Жанған заттың формуласын анықта

Қорытындыға әр элементтің массалық үлеске қатысты атомдар санын, салыстырмалы тығыздығын жәнесалыстырмалы атомдық массасын есептеуіміз қажет:

n = ω 2 d H 2 A n = \frac{\omega \bullet 2d_{H2}}{A} , n(C) = 0 , 83 29 2 12 \frac{0, 83 \bullet 29 \bullet 2}{12} =4, n(H) = 0 , 17 29 2 12 \ \frac{0, 17 \bullet 29 \bullet 2}{12} =10

Көмірсутектің формуласы - С 4 Н 10 .

3-ші тәсіл. Пропорция тәсілін пайдалану негізінде клесідей шешімді ұсынуға болады. Молярлық массасы 58 г/моль, массасы 58 г, 1 моль көмірсутек жанды делік. 0, 29 г көмірсутек жанғанда 0, 448 л СО 2 және 0, 45 г Н 2 О, ал 58 г көмірсутек жанғанда V л СО 2 және m г Н 2 О бөлінеді. Екі пропорция құрамыз және белгісіз шамаларды есептейміз:

0 , 29 58 = 0 , 448 V \frac{0, 29}{58} = \frac{0, 448}{V} , V= 58 г 0 , 448 л 0 , 29 г = 89 , 6 л \frac{58г \bullet 0, 448л}{0, 29г} = 89, 6\ л СО 2

0 , 29 58 = 0 , 45 m \frac{0, 29}{58} = \frac{0, 45}{m} , m= 58 г 0 , 45 л 0 , 29 г = 90 г \frac{58г \bullet 0, 45л}{0, 29г} = 90\ г Н 2 О

υ \upsilon (СО 2 ) =89, 6 л \bullet 22, 4 л/моль=4 моль

υ \upsilon 2 О) =90 г ÷ \div 18 г/моль=5 моль

Белгісіз көмірсутектің формуласы - С 4 Н 10 .

4-ші тәсіл. Осындай есептерді шешу үшін өзіндік математикалық тәсілді А. Ф. Хрусталев ұсынды [34] . Оқушыларға белгілі теңсіздіктерді есептеу, қаныққан көмірсутектердің (алкандар) жалпы формуласын пайдаланып, сонымен қатар есептің шартында келтірілген бір шаманың мәнін - белгісіз заттың салыстырмалы тығыздығын пайдалана отырып есепті шешеді.

Бұл жағдайда есепетің мәтіні айтарлықтай қысқа болады. Тығыздығы сутегі бойынша 29 тең, қаныққан көмірсутектің молекулалық формуласын анықта.

Салыстырмалы тығыздық бойынша заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептейді:

M r =29 \bullet 2=58

Көмірсутектің формуласы С x H y делік, онда, элементтердің салыстырмалы атомдық массасын қойып, келесідей теңдей аламыз: 12х+у = = 58.

Қаныққан көмірсутектің жалпы формуласы - С х Н 2х+2 .

Көмірсутектер үшін у мәні 2х+2 мәніне тең немесе одан төмен (қанықпаған көмірсутек жағдайында) болады:

у \leq 2х+2

Теңдіктен у=58-12х мәнін табамыз, оны теңсіздікке қойып, келесідегідей теңдеу алады: 58-12х \leq 2х+2, 58-2 \leq 2х+12х, немесе 56 \leq 14х, яғни х \geq 4.

Егер х > > 4, мысалы х = = 5, онда теңсіздігіміздің мәні: 12х+у > > 58, 12х+у = = 58 теңдігіне сәйкес келмейді.

Демек, х = = 4, онда 12 \bullet 4+у = = 58; у = = 10.

Көмірсутектің формуласы - С 4 Н 10 .

5-ші тәсіл. Есепті физикадан есеп шығару тәсілдеріне ұқсас, жалпы түрде шешуге болады. Алдымен, алгебралық формулаларды қолданамыз, оларды бір формулаға түрлендіреміз, ол арқылы соңғы нәтижені есептеп, аралық есептеулерден құтыламыз. Ол үшін есептің берілген шамаларын жалпы формулаға қоямыз және микрокалькулятор көмегімен есептеулер жүргіземіз.

Жалпы формуланы шығаруда есепті шығарудың екінші тәсілін пайдаланған абзал. Белгісіз заттың молекулалық формуласын шығару үшін, зат молекуласындағы әр элементтің атом санын есептеу қажет, ол үшін n= ω M r A t \frac{\omega \bullet Mr}{At} (1) пайдаланады, бірақ есеп шартында элементтердің массалық үлесі жайында шамалары берілмеген болса, демек, элементтердің массалық үлесін ω = m ( э л . ) m ( з а т ) \omega = \frac{m(эл. ) }{m(зат) } (2) формуласы бойынша анықтайды. Ол үшін жанған зат өніміндегі элемент массасын, заттағы элемент массасын білу қажет, оны келесі формула бойынша анықтаған орында:

m x = m n A r M r \frac{m \bullet n \bullet Ar}{Mr}

Берілген есепте сутек массасын пайдаланған келесідегідей болады:

m(H) = m ( Н 2 О ) n A r ( H ) M r ( H 2 O ) \frac{m(Н2О) \bullet n \bullet Ar(H) }{Mr(H2O) }

2 формулаға алынған сутек массасының теңдігін қойсақ, ω ( H ) = m ( Н 2 О ) n A r ( H ) M r ( H 2 O ) m ( з а т ) \omega(H) = \ \frac{m(Н2О) \bullet n \bullet Ar(H) }{Mr(H2O) \bullet m(зат) } аламыз. Ал бұл белгісіз заттағы сутектің массалық үлес өрнегі 1 формулаға енгізеді және алады:

n(H) = m ( Н 2 О ) n A r ( H ) M r ( з а т ) M r ( H 2 O ) m ( з а т ) A r ( H ) \frac{m(Н2О) \bullet n \bullet Ar(H) \bullet Mr(зат) }{Mr(H2O) \bullet m(зат) \bullet Ar(H) } , немесе

n(H) = m ( Н 2 О ) n M r ( з а т ) M r ( H 2 O ) m ( з а т ) \frac{m(Н2О) \bullet n \bullet Mr(зат) }{Mr(H2O) \bullet m(зат) }

Егер жану өнімі газ болса және оның көлемі берілсе, онда келтірілген формулада реакциядағы өнімнің массасын көлемге ауыстырады, ал оның салыстырмалы молекулалық массасын - молярлы көлемге ауыстырады:

n(С) = V ( C O 2 ) n 2 d H 2 V m m ( з а т ) \frac{V(CO2) \bullet n \bullet 2 \bullet d \bullet H2}{Vm \bullet m(зат) }

Есеп шартындағы белгілі шамаларды шығарылған жалпы формулаға қойып, төмендегіні аламыз:

n(H) = 0 , 45 г 2 29 2 18 0 , 29 г = \frac{0, 45\ г \bullet 2 \bullet 29 \bullet 2}{18 \bullet 0, 29г} = 10; n(С) = 0 , 448 1 29 2 22 , 4 0 , 29 = \frac{0, 448 \bullet 1 \bullet 29 \bullet 2}{22, 4 \bullet 0, 29} = 4

Көмірсутектің формуласы - С 4 Н 10 .

Реакцияға түскен, алынған газтектес өнімдердің, газ көлемі бойынша газтектес заттың формуласын шығару талап етілген есептерді химиялық реакциядағы газдардың көлемдік қатынастар заңдылықтарын пайдаланған ыңғайлы, яғни реакцияға түсетіндердің көлемі және алынған газдардың осы заттардың санына тура пропорционал, яғни реакция теңдігіндегі олардың алдындағы формулаларына.

4-есеп. Белгісіз газдың 1 л толық жағу үшін 2 л оттегі қажет етілді. Реакция нәтижесінде 1 л азот және 2 л көмірқышқыл газы бөлінді. Жанған заттың формуласын анықта.

Шешуі:

V(зат) =1 л Газдардың көлемдік қатынас заңдылығын пайдаланып,

V(О 2 ) =2 л сипатталған реакцияның кескінін құрамыз:

V(N 2 ) =1 л зат + + О 2 \rightarrow N 2 + + 2СО 2

V(СО 2 ) =2 л Содан кейін заттардың массалық сақталу заңына сәйкес, жанған заттың құрамында оттегінің болу болмауын анықтаймыз. Берілген мысалда, реакцияның теңдігінде, реакцияға түскен бар оттегі көмірқышқыл газ құрамына енгенін көріп тұрмыз. Демек, белгісіз зат екі элементтен құралады: азот және оттегі.

Оң жақтағы ( е к і а т о м н а н ) (екі\ атомнан) азот және оттегі атомдарының санын еспетеп, белгісіз заттың формуласына қорытынды шығарамаыз. Біздің мысалда жанған зат молекуласының құрамына екі атом оттегі және екі атом азот кіреді. Формула - C 2 N 2 .

Жауабы. Жанған заттың формуласы C 2 N 2 .

ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР

Қосылыстың химиялық формуласы нені көрсетеді? Заттағы элементтің массалық үлесін қалай анықтайды? Заттағы элементтің массалық үлесін есептеуге арналған формуланы жалпы формуланы шығару үшін пайдалануға болады ма? Формула бойынша элементтің массалық үлес есептері және формуланы шығару есептерінің бір біріне қатынастары қалай болады?

106. Зат 82, 36% азоттан және 17, 64% сутектен тұрады. Оның салыстырмалы молекулалық массасы 17 тең. Заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

107. Белгісіз зат буының тығыздығы 2, 05 г/л. Заттың құрамына 52, 18% көміртегі, 13, 04% сутегі және 34, 78% оттегі кіреді. Заттың молекулалық массасын анықтаңыз.

108. Қосылыстың тығыздығы 1, 35 г/л, ал әр 7 г азотқа 8 г оттегі сәйкес келеді. Қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

109. Газтектес зат екі элементтен құралады: кремний және фтор, ал массалық үлесі 0, 73. Қосылыстың жай формуласын шығарыңыз.

110. Келесідегідей құрамнан тұратын, оксидтердің жай формуласын шығарыңыз: 1) темір 70% және оттегі 30%; 2) марганец 64, 7% және оттегі 35, 3 %; 3) ванадий 56% жәнее оттегі 44%.

111. Қосылыстың 6, 2 г жаққанда 12 г кремний диоксиді және 5, 4 г су алынды. Егер оның тығыздығы оттегі бойынша 2, 14 болса, қосылыстың молекулалық формуласын анықтаңыз.

112. Көміртегі және сутегіден тұратын қосылысты жағып, 55 г көмірқышқыл газын және 27 г су алған. Егер оның буының тығыздығы оттегі бойынша 2, 48 тең болса, қосылыстың формуласы қандай?

113. Белгісіз газдың бір көлемінен және оттегінің екі көлемінен алынған қоспа жарылғанда, көміртек (IV) оксидінің екі көлемі және азоттың бір көлемі түзіледі. Газдардың формуласын табыңыз.

114. 400 мл көмірсутекті 1000 мл оттегіде өртеген. Реакция аяқталғаннан кейін және газдарды қалыпты жағдайға келтіргенде, газ көлемі 800 мл құрады. Егер оттегінің толық әрекетке түскені белгілі болса, көмірсутек формуласын анықтаңыз.

115. Мыс және күкірттен құралатын қосылысты ауада қыздырғанда 8 г мыс (ІІ) оксидін және 3, 2 г күкірт (IV) оксидін алған. Қосылыстың формуласын анықтаңыз.

V БӨЛІМ. КҮРДЕЛІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫ ОҚЫТУ ӘДІСНАМАСЫ

Күрделілігі жоғары есептер теориялық материалдардың әр түрлі байланыстарын қамтиды, олар қарастырылған бағдарлама бойынша, әр түрлі есептердің негізі болып табылады: өзіндік және есеп сұрағының ерекше қойылымына ие; факттар және жеке химиялық құбылыстарды бір логикалық байланысқа келтіруді талап етеді; тек химиялық қана емес, сонымен қатар заттардың физикалық қасеттері туралы білімін қарастырады; химияның бірнеше тарау білімдерін, физика және математиканың жалпы ережелерін қолдануға қажеттілік туғызады; химияның тәжірибелік білімінің және теориялық сұрақтардың тереңірек зерттелуіне ынталандырады; кейде есептердің шарттарының күрделілігі оңай көрінетін тұжырымдамаларды үйлестіреді.

Оқушылардың күрделі есептер және олимпиада есептерін шығаруға дайындауда химия мұғалімінің маңызы зор, ол тікелей оқушылармен және оқушылар тобымен жұмыс жасайды, олардың олимпиадаға дайындығын күшейтеді. Күрделі есептерді шешу барысында пайда болатын сұрақтармен ең алдымен оқушылар тек мұғалім көмегіне жүгінеді. Олардың кейде айтарлықтай күрделі сұрақтарына жауап беру үшін, оқушыға көмек көрсетуге дайын болу үшін, химия мұғалімі әр түрлі есептерді жақсы білуі қажет, логикалық ойлауы қажет және әр күрделі есептің ерекшелігін нақтя түсіндіре алуы қажет.

§ 1. ЕСЕПТЕРГЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ОНЫ ШЕШУ БАРЫСЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ

Есепті шешу барысында ойлауды дамыту шарттарды талдау және есептің мәтінін зерттегенде жүзеге асадыы, оны кейбір мысалдармен сипаттауға болады.

1-есеп (№ 17-22) . Массасы 100 г темір пластинка мыс купоросы ерітіндісіне батырылған. Мыспен қапталған пластинканы кептіріп және тағы өлшеген. Енді оның массасы 101, 3 г тең. Пластинкаға шөккен мыстың массасын есептеңіз.

Шешуі:

m(Ғе) =100 г Есепте мыс (ІІ) сульфатының құрамына кіретін

m(Fe+Cu) =101, 3 г мыс ионының темір атомдарын ығыстыру реакциясы

m(Cu) -? Сипатталған. Реакция теңдеуін жазамыз:

M(Fe) =56 г/моль Fe+CuSO 4 =FeSO 4 +Cu

M(Cu) =64 г/моль

Теңдікке сәйкес темірдің әр атомы мыс катионын ығыстырады, яғни пластинкаға өткен бір темір атомының орнына мыстың бір атомы тұнады. Деиек, пластинка массасының өзгеруі мыс және темірдің молярлық массаларының шамаларының айырмашылығына байланысты, яғни Δ М = \mathrm{\Delta}М = 64 г/моль-56 г/моль = = 8 г/моль. Есептің тәжірибелік шамалары пластинканың тәжірибеге дейінгі және кейінгі массаларының айырмашылығы: Δ m = \mathrm{\Delta}m = 101, 3 г-100 г = = 1, 3 г тең екенін көрсетіп тұр.

Жүргізілген зерттеулер есепті шығару жолындағы кілт болып табылады. Әрі қарайғы пайымдау логикасы әр түрлі болуы мүмкін.

1-ші тәсіл. 1, 3 г < < 8 г 6, 15 есе, демек, пластинкаға тұнған мыстың массасы мыстың 1 моль массасынан 6, 15 есе аз болады:

m m (Cu) = 64 г:6. 15=10, 4 г

2-ші тәсіл. Пластинка массасының 1, 3 ұлғаюы мыс және темірдің молярлық массаларының әр түрлілігіне тура пропорционалды, яғни 8. Бұл бөлінген мыстың моліне сәйкес келеді, яғни, бөлінген мыс төмендегіге тең болады:

υ \upsilon (Cu) = 1, 3 г:8 г/моль=0, 162 моль

Заттың санын біле тұра, оның массасын есептеу оңай:

m m = υ М \ \upsilon \bullet М ; m m (Cu) = 64 г/моль \bullet 0, 162моль=10, 4 г

3-ші тәсіл. х моль темір пластинкасымен мыс әрекеттесіп, х моль мыс бөлінді делік, ерітіндіге өткен темір массасын-56х және пластинкаға тұнған мыс массасын-64х анықтайық.

Теңдік құрамыз: 100-56х+64х = = 101, 3, мұндағы 8х = = 1, 3; х = = 0, 16 моль.

m m (Cu) = 64 г/моль \bullet 0, 16моль=10, 4 г

4-ші тәсіл. егер 1 моль мыс бөлінсе, ол сәйкесінше 64 г, пластинка массасындағы айырмашылық 8 г тең болады. Мыс бөлінгенде пластинка массасындағы айырмашылық 1, 3 г құрады.

Көрсетілген пропорционалды тәуелділік келесі пропорцияны құруға мүмкіндік береді: 64: m = \ m = 8:1, 3, мұндағы

m m (Cu) = 64 г 1 , 3 г 8 г \frac{64\ г \bullet 1, 3\ г}{8\ г} =10, 4 г

Жауабы. Пластинкада 10, 4 г Cu бөлінді.

2-есеп. 1, 60 г калий бромидінен тұратын ерітіндіге 6, 00 г хлор қоспасынан тұратын шикі бромнан қосқан. Қоспаны қайнатқан және тұнбаны кептірген. Тұнбадан 1, 36 қоспа алған. Шикі бром (массаның пайыздық мөлшері) құрамындағы хлор үлесін анықтаңыз.

Әрекеттескен калий бромидінің массасын анықтауалдыңғы есепте шығарылған жолға ұқсасғ калий бромидінің және калий хлоридінің молярлық массаларының айырмашылығымен және қоспадағы осы тұздардың реакцияға дейінгі және кейінгі массаларының айырмашылықтарына сүйенген. Бірақ көрсетілген есептеу оны шешудің тек бірінші кезеңі болып табылады, ол реакцияға түскен хлордың массасын анықтауға мүмкіндік береді, яғни, шикі бром құрамындағы хлор массасын. Тек осыдан кейін, хлор массасын және шикі бром массасын біле тұра, бромдағы қоспаның массалық үлесін анықтайды.

Шешуі

m(KBr) =1, 60 г Шикі бром құрамындағы хлор калий бромидімен

m(Br 2 шикі) =6, 00 г әрекетке түседі. Реакцияға түскен калий бромиді

m(тұз) =1, 36 г массасынан хлор массасын анықтауға болады:

ω \omega (Cl 2 қоспасы) -? 2 KBr+ Cl 2 =2 KCl+ Br 2

М(KBr) =119 г/моль Теңдікке сәйкес 2 моль KBr 1 моль Cl 2 әрекетке

М(KCl) =74, 5 г/моль түседі. Нәтижесінде 2 моль KCl және 1 моль Br 2

М(Cl 2 ) =71 г/моль түзіледі. Демек, қыздырғаннан кейінгі қалған

тұз массасының төмендеуі Δ m = \mathrm{\Delta}m = 1, 60 г-1, 36 г = = 0, 24 г калий бромиді және калий хлориді молярлық массаларының айырмашылықтарының есесінен болып тұр:

Δ М = \mathrm{\Delta}М = 119 г/моль-74, 5 г/моль 44 , 5 44, 5 г/моль

0, 24 г < < 44, 5 г 185, 4 есе, яғни, реакцияға түскен калий бромидінің массасы 185, 4 есе төмен болады:

m(KBr) =119 г:185, 4=0, 64 г

Теңдікке сәйкес реакцияға 2 моль KBr түседі, яғни ол m m = υ М \ \upsilon \bullet М ; m m (KBr) = 119 г/моль \bullet 2моль=238 г, сонымен қатар 1 моль Cl 2 немесе сәйкесінше 71 г хлор.

0, 64 г < < 238 г 371, 9 есе, яғни хло да осыншама есе төмен қажет етіледі:

m(Cl 2 ) =71 г:371, 9=0, 19 г

Хлор қоспасының массалық үлесі хлор массасының шикі бром массасының қатынасы ретінде қарастырылады:

ω = m ( C l 2 ) m ( B r 2 ) \omega = \frac{m(Cl2) }{m(Br2) }

ω \omega (Cl 2 ) = 0 , 19 г 6 , 00 г \ \frac{0, 19\ г}{6, 00\ г} =0, 032 немесе 3, 2 % \%

Жауабы. Шикі бромда 3, 2 % \% Cl 2 болған.

Калий бромиді және хлор массаларының есептелуін өзіңізше алдындағы есептеудің шешілуіндегі қалған тағы үш тәсілмен жүргізіңіз.

Жүйелі түрде есептерді шешуде тиімді түрде ойлау қабілеті дамиды, ол үшін сабақ уақытысының 10-15 мин жұмсасаңыз жеткілікті. Есептердің ауызша шешілуі оқушыларды ойландыруға, салыстыруға, безбендеу ге, жалпылауға мәжбүр етеді. Есептеудің шешімін ауызша бастауды оңай есептерден бастаған қолайлы, олардың шешулері қиын реакция теңдеулерін және есте көп сандық шамаларды сақтауға қажеттілік туғызбаса жеткілікті. Бірінші кездерде мақсатты түрде экранға есеп шарттарын кескіндеген жөн немесе алдын ала есеп шартын тақтаға жазып қойыңыз және оны жауып қойыңыз, бұдан басқа қосымша реакция теңдеуін және заттардың молярлық массаларын көрсетуге болады. Бұл жазбалардың бәрі есептің ауызша анализі жүргеннен кейін ашылады. Сонымен қатар оқушылардың көз алдында күрделі заттардың салыстырмалы молекулалық массаларының кестесі және Д. И. Менделеевтің химилық элементтердің периодтық жүйесі болуы қажет.

Есептердің ауызша шешілуінің мүмкіндігінің ауқымдылығы арифметикалық қатынасты және заттардың моль санының анықталуына мүмкіндік береді.

3-есеп. 0, 5 моль мырышпен қанша грамм күкірт қышқылы әрекеттеседі және бөлінетін сутектің көлемін анықтаңыз.

Есеп шартында мырыштың күкірт қышқылымен реакциясы сипатталған. Мырыш екі валентті металл болып табылады, ал күкірт қышқылы екі негізді. Демек, реакция барысында зат сандарының қатынастары тең 1:1 болады, 1 моль мырыш 1 моль күкірт қышқылымен әрекетке түседі, нәтижесінде 1 моль мырыш сульфаты және « моль сутек бөләнеді, ал 0, 5 моль мырыш 0, 5 моль күкірт қышқылын қажет етеді, нәтижесінде 0, 5 моль сутек бөлінеді.

Күкірт қышқылының молекулалық массасы 98 г/моль тең, газдың молярлы көлемі (қ. ж) - 22, 4 л/моль білеміз, қыщқылдың 49 г (98 г/моль \bullet 0, 5 моль) қажет екенін анықтаймыз; 11, 2 л сутек (22, 4 л/моль \bullet 0, 5моль) бөлінеді.

Жауабы. 0, 5 моль мырышпен әрекеттесу үшін 49 г күкірт қышқылы қажет және нәтижесінде 11, 2 л сутек бөлінеді.

4-есеп. 10 г натрий гидроксидінен тұратын ерітіндіні бейтараптау үшін қанша көлем хлорсутек қажет:

Есеп шартын оқығанда, натрий гидроксиді ерітіндісінен хлорсутекті өткізгенде сілтімен бір негізді тұз қышқылының реакциясы жүретінін анықтаймыз, зат санының қатынасы 1:1. Натрий гидроксидінің молекулалық массасын (40 г/моль) және хлорсутектің молярлы көлемін (22, 4 л/моль) біле тұра, 22, 4 л хлорсутек 40 г натрий гидроксидімен әрекеттесетінін ескереді. Ал шарт бойынша сілтінің массасы тек 10 г, яғни 4 есе аз, демек, хлосутекте 4 есе аз қажет етіледі, яғни 5, 6 л (22, 4 л:4) .

Жауабы. 10 г натрий гидроксидін бейтараптау үшін 5, 6 л хлорсутек қажет.

Алған ептілігіміз бұдан да қиын есептерді шешуге мүмкіндік береді.

5-есеп. Лабораторияда 196 г күкірт қышқылынан тұратын ерітіндіні бейтараптау қажет етілді. Бейтараптау үшін алдымен 60 г натрий гтдроксидінен тұратын ерітінді құйылды, ал содан кейін бейтараптауды калий гидроксиді көмегімен жүргізген. Толық бейтараптау үшін калий гидроксидінің қанша граммы жұмсалды?

Анализ барысында, 1 моль екі негізді күкірт қышқылын бейтараптау үшін 2 моль сілті қажет етілгенін анықтаймыз. Күкірт қышқылының берілген шамаларын: массасын (196 г) және молярлы массасын (98 г/моль) салыстыра отырып, қышқылдың 2 моль берілгенін есептейміз. Демек, бейтараптау үшін 4 моль сілті қажет етіледі. 60 г натрий гидроксиді 1, 5 моль құрайды (М(NaOH) =40 г/моль) . Осылайша, 2, 5 моль калий гидроксиді қажет етіледі (М(КОН) =56 г/моль), ал массасы 140 г(56г/моль \bullet 2, 5моль) тең болады.

Жауабы. 196 г күкірт қышқылын бейтараптау үшін 60 г натрий гидроксиді және 140 г калий гидроксиді қажет етілді.

6-есеп. 26, 1 г барий нитратынан тұратын ерітіндіге 0, 25 моль натрий сульфатынан тұратын ерітіндіні қосқан, алынған тұнбаны сүзген. Фильтрат қандай заттардан құралған? Фильтрат құрамындағы заттардың санын анықтаңыз.

1-ші тәсіл. Барий нитраты натрий сульфатымен әрекеттескенде барий сульфаты мен натрий нитратын түзеді. Себебі барий нитраты екі қышқыл қалдығынан тұрады, ал натрий сульфаты - 2 натрий катионынан тұрады, яғни 1 моль барий нитраты 1 моль натрий сульфатымен әрекетке түседі, нәтижесінде 2 моль натрий нитраты және 1 моль барий сульфаты түзіледі, немесе 261 г барий нитраты 142 г натрий сульфатымен (салыстырмалы молекулалық массалар кестесіне сәйкес) әрекеттеседі.

26, 1 < < 261 10 есе, яғни, натрий сульфаты 10 есе аз қажет етіледі, яғни 14, 2 г(0, 1моль) . Осылайша, фильтрда натрий нитраты (0, 2 моль) және толық әрекетке түспеген натрий сульфаты (0, 15 моль) бар.

2-ші тәсіл. 26, 1 г барий нитраты 0, 1 моль құрайды, себебі оның молекулалық массасы 261 г/моль тең. Реакция теңдігіне сәйкес 0, 1 моль барий нитраты 0, 1 моль натрий сульфатымен әрекеттеседі, ал 0, 15 моль натрий сульфаты әрекеттеспейді және 0, 2 моль натрий нитратымен фильтратқа кетеді.

Жауабы. Фильтрат 0, 15 моль натрий сульфатынан және 0, 2 моль натрий нитратынан құралады.


Ұқсас жұмыстар
Заттың химиялық формуласын анықтауға есептер. 8,9 сынып
Көмірсутектің молекулалық формуласын есептеп табыңдар
Реакцияға түскен оттегінің массасын және зат мөлшерін табыңдар
Химиялық байланыс
Әрекеттесуші заттардың массасын салыстыру
Химиялық реакциялар белгілері
ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ВАЛЕНТТІЛІГІ
Оқушылардың көпшілігі
Жас физик
Химиялық реакцияның белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz