Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау
Инклюзивті білім берудің қажеттілігі
Е.М Жагапаров
Ақсу қаласының №1 жалпы қазақ орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Инклюзивтібілім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктерінеқарамастан ерекше білімберугеқажеттілігі бар балаларды жалпыбілім беру кеңістігінеенгізуді, олардыңсапалыбілімберудекедергілердіжоюды және әлеуметтікортадабейімделуін және ықпалдасуынкөздеуінжұмыстыңөзектілігі
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда <<өзімді қосқанда>>, ал, ағылшын тілінен аударғанда <<араластырамын>> деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбы- құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Әрбір бала үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясынкеңейтеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы.
Инклюзивті оқыту балаларды оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді.
Осы жаһандық мәселеге әлем ғалымдары мынадай анықтама береді: инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде
мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат. Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мекемелердің оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайынқалыптастырады.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90-жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.
Бүгінгі таңдағы білім беруді дамытудың негізгі сипаттамаларының бірі, жаңа бағыттағы арнайы білім беруді талап ететін балаларға тең дәрежеде білім беру мәселесі болып табылады. <<Жалпыға бірдей білім>> бағдарламасына сәйкес 1994 жылы Саламанка қаласында (Испания) арнайы қажеттілігі бар балаларға білім беруді дамытуға арналған бүкіләлемдік конференция болып өтті. Конференция соңында Саламан декларациясыжасалды.
Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай:
Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуғатиіс.
Әрбір баланың дара қабілеттері, қызығушылықтары, қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтарыболады.
Білім беру жүйесіне оң өзғерістер, яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орайөзгерту.
Осыған орай, инклюзивті білім берудің негізгі принциптері туындайды:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктеріменанықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауғақабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзегеасады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзегеасыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясынкеңейтеді.
Білім беру саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін білім алуға тең құқықтар қағидаты көзделген.Біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек<<Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында>> көрсетілген. Республикада 2375 бала үшін 166 балабақшада инклюзивті білім беру жүзеге асырылуда, бұл анықталған даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының 14%-ын құрайды.
Бұдан басқа, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 39 арнайы балабақша мен жалпы мақсаттағы балабақшаларда 315 арнайы топ жұмыс істейді. Олардың контингенті балабақшаларда 4945 баланы, арнайы топтарда 5879 баланы құрайды.
Арнайы мектепке дейінгі ұйымдарға баруға мүмкіндігі жоқ мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оңалту орталықтарында, психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттерінде (бұдан әрі − ППТК) түзету- педагогикалық қолдау көрсетукөзделген.
Республиканың жұмыс істеп тұрған 129 ППТК-де негізінен мектепке дейінгі жастағы балаларға қызмет көрсетіледі. Даму мүмкіндіктері шектеулі 43811 баланың 15244-і мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған.
Мемлекеттік бағдарлама негізінде 2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы <<кедергісіз аймақтар>> құруы жоспарланған. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына қолдан келгенше жағдай жасайтын болады.
Бұл бағдарламада инклюзивті білім жүйесін дамытудың мына мәселері көрсетілген:
:: мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;
:: мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;
:: мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді;
:: 2020 жылға қарай білім беру ұйымдарында мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы <<кедергісіз аймақтар>> құрылады;
:: мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды (педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы);
:: үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріле отырып, компьютерлік техникамен және компьютерлік қамтамасыз ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі.
Инклюзивті білім беруді даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу жүйесін жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата-анасының тұрғылықты жеріне сәйкес жалпы типтегі мекемелерде мұндай балаларға білім беруді ұйымдастыру оларды ұзақ мерзімге мектеп-интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағдай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кіріктіруге қатысты мәселелерді тиімді шешуге мүмкіндікбереді.
Қазақстанда мүмкіншілігі шектелген балалардың туғанынан бастап әлеуметтік және медициналық-педагогикалық коррекциялық амалдары, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексерілуді және білім алуды ақысыз пайдалану құқығы еліміздің бас Конституциясында <<Білім туралы>>,<<Мүмкіншілігі шектелген балаларды әлеуметтік және медицина-педагогикалық тұрғыдан қолдау туралы>>, <<Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы>>, <<Арнайы әлеуметтік қызмет туралы>> заңдарда бекітілген.
2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында қоғамдық орындарға кедергісіз енуді қамтамасыз ететін материалдық- техникалық жағдайлар жасалып, дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балаларға жалпы білім беру мекемелерде <<кедергісіз аумақтар>> (пандус, арнайы лифт, арнайы жабдықталған оқитын орындар, арнайы оқу, оңалту, медициналық құрал-жабдықтар және т.б. қосқанда) жасалынуда.
Қазіргі таңда түзете білім беру ұйымдарының желісін сақтап, жетілдіру және инклюзивті білім беру жүйесін қатар дамыту ең тиімді қадам болып табылады. Мұндай жағдайда түзету ұйымдары жалпы білім беру мекемелерінде қызмет жасайтын педагогтарға әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз ететін оқy-әдістемелік орталық, білім алып отырған тұлғалар және олардың ата-аналарына кеңес беру жәнe психологиялық-педагогикалық түзете көмек көрсету қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қажетті психологиялық-медициналық- педагогикалық көмек уақытылы көрсетілген жағдайда баланың дамуындағы негізгі кемшіліктерді оқытудың бастапқы кезеңіне түзету, жалпы білім беру мекемелерінде оқытуға дайындауды қамтамасызетеді.
Жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді табысты ұйымдастырудың жағдайы ретінде баланы білім беру мекемелеріне толыққанды кіріктіруді қамтамасыз ететін бейімделу ортасын құру болып табылады.
Инклюзивті білім беру жүйесі кездесіп отырған күрделі мәселе − бұл қоғам тарапынан туып отырған теріс көзқарас проблемасын жою. Ақпараттың аздығы, қорқыныш, бала құқын аяқасты ету осының бәрі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға теріс көзқарасты дамытады. Бір жағынан, арнайы оқыту әдістемесінің жоқтығы инклюзивті білім беру үшін елеулі қиындықтар туғызады. Тәрбиешілер мен мұғалімдер дамуында ауытқулары бар балалармен жұмыста өздерінің кәсіби дайындығы деңгейіне көңілі толмайтындығын атап көрсетеді. Мысалы, педагогтар (тәрбиешілер), оның ішінде дефектологтар баланың оқуы мен даму үдерісіне теріс ықпал ететін барлық жағдайлар мен факторларды білмеуі мүмкін. Алайда, педагогтар бала бойындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, нақты іс-қимылға дайын болуытиіс.
Осы аталған міндеттер шешімін табу үшін, сөз жоқ білікті маман қажет, сол себепті осы бағытта болашақ мамандарға тиісті білім, іскерлік, дағды қалыптастырукерек.
Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасы баланың білім беру үрдісіне қосылуын және әр тәрбиеленушінің мүмкіндігіне қарай пайдалы таңдауына мүмкіндікжасайды.
Мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивтік білім алуда логопед, дефектолог, дене шынықтыру нұсқаушысы, психологтан жылдық жоспарларына сәйкес күннің ІІ жартысында өзімен жасты балалармен қатынасады (сурет салу, жапсыру т.б.) және мамандардан оқу-тәрбие және танымдық-педагогикалық көмекалады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар жалпы топта тәрбиешілердің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатынасып <<Алғашқы қадам>>, <<Зерек бала>>, <<Біз мектепке барамыз>> бағдарламалары бойынша білім алады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балалар бөбекжайдың өміріне белсене қатысады: іс-шаралар мен ойын-сауықтарға өзге балалармен бірігіп қатысуы, ертегілер мен концерттерді ұжыммен көруі олар үшін шынайымереке.
Осындай шараларға қатыстыру арқылы балалар ұжымда өмір сүріп, құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге үйренеді. Егер бала осы сатыдан өтсе, мектепте оған едәуір оңайырақ болады. Ең бастысы, бұл балалар болашақта жалғызсырамай, өздерімен жасты балалармен бірге тәлім-тәрбие алуды жалғастырады.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы - ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек әрбір мүмкіндігі шектеулі балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы. Әлеуметтік ортаға енгізу - әлеуметтік қатынастың жалпы жүйесіне және баланың өз жағдайына қарай білім алу ортасына мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуінқалыптастыру.
Бейімделу - бұл жеке тұлғаның әлеуметтік құрылымдарға енуі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар. Бірінші жолы, мүмкіндігі шектеулі баланы қоршаған ортаға бейімдеу. Бұл жолдың кемшілігі - біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы даосы.
Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының азаматтарының денсаулығын қорғау жөніндегі заң құжаттарында айтылғандай, мүгедектер, оның ішінде мүгедек балалар және бала жасынан мүгедектер медициналы-әлеуметтік көмек алуға, оңалтылуға (реабилитация), дәрі-дәрмектермен, протездермен, протезді- ортопедиялық бұйымдармен, жеңілдік жағдайларда қозғалыс құралдарымен қамтамасыз етілуге, сондай-ақ, кәсіби даярлану мен қайта даярлануға құқықтары бар. Лев Семенович Выготский: <<Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі - кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері>> - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген.Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту - балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім берумүмкіндігі шектеулі балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана. 2010ж.
2. <<ӨРЛЕУ>> БАҰО>> АҚ филиалы <<Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты>> // Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардыәлеуметтендіру.
3. Саламанская декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями, принятые Всемирной конференцией по образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-10 июня 1994года.
4. Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к реальности // Синдром Дауна XXI век. 2011. №1С.[34 - 41]
5. Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттікпорталы.
6. Р.Б. Каримова <<Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в РК>> // Журнал <<Открытаяшкола>>.
7. Мухина В. С. Детская психология. - М.,1985.
8. Ахмедалиева, Д. У. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1. [15-17б.]
9. Алферова Г. В. Новые подходы к коррекционно-развивающей работе с детьми с ограниченными возможностями здоровья. Дефектология - 2008-№3.
10. Г.Б.Алипкалиева <<Инклюзивтік білім беру жағдайында мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалардыәлеуметтендіру>>.
ТІРКЕУПАРАҒЫ
Тегі:Жагапаров
Аты: Ержан
Әкесінің аты: Молдахметович
Ғылыми дәреже, атағы:---
Ұйым, лауазымы:Ақсу қаласының №1 жалпы қазақ орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі
Үй мекен-жайы: Строителей 4/68
Байланыс телефоны: 87777621091
Email: akcu_school_1@mail.ru
Секция:Инклюзивті білім беруді жалпы білім беру үрдісіне енгізу мәселелері
Баяндама атауы (толық атауы):Инклюзивті білім берудің қажеттілігі
Серия:
тәрбиеші;
oo мектеп мұғалімі;
колледж оқытушысы
Мен:
oo Секция мәжілісінде баяндама жасаймын;
Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысамын;
Сырттай қатысамын

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz