Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ата тәуелсіздік

.
Көрінісі: <<Тәуелсіздік деген не?>>
Автор: Мереке қарсаңында Райхан апай Тәуелсіздікдеген не? Деген тақырыпқа шығарма жазып келіңдер деп тапсырды. Бала ойланып атасынан сұрамақшы болды
Бала: - Ата тәуелсіздік
1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар 2 А, Ә сыныптары оқушыларының тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші: 1986 жылы 16 желтоқсанды Алматы қаласында мыңдаған қазақ жастар наразылық білдіріп шеруге шықты. Олар Тәуелсіздік керек, қазақ елінің өз көсемі сайлансын деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшылықтарының бұйрығымен көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға <<бұзақылар>>, <<ұлтшылдар>>, <<нашақорлар>> деп кінә тағылды
солдаттар
Намыс Қазақстан
Жастар Желтоқсан 1986 жыл

Тәуелсіздік шеру
Алаң
1-оқушы Нашақор деп, ұлтшыл деп, Қазаққа күйе жаққан күн. Базары кетіп бір күнде Қайғыға батқан күн. 2-оқушы Әділдік пен шындықта Өтірік жала жапқан күн Надан жолаған сұмдықтан Адамдар азап шеккен күн 3-оқушы Қақаған күннің ызғары Сүйектен өтіп кеткен күн Қаракөз қазақ қыздарын Аюуандар бастан тепкен күн Аппақ қар қанға боялып Қып қызыл мұз боп жанған күн

4-оқушы Қасқалдақ ұшып көлінен Шүрегей келіп қонған күн Қыранды қуып көгінен Қарғалар билік алған күн
Ән: <<Қара бауыр қасқалдақ>>
1-жүргізуші: Тәуелсіздік , еркіндік - ежелден ел тілегі. Тәуелсіздік - халқымыздың бостандағымен дербес даму жолында күрес тарихының нәтижеісі.
2-жүргізуші: Бүгінде Қазақстан - әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күтіреттін жері бай, халқы бай ел. Қазақстан - көпті көрген қария Қазақстан - мейірім, ана, жер қымбат Атады әлі тағы да бір таң күліп Жүректерде арман отын жандырып Қазақстан бізлі туған ұлы Отан Жайнай бер сен жайнай бер сен мәңгілік
Ән: <<Қазақстан туралы>> ән
5-оқушы Қазақстан дейтін менің бар елім Жатыр алып жарты дүние әлемін Бұл даланы атам қолмен суарған Бұл далада атам қолға ту алған Бұл далада жылап келіп уанған Бұл даланы көріп алғаш қуанған Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
1-жүргізуші: Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі аз уақытта бұрын өңіміз түгілі түсімізге енбеген оқиғалар болды. Сол жетістіктермізді атап өтейік: Оқушылар кезекпен: -1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. -1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. -1991 жылы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. -1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады -1993 жылы 28 қантарда тәуелсіз мемлкетіміздің негізгі заңы конституция қабылданды -1993 жылдың 15 қарашасы мемлекетіміздің тарихында ерекше күн болып қалды. Осы күннен бастап ұлттық валютамыз - теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.
6-оқушы Тәуелсіздік - сан жасарлық тарихы бар Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар Көк байрағы , елтаңба, ән ұраны Қазақ елі егемен, сан ұлты бар

7-оқушы Тәуелсіздік - бабалардың ұраны Бейуақытта бойға жаққан тұмары Тәуелсіздік - жүректерді тұншықтырып Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы
2 -жүргізуші: Қазақ халқын дние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті. Бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттеріміз құрбан болды.
1-жүргізуші: Бүгін бір сәт осы аталған азаматтарды еске алайық . Олардың ерлігі жайында әңгімелейік.
8-оқушы - Қайрат Рысқұлбеков 9-оқушы - Ләззат Асанова 10-оқушы - Сәбира Мұхамеджанова 11-оқушы - Ербол Сыпатаев
- Көрініс: "Желтоқсан күндерінде"
12-оқушы Желтоқсан - заман толғағы байтақ даланың Шарпысқан сәті үміт пен күдік наланың Желтоқсан - Қайрат, Ләзатпенен Сабира Құрбаны болған жаланның
13-оқушы Әр қазақтың есінде сақталады, Желтоқсандық өрендер ақталады. Ел намысын қорғаған сарбаздарым, Ерліктерің мәңгілік сақталады
2-жүргізуші: Ерліктерің мәңгілік сақталады.Желтоқсанда қаза болған жас боздақтарымызды еске алу.
14-оқушы Өзіңдікі елің де, Өзіңдікі жерің де. Өзіңдікі өзің еккен бақ, Тәуелсіздік төрің де.
15-оқушы Дұрыс сөйле шала қазақ атаңба, Өз тіліңде сөйлеп кеткен атаңда Қадірлей біл тілің менен өзіңді, Саған берер менің осы батамда.

16-оқушы Тарихым жатыр тасымда, Тілқатар келер ғасырда. Азаттық дейтін ұлтымның Желтоқсан тұр басында.
1-жүргізуші: Міне, балалар, ата-бабаларымыздың жерімізді, елімізді қорғай отырып ,ғасырлар бойы тәуелсіздікті аңсап, осы тәуелсіздігімізге қолымыздың қалай жеткенін, кімдердің еңбек еткенін сабағымызда азда болса да мағұлымат алдық
2-жүргізуші: Бүгінгі таңда қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет. Біздің өз елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Сендер Отанымыздың Болашақ ұрпағысыңдар. 2030 жылдың тұтқасын ұстайтын нағыз азаматтар сендерсіңдер. Олай болса, жақсы оқып, үлгілі,өз туған жерлеріңді - көркейтетін, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар
17-оқушы: Ең бірінші бақытым-халқым менің Соған берем ойымның алтын кенін Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын Қымбаттырақ алтынан халқым менің
18-оқушы Бақытым үшінші - Отан деген Кім мықты десең егер, Отан дер ем Оты сөнген жалғанда жан барсыңба Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен
Желтоқсан - жастықтың жалыны -батылдық ақылы -ұлтшылдық ұраны -халқымның қадірі -елдіктің бастауы -еркіндік ақ таңы -өр рухты ұл мен қыздарымыздың тәуелсізік ушін жанын беруі -тарихтың белесі -ертеңнің елесі -аңсаған азаттық -тәуелсіздік күресі

Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік ата-баба арманы, ұрпақ үшін мақтаныш
Тәуелсіздік туы желбіре
Тәуелсіздіктің арайлы таңы
Жасасын халқым
Жасампаз, Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік біздің халқымыз үшін аса қымбат
<<ғасырдан ғасырға>> сайысы
Тәуелсіздік шежіресі
Тәуелсіздік тәжі
Тәуелсіздік жолы - азамат жолы
Пәндер