Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құқық бұзушылық

Күні:
Сынып: 8Ә
Тақырыбы: <<Құқықтық оқыту. Жасөспірім неге құқық бұзады?>>
Мақсаты :
* Құқықтық тәрбиенің өмірілік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру.
* Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету.
Әдісі: түсіндірмелі−көрнекілі
Сабақ типі (түрі): аралас сабақ
Көрнекілік : Интербелсенді тақтаның көмегімен дайындалған слайдтар,
қанатты сөздер, мақал- мәтелдер, тірек сызбалары.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Жаңа сабақты талдау
III. Тақырыпты бекіту. Халық даналығы.Мақал-мәтелдер мағынасын ашу.
IV. Сұрақ-жауап ойыны. Пікірталас.
V. Ойлан тап.
VI. Қорытынды.
VII. Рефлексия
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақта жоқ оқушылардың, сабаққа келмеу себебін аңықтау.
II. Жаңа сабақты талдау
Мұғалім сөзі: Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып,
тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі
болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда
тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық
тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық
бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық -- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген
ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық
-- заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу,
тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы,
мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы
арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі.
Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі
заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың,
сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп,
бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың
арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке
тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе
әрекетсіздік болып табылады. -- Әрекет -- бұл құқық нормаларының іс-
қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының
талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
ІII. Тақырыпты бекіту. Мақал-мәтелдер. (Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер айтып, мағынасын ашу)
1.<<Ісін өндіре алмаған қырсыз бала ,қырсығын әкесінен іздейді.>>
2. <<Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің.>>
3. <<Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма, бестен он үшке дейін құлыңдай
қина, он үштен ары сырласыңдай сыйла.>>
4. <<Жақсы бала сүйініш , жаман бала күйініш.>>
5. <<Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер
6 Біреуге ор қазба, өзің түсесің.
7. Ұрлық түбі, қорлық.
8. Қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер.
9. Заңды сыйлаған, еркін жүреді.
ІV. Сұрақ-жауап. (Мұғалім оқушыларға слайд тапсырмалары бойынша
сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Мұғалім толықтырады)
1.Жеке адамның құқығы дегеніміз не?
Адамның мүддесін қанағаттандыруға бағытталған заң арқылы қорғалған
тәртіптік шара.
2. Құқықтың қандай түрлерін білесіңдер?
- Жеке (азаматтық)
- Саяси
- Экономикалық
- Әлеуметтік
- Мәдени т.б.
3. Адам құқығы қай уақыттан пайда болады?
Туылғаннан беріледі
4. Оларды орындау үшін не қажет?
Міндеттерін орындау
5. Адамның негізгі құқығы?
Өз құқықтарын пайдалану құқығы
6. Құқық қашан және қайда пайда болды?
Азаматтарға құқық керек кезде, ол пайда болады.
7. Бізге құқықпен бірге бостандық беріледі. Бостандық - деген не?
Бостандық - бұл таңдау
8. Бостандықты не шектейді?
Бостандық және өз қалауымен орындамалық - бұлар бірдей ме? -
Бостандықты шектеу әр адамның саналығында
V. Ойлан тап. (Интербелсенді тақтаның көмегімен дұрыс жауабын
табу.)
1. Құқық -----------------------------------------А - Еліміздің негізгі заңы.
2. Конституция ---------------------------------Б - Мемлекет
басшысы
3. Мемлекет ------------------------------------В - Негізгі саяси қоғамдық ұйым
4. Азамат -----------------------------------------Г - Тәуелсіздік
5. Құқық бұзушылық -------------------------Д - Заңдар жүйесі
6. Президент ------------------------------------Е - Заң шығарушы орган
7. Парламент ------------------------------------Ж - Заң жүйесін бұзу
8. Егемендік --------------------------------------З - Құқығы бар ел тұрғыны
Дұрыс жауабы:
1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г
VI.Қорытынды
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады.
Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен
қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін
өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу
үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру
қажет
VIІ.Жақсылық - рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
- Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
- Бізбен жіп не істеді?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
- Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр-меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Ұқсас жұмыстар
Құқық бұзушылықтың түрлері
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Азаматтық құқық
Баланың еңбек бостандығына құқығы
Әкімшілік құқық
Сауалнама өткізу
Идн-мен жұмыс
Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс
Адам құқығы
Құқықтық сауаттылық – заман талабы жайлы
Пәндер