Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ойға шабуылдың ұстанымдарын түсіндіру

Интерактивті әдістер - өмірлік дағдыны қалыптастыру тетігі

Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер оның мазмұнын, құрылымын ғана өзгертіп қоймай, сонымен қатар оқытудағы дәстүрлі әдістерді ысырып, олардың негізге алатын бұрынғы ұстанымдарын өзгертті. Жоғары кәсіби білім беруде оқытудың кредиттік жүйесі ендірілді. Оның негізі ретінде оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыратын, әр оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастырып, түрлі жағдайда шешім қабылдай алуға, еркін ойлауға үйрететін интерактивті әдістер көрініс тапты.
«Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» ( «inter» - «өзара», «act» - «әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі /3/. Интерактивті оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу процесінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай, көптеген ғалымдардың түсіндіруінше, интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды. Информатикада бұл ұғымды «пайдаланушының бағдарламамен диалогы, яғни мәтіндік командалармен (сауалдармен) және жауаптармен (шақырулармен) алмасуы ретінде немесе кез келген субъектілердің бір-бірімен өздеріне тиімді құралдар, әдістер арқылы полидиалогқа түсуі» деген мағынада қолданады /1/.
«Интеракция» термині әлеуметтік психологияда да бар. Онда бұл термин ертеден қарастырылып келеді. Алайда кейбір социолог ғалымдар оны адамдардың өзара бірлескен әрекеті деп көрсетсе, кейбіреулері қарым-қатынас деп түсіндіреді. Енді бір социологтар интеракцияны қарым-қатынастың бір түрі деп біледі /3/.
Педагогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады:
1) пассивті – оқушы оқытудың «объектісі» ретінде көрінеді (тыңдайды, қарайды);
2) активті – оқушы оқытудың «субъектісі» ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды);
3) интерактивті - өзара әрекетте болады.
Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу процесінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің үстем болуына жол берілмейді. Оқушы әрекет объектісінен өз ұстанымы бар әрекет субъектісіне айналады.
Интерактивті оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интерактивті әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі оқушылар белсенділігімен алмастырылып, оның міндеті оқушыларға белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.
Аудиториялық сабақтарда оқытудың интерактивті формаларын қолдану үшін төмендегідей мақсат қою шарт:
- белгілі бір жұмыс түрін орындауда практикалық дағдыны қалыптастыру;
- көрнекі құралдар мен есте жақсы қалатын материалдарды пайдалана отырып оқыту;
- белгілі бір мәселені шешуде оқушылар ұжымының қатысуын қамтамасыз ету;
- тест көмегімен аралық аттестация өткізу.
Сонымен қатар мынадай міндеттер қойылады: оқу үрдісін мәліметтермен барынша жасақталған үрдіске айналдыру, оқушылардың практикалық дағдыға мұқтаждығы секілді мәселені шешу, оқу үрдісінде оқушының жеке тұлғасын шығармашылық, эмоциональдық және танымдық аспектіде қалыптастыру /2/.
Интерактивті әдісте, жоғарыда айтқанымыздай, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі. Интеракция кезінде мұғалім жұмысқа тікелей қатысқанымен, ол өз мүмкіндігін шектеп, онда оқушының белсенді болуына жағдай туғызуы қажет. Дәлірек айтқанда, өзге тілді үйренуде маңызды болып табылатын оқушы мен оқушының арасында болатын интеракцияны қалыптастыруға алғышарт жасау керек. Мұғалімнің интеракция кезіндегі әрекет жүйесін бес сатыға бөлуге болады:
1) мақсат қою;
2) жұмысты жоспарлау;
3) тапсырманы бөлу;
4) оқушылар әрекетін бақылау;
5) бағалау.
Интерактивті әдістерді қазақ тілін екінші тіл ретінде үйретуде қолдану жолдарын көрсетпес бұрын интерактивті әдістердің кейбір түрлеріне тоқталып өтейік. Соның бірі – «ойға шабуыл» әдісі (мозговой штурм). «Ойға шабуыл» – белгілі бір мәселені шешу үшін тез арада жеткілікті мөлшерде ұсыныстар жинауға көмектесетін әдіс. Бұл әдісті шешімін табуды қажет ететін кез келген қиын жағдайда, сол сияқты топты шығармашылықпен ойлауға жұмылдырып, мәселені шешудің сан түрлі жолын табуға болатындығына көз жеткізу мақсатында қолдануға болады. Сонымен қатар ол жеке тұлғаның бар білімін ортаға салуға кедергі болатын кейбір келеңсіздіктерден арылтады.
«Ойға шабуыл» әдісін қолдану үш кезеңге бөлінеді:
ұсыныстар жинау;
жиналған ұсыныстарды бағалау немесе талдау;
ұсыныстарды мәселені шешуде пайдалану.
«Ойға шабуыл» әдісі төмендегідей ұстанымдарға сүйенеді:
- ¦сыныс, пікірлер сынға ұшырамайды. Ешбір ойдың шеттетілуіне, күлкіге айналуына жол берілмейді.
- Әрбір ойдың өз салмағы бар.
- Санға баса назар аударылады. Неғұрлым ұсыныс, пікірлер көп болса, соғұрлым мәселені шешу жеңіл болмақ.
- Басқалардың пікіріне сүйенуге болады.
«Ойға шабуылды» жүргізуші (оқытушы) мен оған қатысушылар (оқушылар) әрекеті алтыға бөлінеді.
1. Жүргізушінің қандай мәселе көтерілетінін көрсетуі. Жүргізуші топ алдында қандай мәселе көтерілетінін немесе қандай мәселені (сұрақты) шешу керек екенін көрсетеді. Мәселе (сұрақ) нақты, қысқа, түсінікті болуы шарт.
2. Аталмыш тақырыптың маңыздылығы туралы хабардар ету. Қатысушыларға сұрақты ұсынғаннан кейін жүргізуші бұл мәселені шешудің қатысушылар үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндіреді. Қатысушылардың мәселені шешуге шығармашылықпен келуі үшін олардың мәселені шешуге қызығушылық танытуы шарт, бұл жағдайда олардың белсенділігі де арта түседі.
3. Ойға шабуылдың ұстанымдарын түсіндіру. Бұл кезеңде жүргізуші қатысушыларды «ойға шабуылдың» ұстанымдарымен таныстырып, соған қатысты барлық сұрақтарға жауап береді.
Қатысу ұстанымдары:
- ұсынылған ой-пікірлер түзетілмейді, сыналмайды;
- бұрын ұсынылған ой-пікілерді толықтырып, өзгертіп пайдалануға болады;
- барлық ұсыныс автор ұсынған қалпында жазылады;
- қатысушылар өз ой-пікірін ұсынуда тең құқылы;
- уақыттың шектеулі екені ескеріледі.
4. Ой-пікірлерді ұсыну және жазу. Жүргізуші ой-пірлерді автор ұсынған қалпында өзгертпей жазады. Автордың аты-жөні көрсетілмейді. ¦сыныстар қатысушылардың бәріне көрінетіндей көрнекі жерге жазылуы тиіс. ¦сыныстарды жазу қарқыны қатысушылар қарқынынан қалмауы қажет. Бірде-бір ой-пікірдің қалыс қалмауы ескерілуі шарт.
5. Сұрақтар мен оларға түсінік беру. Қажетті ой-пікірлер жинақталғаннан кейін жүргізуші оларды дауыстап оқиды. Қатысушылар тарапынан белгілі бір ұсынысқа қатысты сұрақ туындаған жағдайда оған сол ұсыныс иесі жауап береді.
6. Ой-пікірлерді талдау және бағалау. Қатысушылардың белсінді әрекетінің нәтижесінде ойға шабуылдың негізгі мақсаты жүзеге асырылды. Ой-пікірлер қатары жинақталды. Ендігі міндет сол жинақталған ой-пікірлерді мақсатқа сай сұрыптау. Бұл жұмыс жүргізуші мен қатысушылардың мақсат, міндеттеріне сәйкес жүргізіледі.
Енді осы ойға шабуыл әдісін қазақ тілі сабағында қолдану тәжірибемізге шолу жасайық. Бастауыш деңгей бойынша «Менің досым» тақырыбы бойынша ойға шабуыл әдісін төмендегідей ұйымдастыруға болады. Жоғарыда көрсеткеніміздей, интеракция кезіндегі оқытушының әрекет жүйесі 5 кезеңнен тұратыны белгілі. Ендеше соның біріншісі – мақсат қою. Мұндағы мақсат – «Менің досым» тақырыбы бойынша алдағы өткен оқу материалдарына сүйене отырып студенттерді сөйлету. Яғни, осы сабаққа дейін бұл тақырып бойынша оқушылардың сөздік қорлары, грамматикадан білімі жинақталған. Олай болса, алдағы сабақтағы дағды, іскерліктерді шыңдап, шығармашылық деңгейге қадам жасау қажет. Ол үшін сабағымызды екі кезеңге бөлеміз:
1.«Менің досым қандай?» деген сұрақ төңірегінде студенттердің
«ойға шабуыл» әдісімен ой-пікірін жинау.
2. Топтық жұмыс арқылы жиналған, сұрыпталған ой-пікірлерді жинақтап, «Менің досым » тақырыбына мәтін құрастыру ( ары қарай «Қарлы кесек» ойыны түрінде жалғастырып кетуге болады).
Оқытушының келесі әрекеті – жүргізілетін жұмысты жоспарлау. Бұл аса күрделі де жауапты іс. Біріншіден, сабақ өтілетін сыныптағы жалпы жағдай назардан тыс қалмауы керек. Атап айтқанда, тақтаның орны, парталардың орналасуы, студенттер жасайтын жұмыс түрлеріне оңтайлы жағдай тудыру, т.с.с. Сабақта «ойға шабуыл» әдісін қолданғанда парталарды дәстүрлі қалыппен (екі қатар, үш қатар) қою студенттердің жоғары белсенділік танытуына кедергі келтіреді. Сондықтан, мүмкіндігінше, ондай кедергілерден қашуымыз шарт. «Ойға шабуыл» әдісін қолдануда қатысушыларды (оқушыларды) үстелсіз (партасыз) жарты шеңбер қылып отырғызу орын алған. Әрине, мұның қағаз, қалам қоятын орынның болмауы, дағдылы емес ыңғайсыздық тудыру секілді келеңсіз жақтары да бар. Алайда, бұл адамдар арасындағы баръерді жойып, олардың жоғары белсенділігін қамтамасыз етеді, өзара тең екендіктерін сезінтеді, бір нүктеге (тақтаға ) шоғырландырады.
Сабаққа дайындық жұмысы аяқталып, сабақ басталғаннан кейінгі мұғалімнің әрекетін төмендегідей сипаттауға болады. Біріншіден, оқытушы студенттермен амандасып, оларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, өтілу түрімен таныстырады. Сабақтың «Менің досым қандай?» және «Менің досым» деген екі кезеңге бөлінетінін көрсетеді. Бірінші кезеңде студенттердің «Менің досым қандай?» деген сұрақ бойынша өз ой-пікірлерін «ойға шабуыл» әдісі арқылы бір-екі сөзбен жеткізуі қажет екені айтылады. Бұл студенттердің сабақтың екінші кезеңіне өтуі үшін, яғни екінші бөлімде «Менің досым» тақырыбына мәтін құрастырып, сол бойынша әңгімелей алуы үшін керек екені түсіндіріледі. Ары қарайғы жұмыс жоғарыда «ойға шабуыл» әдісіне берген сипаттамамызда көрсетілген кезеңдер бойынша, «ойға шабуыл» ұсанымдарын түсіндіру, ой-пікірлерді ұсыну және жазу т.с.с. бағытта жүргізіле береді. «Ойға шабуылдың» ұстанымдарымен таныстырғанда студенттердің толық түсінгеніне көз жеткізу қажет. Оқушылардан алынатын жауап (ой-пікір) үлгілерінің түрлері мынадай болады:
ақылды
ұзын бойлы
әдемі
Менің досым ... кішіпейіл
ізетті
ақкөңіл
ұқыпты ...
Осылай студенттердің ой-пікірлері жиналып, оқытушы жиналған сөздерді сұрыптап, сабақтың келесі кезеңіне көшеді. Студенттер топтарға бөлінеді. Оларға өздері жинаған, сұрыпталған сөздер ұсынылады. ¦сынылған сөздерді тірек ретінде қолдана отырып, студенттер мәтін құрастырады, құрастырған мәтіндері бойынша «Менің досым» тақырына әңгімелеп береді. Осылайша, оқытушы тек ұйымдастырушы, бақылаушы ретінде ғана көрінетін бұл сабақта студенттер белсенділігі артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Мукашева М.Б. Интерактивные технологии обучения как дидактическое условие успешности учебного процесса в ВУЗе. Дис. канд. пед-х наук – А., 2005
2. Бактымбет С.С. Интерактивные методы и формы обучения в учебном процессе // ‡здіксіз экономикалық білім беру: оқытуды жаңарту және әдістемелік қамтамасыз ету: ІІ Респуб. Оқу-әдістемелік конф. Мақалалары (25-26 қаңтар 2007 ж.).- Алматы: Экономика, 2007. Ч.1.- С. 243-251
3. Әлметова Ә. Оқытуда интерактивті әдісті қолдану. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. 2003/5. 23-31 б.б.

Ұқсас жұмыстар
Тақырып Тыныс алу мүшелерінің аурулары
Баласының ана
Шабуыл ұрыстың негізгі түрі
Түсті металлургия 9-сынып
ЖҰЛДЫЗДЫ СӘТ сайыс-сабақ
Мақсат қою
Оқушы әрекеті. Мұғалім әрекеті
Ж. Жұмаханов Ер еңбекте сыналады
Дұшпанның бастырмалатқан соққыларының зардаптары мен қауіпті факторлардың әсерін жою
Химиялық қару
Пәндер