Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Темекінің құрамындағы улы зат

Күні:
Сынып: 8Ә
Тақырыбы: Темекі шегу− денсаулыққа зиян!
Мақсаты: Темекінің адам өміріне зиянды және улы екенін түсіндіре отырып, оқушыларды саналылыққа, тазалыққа, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Әдісі: түсіндірмелі−көрнекілі
Сабақ типі (түрі): аралас сабақ
Көрнекілігі: слайдтар, темекі туралы бейнетаспа, <<Денсаулық>> сөзжұмбағы

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Жаңа тақырыпты талдау
III. Тақырыпты ұнату. "Ой қорыту"кезеңі.
IV. <<Мені жалғастыр>> ойыны
V. <<Бәйге>> ойыны
VI. Тренинг: <<Қолшатыр>>
VII. Қорытынды.

Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабақта жоқ оқушылардың, сабаққа келмеу себебін аңықтау.
II. Жаңа тақырыпты талдау
Мұғалім сөзі: Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы улы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі : никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар. Бұл заттардың ішіндегі бәріне белгісі - некотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин - у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді. Никотин темекі өсімдігінен шыбын - шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектисид деп атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің )тек тұмсығына ғана никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз - ақ болғаны олар өліп қалаы. Үй қояны (1/4) никотин тамшысынан, ал ит (1/2) никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100мг болса - ақ жетіп жатыр, немесе2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25сигаретті тартқаннан кейін өақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды. Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса, ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар- жоғы 21-23 секундта айналып өтеді.
Бүгінгі тәрбие сағатымызда "Саламатты Қазақстан" атты жүрдек жолаушылар поезымен бірнеше аялдамаларға тоқтаймыз. Аялдамаларда сіздерді көптеген тапсырмалар күтіп тұр.
III. Тақырыпты ұнату. "Ой қорыту"кезеңі.
1-аялдама: <<Кел танысайық>> Темекінің зияны туралы видеоролик.
Сұрақтар:
1. Темекіден қандай аурулар туындайды? (өкпе, жүрек, бауыр аурулары).
2. Адам ағзасындағы қан айналымының бұзылуы үшін қанша темекі қажет? (1 дана).
3. Темекінің құрамында қанша химиялық заттар бар? (4000 астам)
4. Егер адам күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола жиналады? (1 литр).
5. Темекіде қандай зат улы болып саналады?
Денім сау болсын десең - темекі тартпа!
Әдемі болғың келсе - темекі тартпа!
Әнші болғың келсе - темекі тартпа!
Ғалым болғың келсе - темекі тартпа!
Білімді, ақылды азамат болғың келсе - темекі тартпа!
Сендер білесіңдер ме?
:: Әрбір темекі адам өмірін 8 минутқа қысқартады.
:: Күніне 1 қорап темекі тартатын адамның 1 жылда өкпесіне 1 литр смола жиналады.
:: Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 3,5 млн адам қайтыс болады.
:: Шылым шегетіндер қысқа уақыт өмір сүреді, өз өмірін 6 жылға қысқартады.
:: Темекі шегушілер инфаркт, рак, асқазан жарасы сияқты аурулардан 10 - 30 есе көп қайтыс болады.
:: Балаларға темекінің қаупі, үлкендерге қарағанда 2 есе көп. Кейде балалар 2 - 3 тал темекіні қатар шеккеннен жүрегі тоқтап қалған оқиғалар болған.
2 - аялдама: Ой жұмбақты шешу. <<Денсаулық>> сөзжұмбағы
1) Тыныс алу мүшелері адам денесінің қай бөлімінде орналасқан? (кеуде)
2) Тыныс алу мүшесі? (көмей)
3) Темекінің құрамындағы улы зат? (никотин)
4) Никотиннің түсі қандай? (сарғыш)
5) Тыныс алу мүшесі? (ауатамыр)
6) Никтоин қандай зат? (улы)
7) Темекі шеккенде адам өкпесіне не жиналады? (смола)
8) Тыныс алудың бастапқы мүшесі? (мұрын)
9) Ырыс алды .... (ынтымақ)
Мұғалім: Бұл аялдамалардың барлығы да бүгінгі ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды мәселелер болып табылатынына біз сенімдіміз. <<Дені саудың жаны сау>>, <<Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен>>деп қазақ халқы айтпақшы қазіргі кезде келер ұрпақ жаман әдеттерге үйір, еліктегіш болып өсіп келе жатқаны кім -- кімге де ақиқат. Балалар жаман әдеттер деп отырғанымыз қандай әдеттер?
Қанеки оқушылар,енді денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табатын <<Мені жалғастыр>> ойынына кезек берейік.

IV. <<Мені жалғастыр>> ойыны
3-аялдама: <<Мені жалғастыр>>
Денсаулық - (зор байлық)
Жарлының байлығы - (денінің саулығы)
Жан ауырса тән азады, (Қайғы басса- жан азады)
Дені саудың - (жаны сау)
Ішің ауырса, аузыңды тый, (көзің ауырса, қолыңды тый)
Мұғалім: <<Арақ -- арыңа нұқсан, темекі тегіңе нұқсан>> демекші, балалар зиянды әдеттерден аулақ болуымыз керек.

V. <<Бәйге>> ойыны
4-аялдама: <<Бәйге>> ойыны
1. Жастар темекіні тартпау үшін не істеу керек?
2. Темекіні тастауға болама?
3. Насыбай қолдану адамның қандай ағзаларын зақымдайды? (асқазан, бауыр)
4. Түтін болып кіреді,
Күркіл болып жүреді. Ол не? (темекі)
5. Мұрныңа тақасаң түшкіре бересің,
Ерніңе тақасаң түкіре бересің. Ол не ? (насыбай)
Мұғалім: <<Денсаулық>> сөзінің әрбір әрпін салауатты өмір салтын ашатын, сипаттайтын сөздермен, сөз тіркестерімен, сөйлемдермен өрнектейік.
Д - демалу
Е - еңбектену
Н - нашақорлыққа жоламау
С - салауатты өмір
А - алғырлық
У - уайымсыз өмір
Л - лайықты өмір
Ы - ынта
Қ - қозғалыс
Барлық әріптер бірге:
Темекі жойылсын!
Насыбай құрысын!
Дені сау ұрпақтың
Ұрпағы көбейсін!
VI. Тренинг: <<Қолшатыр>>
- Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек?
Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
VII. Қорытынды.
Темекі тарту неғұрлым кен тараған зиянды әдеттердің бірі. Ол жасөспірімдердің бойында, көбіне өздерінің "есейгендігін" көрсетіп, ересектерге еліктеуінен туады. Темекінің құрамындағы негізгі әсер етуші зат - никотиннің шамалы қоздырушы әсері. Міне сол темекі тарту әдетін қалыптастыруға себепші болады. Никотиннің мұндай қасиеті халық арасында "темекі" адамды сергітеді, оның интеллектуалдық белсенділігін арттырады" деген қате пікір тудырған. Алайда никотиннің мұндай әсері организмге зиянын тигізіп төптеп келгенде нерв жүйесін әлсіретеді. Ойланып толғанатын сәттерде кейбіреулер үздіксіз темекі тартады, бірақ көңіл күйі көтерілудің орнына, ол никотинмен барынша уланады. (Басы ауырады, таңдайы кебірсиді, ұйқысы келеді.) Темекіні тартуды көптен бері әдетке айналдырған адамдарда никотинді қажетсіну сезімі туады, яғни олар темекі тартуын қойса немесе кемітсе, көңіл қошы болмай өздерін ауыр сезінеді. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: <<Адамға өмірде не қымбаттырақ, <<байлық па, әлде атақ па?>> деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ>> деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі - салауаттылық.

Ұқсас жұмыстар
Темекі және оның зияны
Тазалық тобы
Темекінің зияндары
Темекінің әсері
Тағдырды улаған түтін
Электронды темекі несімен зиян
Топтарды марапаттау
Зиянды заттар
Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл! 11-сынып
Темекі тарту
Пәндер