Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Конституциялық құқықтар
Пән: Адам. Қоғам.
Сынып:
Сабақ:
Күні:
Тақырыбы: Адам және қоғам
Пән Адам және Қоғам
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адам және қоғамның не екені туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:
1)жаңа материалды меңгеру;
2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;
3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;
4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
5)аралас;
6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал - жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
1. "Адам" ұғымы, адам мәселесі
2. Қоғам ұғымы
Аданың даму сатысы
Өмір сүрген уақыты
Табылған жері
Епті адам
1 млн 750 мың жыл бұрын
Африка Кения жеріндегі Олдувайда
Питекантроп адам
1 млн жыл бұрын
Ява аралы
Синантроп адам
500-200 мың жыл бұрын
Қытайда
Неандерталь адам
100-35 мың жыл бұрын
Германияда
Саналы адам
40-35 мың жыл бұрын
Европада
Адам мәселесімен: антропология, социология, этнология, педагогика, анатомия,физиология, психология ғылымдары айналысады. Соның нәтижесінде адам мәселесі қазіргі ғылымда жан-жақты, біршама толық зерттелген тақырып деуге болады. Өйтсе де адам, қоғам, табиғат және олардың өзара байланысы мәселелері -- қанша зерттесе де таусылмайтын, бір қырынан кейін екінші кыры көрініс беретін, бір құпиясын ашсаң, екіншісі алдыңнан көлденең тартылатын, сырлы да ғажап дүние. Осы бір тылсым дүниеге сапарымызды адамның табиғаты туралы бүгінгі ғылымның қол жеткізген тұжырымдарын саралаудан бастайық.
Адам туралы барлық ғылыми ұғымдар мен пайымдаулардың жиынтығы адам мәселесін құрайды. Олардың қатарында адамның табиғаты, адамның өмірі, адамды өзге жануарлар дүниесінен өзгешелейтін факторлар, адамның тәні, жаны, рухани дүниесі және олардың арасындагы байланыстар, адамның шығу тегі, қазіргі күйі, болашағы сияқты толып жатқан саралаулар мен түсініктер бар.
"Адам" ұғымы. Материалистік бағытты ұстанатын зерттеушілер адамды өзге тіршілік иелерімен -- жануарлармен (соның ішінде, маймылмен) генетикалық байланыста қарастырады. Адам жануарлардан еңбек құралдарын жасай алатындығымен, сөйлеу және ойлау қабілетімен жөне саналылығымен ерекшеленеді.
Адам -- Жерде мекен ететін тірі организмдердің жоғары сатыда дамыған тірі, қоғамдық-тарихи қызмет пен мәдениет субъектісі, биоәлеуметтік мәнділік.
Адами сипаттарды меңгере отырып, сәби мәдениеттің болмысымен қауышады. Бұл қауышуда адамдардың сезімдері мен дүниеге қатынастары -- көру, есту, иіскеу, сезіну, түйсіну, ойлау, елестету, толқу, тілек, қызмет, махаббат, бір сөзбен айтқанда, оның даралығының барлық тетіктері қатысады.
Адам жалғыз өмір сүре алмайды. Ол -- әлеуметтік жаратылыс. Адамды адам ететін бірден-бір күш -- қоғам ғана.
Қоғам ұғымы. Қоғам дегеніміз - адамдардың жиынтығы, олардың бірігуі (бірлестігі), бір-біріне қарым-қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокиннің атап көрсеткеніндей, қоғам деген - ол бір адам емес, ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам. Адам - жаңа қоғамды орнатушы ғана емес, әрі оның иесі, басқарушысы. Қоғамның заң-тәртібін, міндет-мақсат, бағыт-бағдарын оның өзі белгілейді. Белгілейді де, олардың орындалуын бақылайды, жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Қоғамды зор да күрделі машина десек, әр адам сол машинаның бір-бір тетігі. Оның әрқайсысы өз орнында отырып, өз міндетін атқаруы арқылы әлгі машина - қоғамды қозғалысқа келтіреді, басқарады, оның бей-берекесіздікке айналып кетуіне жол бермейді. К.Маркс "Қоғам дегеніміз - адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі" деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынандай жағдайлар қажет:
1. Адамдар өмір сүруі үшін тұрғылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2. Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3. Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4. Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен, өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшеленіп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Сабақты қорытындылау: Адамзат қаншалықты жетік дамыған сайын, білім, тәрбие беру және адамды тұлға ретінде қалыптастыру проблемалары да күрделілене береді. Құқықтың, моральдың, тұрмыстың тарихи қалыптаскан нормалары, ойлау және грамматика ережелері, эстетикалық талғам т.б. адамның тәртібі мен ақылын орнықтырады, жеке адамнан белгілі бір өмір салтының, мәдениеттің немесе психологияның өкілін қалыптастырады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § Адам және қоғам
Пән: Адам. Қоғам.
Сынып:
Сабақ:
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға адам құқығы, азаматтық, олардың конституциялық-құқықтық мәртебесі туралы түсінік беру.
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен ҚР азаматтығы туралы заңынан азаматтық, азамат құқықтары мен бостандықтары және міндеттері жайлы қағидалардың мазмұнын түсіндіру.
Тәрбиелік: азаматтық, отаншылдық тәрбие беру.
Дамытушылық: құқықтар мен міндеттердің айырмашылықтарын салыстыра отырып, азаматтық туралы ой тұжырымдау.
Көрнекілігі: тірек сызбалар.
Әдісі: тірек сызбаларды пайдалана отырып баяндау, өзара белсенділікті арттыру.
Түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) сәлемдесу
б) сабаққа дайындығын тексеру
в) оқушылар назарын сабаққа аудару
2. Үй тапсырмасын тексеру
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы қай жылы қабылданды?
2. Конституциялық құқық дегеніміз не?
3. Конституциялық құқық тәсілдеріне нелер жатады?
3. Білімдерін жан- жақты тексеру
Конституциялық құқық нормасының құрылымы

гипотеза
гипотеза
санкция
санкция
дизпозиция
дизпозиция
Норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі

Құқық субектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі

Ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде конституциялық-құқықтық нормалар құрылымында тек жекелеген жғдайларда ғана кездеседі

4. Оқушыларды жаңа сабаққа дайындау
Сабақтың тақырыбын, мақсатын баяндау.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
5. Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақ жоспары:
1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі.
2. Қазақстан Республикасының азаматтығының түсініктері мен қағидаттары.
3. ҚР-ғы адамның және азаматтың конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері.
4. Жеке адамның конституциялық міндеттері.
Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы <<Адам және азамат>> деген II бөліміндеіргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық құрылысының маңызды негіздерінің бірі - адамның мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы саналуында.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.
<<Қазақстан Республикасының азаматтық туралы>> Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;
- <<Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы>> заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;
- егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
- тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсыну нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру - Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы
Азаматтық алу
Азаматтығын тоқтату
Азаматтыққа қабылдамау
-тумысынан
-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;
-<<ҚР азаматтығы туралы>> Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;
- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса
- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;
- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;
- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша
- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;
- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;
- терорлық әрекеті үшін сотталған болса;
- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
- басқа мемлекеттің азаматы болса
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар дегеніміз- жеке адамға өзінің мінез-құлқының түрі мен шегін өз бетінше таңдауға және ұсынылған әлеуметтік игіліктерді пайдалануға ерік беретін Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген және мемлекет кепілдік берген мүмкіндіктер жүйесі.
Конституцияның <<Адам және азамат>> деп аталатын екінші бөлімінде баянды етілген жеке тұлғның құқықтары мен бостандықтары біртұтас жүйені құрайды.
Конституциялық құқықтар
Конституциялық құқықтар
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Жеке құқықтар мен бостандықтар
Саяси құқықтар мен бостандықтар
Саяси құқықтар мен бостандықтар
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен бостандықтар

Жеке құқықтар мен бостандықтар - адамның Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген жеке бостандықтарының едәуір құнды игіліктерін: өмір сүру құқығын, жеке басының қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығын пайдалану мүмкіндіктері.
Жеке тұлғаның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтары дегеніміз - жеке тұлғаның Конституцияда баянды етілген әрі мемлекет кепілдік берген материалдық, рухани және басқа да әлеуметтік мәні бар қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ететін мүмкіндіктері.
Саяси құқықтар мен бостандықтар - Конституцияда баянды етілген және мемлекет кепілдік берген азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуы мен мемлекеттік билікті іске асыру мүмкіндігі.
Жеке адамның конституциялық міндеттері - ол тиісті мінез құлық түрі мен шегін орындаудың Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленген талаптары. Конституцияның 34-38- баптарында жеке адамның қоғам мен мемлекет алдындағы мынадай негіздері міндеттері бар:
* әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын орындауға міндетті;
* әркім басқа адамдардың құқықтарын және бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге, сыйлауға міндетті;
* әркім Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін - Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті;
* заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және міндеттібасқа да төлемдерді төлеу әркімнің міндеті мен борышы;
* Қазақстан Республикасын қорғау - оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен парызы болып табылады;
* Азаматтар тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғауға міндетті;
* Азаматтар табиғатты қорғауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.
6. Жаңа сабақты меңгергендігін тексеру:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы кімді мемлекеттің баға жетпес құндылығы деп жариялайды?
2. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың және тоқтатудың негіздерін атаңдар?
3. Қазақстан Республикасының Конституциясында азаматтықтың қандай құқықтары мен бостандықтары бар?
7. Жаңа материалды бекіту:
1. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтары не үшін қажет?
2. Мазмұнына қарай конституциялық құқықтар мен бостандықтар неше топқа бөлінеді?
8. Үйге тапсырма: Қазақстан Республикасындағы адам және азамат жағдайының конституциялық негіздері.
9. Бағалау:
Пән: Адам. Қоғам.
Сынып:
Сабақ:
Күні:
Тақырыбы: Ежелгі дүние ойшылдары адам және қоғам туралы
Пән: Адам және Қоғам
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алғашқы адам, қоғам, табиғат туралы ойлар, антик дәуірі ойшылдары туралы түсіндіру. Платон, Аристотоль, Қорқыт ата философиялық ойларын жеткізу.
Тәрбиелік: бірлікке, ынтымақты болуға, адамгершілік, имандылыққа мейірімді болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: философиялық дүниетанымын, саяси - саналыққа, ойын, көзқарасын дамыту
Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы
Оқыту әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өткен тақырып бойынша сұрау және сұрақтар
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Көрнекілік: портреттер, тарихи карта, схема
Көкейтестілігі
а) негізгі түсінік
ә) Оқушының сабаққа қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері:
б) жұмыс жасау барысында өзіндік, өзара бақылау түрлері:
1. Жаңа түсініктерді қалыптастыру және орындау тәсілдері:
а) жаңа түсініктер:
ә) негізгі берілетін білімдер:
Адам, қоғам табиғат туралы ойлар алғашқы кезде аңыз арқылы таралды. Онда жаратушы бар деп есептеді. Аңызда әлем, жер, су, елді мекен, ру - тайпа, жеке адамның өмірі көптеп кездеседі.
Қытай философы Конфуций (б. з. д 551 - 479ж ) адамдар арасында гуманизм, мейірімділік, үстемдік құруы керек. Күнделікті өмірде өзгелерге көмек көрсету, алға қойған мақсатқа өз күшіңмен жету, өзіңе тілемегенді өзгеге тілеме қағидалары салтанат құрсын. Мемлекет - үлкен отбасы. Оның басқарушысы - Аспан, халықтың ата - анасы сияқты.
Мемлекетті басқарушы адамдардың бойында философтық, әдебиеттің, ғылымның және әкімнің қасиеттерінің бәрі болуы тиіс.
Антикалық пікірдің салиқалы ойларын айтқандар - Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Эпикур.
Платон - мемлекетті парасатты, білімді адамдар басқаруы керек дейді. Адамдардың бірлесіп өмір сүруін мемлекет дейді.
Платон ( б. з. д 428 - 347 ж ) 30-дан астам философиялық еңбектің авторы. <<Парменид>>
<<Мемлекет>> << Мемлекет пен отбасының айырмашылығы жоқ, екіншісі біріншісінің құрамына еніп кеткен>> - дейді.
Антикалық дәуірдің ұлы ойшылы - Аристотель. Ол адамның ақылы мен парасатын жоғары күш деп бағалаған. Ой мен даналық жоғары текті адамға тән. Құлдар төменгі сұрыпты адамдар. Қоғамның толық мүшесі емес.
Мемлекет - биліктің жоғарғы формасы. Билеу мен бағындыру қажет, әрі пайдалы. Өйткені адамдар табиғатынан солай, бірі билеу үшін, ал екіншісі бағыну үшін жаралған. Аристотель(б. з. д 384 - 322ж ) грек философы, энциклопедист ғалым. Платонның шәкірті. <<Мета физика>> << Саясат>> атты еңбектері бар.
Қорқыт ата - VІІІ ғ өмір сүрген оғыз - қыпшақ елінің философы. Мәңгілік өмір және өлім философиясын жасаушы. Негізгі шығармасы <<Қорқыт ата кітабы>>.
Қорқыт мәңгілік өмір іздейді. Қиыншылыққа мойымай, қарсы тұруға шақырады. Шешен тілімен өлімге қарсы тұратын рухани күшті уағыздайды. Ол - әлем мен табиғат заңдылықтарына байсалдылықпен қарайды. Табиғат байлығын сұлулығын бағалайды. Гуманистік көзқарастың қалыптасуын көздейді.
в) ақпараттық және проблемалық сұрақтар:
1. Алғашқы адамдар туралы аңыздардан не білеміз?
2. Антик дәуірінің ойшылдары кімдер?
3. Қорқыт атаның адам, қоғам туралы ойларын ортаға салу?
а) қандай дағды мен икемдіктер қалыптасады:
- ізденіс, зерттеу т. б
-
4. Терминологиялық сөздіктер. Антик дәуірі, философия,
5. Тест тапсырмасы.
1) Адам дегеніміз кім?
а) Саналы әрекет жасай алатын жан иесі.
ә) Қоғамдық қатынастың жиынтығы.
б) Жануарлардың түрі.
в) Табиғаттың төл туындысы.
2) Білімді - Күш! - деп бағалаған ағылшын философы?
а) Бекон
ә) Аристотель
б) Платон
в) Сократ
3) Философияның мағынасы?
а) ізденіс
ә) Даналыққа құштарлық
б) Ақиқат в) даму
4) Диалектика дегеніміз не?
а) Қозғалыс
ә) кері кету
б) өрлеу
в) дамудың жалпы заңдары туралы ілім.
5) Адамның шығу тегін зерттеген ғалым?
а) Зигмуд Фрейд
ә) Әл - Бируни
б) Чарлс Дарвин
в) Николай Каперник
6) Материя дегеніміз не?
а) қозғалыс
ә) кеңістік
б) сана
в) таным
7) Социология ғылымы нені зерттейді?
а) табиғатты
ә) аспан денелерін
б) тұтас қоғамды
в) ежелгі дүниені
8) Философия терминін алғаш қолданған ғалым?
а) Сократ
ә) Пифагор
б) Геродот
в) Сыма - Цянь
9) Адам өмірінің мәні неде?
а) байлық жинау
ә) ұрпақ өсіру
б) сол өмірде адамша өмір сүре білу
в) достарыңмен ойнап күлу.
10) Эволюция дегенді қалай түсінесің?
а) төңкеріс
ә) өзгеріс
б) кері кету
в) біртіндеп даму.
6. Үйге тапсырма: § оқып әңгімелеу. Тест жасау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz