Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері

Күні:
Сынып: 8Ә
Тәрбие сағатының тақырыбы: <<Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері>>
Мақсаты:
:: Балалардың қыс мезгілінде үйде, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережесін сақтай білу жөніндегі білімдерін бекіту
:: Ойлау, пайымдау, еске сақтау, логикалық ойлау дағдыларын дамыту;
:: өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірмелі−көрнекілік
Сабақ типі (түрі): аралас сабақ
Көрнекіліктер: суреттер, қыс мезгілі, қауіпсіздік таратпа қағаздар

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа тақырыпты талдау
III. Сабақ бекіту. Сұрақ−жауап ойыны
IV. Қорытынды
V. Жақсылық - рефлексия

Тәрбие жұмысының барысы.

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақта жоқ оқушылардың, сабаққа келмеу себебін аңықтау.

II.Сабақ барысы:
Мұзда қауiпсiздiк сақтаудың жалпы шаралары
Қатқан сулары арнаулы мұз өткелдерi (жаяуларға және авто, арба көлiкке арналған) жасалған тұстарда ғана қиып өтуге рұқсат етiледi. Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек.
Мұндай өткел жоқ жерден өткенде алдымен ол жердегi мұздың сүйменмен ұрып байқау ұсынылады: қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды.
Мұз берiктiгiн аяқпен ұрып байқауға қатаң тыйым салынады.
Әлсіз мұз үстiмен жүруге, мұзы шатынаған тұстарға жақындауға, жағадан жұқа мұз үстiне шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды.
Өзендi (су қоймасын) мұз үстiмен тыйым салынған және қауiптi тұстардан кесiп өтуге рұқсат етiлмейдi, ескертпе қалқандарды мұқият қарап отыру керек.
Қызыл су жүре мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады.

Мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтау шаралары:
- Өзен-көлдерде ағып жатқан сулардың жағасында мұзы қалыңдау, ортасы жұқа болады.
- Мұздың қалыңдығы 7-8 см болса, 1 адамды, 15 см болса аз адамнан құралған топты, 25 см болса жеңiл машинаны көтере алады.
- Егер мұз айдыны ойылған жағдайда арқамен немесе кеудемен жату қажет.
- Ойылған жердегi мұзды таяп аяқтарыңызбен жүзу әрекетiн жасаңыз.
- Мұздан алдымен бiр аяғыңызды, сосын екiншiсiн шығарып, ойылған жерден аулаққа қарай еңбектеңiз.
- Егер сiз мұзда ойылған адамға көмек берсеңiз ойылған жерге тiк жүрмей, еңбектеп жетiңiз де, зардап шегушiге мықты, берiк, тартуға ыңғайлы затты ұсыныңыз.
- Зардап шегушi ұсынған затты ұстағаннан кейiн еңбектеп тартыңыз.
Балалар қауiпсiздiгi-баршамыздың ортақ мiндетiмiз. Мұз айдынында коньки теуiп, шана сүйретiп ойнап жүрген балаларды көремiз. Балалардың мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтауын ата-аналар мен ұстаздар қауымы үнемi ескертiп, назардан тыс шығармауға тырысуы қажет. Осы орайда балалардың қайғылы оқиғаға ұшырамауы үшiн балалардың тәртiбiн қадағалап, тыйым салуымыз қажет.
- Қалыңдығы 7 см жұқа болса мұз үстiне шығуға;
- Дұрыс қатпаған немесе қар басқан мұз үстiнде топталып тұруға;
- Тез су ағымы бар жерлер мен бұлақты жерлерде ойнауға;
- Мұз үстiнен қауiпсiздiк белгiлерi жоқ жермен өтуге;
- Мұздың қалыңдығы 25 см-ден аспайтын болса, мұз айдынын жасауға;
- Егер тәулiк бойы ауа температурасы құбылмалы болса мұз айдынына шығуға, түн мезгiлiнде мұз айыдынына шығуға тыйым салынады.
Қазақтың <<Сақтансаң, сақтармын!>> деген даналық сөзiн үнемi жадымызда сақтап, төтенше жағдайлардан аман болайық.

Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

III. Сабақ бекіту.
Сұрақтар:
* Мұз айдынында қауiпсiздiк ережесiн сақтау шаралары?
* Көктайғақ кезіндегі ережелер?

IV. Қорытынды
Қазақтың <<Сақтансаң, сақтармын!>> деген даналық сөзiн үнемi жадымызда сақтап, төтенше жағдайлардан аман болайық, оқушылыр!

V.Жақсылық - рефлексия
(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)
- Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап, алысқа жетелейтін армандарыңды тілеңдер. (Жіп мұғалімге келеді.)
- Бізбен жіп не істеді?
- Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме? (Балалардың пікірі)
- Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек. Мектепте болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр-меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Ұқсас жұмыстар
Мұздық бөгеті
Қайталау жайлы ақпарат
Өрт қауіпсіздігі ережесі
Жыл мезгілдері
Қазір қай мезгіл
Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді
Қыс . Абай Құнанбаев
Жыл мезгілдері ертегі
Қысқы ауа - райы
М.дулатов "қыс"
Пәндер