. Қожа бейнесіне талдау жасап, өз көзқарасын жүйесі талдауға үйрету;
ә) оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу және жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау, оқушының ой - өрісі мен дүниетанымын дамыту;
б) қарсылыққа құрметпен қарап, сыпайылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу және қарсылыққа дау көтермей сөйлеу әдебін меңгертіп, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы.
Әдіс- тәсілдері: талдау, ой шақыру, ой - толғау жазу, деңгейлік тапсырмалар, сәйкестендіру тесті, Венн диаграмма.
Көрнекілігі: аұынның портреті, үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Сабақтың жоспарымен танысу.
- Зейіндерін сабаққа аудару.
Сабақтың жоспары:
- «Менің атым Қожа» повесін композициялық құрылым арқылы талдау.
- «Ой шақыру» әдісімен кейіпкерлер бейнесін ашу.
- «Егер де мен Қожаның орнында болсам» деген тақырыпқа ой - толғау жазу (дәптермен жұмыс) .
- Деңгейлік тапсырмалар (оқушылардың деңгейіне қарай, үлестірмелі қағаздар беріледі) .
- Сәйкестендіру тесті (тақтамен жұмыс) .
- Қорытынды: «Адам болу парыз. Сол жолдан жеңіп шығу - ерлік» (сұрақ - жауап) .
- Үйге тапсырам. «Балалық шақ» ой - толғау жазу.
Кіріспе сөз:
Жас ұрпақтың сүйікті жазушысы Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы 15 қазанда Алматы облысының Нарынқол ауылында туған. Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтын бітірген. Содан соң Нарынқол ауданында мұғалім болған. Жазушының тырнақалды туындысы «Он алты жасар чемпион» повесі 1951 жылы жарық көрді. Оның атын ерекше танытқан шығармасы «Менің атым Қожа» повесі болды. Ол орыс, француз, украин, литва, латын, молдаван тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясында экрандалған. Осы көркем лента 1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальда арнаулы жүлдені жеңіп алды. Кинофильмнің режиссері - Абдулла Қарсақбаев.
Повесть дегеніміз - көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть деп атайды.
I. Композициялық құрылым арқылы талдау.
Повестің басталуы - 1. Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады . . .
2. - Ех, қайран әкем! Егер сен тірі болсаң, мүмкін, мен бұдан гөрі басқадай болар ма едім?
Дамуы - 1. Лагерьге жолдама. 2. Майқановаға жолығуы.
Байланысуы - 1. Орыс әдебиетінен Анфиса Михайловна А. Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңін жатқа сұрағанда . . .
2. Бір бақаны сумкаға сүңгіткен Қожа.
Шиеленісуі - 1. Анасының Қожаға ренжуі. 2. Педкеңестегі талқы.
Шарықтау шегі - 1. Майқонованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі.
Шешімі - 1. Өзіне берген уәдесі.
- «Ой шақыру» әдісімен кейіпкерлер бейнесін ашу.
Мұғалім сөзі:
Шығарманың бас кейіпкері Қожа мінезінің қалыптасуына өскен ортаның, отбасының, мектептің игі әсері болды. Ал енді оқушылар Қожаның сотқар болуы мен әдепті жолға түсуіне не себептер болды?
Қожаның сотқар болуына себепкер нәрселер: әжесінің еркелетуі, әкесін сағынуы, зеректігі, өзінің менмендігі, анасының жұмысбастылығы.
Қожаның әдепті жолға түсуіне себептер: анасын аяулы, Сәйбек қарт, Оспанов ағайдың айтқан естеліктері, Майқанованың педкеңестен шығып бара жатып айтқан сөзі.
III. «Егер де мен Қожаның орнында болсам» деген тақырыпқа ой - толғау жазу.
IV. Деңгейлік тапсырма.
(оқуышлардың деңгейіне қарай, үлестірмелі қағаздар беріледі) .
- Лагерьге жолдама бермегені үшін Майқанова апайды ренжіткен Қожаның ісіне қалай қарайсың?
- «Қысқы кешті» жаттамаған Қожа қандай күйде болды?
- Оқулық алу үшін мұғалімді алдағаны дұрыс па?
- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап - сыпсыңдағыш кім?
- Келесі сабаққа қайсың бақа ұстап әкелесіңдер деп айтқан кім?
- Қожаның айнаға қарап ойланған сәті . . .
- - Қара көже, мынаның не екенін білесің бе? Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың. Осы сөздерімен Жантастың қандай сипаты көрінеді?
- - Жоқ, Қадыров түзелмейді. Ол уәдесін бізге талай берген.
- Қожаның бір ауыздан қаулы қабылдауы туралы не айтар едің?
- Анасы қожаға соңғы рет қандай ақыл айтты?
- Жантас Қара Қожа деудің орнына керісінше қалай атайды?
- Қожа бейнесін суретте.
V. Сәйкестендіру тесті. (тақтамен жұмыс)
- «Лагерьге жолдама. Біз баратын болдық. Ал сен көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қаласың. » ( Жантас)
- «Қожа, Қожатай, әкем - ау, сен бүгін сабағыңа бармаушы ма едің?» ( Әжесі)
- Біз екеуміз таныс шығармыз деймін? (Майқанова)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz