Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Бала құқықтары бекеті

Күні:
Сыныбы: 7А
Тақырыбы:
Мақсаты:
Оқушының құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін толықтыру.
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының түрі: саяхат
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы, <<Бала құқықтары туралы>> Конвенция, Туу туралы куәлік, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Психологиялық дайындық
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
Бүгін біз ертегілер еліне шағын саяхат жасаймыз. Біздің еліміздің негізгі құжаттарымен және оқушылардың құқықтарымен танысамыз.
Адам баласы туғаннан бастап мемлекеттің қарамағында қорғауда болады. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
Конституция дегеніміз не?
Конституция - бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді? /30 тамыз/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз? /азаматтар/
Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты - Конвенция деп аталады.
Конвенция - арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол <<Бала құқықтары туралы>> Конвенция деп аталады. Ол Конвенция 54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті - 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бүгінгі саяхатымызда біз сендермен <<Оқушының құқықтары мен міндеттері>> туралы танысамыз.
<<Бала құқықтары>> бекеті
<<Жағдаят шешу>> бекеті
<<Түсініктеме>> бекеті
<<Ертегі>> бекеті
<<Мәре>> бекеті
І. <<Бала құқығы>> - бекеті.
Балалар, қалай ойлайсыңдар, қай жасқа дейін азамат бала болып саналады?
Бала құқықтары туралы заңда 18 жасқа дейінгі азаматтарды бала деп есептейді. (кәмелетке толмаған)
Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Әрине, баланың қызығушылығы мен құқығын қорғайтын, тәрбиесіне, білім алуына қамқорлықты қамтамасыз ететін адамдар: ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
Ол - Туу туралы куәлік (Осы құжат сендердің тұлғаларыңды растайды).
Біз қай елдің азаматтарымыз? (Қазақстан Республикасының азаматтарымыз).
Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, <<Бала құқықтары туралы>> конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.
Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
Өмір сүруге
Ата-тегін алуға
Отбасында тәрбиеленуге
Жеке бас бостандығына
Азаматтық алуға
Білім алуға
Баспана алуға
Дүние мүлікке
Демалуға
Денсаулықты сақтауға
Сөз бостандығына
Қоғамдық жұмыстарға араласуға
ІІ. <<Жағдаят шешу>> бекеті.
Ерасыл сабақта болғанда анасы оның бөлмесін жинап жүріп, қажетсіз деген заттарының бірқатарын қоқысқа лақтырып тастады.
Ерасылдың қандай құқығы бұзылды?
Асқардың үйдегі інісін қарайтын адам болмағандықтан, оны анасы сабаққа жібермеді.
Асқардың қандай құқығы бұзылды, - деп ойлайсыңдар?
Әсел мен Айжан дос еді. Әсел жақсы оқитын. Ал, Айжан нашарлау оқитын. Бір күні екеуі ренжісіп қалды. Әсел Айжанды екіліксің деп, - келеке етті. Айжанның қандай құқығы бұзылды?
Балалар, жағдаят барысында қандай мәселені қозғадық?
ІІІ. <<Түсініктеме>> бекеті.
Біздің үшінші бекетіміз <<түсініктеме>> деп аталады. Интерактивті тақтада сөздіктер жазылған. Қазір сол сөздердің мағынасын ашамыз!
IV. <<Ертегі>> бекеті.
Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген). Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
<<Мыстан кемпір>> - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.
<<Карлсон>> - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
<<Тоты құс>> - /адамдардың тұрғылықты жерлерін қиратады, бау-бақшадан алтын алмаларды ұрлайды, сондықтан осы қылмысы үшін торда қамалған/.
<<Ойлан, тап>> ойыны.
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
Ер Төстік +
Мыстан кемпір -
Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр -
Шық бермес Шығайбай -
Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы +
Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!
Өздеріңе қажетті жаңа білім алдыңдар. Енді сендер біздің еліміздегі бала құқығын білесіңдер. Сонымен қатар адамның құқығы мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды.
Ал, енді сендер оқушы ретінде өз міндеттеріңді білесіңдер ме?
Оқушының міндеттері:
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға;
Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті;
Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге;
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға;
Тарихи ескерткіштерді қорғауға;
Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға;
Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға;
Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға;
Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
<<Мәре>> бекеті - Рефлексия.

Ұқсас жұмыстар
"Оқушының құқықтары мен міндеттері"
Арыстан мен тышқан (ертегісі)
Өнер бекеті
Бағдаршам аты
Мен туған елімді сүйемін
Өнер алды - қызыл тіл Тілдің қасиетін сезіну
Құқық әлемінде
Бала құқығы туралы Конвенцияға түсінік беру
Оқушының сөзі
Бала құқықтары туралы конвенция
Пәндер