Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Арнайы пәндерді оқытуда интернет ресурстарды қолдану

Арнайы пәндер ЦК-2,
арнайы пәндер оқытушысы
Қосымғалина Арайлым Елеусізқызы
Тақырыбы: Арнайы пәндерді оқытуда интернет ресурстарды қолдану.
Жұмыстың мақсаты: Арнайы пәндерді оқытуда Интернет-ресурстарды пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу
Жұмыстың міндеті: Білім беру үрдісінде оқытудың жаңа технологияларын айқындайтын әдістемелік, педагогикалық басылымдармен танысу. Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу. Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын көтеру.
Тақырыптың өзектілігі: Сабақта интернет технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру.
Зерттеу нысаны: арнайы пәндерді оқыту
Зерттеу пәні: арнайы пәндерді оқытуда интернет ресурстарды пайдаланып, жаңа білім беру жолдарын қарастырып, студенттердің біліктілігін арттыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Баяндаманы құрастыруда келесі мәселелер қарастырылды:
1. Арнайы пәндері оқытуда интернет ресурстарды қолдану
2. Интернет ресурстардың көмегімен білім берудің маңыздылығы
<<Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет>> деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай арнайы пәндерді оқыту әдістемесіне интернет жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді.
Арнайы пәндерді оқытуда интернеттің көмегімен түрлі дидактикалық тапсырмаларды орындауға болады: оқу дағдыларын қалыптастыру, студенттің сөздік қорын кеңейту, студенттің арнайы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру. Студенттер интернет желісімен түрлі олимпиадаларға, жарыстарға қатыса алады. Сонымен қатар тест жұмыстарымен түрлі ойындар арқылы өтетін қызықты жаттығулар жасауға мүмкіндіктері болады. соңғы он жылдықта адамзаттың жеткен жетістіктерінің бірі, яғни оқыту үрдісіне елеулі әсерін тигізген халықаралық желі- Интернет.
Ақпаратты жүйе ретінде Интернет түрлі ақпараттар мен ресурстарды ұсына алады.
oo Электрондық хат
oo Теле конференция
oo Видео конференция
oo Өзінің ақпаратын беру, өзінің сайтын құрып We0b- серверге орналастыру
oo Ақпараттық ресурстарды қолдану
oo Ақпараттық жиынтықтар
oo Желіде сөйлесу мүмкіндігі
Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыруда Интернет пен Халықаралық Интернет жобалар таптырмас құрал. Олар студенттің өзін- өзі дамыту және жаңа істі меғгеруге зор ықпалын тигізеді. Студенттер түрлі зерттелген мәліметтерді пайдалануды үйренеді, өз ойын нақты және жүйелі түрде қағаз бетіне түсіруді, мәтіндік, сандық және графикалық ақпаратты көп мөлшерде жіберу және қабылдау, өздеріне берілген мәліметті зерделеу және жаңа идеяларды көрсету. Олар жоспарлауды, мониторинг жүргізуді үйренеді. Интернет ресурстары негізіндегі сабақтар және жобалық жұмыс көмек көрсетуді үйренеді, серіктестікті, жобаларды іске асыруды, жауапкершілікті және толеранттық, көптүрлілікке және шыдамдылыққа үйренеді. Студенттер таңдауды, мәліметті пайдалануды, гипотеза ұсынуды және шешім қабылдауды үйренеді.
Дид Тилер және Пита Грей интернет ресурстарының көмегімен тапсырма дайындаудың ретін былай тұжырымдайды.
1. Оқу үрдісін қарап шығып, студенттердің қызықтырмайтын жаттығуды белгілеңіз.
2.Бұл тапсырмалардың кемшіліктерін бағалаңыз және оны интернет ресурстары арқылы жақсартуға болатынын байқаңыз. Мысалы: электронды пошта негізіндегі хаттар шынайы мекен жайы жоқ, ескі газет мақалалары немесе ескі филімдерді талқылауды ойлаңыз, қалай интернет ресурстар сізге бұл жағдайда септігін тигізеді. Еске сақтайтын бір мәлімет еш уақытта жан жақты, барлығына ұнамды оқыту тәсілін мүмкін емес. Сол себепті тәжірибе жасаңыз.
3. Қолданылу аясын белгіленгеннен соң келесі қадам чат және веб сайтпен жұмыс жасау. Веб сайт таңдауда сізге белгілі бір бағыттар қажет сол арқылы сіз веб сайтты бағалайсыз. Ол сіздің жағдайыңызға және интернет ресурсты қолдану барысына байланысты. Бұл бағыттар өз ішіне: инструкциялық элементтері қосады және онда мазмұнды болуы қажет, сонымен қатар мақсаттарды іске асыру да құнды және қызметтік элементтер мен бейнелеу элементтері, жылдамдығы және қолдануға ыңғайлылығы кіреді.
4. Сайтты таңдаған соң сіз жоспарлау бөліміне өтүіңізге болады, және ол бөлім сіздің мақсаттарыңызға сай жұмыс жасайды. Тапсырманы құру кезінде ол интернетсіз ақ жасалатын жұмыстай көрінбеуі қажет. Егер бұл тапсырмалар студенттерді ғылымдағы әр түрлілікке жаттықтырса бұл коммуникацияларға нақты мүмкіндіктер беріп, жергілікті және ел аралық серіктестікке мүмкіндік жасайды. Тапсырмалар студенттерге мынадай мүмкіндіктер беруі қажет: бағалауды үйрену, салыстыру, жариялау, модельдеу, жаңадан құру, зерттеу, гипотезелар ұсыну, ұйымдастыру есептеу, салғыласу, сұхбат алу, тыңдау, көру және бақылау, мазмұндау, тәжірибе жасау, ойнау, сауалнама жүргізу және баяндама жасау. Бұл жағдайда осы текті тапсырмалар студенттің ақпараттық компетенциясын дамытады.
Интернет тапсырмаларын дайындау үш қадамнан тұрады: 1.дайындық 2. ресурстармен интернет желісінде жұмыс жасау 3. сыныпта интернет желісінсіз жұмыс жасау.
1.Дайындық - сөйлеу негіздерін дамыту, мұның алдында алған білімдерін қолдана білу, сөздердіоқу, тақырыпқа кірістіру.
2.Ресурстармен интернет желісінде жұмыс- интернетте іздеу бағдарламаларымен жұмыс істеу, оқумен жазу, арнайы мәліметтерді іздеу және оны жауап парақтарына енгізу, сұрақтарға жауап іздеу, және т.б. Осы қадамда студенттер өздерінің не істеу керектігін және оған қанша уақыттары бар екенін білу керек.
3.Сыныпта интернет желісінсіз жұмыс- алынған мәліметпен алмасу, және желіден жұмыс жасау уақытында көрген білгенін талқылау
Интернет ресурстарын қолдану -мәдениаралық компетенцияларын дамыту; түрлі мәдениеттермен танысу, қарым қатынастың белсенді жүргізуге бағыттау

WebQuest - ақпараттық ресурс ретінде Интернет қолданылатын, рөлдік ойынның элементтері бар мәселелік тапсырмалар.
Алдымен кіріктіріп оқыту, кіріктірілген сабақ ұғымдарын қарастырайық.
Кіріктіріп оқыту дегеніміз- сабақта пәнаралық байланыстарды дамытуды және тереңдетуді, олардың ғылымаралық байланысының түпнұсқасы, яғни түрлі пәндерді оқытуды қиыстырудан, олардың өзара терең байланысуына өтуді қарастыру болып табылады.
Webquest (webquest) оқыту технологиясы ретінде Интернет-ақпараттық ресурстары пайдаланылатын рөлдік ойындардың элементтері бар проблемалық тапсырма. Қазіргі кезде біздің елімізде барлық оқу орындарын интернетке қосу үшін жоба іске қосылғанда, бұл технология басқа елдерде кеңінен қолданылатын педагогикалық технологиялар арасында лайықты орын тауып жүр.
Ең алғаш Webquest- ті Берни Додж қолданған. Webquest- тің оқушыларға ақпаратты іздеуде емес пайдалануда уақытты ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін дизайны бар.
Оқу процесинде веб-квесттерді пайдаланудың келесі себептері бар:
1. Бұл технология - оқу үрдісіне интернетті енгізудің оңай жолы. Оқушы мен мұғалім үшін арнайы техникалық білім талап етілмейді.
2. Веб-квесті жеке орындауға болады, бірақ ол топта ең жақсы түрде орындалады. Сонымен қатар білім берудің екі негізгі мақсаты: коммуникация және ақпарат алмасу жүреді.
Берни Додж веб-квесттің келесі құрылымын атап өтеді:
1. Кіріспе;
2. Тапсырма;
3. Процесс;
4. Бағалау;
5. Қорытынды;
6. Кредиттер (қолданылатын материалдар);
7. TeacherPage (мұғалімге арналған түсіндірмелер).

Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр - ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық технологиялардың маңызы зор. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Сондықтан білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ізденіс жүргізіп, студенттерге жан-жақты қызықты мәлеметтермен ынталарын оятып, білім беруіміз міндетті.
Қазіргі таңда елімізде білім беру саласында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін модернизациялаудың тиімді тәсілдері пайдаланылуда және одан әрі жетілдірілуде.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында студенттердің ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
Қорытынды:
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші - мұғалімдерміз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> Заңы
2. "Болашақтың іргесін бірге қалаймыз" Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл
3. Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
4. Teeler D., Gray P. How to use the Internet in ELT. - London: Longman .
5. Клейман Г.Б., Леонов А. Г., Кузьменко М.А. Что Такое Интернет? Информационные и коммуникационные технологии в образовании.1998.
6. Johnson L. Internet Options in the Classroom. // www.clta.net/lessons/class.html.
7. Полилова Т.А., Пономарева В.В. Внедрение компьютерных технологий в преподавание иностранных языков. // ИЯШ. - 1997.
8. Поляков Т.Ю. Английский язык для диалога с компьютером. Совет по культурному Сотрудничеству; Совет Европы Пресс, 1995

Ұқсас жұмыстар
Инновациялық технологиялар жағдайында маманның құзыреттілігін қалыптастыру жолдары
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар
АКТ негізінде оқыту құралдары оқушы мұғалім
Қарапайым презентацияларды құру
Геогебра бағдарламасының негізгі терезесі
Білімді бақылау
Қашықтықтан оқыту технологиясын жетілдіру үшін оқыту тәсілдері
Іздеу жүйелері
Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану
Білім беру қызметінде ақпараттық технологияны тиімді пайдалану
Пәндер