Педагогика пәні: тест сұрақтары мен негізгі ұғымдар

Педагогика пәнінен тест жұмысы

1. Педагогика ғылымы:

С) оқыту, білім беру және тәрбиелеу процесінің заңдылығын;

2. Педагогика ғылымының негізгі ұғымдары:

В) тәрбие, оқыту, білім беру;

3. Ғылыми педагогиканың негізін қалаушы:

Е) Я. А. Каменский.

4. Педагогиканы өз алдына жеке ғылым ретінде бөліп көрсеткен ғалым:

В) Ф. Бэкон;

5. Тәрбие-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:

А) нақтылы тәрбие міндеттерін шешу мен жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатына бағытталған, ұйымдастырылған процесс;

6. Оқыту-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:

В) мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті;

7. Білім беру-педагогиканың негізгі категориясы ретінде:

Е) табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.

8. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін анықта:

А) табиғи эксперимент;

9. Оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық көрсеткішін анықтау:

С) математикалық-кибернетикалық әдіс; .

10. Социометриялық әдіс:

Д) ұжымдағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас деңгейін анықтау;

11. Іс-қағаздарын, күнделіктерін оқып-үйрену, талдау қандай әдіс::

Е) мектеп құжаттарын зерттеу.

12. Озат педагогикалық тәжірибені талдау және зерттеу әдісі:

Е) жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу, насихаттау.

13. Педагогикалық эксперимент:

А) нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық процесті әдейі зерттейтін ғылыми тәжірибені ;

14. Тест сөзі қай тіл ден енген :

Д) ағылшын;

15. Сауалнаманың қандай түрлері бар:

С) ашық, жабық;

16. «Педагогика»термині қандай мағынаны білдіреді:

В) жетектеуші;

17. Педагогика ғылымының салалары:

Д) мектепке дейінгі педагогика, емдік педагогика, арнайы педагогика, еңбектік түзету педагогикасы;

18. Білім беру жүйесі дегеніміз:

А) оқу- тәрбие мекемелерінің жиынтығы;

19. Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру процесін::

А) тұтас педагогикалық процесс;

20. Заңдылық дегеніміз:

А) педагогикалық процесс пен құбылыстардың арасындағы мәнді байланыс;

21. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі::

В) тұтас педагогикалық процестің заңдылығы;

22. «Принцип»қандай мағынаны білдіреді:

Е) бастапқы, негізгі, қағида.

23. Оқыту мен тәрбие жұмыстарын белгілі мақсатпен ұйымдастыру мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеттерінің үнемі жоспарлы түрде өтуіне игі әсер етеді::

А) мақсаттылық принципі;

24. Тұтас педагогикалық процестің компоненттерін көрсет:

А) оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, нәтижесі;

25. «Дидактика»ұғымын алғаш ғылымға енгізген:

Е) Ратке

26. Дидактиканы басқаша не деп атаймыз:

А) оқыту теориясы;

27. Дидактиканың негізін салушы:

В) Я. А. Каменский;

28. Я. А. Каменскийдің еңбегі:

В) «Ұлы дидактика»

29. Көру, есту т. б. кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін педагогиканың саласы:

С) арнайы педагогика;

30. Дидактиканың категориялары:

А) оқыту, оқыту процесі, оқыту заңдылықтары мен принциптері, білім берудің мазмұны, оқыту әдістері, оқытуды ұйымдастыру формалары, БІД есепке алу және бағалау;

31. Дидактикалық концепциялар:

В) 3;

32. Педоорталық концепциясының негізін салған:

В) А. Дистерверг;

33. Оқытудың функциялары:

А) білімдік, тәрбиелік, дамытушылық;

34. Білім:

В) адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі;

35. Іскерлік:

А) алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады;

36. Дағды:

С) қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машықтану;

37. Құрғақ жаттауға негізделіп оқыту-оқытудың қай түрі:

С) догматикалық-схоластикалық;

38. Дамыта оқыту:

А) оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету;

39. Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту:

В) мұғалім оқушыларды белгілі білім жүйесімен қаруландырады, іскерлікке үйретеді, көрекі құралдар қолданылады;

40. Көрнекілік принципінің негізін қалаған:

А) Я. А. Каменский;

41. Түсініктілік принципі дегеніміз:

А) оқыту мен тәрбиені оқушылардың дайындық дәрежесіне сай ұйымдастыру;

42. Оқыту принципі дегеніміз:

А) оқытудың мазмұнын ашатын ережелер мен қағидалар жиынтығы;

43. Я. А. Каменский оқытудың қандай принципін «Оқытудың алтын ережесі»деп. атады:

А) көрнекілік;

44. Ізгілендіру принципі дегеніміз:

А) оқушыға қысымшылық жасамай, ер кін қатысуына жағдай жасау;

45. Білім беру мазмұны дегеніміз:

Е) БІД-ның көлемі мен бағыты

46. Материалдық теория бойынша:

А) білім қорын жасау;

47. Формальдық теория бойынша:

С) ақыл-ойын дамыту;

48. Білім берудің мазмұнын ашатын құжаттар:

Д) мемлекеттік стандарт, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулық;

49. Мемлекеттік стандарт:

А) білім берудің қалыпты нормасын көрсететін құжат;

50. Оқу бағдарламасы:

В) белгілі пән бойынша меңгеретін білім, іскерлік, дағдының көлемін анықтайды:

51. Оқу жоспары:

Е) оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнді оқытуға қажетті апта бойынша салат санын анықтайтын мемлекеттік құжат.

52. Оқулық:

Д) дидактиканың талаптарына сай жасалған құрал;

53. Оқу жоспары қандай бөліктерден тұрады:

Е) инвариативті, вариативті.

54. Оқу жоспарының түрлерін ата:

С) мектептік-жұмыстық, мемлекеттік, аймақтық;

55. Оқу бағдарламасы неше бөліктен тұрады:

В) 3;

56. Оқулыққа қандай талаптар қойылады:

А) гигиеналық, дидактикалық, эстетикалық;

57. «Әдіс»қай тілден енген сөз:

В) грек;

58. Оқыту әдісі дегеніміз:

А) мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жету жолы;

59. Оқыту әдісі қандай сұраққа жауап береді.

А) қалай оқыту керек;

60. Оқыту тәсілі:

А) іс-әрекеттің жеке бөлігі;

61. Оқыту құралдары:

А) таблица, оқулық, аудио-видио материалдар;

62. Сөздік, көрнекілік, практикалық әдістер тобы қандай жолмен жүйеленген:

В) білім алудың көзіне қарай;

63. Оқушылардың таным белсенділігін арттыруға негізделген оқыту әдістерінің қатары:

С) зерттеу, проблемалық баяндау, ішінара іздену әдістері;

64. Оқытудық көрнекілік әдістері:

Д) иллюстрация, демонстрация, бақылау;

65. Проблемалық әдіс дегеніміз не:

А) мәселе туғызу;

66. Оқытудың жүйелілігі мен бірізділік принципі:

Е) оқыту процесінде балаларды үнемі өз бетімен жұмыс істеуге, білімдерін жүйелі түрде тексеріп, есебін алып отыруда, күнделікті сабаққа дайындықпен келуге үйретеді.

67. Оқытудың саналылық пен белсенділік принципі:

А) білімді саналылықпен белсене қабылдап, оның өмір және практикамен байланысын тереңдету, оқытылатын фактілер мен құбылыстардың мәніне түсіну;

68. Оқытудың ғылымилық принципі:

С) оқушылардың таным қабілетінің дамуына, дүниеге көзқарасының және жоғары адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсер ету;

69. Дамыта оқыту идеясын қалыптастырушы:

В) А. Дистерверг;

70. И. Г. Пестолоцидің дидактикаға қосқан үлесі:

В) бастауыш оқыту негізін;

71. Дидактикаға қазақша анықтама берген:

Е) Ж. Аймауытов.

72. Оқыту процесінің қозғаушы күші:

С) оқытудағы қарама-қайшылық процесі;

73. Білім беру ұғымын педагогикаға алғаш рет енгізген:

С) И. Песталоцци;

74. Ертедегі Грецияда оқытуды ұйымдастырудың қандай формасы пайдаланылды:

С) жеке;

75. Сабақ:

А) оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы;

76. Класс-сабақ жүйесін теориялық дәлелдеп, енгізген:

А) Я. А. Каменский;

77. Оқытуды ұйымдастырудың басқа формалары:

Е) экскурсия, семинар, практикум, факультатив, консультация, үй оқу жұмысы.

78. Экскурсияның түрлері:

А) кіріспе, кезектегі, қорытынды;

79. Сабақ құрылымы:

А) сабақ тұтастығын қамтамасыз ететін, оның элементтерінің жиынтығы;

80. Сабақ бірліктері:

А) логикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық;

81. Логикалық бірлік дегеніміз:

А) сабақ бөліктерінің аралығындағы ішкі байланыс заңдылығы ;

82. Психологиялық бірлік:

В) сабақ барысында оқушылардың зейін, қабылдау, қабілеттерін басқара білу;

83. Аралас сабақтың құрылымын көрсет:

А) ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын тексеру, жаңа материалды мұғалімнің баяндауы, жаңа материалды бекіту, үй тапсырмасын беру;

84. Оқу бағдарламасы, оқулық, оқу құралдары негізінде жасалатын жоспар

В) күнтізбелік;

85. Бағалау:

С) оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау нәтижесін, білімнің, іскерліктің, дағдының сапасын анықтауды айтады;

86. Бақылау түрлері:

А) тақырыптық, тара улар бойынша, қорытынды;

87. «Білім туралы »Заң қашан қабылданды:

А) 2007 ж;

88. Белль-Ланкастер жүйесі:

Е) 600-ден астам оқушылармен алкен залда өткізеді, содан соң топтарға бөледі.

89. Нешінші жылдан бастап оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып енгізілді::

А) 1930ж;

90. Тәрбие принципі дегеніміз:

Д) тәрбие процесін, ұйымдастырылуы мен әдістерін айқындайтын ережелер жиынтығы;

91. Жеке адамға талап қоюшылық пен баланы құрметтей білудің бірлікте болу принципі:

А) балаға жоғары талап қою, оның күш-жігері мен қабілеті, еркіне сенім көрсетумен ұштасуы керек;

92. Сана мен мінез-құлықтың бірлікте болу принципі:

Е) адам бойында борыш, ар-ұят, талғам, мәдениетті мінез-құлықтың адамгершілік қадір-қасиеттің үйлесімді дамуының қажеттілігін қамтиды.

93. Еңбек арқылы тәрбиелеу принципі:


Ұқсас жұмыстар
Педагогика, оқыту әдістемесі және бағалау: негізгі ұғымдар мен қағидалар
Педагогика, педагогикалық психология, әдістеме, қазақ тілі мен әдебиет: сұрақтар мен негізгі ұғымдар
Компьютерлік графика: түрлері, бағдарламалары және негізгі ұғымдар бойынша тест
География пәні: Қазақстан мен әлемге арналған тест сұрақтары
2-сыныпқа арналған қазақ тілі пәні тест сұрақтары
Фонетика пәні бойынша 1-5 нұсқаға арналған тест сұрақтары
ПЕД 300: Педагогика терминдері мен тест сұрақтарының жинағы
Microsoft PowerPoint бойынша тест сұрақтары
9-сынып: Негізгі генетикалық ұғымдар және Мендель заңдары мен тәжірибелері
Ұлпалар мен адам биологиясы бойынша тест сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz