Әрекеттесуші заттардың массасын салыстыру

Газдардың молярлық көлемі. Авогадро заңы
Дененің көлемі дене массасының тығыздығының қатынасына тең V=m/p екендігі бізге физика курсынан белгілі. Бұл жерден шығатыны, газдың тығыздынан оның молярлы көлемін (Vm) анықтауға болады, яғни 1 мольдегі газ көлемі. Массаны анықтау үшін заттың санын молярлы массасына көбейтеді: m=ν*m, бұл жерде ν=1 болса, m=М, ал газтәріздес заттың молярлы көлемі газдың молярлы массасының тығыздығына қатынасы арқылы есептеледі: V m =М/p. Мысалы газдардың тығыздығы келесідей: p(C 2 Н 2 ) =1, 16 г/л, p(NH 3 ) =0, 76 г/л, ал олардың молярлы массасы - М (NH 3 ) =17 г/л.
Онда
V m (C 2 Н 2 ) =26г/моль : 1, 16 г/л = 22, 41 немесе 22, 4 л/моль
V m (NH 3 ) =17г/моль : 0, 76 г/л = 22, 37 немесе 22, 4 л/моль
Газдың молін алатын көлем шамамен 22, 4 л тең.
Алынған формулаларды (66 беттегі) қолдана отырып, түрлі химиялық есептеулер жүргізеді.
13 тапсырма. Зат мөлшері 0, 2 моль сутегінің көлемі қандай болады?
Шешімі:
ν (Н 2 ) =0, 2 моль 1- шешімі
0, 2 моль˂1 моль-ден 5 есеге, онда көлем де 5
V(Н 2 ) -? Есеге кіші болады V(Н 2 ) = 22, 4 л:5 = 4, 48 л
V m =22, 4 л/моль
2-шешімі
V= ν* V m формуласын жазып алып, белгілі шамаларды орнына қойып шығады.
V(Н 2 ) = 0, 2 моль*22, 4л/моль = 4, 48 л
Жауап: 0, 2 моль сутегі (Н 2 ) 4, 48 л көлемді алады.
14 тапсырма. Баллонда 0, 5 кг сығылған сутегі бар. Қалыпты жағдайда бұл газ қанша көлемді алады?
Шешімі:
m(Н 2 ) =0, 5 кг=500г 1- шешімі
сутегі Н 2 формуласынан массаны тауып
V(Н 2 ) -? Алады. m(Н 2 ) = 1 моль * 2 г/моль = 2 г
М(Н 2 ) = 2 г/моль V(Н 2 ) = 1 моль * 22, 4 л/моль=22, 4 л
V m =22, 4 л/моль
2 г ˂ 500 г 250 есеге болса, онда газ көлемі 250 есеге көп болады.
V(Н 2 ) = 22, 4 л *250= 5600 л, немесе 5, 6 м 3
2-шешімі
Заттың массасын біле отырып, зат мөлшерін мына формуламен анықтайды.
ν(Н 2 ) = 500 г : 2 г/моль=250 моль
Заттың белгілі саны арқылы гадың көлемін мына формуламен анықтайды: V= ν* V m :
V(Н 2 ) =250 моль*22, 4 л/моль=5600 л
3-шешімі
Физикадағы есепті шешудің кең тараған жалпы әдісін қолдана отырып, соңғы формулаға белгілі шамаларды қоямыз.
ν 1 = m/M және ν 2 = V/ν m Заттың саны бір болғандықтан, ν 1 =ν 2 . Осы жерден көрсетілген формуланың бірінші бөлігі де тең болады. m/M=V/V m
V=mV m / M.
V(Н 2 ) =500 г * 22. 4 л/моль = 5600 л немесе 5, 6 м 3
2 г/моль
Жауабы: 0, 5 кг сутегі Н 2 - 5, 6 м 3 көлемді алады.
Есептер мен жаттығулар
76. Көлемін (қ. ж) табыңыз: 1) 0, 1 моль оттегі газының; 2) 0, 4 моль атомарлы сутектің; 3) 0, 5 моль көмірқышқыл газының; 4) 0, 5 моль судың (0 0 С жағдайында) ?
77. 110 г массасы бар құрғақ мұз кесегі толықтай буланғанда көмірқышқыл газының көлемі қанша болады?
78. Қосымша сабақтың бірінде екі оқушы газбен жұмыс істеп отырады. Біреуі 250 мл көлемі бар колбаға оттегі жинайды, екіншісі сутегін жинайды. Әр колбада қанша оттегі мен сутегінің молекуласы болғанын есептеңіз (көлемі қ. ж өлшенген) .
79. Көлемі 1 л болатын колба азотпен толтырылып, салмағы теңестірілген. Осы колбаға хлорды жинайды. Салмағын теңестіру үшін, қанша салмақтағы жүкті салу керек?
80. Келесі газдардың тығыздығының молярлы массасын анықтаңыз: 1) бром парасы; 2) иодсутегі; 3) фторсутегі; 4) фтор; 5) күкірт оксиді (IV) 6) азот оксиді (IV) .
Реакцияға түсетін заттың біреуінің белгілі саны немесе оның нәтижесінде алынатын газ көлемінің химиялық теңестіру бойынша есептеу
Осындай тапсырмалардың шешімін үйрете отырып, теңестіру бойынша алынған икемділік тасымалын жүргізу керек. Тапсырмалардың жаңа түрлерін қарамас бұрын оқушылар үйден реакцияларды теңестіріп үйренуі қажет. Тапсырманың мәтіні ілінетін тақтаға жазылады, сол жерде үй жұмысын тексеріп отырғанда оқушы шешімін жазып алады. Кейіннен оқушыларға жаңа тапсырма беріледі. Мәтінімен танысып болған соң, олар берілген тапсырма мен үй тапсырмасына салыстыру жүргізеді.
Қарастырылып отырған тапсырма бұған дейінгі теңестіру реакцияларына қарағанда оның мәтінінде газобразды заттардың түзілу реакциясы сипатталуымен ерекшеленеді, одан бөлек заттың массасының орнына қалыпты жағдайда алынған газ көлемі көрсетіледі немесе оны есептеп алу керек.
Бұл тапсырмаларда реакция теңестіру бойынша, газдардың зат санынан немесе массасынан тікелей пропорцианалды тәуелділігі бар. Шешімнің пайымдау логикасы және есепті шешу әдістері реакция теңестіру бойынша осыған дейін қарастырылған екі тапсырмаға ұқсас болады.
Есептеулерде газдың молярлы массасының орнына молярлы көлемді қолданады, сәйкесінше массаның орнына газобразды заттың көлемі қолданылады, айырмашылық осы жерде.
15 тапсырма. 0, 2 моль цинкті күкірт қышқылы ерітіндісімен әрекеттендірсе қандай көлемдегі сутекті ала аламыз?
Мәтінде мұқият оқып, тапсырмада қандай реакция айтылғанын анықтап, тапсырманың шартын және реакция теңестіруін жазып алады.
Шешімі:
ν (Zn) =0, 2 моль Zn +H 2 SO 4 = Zn SO 4 + H 2 ↑
V(Н 2 ) -? 1 моль Zn реакция теңестіруіне сәйкес күкірт
V m =22, 4 л/моль қышқылының ерітіндісіне т. се отырып 1 моль
Сутегі ырғып шығады. Тапсырманың шарты бойынша 0, 2 моль Zn берілген, яғни 0, 2 моль˂1 моль 5 есеге, сондықтан сутегі 5 есеге кем ырғып шығады, V=ν*Vm
V(Н 2 ) = 22, 4 л/моль* 0, 2 моль = 4, 48 л
Тапсырманы пропорция әдісімен шешсек келесідей:
0, 2 моль V л
Zn + H 2 SO 4 = Zn SO 4 + H 2 ↑
22, 4 л
Реакция теңестіру бойынша 1 моль H 2 бөлінеді, оның көлемі V=ν*Vm формуласы бойынша есептеледі.
V(Н 2 ) = 1 моль * 22, 4 л/моль = 22, 4 л
Пропорционалды тәуелділіктің негізінде, келесі пропорцияны құрады: 0, 2 ꞉ 1 = V꞉ 22, 4 . Осыдан
V(Н 2 ) =0, 2 моль * 22. 4 л = 4, 48 л
1 моль
Жауап: 0, 2 моль Zn 4, 48 л H 2 қышқылынан ырғып шығады.
16 тапсырма: 18г көмір жану үшін оттектің қандай көлемі қажет?
Шешімі:
m (C) =18 г С+O 2 =СO 2 ↑
V(О 2 ) -? 1 моль көміртек реакциясының теңестіруіне
V m =22, 4 л/моль сәйкес жана отырып 1 моль оттекті қажет етеді:
M (C) = 12г/моль m (C) = 1 моль * 12 г/моль = 12 г
V(О 2 ) = 1 моль *22, 4 л/моль = 22, 4 л
18 г >12 г 1, 5 есеге, сондықтан оттектің де 1, 5 есе артық көлемі керек :
V(О 2 ) = 22, 4 л* 1, 5 = 33, 6 л
Жауап. 18 г көмір жану үшін 33, 6 л O 2 қажет.
Кейіннен оқушыларға тапсырманы «моль» және пропорция әдісі ұғымдарын қолдана отырып өз бетінше орындау ұсынылады.
Есептер мен жаттығулар
81. 10, 8 г алюминий тұз қышқылының ерітіндісімен әрекетке түскенде сутектің қанша көлемі бөлініп шығады?
Басқа да шаманың мәнін қолдана отырып кері есеп құрыңыз.
82. Алюминий қалдығын 1, 5 моль тұз қышқылының ерітіндісімен әрекетке түскендегі тұз массасын және сутектің көлемін есептеңіз?
Кальцийдің тұз қышқылымен реакциясын қолдана отырып кері есеп құрыңыз.
83. Генератордаға суды ыдырату негізінде жиналған 0, 5 моль саны бар заттағы сутек пен оттектің көлемін есептеңіз? Бөлінген газдардан қанша шытырлауық газды алуға болады?
84. Лабораториялық спиртовкада көмірқышқыл газ бен су бөлінген этил спиртінің С 2 Н 5 ОН жануы болып жатыр. Әр сабақта 18 столдың әрқайсысында 2, 3 г спирт жанатын болса, ауа кеңістігіне өтіп кеткен көмірқышқыл газының көлемін анықтаңыз.
Газдардың қатысты тығыздығын есептеу.
Есептерді шешу барысында, газобразды заттарды сипаттайтын шамалардың әртүрлі қатынасын қолдануға болады, себебі Авогадро заңы бойынша түрлі газдардың бірдей көлемінде бірдей шарттарда молекулалардың тең саны орналасады. Сонда, екі газдың массасы, тығыздығы, қатыстық молекуларлық массасы бойынша айырмашылығы болады.
Түсіндіру барысында мынадай болжам жасауға болады: 1 л - ден (тең жағдайда: температура мен қысым) көмірқышқыл газы мен сутек бар, оларда молекулалардың тең саны бар. Осы газдардың массасы тең болама? Әрине, жоқ. Көмірқышқыл газы және сутегі молекулаларының массасы олардың қатыстық молекуларлы массасының әр түрлі болатынындай солайша бұларда да әр түрлі:
m (CO 2 ) = Mͬͬ ᵣ (CO 2 )
m (H 2 ) Mͬͬ ᵣ (H 2 )
Көмірқышқыл газы және сутегі массаларын олардың көлемін тығыздығына көбейтіндісі арқылы көрсетуге болады:
m = V p; m (CO 2 ) = V (CO 2 ) * p (CO 2 ),
ал m (H 2 ) = V(H 2 ) * p(H 2 )
Осы жерден жазуға болады:
V (CO 2 ) * p (CO 2 ) = Mͬͬ ᵣ (CO 2 )
V(H 2 ) * p(H 2 ) Mͬͬ ᵣ (H 2 )
Газдардың көлемі тең болғандықтан, одан шығатыны
р(CO 2 ) = Mͬͬ ᵣ (CO 2 ) немесе жалпылай түрде
р(H 2 ) Mͬͬ ᵣ (H 2 )
р 1 = Mͬͬ ᵣ (1)
р 2 Mͬͬ ᵣ (2)
Бірінші газдың тығыздығының екінші газ тығыздығына қатынасы осы газдардың қатыстық молекуларлық массасының қатынасына тең.
р 1
р 2 қатынасы бірінші газдың екінші газға қатыстық тығыздығы деп айтып d немесе D деген әріппен белгілейді. Газдың қатыстық тығыздығын газдардың бірдей көлемде, бірдей жағдайда алынған массасынының қатынасына қарай немесе олардың тығыздығының қатынасы немесе қатыстық молекуларлық массасының қатынасына қарай есептеуге болады: d = m = р 1 = Mͬͬ ᵣ (1)
m р 2 Mͬͬ ᵣ (2)
17 тапсырма. Азот бойынша хлорсутектің тығыздығын анықтаңыз.
Шешімі:
HCI 1 әдісі
d( N 2 - ге қатысты HCI) -? Тапсырма шартында газдардың аты көрсетілген, шешу үшін осы газдардың қатыстық молекуларлық массасын қолданамыз:
Mͬͬ ᵣ (HCI) = 36. 5
Mͬͬ ᵣ (N 2 ) =28
d = Mͬͬ ᵣ (HCI) ; d = 36, 5 = 1, 3
Mͬͬ ᵣ (N 2 ) 28
2 әдісі. Осы газдардың тығыздығы жазылған анықтамадан мәліметтер алып есепті шешуге болады:
р (HCI) =1, 63 г/л
р(N 2 ) =1, 25 г/л
d= р (HCI) ; d= 1, 63 г/л = 1, 3
р(N 2 ) 1, 25 г/л
Жауап: d( N 2 - ге қатысты HCI) =1, 3
18 тапсырма.
Колбадағы газдың массасы 1, 1 г. Сутектің осындай көлемі осындай жағдайда 0, 05 г болады. Сутек бойынша газдың қатыстық тығыздығын табыңыз.
Шешімі:
m (газ) =1, 1 г d = m (газ) = 1, 1г = 22
m(H 2 ) = 0, 05 г m(H 2 ) 0, 05 г
D H2 -?
Жауап. d H2 = 22
Газдың қатыстық тығыздығын есептеген кезде, сутек бойынша немесе ауа бойынша қатыстық тығыздығын есептей отырып сутегімен немесе ауамен салыстырады. Формуладағы Mͬͬᵣ (Н 2 ) сутектің қатыстық молекуларлық массасы орнына, келесіні аламыз:
D H2 = Mͬͬ ᵣ (газ) немесе Mͬͬ ᵣ (газ) = 2 D H2
2
Мына формула шығады D ауа = Mͬͬ ᵣ (газ) немесе Mͬͬ ᵣ (газ) = 29*D ауа
29
Мұнда 29 - ауаның тұрақты құрамын есепке ала отырып анықтағандағы қатыстық молекуларлық массасының орташа мәні.
Осылайша, сутек пен ауа бойынша газдардың қатыстық тығыздығын анықтауға болады.
19 тапсырма.
Ауа бойынша газдың қатыстық тығыздығы 0, 55 тең. Газдың қатыстық солекуларлық массасын табыңыз.
Шешімі: Mͬͬ ᵣ = 29 * d ауа , Mͬͬ ᵣ (газ) =29 * 0, 55 = 15, 95≈16
d ауа =0, 55
Mͬͬ ᵣ -?
Жауап. Mͬͬ ᵣ (газ) =16
20 тапсырма.
Күкірт оксидінің (IV) су және ауа бойынша қатыстық тығыздығын есептеңіз.
Шешімі:
SO 2
d H2 -?
d ауа - ?
d H2 = Mͬͬ ᵣ (SO 2 ) d H2 (SO 2 ) = 64 = 32
2 2
d ауа = Mͬͬ ᵣ (SO 2 ) d ауа (SO 2 ) = 64 = 2, 2
29 29
Жауап. d H2 (SO 2 ) = 32, d ауа (SO 2 ) = 2, 2
Тапсырмалар мен жаттығулар.
85. Сутегі бойынша келесі заттардың қатыстық тығыздығын анықтаңыз: 1. Оттегі; 2. Азот; 3. Көмірқышқыл газы.
86. Ауа бойынша қатыстық тығыздықты анықтаңыз: 1. Хлор; 2. Азот оксиді (IV) NO 2 ; 3. Күкіртсутегі Н 2 S; 4. Көмірқышқыл газы.
87. Оттегі бойынша газдың қатыстық тығыздығы 2 ге тең. Сутегі бойынша осы газдың қатыстық тығыздығын анықтаңыз.
88. газдың белгілі көлемінің массасы 2, 32 г болғанда, осындай көлемдегі ауаның массасы 2, 58 г болғандағы газдың қатыстық тығыздығын және оның қатыстық молекуларлы массасын есептеңіз.
Химиялық теңестірулер бойынша газдардың көлемдік қатынасын есептеу.
Бұл тапсырмалар негізінен химиялық процесстердегі газдардың көлемдік қатынасының мәнін (Л. Гей - Люссака химиялық заңы) түсіндіргеннен кейін ауызша орындалады. Көміртек (II) оксиді жану реакциясын теңестіріп қарастырады: 2СО + O 2 =2C O 2 . Реакция теңестіруіне сәйкес 2 моль тұншықтырғыш газы 1 моль оттекпен әрекеттесіп 2 моль көмірқышқыл газы түзіледі. Қалыпты жағдайда бұл реакция болды деп есептесек, әр газдың 1 молі 22, 4 л болатын көлемді алады. 2*2, 24 л СО мен 22, 4 л O 2 байланысып 2*2, 24 л СО 2 түзіледі. Сонда әрекеттесуші газдардың көлемінің қатынасы келесідей болады:
V(CO) : V (O) 2 : V (CO 2 ) = 2*22. 4 л : 22, 4 л : 2*22, 4 л
22, 4 л санына қысқартып, келесіні аламыз:
V(CO) : V (O) 2 : V (CO 2 ) = 2 :1 : 2
Оқушылар байқағандай, бұл сандар - реакция теңестірудегі газобразды заттардың формуласының алдындағы коэффициент. Осының негізінде қорытынды жасаймыз, әрекет етуші және түзілуші газдардың көлемі осы заттардың санына пропорцианалды (немесе олардың коэффициенттеріне) :
V 1 :V 2 = ν 1 : ν 2
Соңында Күкіртсутектің жануының теңесуін қарастыру керек:
2H 2 S + 3O 2 = 2H 2 O + 2SO 2
Сонымен қатар осы химиялық реакциядағы газдардың көлемдік қатынасын көрсету керек. Оқушылардың назары судың қалыпты жағдайда сұйықтыққа конденсациялануына түседі, сондықтан айтылған заңдылықтың суға қатысы жоқ. Қарастырылған теңестіру көрсеткендей, әрекет етуші газдардың көлемдік қатынасы қабылдаушы газдарға қатынасы 5 : 2, ал
V(H 2 S) : V (O 2 ) : V (SO 2 ) = 2 : 3 : 2
Химиялық теңестірулер бойынша газдардың көлемдік қатынасының есебі негізінде есептің химиялық мәнін қарастыруға алып келеді; реакция теңесуі жазылады, коэффициенттер қойылады. Математикалық есептеулер өте қарапайым, оларды ауызша шығара беруге болады.
21 тапсырма.
2 л аммиакты жаққан кезде қандай көлемдегі азот бөлініп шығады және қандай көлемдегі оттек қажет.
Шешімі:
V (NH 3 ) = 2 л
V(N 2 ) -?
V(O 2 ) - ?
Бізге белгілі нарсе, әдетте жану барысында жанған заттың құрамына кіретін элементтерден оксидтер түзіледі. Бірақ тапсырмада көрсетілгендей, реакцияның бір өнімі азот, екіншісі су болып табылады. Реакцияның теңесуін жазайық:
4 NH 3 + 3O 2 = 2N 2 + 6 H 2 O
Теңестіруге сәйкес,
V (NH 3 ) : V (O 2 ) : V(N 2 ) = 4 : 3 : 2
4>2, есеге демек оттек 2 есеге аз қажет болады, 2 есеге аз азот қажет болады. Жауап. 2 л NH 3 жану үшін 1, 5 л O 2 қажет, оның үстіне 1 л N 2 бөлініп шығады.
Химиялық реакциялардағы газдардың көлемдік қатынасы негізінде газобразды заттардың формуласын есептеуге болады.
22 тапсырма.
1 л белгісіз затты жағу үшін 5 л оттек қажет болатын газобразды заттың молекуларлы формуласын шығарыңыз. Реакция нәтижесі бойынша, 3 л көмірқышқыл газы және 4 л су буы бөлінеді.
Шешімі. Алдымен реакцияға түсетін заттар (белгісіз газ және оттегі) мен реакция өнімдерін (су мен көмірқышқыл газы) анықтап алады. Тапсырма шартында көрсетілген газдардың көлемі теңестірудегі коэффициентке сәйкес келеді. Осының негізінде, реакция счемасын тұрғызамыз:
Газ + 5О 2 3 СО 2 + 4 H 2 O
Реакцияға дейінгі және одан кейінгі оттек атомының санын есептеу көрсеткендей, жанған газда оттек болған жоқ. Жану өнімдерінен (су мен көмірқышқыл газы) мынадай қорытынды жасаймыз, газобразды зат көміртек пен сутектен құралды. Схема келесі түрде құрылады:
С х Н у + 5О 2 = 3 СО 2 + 4 H 2 O
3 моль көмірқышқыл газында 3 моль С бар, демек х = 3. 4 моль H 2 O - да 8 моль Н бар, демек у=8.
Жауап. Газ формуласы - С 3 Н 8 (пропан) .
Тапсырмалар мен жаттығулар
89. Келесі заттарды 3 л көлемде жақса, көмірқышқыл газының көлемі қандай болады: 1. Метан СН 4 2. Этан С 2 Н 6 3. Ацетилен С 2 Н 2
90. Келесі заттарды 2 л көлемде толық жандыру үшін, қанша көлемді оттек қажет: 1. Тұншықтырғыш газ СО; 2. Күкіртсутегі Н 2 S; 3. Бутан С 4 Н 10
91. Катализатор арқылы 20 л азот және 60 л сутек қыздырылды. Осы заттар толығымен реакцияға түскен жағдайда алынған аммиактың көлемін анықтаңыз.
92. Газ плитасында 5 л пропанды С 3 Н 8 жағу үшін қанша оттек қажет? Ас үйде газ плитасын қосар алдында неліктен терезе ашылады?
§ 2. IХ сынып тапсырмалары
Әрекет етуші заттардың біреуі артығымен берілгендегі химиялық теңестіру есептері.
Алдымен базалық тапсырмалардың кестесін (5 кесте, 67 б. ) оқушылармен қарап алу керек. Оқушылар 14 варианттың 13 - айырмшылығын белгілеп алады. Айырмашылық мынада болатын: алдыңғы тапсырмаларда масса, зат саны, бір заттың көлемі беріліп, екінші заттың айтылған шамаларының біреуін табу керектігінде. Қарастырылған тапсырмаларда біреуі артық берілетін екі әрекет етуші заттың массасы көрсетілген. Реакцияға түскенде толығымен әрекеттенбегендіктен қалғаны қалатын еді. Алынған өнімдердің есебі реакцияға толық түскен зат бойынша жүргізіледі. Сондықтан, басында қай заттың артығымен берілгенін анықтап алу керек, кейін есептеудің рационалды әдісін қолдана отырып, базалық есепті шешеді.
1 тапсырма.
20 г магний оксиді ерітіндісімен 94, 5 г азот қышқылы реакцияға түскенде магний нитратының массасын есептеңіз.
Мұндай тапсырманы орындау үшін, біріншіден анықтап алу қажет: артығымен берілген қай зат, магний окиді ма азот қышқылы ма?
Шешімі.
Mg0 + 2HN0 3 = Mg (N0 3 ) 2 + H 2 0
Зат санын келесі формуладан тауып алады. ν = m/M
ν (MgO) = 20 г : 40 г/моль = 0, 5 моль
ν (HN0 3 ) = 94, 5 г : 63 г/моль = 1, 5 моль
1 моль магний окиді мен 2 моль (HN0 3 ) әрекеттескендегі реакция теңесуіне қараймыз, демек оттек 2 есеге көп көлемде қажет яғни 1 моль HN0 3 . Тапсырма шарты бойынша ол 1, 5 мольге тең. Осы жерден шығатыны қышқыл бұл жерде артығымен беріліп тұр.
Енді базалық есепті шешу керек, яғни магний оксиді массасынан алынған тұздың массасын есептеу керек.
1 моль (MgO) оттегімен әрекетке түсіп, 1 моль Mg (N0 3 ) 2 түзеді, сондықтан 0, 5 моль MgO азот қышқылымен 0, 5 моль (N0 3 ) 2 түзеді. Осыдан:
т (Mg (N0 3 ) 2 ) = 148 г/моль * 0, 5моль = 74 г
Жауап. 20 г MgО реакцияға түскенде 74 г Mg (N0 3 ) 2 береді.
Заттың артығын табу тәсілдері
1тәсіл. Реакцияға түсетін зат санын есептеу және салыстыру.
2 тәсіл. Реакцияға түсетін массалардың қатынасы арқылы
m (MgO) : m (HN0 3 ) =40 : 126 = 2 : 6, 3
m (MgO) : m (HN0 3 ) =20 : 94, 5 = 2 : 9, 4
6, 3 <9, 4 - қышқыл артығымен берілген.
3 тәсіл. Әрекеттесуші заттардың массасын салыстыру.
m (MgO) = l моль-40 г/моль = 40 г
m (HN0 3 ) =2 моль-63 г/моль=126 г/моль
20 г <40 г 2 есеге, демек қышқыл да 2 есеге кем болу керек.
m (HN0 3 ) = 126 г : 2 = 63 г, шарт бойынша қышқыл 94, 5 г, байқағанымыздай артығымен берілген.
4 тәсіл. Белгілі шамалардың біреуін белгісіз деп есептейтін пропорция тәсілі.
а) 20 г т х
Mg0 + 2HN0 3 = Mg (N0 3 ) 2 + H 2 0
40 г 126 г
20 : 40 = т х : 126
т (HN0 3 ) = 20 г * 126 г = 63 г
.
40 г
63 <94, 5 - қышқыл артығымен берілген
б) т Х1 94, 5 г
Mg0 + 2HN0 3 = Mg (N0 3 ) 2 + H 2 0
40 г 126 г
т Х{ : 40 = 94, 5 : 126
т (Mg0) = 40 г * 94, 5 г = 30 г
126 г
Барлық қышқыл әрекетке түсу үшін, 30г магний оксидін алу қажет. Ал шарт бойынша, оның тек 20 г берілген. Демек, қышқыл толығымен әрекетке түспейді, қышқыл артығымен берілген.
5 тәсіл. Пропорционалдық коэффициенті бойынша
20 г 94, 5 г
Mg0 + 2HN0 3 = Mg (N0 3 ) 2 + H 2 0
40 г 126 г
20 г : 40 г = 0, 5; 94, 5 г : 126 г = 0, 75
0, 5 <0, 75 - қышқыл артығымен берілген.
Артығымен берілген затты табу тәсілін түсіндіріп болған соң, оқушыларға тапсырманы өз бетінше аяқтатуға болады, яғни магний нитратының массасын сол тәсілмен рационалды әдістерін қолдана отырып есептету. Оқушылар пропорция тәсілінің ұзақ уақыт алатынын байқайды.
Тапсырмалар мен жаттығулар
Артылу есептерін шешіп үйрену үшін келесі тапсырмаларды орындауға болады: 5 - 107, 5 - 109, 5 - 111, 5 - 118, 5 - 135, 5 - 136, 6 - 25.
93. 30 г тұзқышқылы бар ерітіндіні 25 г кальций карбонатымен әрекеттендірсе, қанша (қ. ж) көмірқышқыл газ бөлініп шығады?
94. 5, 35 г темір (ІІІ) гидроксиді ерітіндісіне 10 г азот қышқылын әрекеттендіргендегі тұздың массасын есептеңіз.
Теориялық мүмкін болатын тұрғыда өнімнің массалық немесе көлемдік үлесін анықтау
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz