Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Авторлық құқық

Күні:
Сынып: 8Ә
Тақырыбы:Құқықтық оқыту. Адалдық және сыпайылық шынайы адам келбеті. Интелектуалдық жеке меншік және оны қорғау.
Мақсаты:
* Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету;
* Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;
* Құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;
* Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау.
Әдісі: түсіндірмелі−көрнекілік
Сабақ типі (түрі): аралас сабақ
Көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар,суреттер, елбасы суреті, Қазақстан Республикасының картасы, рәміздер

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа тақырыпты талдау
III. Сабақ бекіту. Сұрақ−жауап ойыны
IV. Қорытынды
V. Жақсылық - рефлексия

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен салемдесу, түгендеу, сабаққа келмеген балалардың себептерін аңықтау.

II. Жаңа тақырыпты талдау
Интеллектуалдың меншік және оның объектілері
Күнделікті өмірімізде біз <<интеллектуалдық меншік>> немесе <<интеллектуалдық меншік құқығы>> деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: <<Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады>>. Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
:: интеллектуалдық қызметтің туындылары;
:: ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
:: өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
:: фирмалық атаулар;
:: тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады.
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық <<сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, <<Эйр Казахстан>> өуе компаниясы; Бахус>> АҚ-ы; <<Глотур>> фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры -- Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны <<досым>> деп атағанда ағылшынша <<френди>> орнына <<венди>> сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады.
1929 жылы Барри өзінің <<Питер Пэн>> ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді. Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
:: Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
:: Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
Авторлық құқық
Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.
Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.
Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.
Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
:: әдеби шығармалар;
:: драма және музыкалыдрамалық шығармалар;
:: мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
:: қолданбалы өнер шығармалары;
:: фотографиялық шығармалар;
:: сахналық туындылар;
:: карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
:: энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
:: хореография және пантомимді шығармалар;
:: кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;
:: ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
:: архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;
:: жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)
Ресми құжаттар, мемлекеттік символдар, халық шығармашылығының туындылары, оқиғалар мен айғақтарды хабарлау авторлық құкықтық объектілеріне жатпайды.
Нағыз пиццаның дәмі -- миландық пиццаның дәмі дейді Солтүстік Италияның Милан қаласының тұрғындары. Миландық 4 растораторлар пиццаның дөңгеленген пішінін деріптеп, оның бірненше қоспасын жаңартып жаппай өндіріске қосып, өздеріне йшорлық құқық жариялап үлгіреді. Дегенмен де, оңтүстіктегілер пиццаны олардың ата-бабалары ойлап тапқанын алға тартуда. Істің мәнжайы былай өрбіген болатын. Бұдан бірнеше жүз жыл бұрын неопалитандық кедей шаруалар күн көріс қамын ойпан үш қоспадан тұратын дөңгелек шелпек жасайды. Үнды т іпн суына қосып илеп, одан соң оны отқа қояды. Оған зәйтүн майы мен азғана қызанақ пастасын қосады. Ал, сыр, саңырауқұлақ немесе тұздалған балық қосу кейіннен пайда болған. , Неопольде, Римде немесе Генуде пиццаның дәмін татпау италиядықтар үшін бір күнді бекер өткізгенмен бірдей.
Автор өзінің шығармасын пайдаланғаны үшін оның авторлыған талап етуге құқылы. Сонымен бірге ол өзінің шығармасындамда бөтен немесе жалған есімді пайдалануға, оған өзгерістер мен қосымшалар енгізуге құқылы. Автор қайтыс болған соң, оның авторлық құқығын қорғау өсиетте тұлғаға, автордың мұрагерлеріне немесе мемлекетке жүктеледі.
Автор үшінші тұлғаларға өзінің шығармаларын шығаруға; тұпнұскаларды немесе көшірмелерді таратуға; сатуға, айырбастауға, жалға беруге; шығарманы көпшілікке көрсетуге; шығарманы аударуға және т.б. әрекеттерді жасауға рұқсат беруі немесе оған тыйым салуы мүмкін.
Авторлық құқық автордың көзі тірі кезінде және ол қайтыс болғаннан кейін елу жыл әрекет етеді. Авторлық құқықтың мерзімі біткен соң кітап қоғамның байлығына айналады.
Авторлық құқықты қорғау coт арқылы жүзеге асырылады.

Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдері
Қазақстандық ұлттық заңнамада да аталған объектілердің мағынасын ашатын нормалар бар. Бұл біріншіден, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 10 маусымында қабылданған.
Интеллектуалдық меншіктің түсінігіне қалай да болса, анықтама беретін нормалар ҚР АК-нің 14, 59, 115, 119, 125, 126, 961-970 - баптарында көзделген.
ҚР АК-нің 961-бабына сәйкес интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
ҚР АК-нің 961-бабы мен Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымы конвенциясының мәтінін салыстарғанда көптеген объектілер ұқсас болып келеді.
Аталған жоғарыда қайнар көздер интеллектуалдық меншік объектілерінің нормативтік анықтамасын толығымен бермейді, ол үлкен кең көлемді сипаттамаларды ғана белгілейді.
Аталған объектілердің авторлық түсінігін бергенге дейін, олардың заңды және өзге де түсінігін анықтаған жөн.
Азаматтық заңнаманы талдағаннан кейін, біздің пікірімізше, интеллектуалдық меншіктің, интеллектуалдық меншік құқығының объектілерін сипаттайтын 4 негізгі құрылымды анықтауға болады.
Аталған құқықтық феномендер келесідей түсіндіріледі:
- мүлік түрі, меншік құқығының объектісі;
- шығармашылық нәтижесі және дараландыру құралы;
- азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі;
- азаматқа немесе ұйымға тиесілі айрықша құқық.

III.Сабақ бекіту. Сұрақ−жауап ойыны
1. Интелектуалдық құқық дегеніміз не?
2. Интелектуалдық меншік құқығының объектілері?
3. Авторлық құқық дегеніміз?
4. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдері
5. Интелектуалдық және сабақтас құқықтар туралы заң қашан қабылданды?
6. Авторлық құқыққа мысал келтір

II. Қорытынды
Сонымен, интеллектуалдық меншік дегеніміз -- шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.
Интеллектуалдық меншікке қатысты заңдарда оны <<айрықша құқық>> деп түсінеді. Айрықша қуқық интеллектуалдық меншікті лицензиялық келісімшарт негізінде үшінші тұлғалардың уақытша пайдалануына мүмкіндік береді.
Авторлық құқық интеллектуалдық меншікке жатады және сотпен қорғалады. Интеллектуалдық меншік қуқығы бұзылғанда, оны қорғау сот арқылы жүзеге асырылады.

VI.Жақсылық - рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
- Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
- Бізбен жіп не істеді?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
- Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр - меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Ұқсас жұмыстар
11-ші сыныпқа арналған сабақ жоспар
Жоғары оқу орындарында «ақпараттану» пәнін бейінді-бейімдеп оқытудың теориялық моделі
Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру
Мемлекет және құқық
Қылмыстың объектісі мен объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы объективтік жағы және субъектісі мен субъективтік жағы
Журналистика негіздері
География ғылымының негізгі ерекшеліктері
Авторлық оқу бағдарламаларын құрастыруға әдістемелік ұсыныстар
Шәкәрімнің лирикалық шығармалары
Құқық бұзушылықтың түрлері
Пәндер