Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ұлпалардағы газ алмасу
Күні:
Тақырыбы: Тыныс алу мүшелерінің құрлысы.
Мақсаты: 1.Тыныс мүшелерінің құрылысын, қызметін, газдардың алмасу себебін түсіндіру, өкпенің тіршілік сыйымдылығы туралы мағлұмат беру және оның организм үшін маңызын айту, тыныс алудың жүйкелік және гуморальді реттелуі туралы білім жинақтау.
2. Оқушылардың жеке және топта жұмыстану белсенділігін арттыру, білімін дамыту.
3. Тыныс мүшелерінің аурулары және олардың алдын алу жолдарымен таныстыра отырып,, салауатты өмір салтымен жүруге баулу.
Әдісі: түсіндірмелі−көрнекілік
Көрнекілігі: Суреттер, сызбанұсқалар, слайдтар, интерактивті тақта, тірек - сызба.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақты талдау
IV. Сабақ бекіту
V. Қорытынды
VI. Бағалау
VII. Үй тапсырмасы
VIII. Рефлексия
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақта жоқ оқушылардың, сабаққа келмеу себебін аңықтау.
II. Үй жұмысын тексеру
III. Жаңа сабақты талдау
Тыныс алу деп -организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.
Оттегі адам организмі үшін аса маңызды. Тіршіліктің сақталуы үшін оттегі үнемі денеге жеткізілуі тиіс. Тыныс алу кезінде оттегі үнемі денеге кіріп және көмір қышқыл газы денеден сыртқа айдалып тұрады. Бұл қызметті өкпе атқарады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері екіге бөлінеді: тыныс жолдары және басты тыныс алу мүшесі - өкпе. Тыныс жолдары - мұрын қуысы, көмей, кеңірдек және бронхылар.
Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң және сол жақ бөліктерге бөлініп, ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұнда ауаның құрамындағы шаң-тозаңды, микроорганизмдерді ұстап, өлтіретін түктері бар және ол өкпеге баратын ауаны жылытады.
Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - өкпе. Бұл бронхылардың ұсақ тамшыларының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше.
Альвеолалар өте ұсақ, шар тәрізді домалақ, оларды микроскоппен ғана көруге болады. Қабырғалары жұқа, көптеген капиллярлармен қоршалған. Альвеолалардың жалпы ауданы 200 м2.
Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына байланысты. Жаңа туған сәбидің өкпесі нашар дамыған. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу кезінде қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады. Дем алудың минуттық мөлшері: жаңа туған сәбиде 220 см3, ересек адамда 96 см3.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС), яғни өкпеге кіретін және шығатын ауаның мөлшері адамның жасына сай өзгереді. Адам қалыпты жағдайда дем алғанда өкпеге 300-500 мл. ауа кіреді. Мұны дем алу ауасы деп атайды. Жай дем алғаннан соң дем шығармай тұрып тағы да 1,5-2 л. ауа жұтуға болады. Мұны қосымша ауа деп атайды. Қалыпты дем шығарудан кейін дем алмай тұрып, тағы да күшпен дем шығарып 1-1,5 л. ауаны сыртқа айдауға болады. Бұл - қордағы ауа.
Тыныс алу мүшелерінің бәрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы, ӨТС: штангистерде - 4 л, футболистерде - 4,2 л, боксерлерде - 4,8 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минутына - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын аулуларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі
Тыныс алу жүйесі
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді.
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.
Танау арқылы ауа сүйек-шеміршек қалқасы арқылы екі бөлікке бөлінетін мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікте-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасады. Ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған және көп қан тамырлары бар. Тамырлармен аққан қан дем алған ауаны дене температурасына дейін жылытады. Сілемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң мен микроорганизмдерді тұтып қалады.
Сілемейде тұтылған микробтарды лейкоциттер фагоцитоздайды, содан кейін эпителий кірпікшелері арқылы шаңмен бірге сыртқа шығарылады. Мұрын қуысының сілемейлі қабығында иісті қабылдайтын иіс сезу жүйкелерінің ұшы болады. Мұрын қуысынан жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа аңқа мен жұтқыншақ арқылы көмейге түседі. Жұтылған ас тыныс жолдарына түспеуі үшін көмейге кіреберіс жер шеміршекті көмей қақпашығымен (надгортанник) жабылады.
Көмей ауаны жұтқыншақтан кеңірдекке өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу қызметін де атқарады.
Көмей- іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары дейгейінде орналасқан. Көмей қабырғасы сіңір, буын және бұлшық еттермен қосылған бірнеше шеміршектен тұрады. Тағамды жұтқанда көмекейге кіреберіс шеміршекті көмей қақпашығымен жабылады. Ең ірі шеміршек- мойынның алдыңғы бетіне шығып тұратын қалқанша шеміршегі.
Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашағынан басқа ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған. Көмей шеміршектері арасында екі дыбыс сіңірлерін түзетін сілемейлі қабаттар болады. Олардың арасындағы кеңістік дыбыс саңылауы деп аталады. Дауыс дыбысы тыныс шығарған кезде дыбыс сіңірлерінің тербелісі нәтижесінде пайда болады. Дауыс түрі мен оның тембрі дыбыс сіңірлерінің ұзындығына байланысты.
Көмейге ас бөлшектері немесе басқа заттар түскенде, сондай-ақ қабыну процестерінде адам жөтеледі де күшті дем шығарылады. Бұл көмейдің тазартылуына әсер етіп, тыныстың төменгі бөлімдеріне зиянды заттардың енуіне кедергі келтіреді. Көмейдің төменгі бөлімі VI-VII мойын омыртқалары тұсында кеңірдекке өтеді.
Кеңірдек- ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм, өңештің алдында орналасқан түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді.
V кеуде омыртқасы деңгейінде кеңірдек негізгі екі бронхыға бөлінеді.
Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхиола деп аталады да, альвеолармен аяқталады. Кеңірдек пен бронхиола да сілемей бөлетін тербелмелі эпителиймен жабылған. Кірпікшелер сілемей мен микроорганизмдерді жұтқыншаққа бағыттайды да, сонда жұтылады.
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады. Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арсында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар.
Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.
Альвеолалар-диаметрі0,2-0,3 мм, тереңдігі 0,06-0,3 мм, ауаға толы өкпе көпіршіктер. Альвеола қабырғасы бір қабатты эпителийден тұрады, сырты капиллярлардың қалың торымен шырмалған. Капиллярлар мен альвеолалардың жұқа қабырғасы арқылы газ алмасу жүреді. Адам өкпесінде, шамамен, 700 млн альвеола бар. Альвеоланың ішкі бетіне эпителий жасушаларынан түзілген жұқа қабыршық қапталған. Осы қабыршаққа байланысты көпіршіктер қабысып қалмайды., тұрақты көлемі сақталады. Қабыршақ микроорганизмдерден де қорғайды, содан кейін өзі сіңіріледі немесе сыртқа қақырық түрінде шығарылады.
Өкпедегі газ алмасу. Адам құрамында 21% оттек6 79% азот6 0,03% көмірқышқыл газы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқыл газы және 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырашылығы-өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе капиллярына түскен вена қанында оттек аз, кқмірқышқыл газы көп. Сондықтан альвеола ауасындағы оттек қанға араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ алмасуды сыртқы тыныс алу дейді. Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де, гемоглобнмен берік емес байланысып, оксигемоглобин түзеді. Вена қаны артерия қанына айналады да, өкпе венасы арқылы жүрекке, одан қанайналымның үлкен шеңберінің тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы альвеоладан ауа тасымалдайтын жол арқылы сыртқа шығарылады.
Ұлпалардағы газ алмасу. Оттекте қаныққан артерия қаны қанайналымның үлкен шеңберімен организмнің барлық ұлпаларына тасымалданады. Ұлпаларда оттек, оттек концентрациясы жоғары капиллярлардан ұлпа сұйықтығы арқылы жасушаларға диффузияланады да, тотығу процестерінде қолданылады. Көмірқышқыл газы ұлпа жасушаларынан капиллярларға ұлпа сұйықтығы арқылы диффузияланады. Ұлпадағы газ алмасуды ішкі тыныс алу дейді.
Артерия қаны вена қанына айналып, қуыс веналар арқылы жүрекке, әрі қарай қанайналымның кіші шеңберіне өтеді. Күні бойы адам пайдаланатын оттек пен көмірқышқыл газының мөлшері дене белсенділігіне және денсаулық күйіне байланысты өзгеріп отырады.
Видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=MD6xhaYedX4
https://www.youtube.com/watch?v=8OgMs84H670
Оқушыларға кітаптағы параграфты кезекпен оқытып, талдау.
IV.Сабақ бекіту
Сұрақ−жауап ойыны
1. Қандай мүшелер тыныс алу жүйесін құрайды?
2. Неліктен тыныс алуды тіршіліктің негізі дейді?
3. Мұрын қуысы құрылысының ерекшелігі мен маңызы неде?
4. Тыныс алудың ырғақтылығын немен түсіндіресің?
5. Тыныс алу мен тыныс шығару қалай жүреді?
6. Газ алмасу деген не?
7. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дегенді қалай түсіндіресің?
8. Адам неге жүгіру кезінде көп ауаны қажет етеді?
9. Өкпедегі ауа сыйымдылығын немен және неге өлшенеді?.
10. Тыныс алудың тереңдігі мен жиілігі неге байланысты?
11. Тыныс алуға қандай факторлар кері әсер етеді?
12. Туберкулез ауруы деген не? Одан емделуге бола ма? Белгілері қандай?
13. Темекінің тыныс алу мүшелеріне қандай зиянды әсері бар?
14. Тұмау, суық тию, пневмония /өкпенің қабынуы/, плеврит және басқа да тыныс аурулары туралы не білесіңдер?
<<Терминдер сөйлейді>>
Плевра -
Сероз -
Бронх -
Бронхиола -
Диафрагма -
Спирометр -
Газ алмасу -
Тіршілік сыйымдылығы -
Сәйкестігін анықтау.
1.Мұрын қуысы
2.Көмей
3.Кеңірдек
4.Бронхылар
А) шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады;
Ә) ауа жылытылады, зарарсыздандырылады, ылғалданады және шаң-тозаңнан тазартылады;
Б) шеміршек сақиналарынан түзілген;
В) сілемейлі қабықта иіс сезу жасушалары болады
Г) сүйекті шеміршекті қалқа бар;
Ғ) сілемейлі қабық қатпарындағы шеміршектер арасында дыбыс сіңірлері түзілген;
Е) қалқада үш қалқан орналасқан;
Ж) дыбыс түзіледі
Суретті аңықтау
Сіз білесіз бе?
* Біз демалғанда немесе ұйықтағанда тек 3-4 секундта бір рет тыныс аламыз;
* Дене жүктемесі шамадан тыс болғанда тыныс алу секундына бір етке дейін жиілейді;
* Адам біршама уақыт тыныштықта болса және үстіртін ғана тыныс алса, организмге көбірек оттек қажет болғандықтан, есіней бастайды.Есінеу қосымша тыныс алуды тудырады;
* Есінеу кезінде миға қан барып,жақ пен бет бұлшық еттері қимылдап,адамды сергітеді;
* Демді сыртқа қаншалықты мөлшерде шығарғанына қарамастан,өкпеде жарты литр ауа қалады.
* Өкпенің әрқайсында 250 миллион альвиоллалар бар
*
V.Қорытынды
Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу жүйесі өте маңызды-газ алмасу қызметін атқарады, ал газ алмасусыз тіршілік ету мүмкін емес. Организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесі тыныс алу деп аталады. Оттек органикалық заттарды тотықтыруға және ыдыратуға керек, осы кезде энергия бөлініп, көмірқышқыл газы мен су түзіледі. Бұл энергия организмнің тіршілік әрекетінің барлық процестеріне жұмсалады. Оттектің ұлпаға түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуы қан арқылы қамтамасыз етіледі. Қан мен атмосфералық ауа арасындағы газ алмасу тыныс алу мүшелерінде жүреді. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы. Тыныс алу мүшелеріне мұрын қуысы, аңқа (носоглотка), көмей (көмекей), кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар-ауа тасымалдайтын жолдар. Сонымен қатар өкпе жатады. Өкпеде газ алмасу жүреді.
VI. Бағалау
VII.Үй тапсырмасы
1. §38,39,40 оқу.
2. "Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы немесе аурудың алдын алу шаралары"туралы тестер құрастыру
VIII.Рефлексия
Білемін
Білдім
Білгім келеді

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz